Жамбыл облысы Қордай ауданы
Қордай ауылы
Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта
мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Абдирзак
Г.Г.
Білім мазмұнын жаңарту –бүгінгі күннің
басты мақсаты.
Білім
берудің жаңаша сипат алуы ең алдымен бастауыш сатыдан басталады.
Себебі,бастауыш сынып –бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды
оқыту,тәрбиелеу,дамыту және өзін –өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын
негізгі буын.Сол себепті қоғамда ,білім беру саласындағы өзгерістер де ең
алдымен бастауыш сатыдан басталады.
Әрбір баланың қабілетіне қарай
білім беруді,оны дербестікке , ізденпаздылыққа , шығармашылыққа тәрбиелеу,ол
жаңашыл білімді, шебер мұғалімнің ісі деп білемін.Ұстаз әрқашан өз білімін
көтеріп ,үнемі ізденпаздықпен ,жаңашыл болуы оның басты міндеті болып
табылады.Мен 2013-2014 жылдың наурыз бен мамыр айлары аралығында III-деңгейлік
курсты бітіріп өз іс-тәжірибемде оқытудың жаңа технологияларын қолданудамын.
Мұғалімнің қызметі – таным-білім сипатында болады. Білім бере отырып
мұғалім балалардың сол білімді алу үстіндегі мүмкіндіктерін зерттейді,
қиындықтарды көре біліп, оны жою жолдарын іздейді. Сабаққа дайындала отырып,
теориялық, әдістемелік дәрежесін арттырады.
Мұғалім «мұғалім-оқушы» жүйесін қалай
басқару керек екендігін білу үшін, оның іс-әрекеті объектісін теориялық
біліммен қамтамасыз ету қажет. «Мұғалім-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы –
мақсат пен нәтиженің бірлігімен, педагогикалық процестің әртүрлі деңгейдегі
жүйелерінің өзара әрекеттері арқылы анықталады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық
қабілетін дамыту және шығармашылыққа баулу үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
қолданамын.Әр сабақта «жеті модульді қалай жан-жақты пайдаланамын?» деген сауал
тұрады.Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшілігін ескере отыра ойын түрімен
түрледіре,ойланатын логикалық тапсырмалар жүйесін молайтып оқушының өз бетімен
білім алуына бағыт сілтеп отырамын.Биылғы 2014-2015 оқу жылында әр сабағымды
жоспарлауда оқушының өткен сабақта нені білмей қалғанын, кері байланыс парағы
немесе екі жұлдыз бір тілек арқылы бақылап келесі сабақта сол білмей қалған
бағдарламаны өз бетімен игеруіне жол сілтеп топпен,жұппен жұмыс түрлерін
ұйымдастырамын.Қабілетті оқушыларға шығармашылық тапсырмалар арнайы дайындап
келемін.Осының нәтижесінде бір оқушымның шабыты ояна өлең жолдарын шығарып әр
сабақта өтілген тақырыпқа байланысты өлең шумақтарын құрастырып оқып отырды.Табиғатқа
байланысты шығарған өлеңі.
Табиғат даламды
паналаған,
Жылуынан артық қылып
саялаған.
Табиғатты өрттеген тас
жүректер,
Қызығын қызығып қалай жүрер. 3-сынып оқушысы Ермуханова Аяна
Өзін және жұбын сонымен қатар топ
мүшелерін бағалауға баулып отырамын.Бағдаршам түстері арқылы өзін
бағаласа,топта бағалау парақшасын пайдаланыпбағалап сонымен қатар көшбасшы
болуға, басқаларға мін айта білуге баулимын.
Сын тұрғысынан
ойлау –ашық қоғам негізі.Ол-өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап
іздеу,әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып,оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың
пікірін дәлелірек қарастырауды және дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді
білдіреді.Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.Сондықтан жаңа
сабақты түсіндірмес бұрын сыни тұрғыдан ойланатын ашық сұрақтар қойып өз
бетімен сабақтың мазмұнын ашуға жетелеймін.Мысалы әдебиеттік оқу пәнінен тарау
басталар кезде осы тақырыпқа байланысты ойларын топтасып қағаз бетіне түсіріп
немесе «автор орындығы», «сұрақ-жауап» , «Тапқыр болсаң ,тауып көр?» ,
«сөзжұмбақ» , «топтастыру» т.б.түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана өздігінен
ізденуге ,тапқырлыққа және шығармашылыққа жетелеймін. Әлсіз оқушылар да тыс
қалмайды көбінесе осы оқушылардың көбірек сөйлеуін және праблемаларды шешуге
араласуын ,өз ойын ортаға салуын қадағалап ,түрлі жеке орындайтын қызықты
тапсырмалар беріп отырамын.Сонымен қатар бастауыш сынып балалары –ойын баласы
демекші әр сабақта ойын түрлерін және бейнежазбалар пайдалана отыра оқушының
қызығып білім алуына жағдай туғызамын.
Өз білгенімді
өзгелермен бөлісіп,білмегенімді басқа ұстаздардан және семенарлардан жетілдіріп
отырамын.2015 жылдың наурыз айында Қордай ауданының Ырғайты ауылының орталау
мектебінде семенар сабақ өткіздім.3-сынып оқушыларына жаңа технология бойынша
жеті модульді кіріктіре «Наурыз көже» тақырыбында сабақ өттім.Семенар сабақта
оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып тапсырмаларды жүйелі орындап ,сабақ
қойған нәтижесіне жетті.
Ұжымдық
танымдық іс-әрекет – ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Мұғалімнің барынша күшті,
барлығын жұмысқа тарта және қызықтыра білетін педагогикалық құралы – оқушылар
ұжымы. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпей оқу іс-әрекеттеріне
қатыстырады. Әрбір бала сабақта кезек бойынша әр баламен жұмыс істей отырып,
кейде үйренуші, кейде үйретуші, ал ұжым әрбір баланы оқытады, тәрбиелейді.
Осылай
басқа мектеп оқушыларымен де сабақ өту мен үшін өте қызықты болды.Қәзіргі таңда
мектептегі білім жүйесін реформалаудың басты мақсаты-білімді игеруде күтелітін
нәтижелерге қол жеткізу.Бұрын жеке тұлға білімді қабылдаушы,жинақтаушы,өзіне
сіңіруші рөлдерін атқарса,ал жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы,үйрене
білуші ретінде танылады.Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау
үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.Заман талабына
сай технологиялық ақпараттарды қолданып,олар арқылы сауатты да білімді ұрпақ
тәрбиелеу әрбір ұстаз міндеті.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.