Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Статьи / Мақала: "Болыс Әбдікерім Ережепұлы"

Мақала: "Болыс Әбдікерім Ережепұлы"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Шаймұрат Айдын Шаймұратұлы

Шығыс Қазақстан Облысы, Өскемен қаласы «№ 1 орта мектебі» КММ

тарих пәні мұғалімі


Болыс Әбдікерім Ережепұлы


Қаншама жылдар бойы тарих қойнауында қалып есімі еленбей келген, «халық жауы» саналып жалған айыптаулардың құрбаны болған болыс Әбдікерім Ережепұлының өмірі, халқына жасаған игі істері жайында еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тереңірек зерттеуге мүмкіндік туды. Әбдікерім Ережепұлы 1867жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Шыңғыстай жерінде дүниеге келеді.

Бұқтырма өзенінің созыла келіп Ертіске құяр арнасының екі жағы егіндік, құнарлы алқап та, Шыңғыстай өлкесі - Шыңғыстай (Шәңгіштай) болысы деп атанған. Бұқтырманың екі жағындағы Алтайдың әдемі сілемі – Шабанбай аталады. Шабанбайдың Марқакөл маңы – Тарбағатай атанған. Есбол, Мая, Жәнібек аталған елін әкеліп орналастырған өлкеде Қаратай елі бір жарым ғасыр өмір сүреді, өсіп өнеді. Есболдан –Мәметек, Жанмырза туып өссе, Жанмырзадан - Ережеп өте ақылды, елін басқаруда өте жайлы азамат болады. Ережептің Әбілғазы, Әбдіразақ, Әбдікерім атты балалары болды.

Әбдікерім Ережепұлы – руы Найман, Найман ішінде Қаратай. Асқан зерек, өз заманынан озық туған Әбдікерім оқу, білім, ғылымға жақын болып өседі.

Әкесі Ережеп – өз дәуірінде аса дәулетті, еңбекшіл, арабша «Құран-хаким» әліппесінен сауатты, ұлтжанды адам болған. Осы тіршілігінің арқасы болса керек, баласы Әбдікерімді өз ортасынан ашылған бұрынғы замандағыдан өзгеше жаңашалау медіресеге беріп оқытады.

Бала шағынан еңбекшіл Әбдікерім медіреседе оқып жүрген кездерінде алғыр, зерек оқушы болып көзге түседі. Дарынды жеткіншек көне түрік тілі, араб, парсы тілдері меңгеріп, сауат ашып, осы үш үлкен ұлт тілдеріндегі басылымдарды толық оқып, ұға алатын деңгейге жетеді. Қосымша өздігінен үйреніп, орыс тілін жетік меңгереді.

Сұңғыла жас азаматтың табиғи талант иесі екенін мойындаған халқының сұрауымен, патшалық Ресейдің үкімет орындары Екатерина ІІ патшаның «бұратана ұлттарды билеудің амалы – өзін-өзіне басқарту» дейтін саясаты бойынша Әбдікерімді Қотанқарағайдағы Шыңғыстай (Шәңгіштай) еліне болыс етіп сайлайды.

Осы мансапқа тағайындалғаннан кейін, Әбдікерім өзін болыс сайлаған патша үкіметіне қызмет істей жүріп, құзырындағы елді басқарып, халықтың қамын жейді. Жарлы-жақыбайларға көп көмек көрсетіп, жаңаша үлгідегі мектеп ашып, «тауда туып, таста өскен, ағайыннан басқа өскен, бірін - бірі аңдыған, қараңғыда қаңғыған» қаймана қазақтың көзін ашуды армандайды.

Жастайынан білімге құмар Әбдікерім өзінен ілгері жасаған қазақ халқының парасатты ұлы ағарушысы Ыбырай Алтынсарин мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларымен таныс болған, сонымен бірге ақын, философ Шәкерім Құдайбердіұлы, ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы секілді сол дәуірдегі қазақ халқының озық ойлы зиялыларына жақын болып, олардың шығармашылығымен етене танысады. Жігіт ағасы, жасында елағасы, әрі шешен, әрі сері, оған қоса ақындық таланты тағы бар жан-жақты, кемел ойлы азаматқа айналды.

1904 ж. Шыңғыстайда орысша-қазақша оқытатын төрт сыныптық мектепті өз қаражатына салдырып ашады. Онда сол кезеңдегі білімі жоғары орыс мұғалімдері ұстаздық еткен. Мектепте бастапқыда сауаттарын арабша ашқан қазақ балалары, кейіннен орысша оқытылған. Мұғалімдікке жоғары дәрежелі білімді орыс азаматтары шақырылған. Солардың бірі – Михаил Комаров осы мектепте 50 жыл ұстаздық етеді. Кейіненен Кеңес Одағы тарапынан ерен еңбегі ескеріліп «Ленин орденімен» марапатталады. Өзінің сұрауы бойынша Шыңғыстай ауылындағы қазақ «ағайындары» Михаил Григорьевичті қазақ зиратына жерлейді.

Кейінде бұл оқу ордасынан Алтайдың сұлу табиғатын, аңқылдаған ақкөңіл халқының болмысын төрткүл дүниеге танытқан жазушы – Оралхан Бөкей, шежіреші – Бошай Кітапбаев, КСРО халық мұғалімі, ұстаздар әулетінің негізін салушы – Құмаш Нұрғалиев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі – Қайырды Назырбаев, Төлеген Рақымжанұлы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Әлібек Асқаров, жазушы, „Алаш„ сыйлығының иегері – Дидахмет Әшімханов, белгілі ғалымдар – Төлеухан Бияров, Сәрсен Аманжолов, ақын – Бақытжан Раисова сынды қазақтың маңдайына біткен мақтаныштары осы білім ордасынан білім алады.

Тау етегінен сарқырап аққан қос бұлақтың ортасына орналасқан Алтайдың қарағай ағашынан қиылып салынған «Қос қоңыр үйдегі» мектепте  қазақтың дарынды ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров Әбдікерім болыстың арнайы алдыртуымен ұстаздық етіп, денсаулығын Алтайдың сары қымызы, сары қазысымен түзейді. Сұлтанмахмұт Торайғыров ұстаздық еткен жылдарында Әбдікерімнің сұлу қызы Бағилаға ғашық болып, қосыла алмаған қос ғашықтың тағдырын суреттеген «Қамар сұлу» романын жазады.

Сұлтанмахмұттың ұлтшыл жүрегін иліктірген Әбдікерім кім? Әбдікерім Шыңғыстайды жиырма бес жыл үзбей билеген болыс. Кеңестік кезеңде қалыптасқан түсінік бойынша, би-болыстардың дені қара халықтың үстінен күн көрген шонжарлар, сойыл соғарлар еді ғой. Ұлтшыл , қазақшыл мінезбен аласұрған ақынның «шонжарлар» өкіліне неге бүйрегі бұра қалды?

Бүйрегінің бұрғаны Әбдікерім – ел арасында тыныштықты сақтап, аталасының ғана емес, бүкіл ауылдасының қам-қарекетін ойластыра жүретін, езуші мен езілушінің қас-қабағын алдын ала болжап , қажет кезінде әділет жолын ұстана білетін қөкірегі ояу,көзі қарақты болыс. Болыстық-Шыңғыстай болысын отыз жыл билеген Ережептен қалған мұра. Әбдікерім ол мұраны қара болысының қамына ғана пайдаланбаған. Әрі текті жерден шыққан, байлық та бар, ел сөзін сөйлеуге де ұста, оның үстіне өзі де зерек, ауыл молдасынан алған білімін өмір мектебімен ұштастыра білген. Өңірде сыйлы. Ондай адам өлкені билеген Ресей шенеуіктеріне де керек. Демек, ол екі жаққа да тиімді. Осындай беделіне сүйеніп, Әбдікерім болыс ауыл аймағына көп қарайласқан. Мемлекеттік думаға екі дүркін сайланып, ел сөзін жоғарыға жеткізе де білген. Сонымен бірге, сол қиын-қыстау кезеңде қараңғы қазақ қамымен орыс миссионерлерімен, орыс үкіметімен тіл табысып, екі арада оқу ошақтарын ашуға мүмкіндік алған Ы.Алтынсарин үрдісін Шыңғыстай өңірінде алғаш жалғастырушы да осы Әбдікерім Ережепов.

Өзі де осы қозғалыстың шапағатын көрген еді. Әкесі Ережеп болыс ұлдарының ішінен көп үміт ететін Әбдікерімді де Санкт-Петербургтің орман шаруашылығы институтына түсірген болатын. Мұндай оқу орындарының есігі тек төрелердің, яғни патша үкіметі «бізге керек» деп ұйғарған белді, беделді топтың балаларына ғана ашық еді. Ережеп болыс ебін тауып , қаратаяк шаруаның баласы Мөнекейдің Мұстафасын ұлының қасына қосып жібереді. Әуелі дайындық курсынан өтіп, кейін институттың бірінші курсын аяқтаған Әбдікерім оқуын одан әрі жалғастыра алмады. Өйткені, патша үкіметі «тәртібі ұнамаған» соң Ережептін өзін түрмеге отырғызып қойды. Бұл кезде орыс тілін кәдімгідей меңгеріп қалған , сөзге жүйрік, адамдармен қарым-қатынас жасауға ерте төселіп келе жатқан Әбдікерім орыс шенеуіктерінің әрі қараған бетін бері бұрғыза алды. Бірақ, өкінішке орай, ол Санкт-Петербургтегі оқуын одан әрі жалғастыра алмады. Қаратайлықтар Әбдікерімнің елде қалып, болыстықты өз қолына алуын қалады. Осы қызметті ол үзбестен, жоғарыда айтылғандай,жиырма бес жыл атқарды.

Өзі оқуын жалғастыра алмаса да, ол қазақ балаларының оқып білім алуына күш салды. Осы тұрғыдан алғанда, оны Ы.Алтынсарин бағытын ұстанған демократ-ағартушы деуге де болады.

Бұлай деудің тағы бір себебі бар. Бодандыққа бас иіп, мойынға қамытты ілген соң орыс империясының дегеніне көнбеуге шара бар ма!? Осындай «іш қазандай қайнап, күресерге дәрмен жоқ» шақтың өзінде Әбдікерім қиялай шауып, жол таба білді. Ең алдымен ел ішіндегі бірлікті, тыныштықты сақтауға күш салды. Ал қаймана қазақтың қырқасы да, қашанда жер дауы мен жесір дауынан басталатыны белгілі. Әбдікерім Шыңғыстай болысына қарасты Қаратай елінің Құрылтай жиналысын шақырды. Қаралған мәселе біреу; «Әйелге кеңшілік беру һәм жесір дауын жоғалту».

«Жесір дауының болуына себеп қазақ қызының теңіне берілмеуі һәм жастай атастырылып қойылуы, жастай атастырылып қойылуға себеп – қазақ қызының малға сатылуы. Бұл істердің барлығы да қате екендігі мойындалып ел болып мынадай приговор жасалып, жұртқа әшкерелеуге һәм сол приговор бойынша іс жүргізуге қаулы етеді:

  1. Қаратай елінде енді мұнан былай ешкім ұл мен қызын жастай атастырып қоймайды. Егер атастырып қойса, өскен соң сүймеймін деген жағына ел жақсыларынан рұқсат, мал берген жағының малы айыпқа салауат кетеді.

  2. Ержеткен ұл мен қыз бірін-бірі көріп, мән-жайларын аңғарысып, ризалық білдірместен, бұрын екі жақтың әкелері құдалық сөйлеспейді.

  3. Бұрынғыша қырық жеті пәлен байтал, пәлендей деген қалыңмал һәм кәде мүлде қалады. Әркім өз қалабына қарай қызына беретін жасаудың сомасындай ғана күйеуден шағындап мал алады.

  4. Біреумен көңіл қосып қашқын қыз қайтарылмайды, айып-еншісіз тиісті малы бергізіледі.

Қаулыға Әбдікерім, Әбдіразақ, Мұса, Құсайын, Есімхан бастаған он алты адам ел атынан қол қойған. Бұл қаулы тасқа басылып, газеттерге, бүкіл Қаратай еліне таратылған. Мұны Сұлтанмахмұт Торайғыров та ескі салттың жаңаруы, әсіресе мұңдақтағы қазақ әйелдерінің көз жасын көру, оларды қамау-түнеуден босатудың басы деп бағалап, қаламының қуатымен қуана жариялады. Бұл тұрғыда алғанда да Әбдікерім Ережепов өз кезеңінің өрелі ойлы, өнегелі істің адамы екенін дәлелдейді.

Әлихан Бөкейхановпен, Абайдың інісі Шәкәріммен, баласы Тұрарғұлмен жақсы қарым-қатынаста болады. Тіпті Санк-Петербургте Орман шаруашылығы академиясында Ә.Бөкейхановпен бір жыл бірге оқиды. Әлихан арқылы ол көптеген қазақ зиялыларымен танысып, табысады. Қазақ зиялылары Семейде 1918 жылы Алаш партиясының құрылтай съезін шақырғанда Шәңгіштай болысынан делегат ретінде Әбдікерім мен Мұса қатысты.

Көкірегі ояу, замауи сұранысты сапалы түрде болжай білгендіктен, Әбдікерім Ережепұлы өз балаларын да қалалық оқуға беріп, сауаттарын ерте аштыруға тырысқан. Ұлы Қаһан Уфадағы «Ғалия» медресесін үздік бітіріп, туған ауылындағы Шыңғыстай мектебіне келіп ұстаздық еткен. Қазақ әдебиетінің классигі Б. Майлинмен жаңағы «Ғалия» медресесінде бірге оқыған.

Ал балалары Қамбар Санкт-Петербургтен заңгер мамандығы бойынша университет бітірсе, Шабдан Мәскеу коммерциялық инситутын бітірген болатын. Ал күйеу баласы Ғазез Қалбанов Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітіріп, заң саласында көптеген жылдар бойы қызмет атқарған еді. Олар Алтайға барғаннан кейін абақ керейдің төрт биінің бірінің мұрагерлік орнындағы Қанапия Мәмиұлының ауылын паналап, барған елінің мәдениет істеріне де өзіндік үлестерін қосады.

Болыс Әбдікерім Ережепұлының өлеңдері, дастандары халық аузында қалды. Әбдікерім Ережепұлының «Бозша торғай» атты дастаны бар екендігі жұртқа мәлім. Бұл тамаша дастанды 1981 жылы Алтай аймақтық IV кезекті ақындар айтысы кезінде Сансызбай Доданұлынан жазып алынған.

Әбдікерім Ережепұлының бір кезде өз ортасында «Алты Арыс сыйлайтын» орасан зор құрмет-беделге ие, абыройлы ру басыларының бірі болғанын «Оңашай мен Камиланың айтысы» атты тарихи мұрадан да толық аңғаруға болады.

XX ғасырдың 30 жылдарында Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан қазақ, орыс, татар, өзбек,түрік, қырғыз ұлттарынан шыққан ауқатты, оқыған адамдарды «халық жауы», «байшылдар» деп жалған айыптаулармен жаппай аластауға кірісті. Олардың алдыңғы бір бөлігін қудалап, кейінен ату жазасына бұйырып, одан қалғандарын «итжеккенге» қара жұмысқа айдағанын тарихтан білеміз.

Сөйтіп, осы дүрбелеңнен үрейленген Әбдікерім, Дарқанбай, Ысқақ болыстар, тағы басқа да қазақтың игі жақсылары қуғын-сүргінге ұшырағаны себепті, 1930 жылдардың бас шенінде көршілес Қытайға бас сауғалап, Алтай аймағына қашып өтуге мәжбүр болды. Кейін XX ғасырдың 30-жылдардың орта шенінде өз жұртына қайтадан жасырын өтіп, балалары Қамбар, Шабданды ертіп Қытайдың Алтай аймағының орталығы Сарсүмбеге оралады. Осы кезде Шәкәрім қажының ұлы Зият та Жеменейдегі Майқапшағай шекара өткелі арқылы Алтай аймағына қашып өтеді. Жақсыны жатсынбайтын, жаманды жасқамайтын «кең қолтық Керей елі» оларды жарқын жүзбен қарсы алады. Әсіресе, бір кезде Абылайға тағын түсіп берген Әбілпейіз төренің ұрпағы, Алтай аймағының губернаторы Шәріпхан, Көкен әулеті, Мәми бейсінің ұрпақтары – Қанапия бейсі, Мәнкей секілді ел басылары оларды құрметтеп, қанатының астына алады. Әбдікерімнің Шәріпхан дутоңмен кездесуі шамамен 1933 жылдың соңы еді.

Бірақ өлкедегі Шэн Шицай үкіметі Кеңес Одағының тапсырмасымен Әбдікерім болысты «пар моншада ыс тиіп өлді» деген сылтаумен қас қылып, у беріп өлтіріледі.

Сөйтіп, қазақ баласын оқытуға бастама көтеріп, мектеп ашып, ағарту саласына еңбек сіңірген, халық жанашыры болған есіл ер Әбдікерім Ережепұлы Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан қапалыста қаза болады. Әбдікерім Ережепұлы қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң екі ұлы да тұтқындалып, ату жазасына кесіледі.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Б. Кітапбаев. Тоғыз таңбалы Найман. Өскемен, 2007

  2. Қаратай елінің ақындары. Құрастырған: Қ. Назырбаев. Астана, 2005

  3. Алтайдың алтын алқасы. Қ. Назырбаев. Астана, 1998

  4. С. Торайғыров. Шығармалары. Алматы, 1967

  5. Щербик Г.А. Катонқарағай ауданының тарихы. Қолжазба



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел История
Подраздел Статьи
Просмотров139
Номер материала ДВ-482964
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх