Инфоурок Другое СтатьиМақала "Дарынды оқушылармен жұмыс"

Мақала "Дарынды оқушылармен жұмыс"

Скачать материал

Болашағымыз – білімді ұрпақ


Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы- C:\Users\mechta\Desktop\AKBOTA.png

ШҚО,Семей қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық

дарынды балаларға арналған мамандандырылған

қазақ-түрік лицейі», педагог-психолог


        ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Осы заманғы шебер мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық - психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және ескі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс- әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл, зерттеуші, ойшыл педагог болуды қажет етеді. Себебі, жаңа ғасырда бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек,оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу, ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу-ұстаздардың басты міндеті. Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күтудің қажеті жоқ, керісінше, балалардың бойындағы қабілетті ашып, болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуіміз қажет, демек, бүгінде қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет: дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту. Дарынды балалармен жұмыс істеуде ұстаз өзі бірінші болып ізденеді.

  1. Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, саралау.

  2. Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын беру.

  3. Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелерді жинақтау.

  4. Дарынды балаларды оқытуда білімденудің инновациялық технологияларын жүйелеу.

Қазіргі уақытта тәжірибелік негізі бар екі бағыттағы ғылыми зерттеулердің қажеттілігі өте орынды болып отыр. Олар:

  • Дарындылық деңгейлерін жақсарту;

  • Бала дарындылығын зерттеудің педагогикалық әдістерін жетілдіру.

Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның алдында тұрған басты мақсат Республиканың интеллектуалды әлеуетін сақтау және қазақстандық азаматтан зиялы қауымды дайындау. Интеллектуалы жоғары, қоғамға жаны аши білетен азаматтарды дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Ендеше жаңа ғасыр мектебінің алдында тұрған міндет-дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады. Дарындылықты дамытудың қазіргі кезде нақты бір белгіленген бағыты, жүйеленген әдістері немесе тәсілдері жоқ. Оқу мен тәрбиенің сыныптағы бала танымына лайық жолдарын сұрыптау, әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатымызға айналуы тиіс. Мектеп қабырғасында оқушылар жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты-табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету. Осы жағдайға жеткен оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды

Дарындылық – бұл қабілеттілік, адамның жалпы қасиеті немесе арнайы іс-әрекеті ретінде көрінетін қабілеттілік. Көптеген ғалымдар жалпы дарындылық бар дегенге сүйенеді. Сол білім мен дағдыны алғандағы жеңілділік пен шапшандылықты көрсетсе де, адамда қалыптасқан білім, дағды, іскерлік қабілеттілікке сәйкес келмейді. Адамның қабілеті шын мәнінде әрқашан жалпы және ерекше қасиеті бірлігінде берілген. Ерекше, жарқын көрінген таланттың арнайы қабілетінің бар болуы адамның жалпы дарындылығына ізін қалдырады, ал жалпы дарындылықтың бар болуы әрбір арнайы қабілеттің мінезінде көрінеді. Дарынды балаларды ерте жастан анықтау, оларға білім беру және тәрбиелеу – психологтардың маңызды мәселелерінің бірі. XX ғасырдың соңғы ширегінде барлық өркениетті елдерде әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени үдерістерде жеке адамның рөлі өзгергендіктен дарынды балалардың дамуы, оқуы және көрінуі бойынша жұмыстар басталды. Өнер, мәдениет, ғылым, басқару, өндірудің барлық саласында өзіндік, шығармашылықпен ойлайтын жас адамдардың қажеттілігі байқалды. Бала дарындылығының ерте жастан көрінуі және жүргізілген зерттеу тәжірибелері мұндай балаларды шығармашылыққа тәрбиелеудің арнайы мемлекеттік бағдарламасы құрылуы қажет екендігін және мұғалімдер мен ата-аналарды психологиялық, әлеуметтік-экономикалық көмекпен қамтамасыз ету керек екендігіне негіз болды.

Қоғам әрқашанда шығармашыл адамдарды қажет етеді, бірақ тек XX ғасырдың ортасында қабілеттілік және талант психологиясы бойынша зерттеулер кеңінен жүргізіле бастады. Дарындылық феномені туралы негізгі білімдерге ие және олармен жұмыс жасау тәжірибесі бар мұғалімдер санын көбейту проблемасы да осы қатарға жатады. Дарындылық – бұл адамның генетикалық және тәжірибелік мүмкіндіктерінің өмірге бейімделу шамасы. Дарындылықтың негізгі функциялары – өмірге, қоршаған ортаға максимальды бейімделу, шығармашылық тұрғысынан қарауды қажет ететін жаңа, күтпеген проблемалар болған жағдайда шешім табу. Дарындылық проблемасын зерттеуде ғалымдар жалпы және арнайы дарындылық деп бөледі. Жалпы дарындылық іс-әрекеттің формаларында немесе әртүрлі түрлерінде жалпы мәліметтерге ие. Жалпы ақыл-ойлы дарындылық іс-әрекеттің барлық түрін меңгеруде көрінеді. Дарындылықтың психологиялық құрылымы шығармашылық және адамның шығармашылық дамуын мінездейтін құрылымдық негізгі элементтермен сәйкес келеді. Сырт қараған адамға адамның шығармашылық дамуы көп қырынан көрінеді. Олар бала кезінен-ақ көріне бастайды, ең алғашқысы болып сөйлеу және ойлау қабілеттерінің тез дамып жетілуі, ерте жастан әуестенушілік (музыкамен, көркем суретпен, оқумен, есеппен), баланың білуге құмарлығы, зерттеу белсендігі. Баланың шығармашылық потенциалының жалпы мінездемесі және құрылымдық компоненті болып мотивацияның басқа типтеріне қарағанда таным мотивациясы доминантының психологиялық негізін құрайтын таным қажеттіліктері табылады.

Қорыта келгенде, дарынды баланың шығармашылық дамуының маңызды сипатына жеке бастық және интеллектуалды қасиеттердің ерекшеліктері жатады, дарынды балалардың заттық әлеммен өзара әрекетінде жеке бастық стратегиясы дами отырып, онда репродуктивті немесе продуктивті іс-әрекет типтері калыптасу негізінде, жүйелі оқыту процесінің басталуымен байланысты табиғи потенциалдарды тарататын креативтілік типінің қалыптасу мүмкіндігі құрыла бастайды.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – 7 желтоқсан 2010 жыл

  2. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: «Дәуір», 1997. – 326 б.

  3. Гильбух. Ю. З. Умственно одаренный ребенок. –Киев, 1993

  4. Тұрғынбаева Б. А. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. – Алматы, 1997






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Дарынды оқушылармен жұмыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 2422
    • DOCX 310.1 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагалиева Акбота Талгатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11147
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции