Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Мақала "Денсаулық сақтау педагогикасы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Мақала "Денсаулық сақтау педагогикасы"

библиотека
материалов

Денсаулық сақтау педагогикасы,

денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік

Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы мен білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарындағы оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде. Бұл оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады. Сондықтан болар арнайы мамандандырылған мектептерде жалпы білім беретін мектептерге қарағанда оқушылар көп ауырады .

«Денсаулық сақтау» ұғымы кез келген педагогикалық технологияның сапалық сипаттамасына жатады, яғни осы технологияны жүзеге асыру барысында мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау міндеті қаншылықты шешілетінін көрсетеді.

Педагогика ғылымына «технология» ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарында ене бастады. Технология дегеніміз - білім беру үрдісіне қажетті әдіс - тәсілдер жүйесі және техникалық және адами ресурстарды пайдалана отырып оқытуды жетілдіре отырып білімді меңгерту.

Педагогикалық технология дегеніміз – ол ортаға сәйкес оқыту формаларының, әдістері мен құралдарының біртұтас жүйесі, сондай-ақ осы жүйені ғылымға негізделген дидактикалық үдерісте жүзеге асыру үшін, меңгерілетін пәннің ерекшелігіне сәйкес нәтижеге жеткізудегі теория мен практикада пайдалану механизмі.

Қазіргі уақытта «технология» ұғымына бастапқы затты түрлендіріп күтілген параметрлерді алу үшін қажетті әдістердің жиынтығы деп түсінік береді. Денсаулық сақтау технологияларында күтілетін параметрге адамның (бала, жасөспірім, ересек адам) физикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайының сәтті болуы жатады. Ал педагогикалық технологиялар күтілген параметрлерге жетуді жеңілдететін біршама талаптарға жауап береді. Технологиялардың негізгі ерекшелігі соңғы нәтижені алдын - ала болжай алады.

Технологияда мақсат негізгі компонент ретінде қаралады және оған жету деңгейін анықтай алады. Технология алға қойылған мақсатқа жетудің барабар құралдарын қолдана отырып, оқу - тәрбие үрдісінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Барабарлық (адекваттық) дегенді педагогикалық технологиялардың оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың физикалық, психоэмоциялық жай - күйіне сәйкес келуі деп түсіну керек. Сонымен бірге қалыптасқан педагогикалық жағдайға педагогикалық технология қолданатын денсаулық сақтау тәсілдерінің сәйкес келуі.

Соңғы кезде дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастырудың кейбір жақтарының кемшіл тұстары ашылуда. Сол себепті де оқытудың тиімділігін арттыратын қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды іздеп табу аса маңызды міндеттердің бірі.

Бүгінгі мектептің мақсаты - оқушыны өмірге дайындау. Әрбір мектеп оқушысы өзінің болашақ өміріне қажетті білім алуы тиіс.Аталған мақсатқа қазіргі мектеп оқушылар мен педагогтардың денсаулығына зиян келтірмей оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырылатын денсаулық сақтау педагогикасының технологиялары көмегімен жете алады. Педагог қазіргі педагогикалық біліммен қаруланып, оқушылармен, олардың ата-аналарымен, медицина қызметкерлерімен, әріптестерімен тығыз байланыс орната отырып, педагогикалық үрдіске қатысушылардың денсаулығын сақтау және нығайтуды көздейтін өз жұмысын жоспарлайды.

Білім беру технологияларының жіктелуінде «денсаулық сақтау технологиялары» деген ұғым жоқ. Себебі, ол нақты бір технология түрінде болмайды. Десек те, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы білім беру мекемесінің оқушы денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту бағытындағы барлық жұмыстарын біріктіреді.

Денсаулық сақтау технологиясы денсаулықты қорғауға, өз денсаулығына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық, психологиялық және медициналық ықпалдардың бірлігін көздейді.

Денсаулық технологиясы деген бірегей технологиялық жол. Ол тек білім үрдісінің қандай болмасын міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл білім беру үрдісінің медициналық-гигиеналық бағыты (педагог - медицина қызметкері – оқушы арасындағы тығыз байланыста жүзеге асады); дене шынықтыру-сауықтыру бағыты (дене шынықтыру бағытындағы сабақтар); экологиялық (табиғатпен өзара үйлесімді байланыс орнату) және басқалары. Осы аталған бағыттарды кешенді түрде ұйымдастырғанда ғана оқушылардың денсаулығын қалыптастыру және нығайту міндеттерін шешуге болады.

Оқыту үрдісі әртүрлі педагогикалық технологиялар негізінде, яғни, осы үрдісті едәуір тиімді де нәтижелі ететін оқушы мен мұғалімнің күш-жігерін, уақытын, денсаулығын жұмсаудағы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде құрылады.

Кез келген педагогикалық технология денсаулық сақтауды көздеуі тиіс. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай отырып, анықтағанымыз: мектепте денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндігі, оны жетілдірудің ғылыми негіздері толық зерттелмегені байқалады.

Педагогтың денсаулық сақтау қызметі технологиясы маманның жоғары кәсіби құзыреттілігін (оның білімін, біліктілігін, мәдениетін, оқушы тұлғасына деген ізгілікті қарым-қатынасын, оқыту үрдісіне деген жүйелі-әрекеттік негіздерді терең білуін) көздейді.

Денсаулық сақтау педагогикасы қандай да бір нақты білім беру технологиясында көрініс таба алмайды. Соған қарамастан, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы оқушылардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту жөніндегі білім беру ұйымының барлық бағыттарын өзіне біріктіреді.

Денсаулық сақтау технологиясы формалардың, құралдардың және әдістердің жиынтығын көрсетеді, олар адамның дене, психикалық, адамгершілік және әлеуметтік жетістігін қолдаудағы оптималды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

Денсаулық сақтау технологияларын ендірудегі мақсат - денсаулық сақтау жөніндегі мұғалімнің білімін жетілдіру, оқушының дене шынықтыру жаттығулары мен салауатты өмір сүру салтының денсаулық сақтауды ұйымдастыру - сауықтыру әдістемесін жетілдіру.

Денсаулық сақтау технологиясының көріністеріне тек осы саладағы білімді, ептілікті, дағдыны игеру деңгейі ғана емес, сондай-ақ мұғалім мен оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру да жатады. Біздің ойымызша, мұнда педагогикалық процеске қатысушылардың белсенділігі басты роль атқарады. Денсаулық сақтау технологиясына ендіру осы әдістерді қайталау мен ендіру мүмкіндігі де кіреді.

Педагогикалық технологиялар қолдану деңгейі бойынша жалпыпедагогикалық, әдістемелік (пәндік) және локальды болып жіктеледі. Біз денсаулық сақтау технологиясын жалпыпедагогикалық технологияға жатқызамыз, өйткені салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеті болып табылады.

Білім беру мекемелерінде денсаулық мәселелері медициналық көзқарастары жағынан қарастырылып, оны денсаулық сақтау технологиясы тұрғысында, яғни оны оқушы бойында қалыптастыру әдіс-тәсілдері, формалары тұрғысында қарастыру арнайы зерттеуді талап ететіндігі анықталады. мектеп оқушыларының психофизиологиялық, жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, денсаулықты сақтау технологиясы ұсынылды.

Денсаулық сақтау технологиясының мақсатын әлеуметтік сұранысқа, қоғамның қажеттілігіне орай көп жылдар аралығында кезеңдермен өзгеріп отырған білім берудің жалпы мақсаттарымен сәйкестендіру қажет. Бұл тенденция шетелдік білім беру жүйесіне де тән.

Денсаулық сақтау технологиясы – оқушылардың денсаулығын сақтауды және нығайтуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ететін, оқу-танымдық және практикалық іс-әрекетін басқарудың ұйымдастырушылық тәсілдерінің функционалды жүйесі.

Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты - оқушының мектепте жүрген кезінде денсаулығын сақтау, оның денсаулығын сақтау туралы білім, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Барлық денсаулық сақтау технологияларының негізгі ерекшеліктері - оқушылар денсаулығын үнемі экспресс - диагностикадан өткізіп, бақылап отыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар (оқу жылының басы мен аяғында) жасап отырады.

Денсаулық сақтау технологияларының негізгі міндеті - оқушының еңбегі мен демалыс режимін ұйымдастыру, оқушының бүкіл оқу үрдісі барысында қажуы мен зорығуының алдын алу үшін жағдай жасау. Бұл оқушының еңбегі мен демалысын ұйымдастыру кезінде оның жұмысқа қабілеттілігінің оқу сабағының барысында (мейлі ол бір сабақ, бір күн, апта, тоқсан, жарты жыл, жыл, мектепте оқыған бүкіл мерзім де) жоғары болуы, қажудың алдын-алу, зорығуды мүлдем болдырмау.Олардың алдын алу шаралары туралы сөз ету үшін жұмысқабілеттілік, қажу, зорығу ұғымдарына түсінік беріп өтелік.

Жұмысқабілеттілік дегеніміз - адамның өз күшін аз шығын жасай отырып, берілген жұмысты сапалы, әрі тиімді орындай білу қабілеті.

Оқу үрдісі барысында жұмысқабілеттілік белгілі бір заңдылыққа сүйенген толқынды өзгеріске түседі. Сабақ басында оқушының жұмысқа қабілеттілігі аса жоғары болмайды, ол біртіндеп көтеріледі. Бұл кезең ену фазасы деп аталады. Бұл кезеңде біріншіден, іс-әрекетті жүйелік және гуморалдық басқаруға дайындау, екіншіден, біртіндеп іс-әрекеттердің стреотипінің қалыптасуы, үшіншіден вегативті қызметтің қажетті деңгейге жетуі жүзеге асады. Балаларда үлкендерге қарағанда ену фазасы әлдеқайда қысқа немесе жылдам өтеді, бұл олардағы жүйке жүйесінің қозуының жоғарлығы мен функционалды белсенділігімен түсіндіріледі [20].

Ену фазасынан соң, тиімді тұрақты жұмысқабілеттілік фазасы келеді, бұл кезеңде оқушылар өнімді, әрі сапалы жұмыс істей бастайды. Дегенмен бұл кезеңнің ұзақтығы алғашқы кезеңдегі сияқты әр баланың жас ерекшелігіне, денсаулық жағдайына, шынығу деңгейіне байланысты әртүрлі болады. Сонан соң жұмысқабілеттілік біртіндеп төмендейді де қажу дами бастайды. Бірақ оқу әрекетінің соңында (егер ол белгілі болса) жұмысқабілеттілік аз ғана, қысқа мерзімге көтеріледі. Егер қандай да бір себептермен жұмыс нәтижесі күтілгендей болмаса, жұмысқабілеттілік өте төмен түсуі мүмкін.

Қажу үрдісі дегеніміз - жұмысты орындау барысында адамның ағзасында болатын уақытша функционалдық жай-күйі, ол жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, физиологиялық функциялардың өзгеруі, шаршауды сезіну түрінде көрініс табады. Қажу кезінде адам талап етілетін белсенділік пен жұмыс сапасын көрсете алмайды немесе жалғастырудан бас тартады.Бірақ қажуды тек жағымсыз феномен ретінде қарастырмаған жөн. Қажудың биологиялық рөлінің маңызы зор. Бұл - ағзаның қорғаныс реакциясы, оны қалыпқа келтіру және функционалдық мүмкіндіктерін арттыру үрдісінің ынталандырғышы. Шындығында ағзаға үнемі туындайтын және созылмалы қажу, әсіресе ұлғайып бара жатырған қажу кері әсер етеді.

Арнайы зерттеулер көрсеткендей, сабақтан қатты қажып шыққан оқушыларда десинхроноз, яғни ағзадағы шектен тыс қысым байқалады да, бұл психосоматикалық сырқаттылықтың қалыптасуына негіз болып табылады.

Оқушылардың қажуын төмендетіп, жұмысқабілеттілігін қолдап және қалыпқа келтіріп, оның оқыту үрдісі барысындағы өзгерісін бақылай отырып, біз денсаулық сақтауға ықпал етеміз.

Мектеп оқушыларында қажудың дамуына дәлел болады:

  • Еңбек өнімділігінің төмендеуі: тапсырмаларды орындауда қателер саны мен орындау уақыты артады;

  • Ішкі тежелулер байқалады: қозғалыс жайсыздығы, зейіннің тұрақсыздығы;

  • Шаршауды, сыныптағы шуды сезінуі пайда болады.

Осы тұрғыда зерделі мұғалім оқушы бойынан байқайды:

  • үзіліс қоңырауын күтуде шыдамсыз дегбірсізденуін;

  • жазудың өзгеруін;

  • дене қимылының динамикасын (қисаю);

  • вегетативтік реакцияны: алақанның терлеуі, бет терісінің қызаруы, пульсжиілігінің өзгеруі;

  • бас ауруы, іштегі жағымсыз әсерлерге шағымдануын.

Қажудың жалпы және өзіне тән белгілері (физиологиялық жайсыздық белгілері) :

  • дененің түрлі бөліктерінде шаншу не жағымсыз сезімдер пайда болады;

  • жағымсызэмоциялар - тітіркену, қызбалық, әлсіздікті сезіну,кейде – агрессия байқалады;

  • зейіннің нашарлауы; жұмысқа деген қатынасы өзгереді – дем алуға деген тілек пайда болады.

Оқушылардың қажуын туғызатын басты себептер:

  • мұғалімдердің кәсіби қателіктері мен құзыреттілік деңгейінің төмен болуы,

  • мектептегі дәстүрлі оқыту жүйесінің керағар ерекшеліктері,

  • мектептегі оқу бағдарламаларының жүктемесі және оқу үрдісінің қарқындылығы,

  • оқу-тәрбиелеу үрдісін дербестендіруді қиындататын сыныптағы оқушылардың шектен тыс толымдылығы.

  • мектепте, сыныпта санитарлық – гигиеналық шарттардың сақталмауы,

білім беру үрдісін өткізуге деген ұйымдастырушылық-педагогикалық талаптардың бұзылуы.

Сыныптағы жағымсыз гигиеналық жағдайлар, тіптен оқу жүктемесі бірқалыпты болған жағдайда да, денсаулығы әлсіз мектеп оқушыларында қажуды тез туғызады. Осы жағдайлардың қатарына жатады:

  • ғимараттағы температура режимінің бұзылуы: сыныптағы жайсыз температура (тым ыстық неесе салқын);

  • ауа құрғақтығының артуы, әсіресе қыс мезгілінде ауа вентиляциясы жетпегенде не қызған батареялар әсерінен;

  • бөгде шудың әсері (күндізгі жарықтандыру лампалары);

  • жарықтың жетіспеуі;

  • физикалық жайсыздық(дискомфорт): дененің ыңғайсыз қалпы, бір ыңғайда ұзақ отыру, педагогтың авторитарлық педагогикалық тактісі барысында, әсіресе балалар қозғалуға қорыққан жағдайда.

Оқушылар бірсарынды іс-әрекеттен және қозғалыс белсенділігін ұзақ уақыт шектегенде тез қажиды.

Сонымен қажу адамның жұмысқа қабілеттілігінің уақытша төмендеуі мен оның физиологиялық күйін анықтайтын болса, зорығу дегеніміз - жұмысқа қабілеттіліктің ұзақ және терең төмендеуі, ағзаның өмір қажеттілігін қамтамасыз ететін әрекеттерінің бұзылуы, оны қалпына келтіру үшін ұзақ дем алу, тіптен кейбір жағдайларда емдеу шараларын қолдану керек болады. Басқаша айтқанда зорығу дегеніміз ағзаның физиологиялық күйі емес, патологиясы.

Қажу да, зорығу да үлкендерге қарағанда балаларда тез болады, бұл олардың жүйке жүйесінің ерекшелігімен түсіндіріледі. Бастауыш сынып оқушыларының қажу себептерінің орта және жоғары сынып оқушыларына қарағанда өзгешелігі бар. Осыған орай А.А.Никольской бала дамуының мынадай жалпы жағдайларын бөліп көрсетеді:

  • даму жаймен және біртіндеп жүзеге асады;

  • эмоционалдық, ақыл - ой, ерік әрекеттері арасында қандай байланыс

болса, рухани даму мен физикалық даму арасында да тығыз байланыс бар. Сол себепті оқу мен тәрбиені қаншалықты дұрыс ұйымдастырса, соншалықты үйлесімді, жан - жақты даму жүзеге асады;

  • даму үрдісі кезінде психологиялық әрекеттің барлық бағыты бір

мезгілде қатыспайды және олардың даму жылдамдығы мен энергиясы біркелкі емес: даму орташа болып немесе әртүрлі себептермен жылдамдауы мүмкін;

  • бала дамуын жасанды жылдамдатуға болмайды, әр жас кезеңіне тән «өз

күшін толық жұмсау» қажет.

Бұл міндетті бағдарламалық - нормативтік деңгейде бастап, бір сабақты

өтуге дейін, яғни барлық деңгейде денсаулық сақтау педагогикасы қолданатын технологиялар арқылы шешу мүмкін.

Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жету үшін оқытудың мынадай құралдары қолданылады:

1/ қозғалысқа бағытталған құралдар;

2/ табиғаттың сауықтыру күштері;

3/ гигиеналық факторлар.

Бұл құралдарды кешенді түрде пайдаланғанда ғана сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешеді. Қозғалысқа бағытталған құралдарда сауықтыру технологияларының міндетін шешеді және оларға мыналар жатады: қозғалыс;физикалық жаттығулар;сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар;эмоцияны басу мен «тыныштық минуттары»;гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақтық, корригирация-лық, тыныс алу, салқын тиюдің алдын алу, сергітуге арналған);емдік дене шынықтыру;қозғалысты ойындар;массаж, психогимнастика, тренинг т.б.

Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану оқытудың денсаулық сақтау

технологияларының мақсатына жетуге үлкен септігін тигізеді. Таза ауада сабақ өткізу биологиялық процестердің белсенділігін арттырады, ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады, қажу процесін тежейді.

Күн және ауа ванналарын сауықтырудың өзіндік құралдары ретінде көрсетуге болады: фитотерапия, ароматерапия, ингаляция, витаминді терапия (тамақ рационына витаминдерді қосу, суды иодтау, жылына 2 рет (желтоқсан мен көктемде) глицин аминқышқылын оқушылардың есте сақтауын күшейту мақсатында қолдану).

Мектепте фитобарлар, физиотерапия кабинеттерін ашу, педагогикалық оқушыны сауықтыру тренингтерін өткізу де жатады.

Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жеткізетін гигиеналық құралдарға мыналар жатады:

  • СанПин белгілеген санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;

  • Жеке бас пен қоғамдық гигиенаның сақталуы (тәннің тазалығы, оқу

орнының тазалығы, ауаның тазалығы, т.б.)

  • Оқу өтілетін орынды желдету және дымқыл тазарту;

  • Күннің жалпы режимін сақтау, қозғалыс, тамақтану мен ұйқы режимін

ұстану;

  • Оқушыларға қарапайым қол жуу дағдысын, түшкіру мен жөтелу кезінде

беторамал қолдану сияқты дағдыларды үйрету, т.б.

  • Салауатты өмір сүрудің қарапайым тәсілдерін оқып үйрену, дененің бір

жерін кесіп алғанда, денеге дақ түскенде, күю кезінде, жәндіктер шағып алғанда алғашқы көмек көрсетудің қарапайым дағдыларын үйрету, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егу жүргізуді ұйымдастыру, оқушыда зорығу болмас үшін оқу жүктемесін шектеу.

Гигиеналық талаптарды орындамау оқытудың денсаулық сақтау технологияларының тиімділігін төмендетеді.

Жоғарыда келтірілген құралдарды пайдалануға қойылатын бірден-бір талап оларды жүйелі, кешенді түрде пайдалану қажет.

Олар:

- алдын алу әдістері қолданылатын сабақ түрінде;

- функционалдық музыкаларды қолдану;

- сабақты аудио сүйемелдеу;

- жоғары мен төмен белсенділікті қажет ететін сабақтарды кезек қою;

- қайта оралту іс-шаралары түрінде;

- жаппай спорттық - сауықтыру іс - шаралары арқылы;

- денсаулық мерекесі;

- табиғатқа серуендеу;

- экскурсия;

- оқушының ата - анасымен жұмыс бағыттарында салауатты өмір

салтын насихаттау мақсатында ата-аналар жиналысында денсаулық

сақтау технологиялары арқылы ұйымдастыру - теориялық, практика-

лық сабақтарды өткізу;

- педагогикалық ұжымды оқып үйрету барысында қолданылуы мүмкін.

Денсаулық сақтау технологиясы әдістеріне сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешетін тәсілдер жатқызылады.

Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс-шараларының оқушы денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс-тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала мен педагог денсаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.

Денсаулық технологиясы жеке дара болуы мүмкін емес. Керісінше, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы мектептің оқушы денсаулығын сақтау, қалыптастыру мен шынықтыруға бағытталған барлық жұмыстарын кіріктіреді.

Денсаулық сақтау технологияларын ғылым, өнер ретінде және оқушыларды келешекте өз балаларын дені сау, бақытты етіп өсіре алуда үлгі болуы үшін оқытып, тәрбиелеу міндеті ретінде көрсетуге болады.

Мектеп пен мұғалімді денсаулық сақтау технологияларына жүйелі кезегімен қатыстыру төмендегідей жүргізіледі:

  • мектептің бала денсаулығына кері әсер ететін мәселелерін анықтап, оларды жылдам шешу керектігін түсінуі;

  • оқушының денсаулық жағдайының сәтсіз болуына бүкіл педагог қауымы жауапты екендіктерін мойындауы;

  • қажетті денсаулық сақтау технологияларын игерулері;

  • игерілген дайындықты практика жүзінде бір-бірімен, медицина қызметкерлерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен бірлесе отырып іске асыру.

Бұған дейін белгілі болғандай, оқу үрдісін жүргізудің ұйымдастыру-педагогикалық жағдайы технологиядағы сияқты, денсаулық сақтау технологияларында да - мұғалім сабағы - оның негізін құрайды.

Баланың сабақты жақсы оқуы, оның 1-сыныпқа келгендегі денсаулық

жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан оның денсаулығын анықтай отырып, одан кейінгі мектептегі оқу кезінде олардың оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Оқушының мектепте алған білімдері оның бүкіл ғұмырында қажеттілігін жоймауы қажет.

Қазіргі уақытта қолданыстағы оқушы денсаулығын сақтауға әртүрлі

әдістер мен оқыту формаларын ұсталатын денсаулық сақтау технологиялар-ын бірнеше топқа бөлуге болады. Оларды өзара жинақтай отырып 2 типін бөліп көрсетуге болады: ұйымдастырушылық және педагогикалық.

Бірінші типке оқыту барысында денсаулық сақтау жағдайы жасалған технологиялар жатады, ал педагогикалық технологияларға оқушыға ақпараттық, психологиялық және биоэнергетикалық деңгейде мұғалім ықпалы бар технологиялар жатқызылады. Мектепте жүргізіліп келе жатқан денсаулық сақтау педагогикасы принциптеріне негізделген технологияларды көрнекі түрде сызбамен көрсетуге болады (сурет - 1).

Сол себепті де педагогикалық әдебиеттерде «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымына психологиялық-физиологиялық қорғалған режимде өнімді оқу әрекетін ұйымдастыратын және ықпал жасайтын педагогикалық үрдісті жобалау мәдениеті деп түсіндіріледі.

«Денсаулық сақтаушы» ұғымы кез - келген оқыту технологияларына

олардағы педагогикалық үрдістің қаншалықты оқушы мен мұғалім денсаулығын сақтау мен нығайту міндеті шешілгеніне орай сапалық сипат ретінде беріледі. Сондай-ақ, ол білім беру жүйесінің басты мақсатына жетуге, педагогикалық әрекеттің идеясы мен принциптерін ұстануға қаншалықты бағытталғандығын анықтайды. Бұл білім берудің оқушының келісімінсіз денсаулығына зиян келмейтіндігі туралы «өтем» екендігін көрсетеді.

Денсаулық сақтау технологиялары барлық оқу сатыларында оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтереді, әрі тұлғаны дамытады, оның әртүрлі бағыттағы талабын жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған денсаулық сақтау технологияларымен бірге медико - гигиеналық технологиялары (МГТ), дене шынықтыру - сауықтыру технологиялары (ДСТ), экологиялық (ЭДСТ) және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін (ӨҢҚЕТ), олардың барлығы денсаулық сақтау технологияларына (ДСТ) бірігеді. Оларды тағы мынадай шағын топтарға бөлуге болады:

ұйымдастыру - педагогикалық технологияларына (ҰПТ) санПин белгілеген нормада, оқушының зорығу, гиподинамия т.б. дезадаптациялық жағдайлардың алдын алу үшін оқу үрдісінің құрылымын анықтаған технологиялар жатады.

психологиялық - педагогикалық технологиялар (ППТ) мұғалімнің жұмысымен тығыз байланысты. Оның оқушыға бүкіл 45 минут барысындағы ықпалы, оқу үрдісінің барлық элементтерін психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуі жатады.

Денсаулық сақтау технологияларының оқушыларға әсері медицина -психология - педагогикалық диагностикасы мен мониторингтің кешенді әдістері арқылы бағаланады. Үнемі кері байланыс жасап бақылап отыру жұмыстардағы олқылықтарды түзетуге көмектеседі.

Қорыта келгенде, мектептің денсаулық сақтау ортасы дегеніміз - әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың, оқушының адаптациялық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті физиологиялық компоненттердің, денсаулықты сақтау мен дамытуға әсер ететін факторлар жиынтығы.




Автор
Дата добавления 06.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров623
Номер материала ДВ-235109
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх