Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Мақала "Әдістеме бірлестік туралы"

Мақала "Әдістеме бірлестік туралы"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m7ea6142a.pngМенің педагогикалық жұмысым

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,- деген

Мектеп мақтанышы

Ұстаз - ол ардақты жан. Ұстаз болу, оқушыларға дәріс беру, өте жауапты , күрделі де, сонымен бірге, қызықты жұмыс болса, шәкірт тәрбиелеу - кез келген адамға бұйыра бермейтін бақ. Жан жылуын, бар білімін баланың бойына сіңіріп, әр оқушының үлкен өмірге оқып тоқыған азамат болып аттануына зор үлес қосатын мейірбан жүректі ұстаздарымыз аз емес. Солардың бірі Березняковка орта мектебінде қызмет ететін гуманитарлық әдістеме бағытындағы мұғалімдер Каймульдина Б.Б., Байшораева С.Э., Науразбаева Р.К., Бельгибаева Н.Т., Койшыбаева Г.Б., Слам Т., Табылдынова А.С., мен үшін бұл мұғалімдер өзімен ерекше, өзімен дара. Мұғалімдердің үйреткен сабақтары мен жеткен жетістіктеріне риза болып шын жүректен қуанып отырамын. Атап айтатын болсам ОІМ және орыс тілі мұғалімі Каймульдина Б.Б. мектебіміздегі мықты да, беделді ұстаздарымыздың бірі. Республикалық «Ұлағатты ұстаз» - 2013 байқауында ІІ орын және Халықаралық «Менің инновациялық сабағым» байқауында ІІ орын иегері, оқушылары жылда аймақты, аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып жүлделі орын алады, биыл 11- сынып оқушысы Мурашова Дина облыстық олимпиадаға қатысып ІІ орынға ие болды.

ТІМ және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байшораева С.Э. өз сабағының шебері. Республикалық «Ұлағатты ұстаз» - 2013 байқауында ІІ орын және Халықаралық «Менің инновациялық сабағым» байқауында ІІІ орын иегері. Сонымен қатар Республикалық «Ең үздік педагогикалық жаңалық» шығармашылық мақала бағыты бойынша І орын және Ақмола облыстық «Тіл парасат» байқауына 11-сынып оқушысы Мурашова Дина қызымызды дайындап белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Науразбаева Р.К. мектебімізде «Ана клубының» тәлімгері, Республикалық «Ұлағатты ұстаз» - 2014 байқауында өткізген ашық сабағы кітапқа басылып шыққан ұлағатты ұстаздарымыздың бірі.

Бельгибаева Н.Т. тарих пен география пәнінің мұғалімі. Республикалық «Ұлағатты ұстаз» - 2014 байқауында өткізген ашық сабағы кітапқа басылып шыққан, Халықаралық «Педагогикалық ізденіс»- 2015 байқауында IV Халықаралық оқытушылар сайысында ІІ орын, «Ең үздік ашық сабақ» байқауында ІІІ орын, Республикалық «Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобадан І орын иегері болып жүрген ұлағатты ұстаздарымыздың бірі.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Койшыбаева Г.Б. өз сабағын жеттік меңгере білетін мұғалімдеріміздің бірі.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Слам Т. жас маман болса да Республикалық «Ұлағатты ұстаз» - 2014 байқауында өткізген ашық сабағы кітапқа басылып шыққан және Халықаралық «Педагогикалық ізденіс» - 2015 байқауында ІІІ орын иегері аттанып үлгерген мықты да, жауапкершілігі мол жан- жақты келген ұстаздарымыздың бірі.

Ағылшын тілі мұғалімі Табылдынова А.С. мектебіміздегі ең жас мамандарымыздың бірі. Мен үшін әр мұғалімнің жетістігі мектеп жетістігі мен мақтанышы. Мектеп ұжымын, оқытушыларды осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймын және шығармашылық табыс тілеймін.



Аменова Асем Қайырбековна

Гуманитарлық әдістеме бағытының жетекшісі

Березняковка орта мектебі


Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров142
Номер материала ДВ-359565
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх