Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМақала "Электрондық оқулықтың тиімділігі"

Мақала "Электрондық оқулықтың тиімділігі"

Скачать материал

Электрондық оқытудың тиімділігі

 

Жакупова Ажар Ерболатовна

№19 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Павлодар қаласы

 

Қазақстан Республикасында қабылданған білімді дамыту Тұжырымдамасы 2015 жылға дейінгі мемелекеттік білім саясатын дамытуға негізделген және ол білім жүйесін құруды қайта ұйымдастыруға бағытталып қана қоймай сонымен қатар, оның мазмұнын дүниежүзілік білім ортасын интеграциялауға мақсат етіп отыр.

Білімді ақпараттандыру оқушылардың білім сапасын арттыруға  және болашақ мамандардың кәсіптік білімділігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі дәуірдің телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады.       Осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту саласында да мамандарды біріктіруге күт салу қажет. Бұл мақсаттардың жүзеге асыруда жаңа буын оқулықтарын электронды вариантқа аудару қажеттілігі уақыт сұранысы болып тұр.

Қазіргі кезеңде кәсіби білім берудің теориялық және технологиялық негізін жасаудың тиімді жолдары  іске асырылуда. Ғылыми –педагогикалық әдебиеттерде «технология-techne – өнер, шеберлік және logos – ғылым, заң яғни , технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым деп көрсетілген.

Мұғалімдердің электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне қолданудың дидактикалық негізі - оның оқу мақсаттарын жетілдіруге бағытталған мазмұнына қойылатын талапты, әдістерді; оқыту құралдары мен түрлерін ұйымдастыру сияқты дидактикалық  ұстанымдарын орындау Ю. Бабанский, В. Монахов, М. Скаткин т.б ғалым- педагогтардың еңбектерінде оқу үрдісінде компьютерлік технологияны қолданудың әдістемелік проблемары оқу жүйесін ақпараттандырудың аспектілері, оқу-тәрбие үрдісін дидактикалық қамтамасыз ету, педагогикалық үрдіс ұстанымдарының өндірілуі қарастырылған.

Кейінгі кездерде оқыту үрдісіне: компьютер, электрондық оқулық, мультимедиалық, Интернет сияқты жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың дидактикасы мен технологиясы дамытылып келе жатқаны мәлім.

Электрондық оқулықтарды құру мен оларды пайдаланудың әдіс – тәсілдері Л. Добро, О. Митина, В.Чижиков, Е. Трофимова, Б. Гаевская, А. Ульман, Ж. Абельдина және т.б еңбектерінде арнайы қарастырылған.

Сонымен, педагогикалық білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үрдісінде электрондық қолдану болашақ мұғалімдердің бойында ізденімпаздық-танымдық, іс-әрекеттік–зерттеушілік қабілеттерді қалыптастыратыны белгілі. Білім беру салаларында электрондық оқулықтарды пайдаланып, оқыту сапасын арттыру, тез модернизациялау және интенсификациялаудың тәсілдерін даярлау жүйесі бойынша ізденістер қарастырылуда. Электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде қолдану педагогикалық тәжірибеде оқу үрдісін интенсификациялауға, оқытуды дамыту идеяларын жетілдіруді жүзеге асыратын психологиялық технологиялар жүйесін арттыруға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтармен оқыту, оларды жетілдіруге қажетті жағдайларды құру, өндеу және өндіру, жаңаны дәстүрлі әдіспен қиылыстырудың жолдарын іздеу психологиялық–педагогикалық, оқу-әдістемелік проблемаларды шешуді талап етеді.

Электронды оқулықтың мазмұны оқушының зерделі ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы, өте қажет: қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық көркемділігі, жылдамдығы т.б.

Бұл электронды оқулықтың  тиімділігі, ара қашықтықтан оқытуға оқушының өздігінен оқып үйренуге және өзіндік жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптарға арналған электронды оқулықтар оқытудың педагогикалық модулдік технологиясына негізделген және мәтіндік ақпаратты тез әрі көрнекті түрде қабылдауына мүмкіндіктер жасалған. Осылардың барлығы оқулықтың ресми оқулыққа қарағандағы арқылы қосымша бейнематериалдар, карталар, суреттер, ресми деректер бере отырып оқушының білім, сапасының артуына, өзіндік көзқарасының артуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді.

Әрбір модуль бір-бірімен тығыз байланыста құрастырылған және онда оқу материалын қаншалықты денгейде меңгергендігін айқындайтын сұрақтар мен тестік тапсырмалар берілген. Оқушы өз деңгейін моральдік қорқу, психологиялық қауіп-қатерсіз бағалайды. Оқулықтың тағы бір ерекшелігі: дарынды балалармен қатар оқулықпен жұмысқа құлқысы жоқ оқушыларды да тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге ықпал етеді.

Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш -білім. Ал жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей  талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ол үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық, қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет-ақ.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту, баланың танымдылық  және шығармашылық икемділігін дамыту, әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүктелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Қазақ тілі сабағында компьютерді пайдалану, өтілген морфологияны қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау, т.б. білімді қорытып еске түсіру кезінде пайдаланылады. Фонетиканы оқытуда да, морфологияны оқытуда да компьютерді қолданудың өз реті болады. Мысалы:  тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу нәтижесінде оқушы білімі бағаланады.

1.                 Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді тап:

а) бойайын     ә) бояйын       б) бойяйын

2.                 Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді тап:

а)әдемі         ә) ауыл            б) кітап

Қазақ тілі грамматикасын компьютерге бейімдеп оқыту кезінде берілетін тапсырма қысқа да нұсқа болу керек.

Мысалы: «Зат есімдердің септелуі» тақырыбын өткенде блокты сызба үлгісін қолданған абзал. Бұл кезде септіктердің жанындағы сөз тек қана атау тұлғада тұрады.

мен

ны

да

ға

ның

дан

 
А. Кім?

І.  Кімнің?

оқушы

 
Б.  Кімге?

Т.  Кімді?

Ж. Кімде?

Ш. Кімнен?

К.  Кіммен?

  Осы блокты сызбаға  қарап отырып, оқушы орны ауыстырылған жалғауларды өз бетінше табуы керек.

Мысалы: математика сабағында «Қосындыны санға көбейту (300+40+3)*2 жағдайы сабақтың кезеңдерін, тапсырмаларын слайд арқылы көрсету. Үй тапсырмасын ауызша есептеу, оқулықпен жұмыс.

6 слайд: математикалық диктант (тек мәндерін жазамыз)

200:20=10

60·20=1200

42-ден 7 есе кем сон

3-тің кубы

2-нің  квадраты

12мен 3-тің бөліндісі

7-слайд: Шығармашылық жұмыстар

3см                                                                               2 см

4 см

 
2 см

 

 

                                                                                                   2 см

 

 

Р-?                               P-?2 см

S-?                                                S-?   V-?

 

Интерактивті тақтамен жұмыс 

1флипчарт

№4

200·(5+3)=200·5+200·3=1600

300·(1+2)=300·1+300·2=900

9 слайд   «Ойнайық та, ойлайық»

Активпультті пайдалану арқылы тестпен жұмыс.

 1. Санды нөлге бөлуге

   а) болады  б) болмайды в)білмеймін

 2. 2-нің кубы қанша болады?

   а)  3   б)8   в)9

Тағы басқа тапсырмалар

2 флипчарт

«Әріптер әлемі» ойыны

шашыраңқы әріптер, оның ішінен геометриялық фигуралардың атауын

дұрыс жазып шығару.

10 слайд « Ойлан, тап»

5  5  5 5 5=100

5 5 5 5 5=100

(+;-;х :) таңбалары қойылады

Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің    рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Электронды оқытудың тиімсіз жақтарын болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

 

1.          Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

2.          Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

3.          Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

4.          Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді.

XXI ғасыр –ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту ең басты орын алады. Ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Қазіргі қоғам ақпаратты қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға оқу ақпаратына назар аударады. Болашақ ұрпақты ақпараттық қоғаммен қарым қатынасқа оқытып тәрбиелеуге жағдай жасайды. Елдерде қазіргі технологияның дамуы, қоғамды парасаттандыру, жаңа білімді туындату, игеру қабілетімен де анықталады. Жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде жаңа технологиялардың кең көлемде қолданудың маңызы зор.

Осыны жүзеге асыру үшін электрондық оқулықтарды пайдалана білуімізді қажет етеді. Электрондық оқулықтар оқушының ойлау қабілетін, өзін-өзі реттеуді дамытады, өздігінен оқып үйренуге талпындырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.                                                                                                                                                                                                                                                                        Л.Ф. Добро, О.Е. Митина, В.И. Чижикова. Использование в Интернет электронного учебника по механике.

2.                                                                                                                                                                                                                                                                        Е.И. Трофимова, С.В. Федягин. Механика с элементами математического моделирования и компьютерной графики.

3.                                                                                                                                                                                                                                                                        А.В. Тихоненко. Вводный курс. Электронный учебник.

4.                                                                                                                                                                                                                                                                        Л.Я. Боревский. Механика.

5.                                                                                                                                                                                                                                                                       Г.К. Нургалиева, А.И. Тажигулова. Опыт и перспективы  информатизации образования.

6.                                                                                                                                                                                                                                                              Жашиева Р. Қазақ мектебі XXI ғасырға өз бет-бейнесімен кіруі тиіс. «Ұлт тағылымы», 2001.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Электрондық оқулықтың тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 949 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 2260
    • DOCX 57.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакупова Ажар Ерболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакупова Ажар Ерболатовна
    Жакупова Ажар Ерболатовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16019
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 091 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1116 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 270 человек

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов