Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Мақала " Ерлік өнегесі – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу құралы"

Мақала " Ерлік өнегесі – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу құралы"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Ерлік өнегесі – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу құралы

Жаманкулова Лаззат

«Бал-Бөбек Б» жеке балабақшасы

Жаңақорған кенті



Ер басына күн туса, етігімен су кешер,

Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер.

Халық мақалы

Қазак халқы өз ұрпағын ізгілікке , отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.Осы тәрбиені одан әрі жалғастыру үшін әрбір отансүйгіш азаматтардың өткен күнгі тарихты, батырларымыздың ерлік рухын білуі керек.Қазақ жастарының бойына ұлттық рухты сіңіру жақсы тәрбие беру деген сөз. Бұл жағдайда әлемнің екінші ұстазы, ұлы ойшыл Әл – Фарабидің « Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы , ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» -деген. Яғни барлық уақытта тәрбие бірінші орында тұратыныны жайлы айтқан екен. Сондықтан да осы Әл- Фараби бабамыздың жолын ұстана отырып, біздер, яғни жас ұрпақ тәрбиелеушілер тәрбиені қалай қолға алсақ, патриоттық сезімде де дәл осындай дәрежеде, биік ұстауымыз қажет. Білім мен тәрбие қалай егіз жүрсе,мемлекет пен халық арасында да осындай ажырамас туыстық қатынастар болуы шарт.

Міне, осы салаларды оқу- тәрбие барысында барлық жастар бойына сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Бұл тәрбиені тек мемлекеттік тұрғыда емес, осы салаға үлес қосатын әрбір адам да еңбектенуі керек, яғни патриотизмді ояту үшін өз тарихының қойнауына көз жүгіртуі шарт.

Тәуелсіз елдің жас ұрпағының бойында әрдайым отанды сүю сезімі болуы тиіс. Отансүйгіштік сезім – отансүйгіштік рухтың құнарлы мәйегі. Ол адам өзі өңген топырағы мен өскен ортасына деген құштарлығының, құрметінің деңгейін білдіреді.

Елге, жерге деген сүйіспеншілік асыл қасиеттер көктен түспейді, жоқтан жаралмайды. Ол әр адамға туған топырақтан, ана сүтімен дариды.

Әр балаға өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін, оның бай тарихына, байлығына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасауымыз қажет. Патриотизм өзінен–өзі қалыптаспайды, бала кезінен «Қазақстан – менің Отаным, мен Отанымның алдында борыштымын» деген ойларды сіңіру қажет.

«Отан үшін , отқа түс күймейсің»- деп Бауыржан атамыз айтқандай Отанды сүю, Отанды қорғау, елге қызмет ету әрбір адамзаттың зор міндеті.Тәуелсіздік туы желбіреп, еліміздің өркениетке барар жолда тұрғанда өз Отанын шексіз сүйетін, білімді адамгершілігі мол, парасатты , мәдениетті жан – жақты жетілген ұрпақ болып өсу әрқайсымызға тиесілі үлес.

«Атамекен, туған жер» ата – бабаларымыз үшін қасиетті де киелі ұғым болған.Осы бір қасиетті ұғымды олар өз ұрпақтарына- « Халқының патриоты» болу үшін мұра етіп қалдырған. «Жалаңаш барып жауға шап, ажалың жетпей өлмейсің» деген мәтел патриоттық тәрбиенің нақ куәсі. Бүгінде оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруден халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау барынша нығайып келеді.

Жастарды патриотизмге тәрбиелегенде қазақ халқы үшін қиын күндер туғанда, ер етігімен су кешіп,ат ауыздығымен су ішкен күндердің құрбандары болған батырлардың ерліктері жайлы сөз қозғамау мүмкін емес.

Біз ХХІ ғасыр тұлғаларымыз « Дүниежүзілік соғыс » деген атаумен ХХ ғасырда екі алапат соғыс болғанын тарихтан білеміз. Енді сол тарихи деректерге тоқталып, ой елегінен өткізейікші.

Ел есіндегі естеліктерді сөйлеткен сайын ерлік пен елжандылықтың рухы асқақтай түседі.

Соғыс уақытын көзімен көрген көнекөз қариялардың айтқанын тыңдасаң да, осы тақырыпқа жазылған әдеби- көркем шығармаларды оқысаң да, ердің ері ғана шыдаған, сол бір қан майданға өз үлесін қоспаған қазақ баласы болмапты. Яғни, қазақ халқының шынайы бейнесіндегі ерлік өнегесі осы оқиғалардан тайға таңба басқандай білінеді.

Осындай ер тұлғаларымыздың бірі - Бауыржан Момышұлы.Бауыржан Момышұлының патриоттық сезімі, Отанға деген сүйіспеншілігі, өзінің мемлекетке тәуелді екенін өз істерінен дәлелдей білді.Тіпті, өзінің қазақ екенін соғыс шебінде жүріп ұмытқан емес. Оған өзінің басынан өткен бір ғана мысалын айтуға болады. Ұлы орыс ұлтының орта тобынан шыққан кейбір өкілдері басқа шағын халықтарды «екінші сортты» адам деп ойлап, қараушылығына мүлдем жол бермеу керек, мұндай қате мәдениетсіздік көзқарас өте зиянды. Өкінішке орай, олар мұндай көзқарастарымен ұлттық тудағы асқақ озық жоғары идеяны шовинизмнің жиіркенішті ұсақ – түйегіне айырбастай отырып бірінші кезекте, ең алдымен өз ұлтының ұлы абыройына кір келтіреді. «Полк командирі Бауыржан Момышов» деп шақырған кезінде ол өз есімінің дұрыс айтпай, орыс тіліне бұрмаланып тұрғанын естіп тұрса да жауап қатпай тұрып алған. Үш рет қайталап айтып, ақырында есімінің дұрыс айтылуын күткен Бауыржан атамыз өз есімін жөндеп айтқан (Бауыржан Момышұлы деген) кезде ғана жауап қатқанын дәлелдеуге болады.

Еңсесі биік елдігіміздің ертеңі – қазіргі ұрпақ, жас жеткіншектеріміз Бауыржан атамыздың бітіміндегі асқар жұртының шың басындай тәккаппар рухынан қанаттанып, батырлық, отансүйгіштік қасиеттерді бойларына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр болар еді!

Ендеше , Бауыржан атаға қанша тағзым етсең де артық болмас деп ойлаймын.

Осы қан төгіс соғыста біздің жерлесіміз Совет Одағының батыры Әнуар Әбутәліпов те болды.Ол Тисса өзенін жүзіп өтіп,қайығымен он-он бес рет қатынап, алдынғы шептегі ротаның сексен бес солдатын қарсы жағалауға өткізді.

Осы ерлігі үшін Әнуар Әбутәліпов КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағын иеленді. Неміс басқыншыларынан Венгрия, Чехословакия, Румыния, Австрия жерін азат етті.

Әнуар Әбутәліпов соғыстан соңғы бейбіт өмірде де еңбек иесі екендігін талай рет дәлелдеді.Сан–саналы шаруашылыққа етене араласып, Ленин орденін кеудесіне қадады . «Түгіскен кеншарында» 1984 жылға дейін күрішші болып еңбек етті, зейнеткерлікке шығып, 2002 жылы өмірден озды. Батыр атамыз тоғыз баланы тарықтырмай өсірді. Ардагердің тәрбиесінің арқасында қазіргі таңда бәрі үйлі-боранды, бір-бір қызметтің құлағын ұстап,тәуелсіз еліне қызмет етуде.

Қан майданда тек қазақ баласы ғана емес, қазақ қыздары да өздерінің мықты екендігін көрсете білген. Солардың бірі Шығыстың қос жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк. Осы кездердегі қызғалдақтардың ұраны «Өзім өлсем де Отаным аман болса екен»- деп қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасқан.Болашақта жас гулдер яғни жастар ерте солмасын деп соғыста аса үлкен патриоттық сезіммен шайқаса білген.

Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«Ер есімі –ел есінде» демекші, аңызға айналған батыр ата–апаларымыздың асқар таудай бейнесі, тарих беттеріндегі өшпес есімі мәңгі алтын әріптермен жазылып тұрады.

Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты, еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарай аңталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанының жалынын жұлып бірақ тоқтаған қазақпыз.

Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл-қыздар толып жатыр.Олар атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.

«Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен »деп өз жанын да аямаған батырларымыздың ерліктерін ұмытпай, адам бойына патриоттық сезімді қалыптастыру үшін тәрбиені отбасы мен балабақшадан бастау керектігі айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту – ата-ананының парызы. Ендеше, батырларымыздың ерліктерін ары қарай жас ұрпақ есте сақтап, ананың жасы, арудың ары, батырдың қаны төгілген бұл даланы көзінің қарашығындай қорғап жүру жас ұрпақтың патриоттық құралы болып табылады.Бұл соғыстың жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде. Мұны ешқашан ұмытпаймыз.

Міне, қазіргі таңда тәуелсіздіктің таңы атып, сол жас боздақтар аңсаған қой үстінде,бозторғай жұмыртқалаған заманда тіршілік етіп жатырмыз. Жас болса да елі үшін қан төккен батырларымыздың үмітін ақтау қазіргі жастардың қолында.Ол үшін жас ұрпақ батырларымыздың рухты жүрегін түсініп, олар да еліне, жеріне деген патриоттық сезімді оятуы тиіс, яғни мемлекет пен халық арасындағы қарым- қатынасты сақтай білуі керек. Бұл батырларымыздың ерлік ісі арқылы әрбір жас ұрпақ өзін-өзі ұлттық рухқа тәрбиелеуі тиісті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1..Білім беруді модернизациялаудың тұжырымдамалық негіздері.

2. Бастауыш мектеп журналы №2 2006 жыл.

3. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар № 6 2010 жыл.



Краткое описание документа:

Бұл мақалада жастарды тәрбиелеу - ұлы ерлік жасаған батырлардың өнегелі істері арқылы жүзеге асатындығы жайлы жазылған. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу , бұл әрбір педагогтың алдына қойған мақсаты. сондықтанда еліміздің ерен азаматын тәрбиелеуде ерлік рухтын қосар үлесі орасан зор.

Тәуелсіз елдің жас ұрпағының бойында әрдайым отанды сүю сезімі болуы тиіс. Отансүйгіштік сезім – отансүйгіштік рухтың құнарлы мәйегі. Ол адам өзі өңген топырағы мен өскен ортасына деген құштарлығының, құрметінің деңгейін білдіреді

Автор
Дата добавления 18.06.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров926
Номер материала 308523
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх