Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Мақала. "Мектепаралық кәсіби қауымдастық"

Мақала. "Мектепаралық кәсіби қауымдастық"


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

МЕКТЕПТЕРДЕГІ КӘСІБИ ҚАУЫМДАСТЫҚ – ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ЖАҢАРТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ СТРАТЕГИЯСЫ


hello_html_71003788.jpg

Саржан Нұрзия Молдабайқызы

Қостанай облысы.

Қостанай ауданы.

Мемлекеттік тілде оқытатын

Заречный орта мектебінің

география пәні мұғалімі




Аннотация

Мақалада мектептегі іс – әрекет барысындағы кәсіби қауымдастық жұмысының құрылымдық жүйесі туралы айтылған.


Аннотация


В статье рассматривается система профессиональной работы школы в педагогическом сотрудничестве с другими школами


Resume


This articledescribes the system of professional and social work of school in pedagogical collaboration with other schools.



Біз жаһандану дәуірінде қоғамның қайта құрылу кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау – жаңа Қазақстанның басты құндылығына айналды.

Еліміз Болонья білім жүйесіне кірген кезеңде білім беру мақсаты да өзгеруде, соған сай шәкірт тәрбиелейтін жаңа форматтағы мұғалім де оқыту жүйесін өзгертуші болып танылуда.

Ұзақ уақыттар бойы білім беру процесінің негізгі мақсаты болып келген теориялық және энциклопедиялық білімнің мәні енді құралға айналуды. Басқаша айтқанда, Қазақстан мектептері ҚР білім беру саясатының стратегиялық мақсатына сай оқытуды функционалдық сауаттылық тұрғыдан қарастыруда .

Бұрынғы мұғалім оқудың мазмұнына көп көңіл бөлсе, қазіргі мұғалім оқытуды құрылымдау яғни конструкциялауға көп көңіл бөлуі тиіс. Бұрынғы «біліктілік» ұғымын, «құзырлылыққа» бұру басты назарда болу алуды қажет етеді. Мәселе «Өмір бойы азық болатын білім беру» идеясынан «өмір бойы өздігінен үйренуге» ұстанымның өзгеруінде болып отыр немесе біз қазір әрбір оқушыға «әлем туралы өз көзқарасын терең және кеңірек дамытуға» мүмкіндік береміз /1/.

Елбасының: – Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті түрде баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келді, – деп айтқанындай осы өзгерістерге әр ұжымды және ұжым мүшесін жетелеу деңгейлік бағдарлама курсын тәмамдаған ұстаздар еншісінде. Яғни реформаныретсіз жеке – жеке бастамай бәріміз бірге атсалысу, «Мәңгілік елдегі» Еңбек қоғамын бірге құру еліміздің басты жұмыс бағыттарының бірі болып отыр.

Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы туралы мақаласында Елбасы білім саласы үшін маңызды тапсырмалардың бірі ретінде мұғалімдердің кәсібилігін жоғарылату туралы сөз де қозғаған болатын.

Оқыту қоғамдастығында жүріп жататын кәсіби білім алмасу үдерісі мұғалімдердің тәжірибесі мен жұмысының мазмұнын арттырып, оған тартылған адамдарды өзара тығыз байланыстырып, олардың сырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмысына түр береді” – дейдіЭнн Либерман .

Осы орайда қазіргі сұранысқа орай мектептердің кәсібиқауымдастықтағы сенімді зерттеуші-мұғалімдерден тұратын тобы жұмысының тиімді оқытуда нәтиже берері сөзсіз.

Ал бұл жұмыс жаңа формациядағы мұғалімдердің орта білім саласын жаңартудағы жұмыстарына қозғаушы күш бола алады деген сенім ұялатады. Оған себеп қазіргі өзгеру осындай ерікті топтардың оқу және оқыту процесінің мазмұнын іс - әрекетте зерттеуге, өз ойын, дәлелін ұсынуға жетелейтін жұмыстар негізінде құруға жоспарлауға, үйрену үшін бірігуге, ынтымақтаса отырып тиімділікке қол жеткізері сөзсіз.

Себебі осындай өзгеріске өз еріктерімен қоғамдасқан мұғалімдер тобы ғана бір - біріне тамаша әріптестер мен ұйымдастырушылар,тамаша синтезаторлар, тамаша түсіндірушілер, тамаша персонализаторлар мен тамаша локализаторлар бола алады.

ХХІ ғасыр сұранысының бірі болып отырған мұғалімдерінің ынтымақтастығы - қалай оқу керектігін үйрену дағдылары және инновация енгізу, өмір сүруге және қызметтік өсуге қажетті дағдыларды қалыптастырады,- деп сенеді бастамашылар.

Неге біз бұны жасаймыз?Менің ойымша бұл біріншіден, «оқытудыжетілдіру» деп аталатын әдіс құралы – ол өзінің оқыту процесін жетілдіру өзгенің оқытуына бақылау жасау оның тиімді әрекеттерін,оның келісімімен үйрене отырып өзі қолдану және оған бірлесіп рефлексия жасау арқылы түйін жасау, нақтыны белгілеу болып табылады. Біздің елде сыныпты зерттеу, оның нәтижесін сипаттап жазу және жариялау ғалымдардың ісі және көбіне бақылаушы «ревизорлар» яғни департаменттер құзырындағы жұмыс түрінің бірі болып табылады. Ал Англия мен АҚШ - та кеңінен қанат жайған «мұғалім-зерттеуші» қозғалысы мұғалімдер қоғамдастығы зерттеуінің маңыздылығы жөнінде біз оқып білудеміз.Ал бұл Д.Коллинз айтқандай «Біздің не істейін деп жатқанымыз онша маңызды емес оны кіммен жасайын деп жатқанымыз маңызды » ойына сай болып отыр. Ал біз неге бұны бастамасқа. Иә, біз әсіресе мектеп көшбасшылар сертификатын ие болғандар бұл біліммен мықтап қаруландық. Сондықтан да енді көшбасшы ретінде соңымнан әріптестерімді ертумақсатында аудан және қала мектептері болып бірлесіп мұғалімдердің кәсіби даму қоғамдастығын дамыту жұмысымызды бастап та кеттік десем болады.

Оның негізі жұмыс сипаты:Орындаушылық, қатынасушылық, делдалдық, қарым-қатынас құру функциясы болуы керек деп ойлаймын. Әр мұғалім өзінің кәсіби әрекетінің қандай кезеңінде болмасын өз білімін оқып тауыстым, ал кәсіби біліктілігін толығымен қалыптастырдым деп айта алмайды. Сондықтан кәсіби қауымдастық жұмысына қатысу – бұл тек білім беру талабы ғана емес, оқу процесіне жаңа стандартты енгізетін кез-келген пән мұғалімінің өнімді еңбек етуі үшін қажеттілік болып табылады.Осы орайдағы біздің кәсіби қауымдастық құрастырған жоспардың тақырыбы: «Сыни ойлауға үйрету оқытудағы тиімді әрекет»- деп аталды.

Басымдылығы:Сыни ой айтуға үйретудің оқыту мен оқудағы тиімділігі және ол функционалдық сауаттылыққа бастайтын жол.

Проблемасы: Оқыту мен оқуда оқушыда да, оқытушыда да сыни ой айтудың кемшіндігі.



Мақсаты -

  • Іс – әрекеттер негізінде тәжірибемен алмасу, табысқа қолдау көрсету және оқытуда ынтымақтасу.

  • Кәсіби тақырыпта формальды және формальды емес қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы серіктестеріңді көбейту;

  • ұжым мүшелерінің және өзімнің кәсіби деңгейімді арттыру;

  • жаңа педагогикалық бастамалар жасау.

  • Сындарлы оқытудың артықшылықтарын насихаттау, оның оқыту дағдылары арқылы кәсіби біліктілікті арттыру.


Міндеттері:

  • Нақты проблемалармен тікелей байланыстыру үшін қауымдастықтағы бірлестік мүшелермен бірлесіп мектеп бойынша оқу мен оқытудағы сыни ой айту деңгейін анықтау (қай деңгейде қалыптасқан)

  • Қауымдастықтағы бірлестік мүшелермен бірлесіп сыни ойлауға үйретудегі оқыту жұмыстары арқылы табысты бағалауға арналған құрылым құру.

  • Қауымдастықтағы бірлестік мүшелермен бірлесіп оқудағы сыни ой айту түсінігінің қалыптасуына мүмкіндік беру.

  • Қауымдастықтағы бірлестік мүшелермен бірлесіп оқудағысыни ой айтудағдысын қалыптастыруда тиімді тәсілдерді таңдау және оны жүзеге асыру дағдыларын меңгеру.

  • Мұғалімдердің қауымдастыққа қатысуға ынтасын арттыру үшін мектептерден басқа мекемелердің мамандарын тарту.

  • Қауымдастықтағы бірлестік мүшелермен бірлесіп басқалардың кәсіби дағдыларын үйрену.

  • Басқалардың зерттеу әрекеттерінің түрлерін нәтижелерімен танысу істе қолдану.

Күтілетін нәтиже:

  • Бірлескен оқытудағы іс – әрекеттік зерттеу топтары қалыптасады,

  • Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады,

  • Басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды,

  • Қауым мүшелері оқытуда сыни ойлауға үйрететін тиімді әдіс – тәсілдер дағдысын меңгереді.

  • Оқыту нәтижеге бағытталады.

  • Сыни ой айту, өз білімін пайдалана алу дағдысы қалыптасады.

Қауымдастықтың ережесі:

  • Қауымдастықтың әрбір мүшесі шынайы көзқараста болуға міндетті.

  • Әрбір мүше сенімді, әділқарым-қатынас жасауы керек.

  • Әрбір адамның пікірін бағалап, сыйластықпен қабылдау керек.

  • Сыни ойды тек жеке адамның ғана ойы деп қабылдауы керек.

  • Шынайы ахуалды бұзатын әрекеттер жасамауы тиіс.

  • Уақытты тиімді пайдалана білуі керек.

  • Әр ойдың өз салмағы болатынына сыйластықпен қарауы керек.

  • Қарым-қатынастаркездерінде жоғары мәдениеттілікті сақтауы тиіс.

Е. Дакворттың айтуынша керемет идеялар тектен-тек шыға салмайды. Олардың шығуының екі шарты болады, біріншіден, басқа идеялардың негізінде құрылатындықтан бұрынғы идеялар тәжірибесі, екіншіден, талқыланатын тақырыпты жеткілікті түрде білу /1, р.6/.

Осыған сай біз жұмысты жүзеге асыру тұжырымын құрастырып, жұмыс циклограммасын жасадық.

Ол:

  • Үнемі қажет болған жағдайда әлеуметтік желідегі сұхбат арқылы пайда болған проблемаларды ортаға салу,

  • Екі аптада бір рет онлайн сұхбат құру,

  • Айына бір рет өз өзгерістерімізді және арнайы білімдерге қол жеткізудегі өзгерісті 10 сөйлемнен тұратын эссе арқылы конференция поштасына салу,

  • 2 айда 1 рет- Бетпе-бет кездесу белгіленген мектепте қауымдастықтың игі ықпалын, әсіресе балаларға тигізіп жатқан оң әсерінің дәлелдерін көре алу үшін соңғы аптаның жұмасында нәтижені ортаға салу(мысалы, модельдерді құру, нұсқаулық беру, зерттеу жүргізу).

  • Тоқсанына бір рет жұмыстағы проблемаларды шешу, бақылау емес, ықпал ету арқылы әрекет ету тиімді ресурстарымен танысу үшін бірлескен оқу серуендеріне шығу.

  • Тиімділікті жарнамалау үшін, кәсіби қауымдастық шеңберін ұлғайту үшін басылымдарғажариялау.

Туындаған мәселені шешу жолдарын қарастыруда қауымдастықтың көшбасшы – басшылары, көшбасшылары, Үшінші немесе Екінші деңгей бағдарламаларын игерген мұғалімдер сияқты мамандарды, тәжірибесі бар зерттеуші-практиктер мен коучтерді тауып, олармен бірлесіп әрекет етеміз. Сондай-ақ, олар қауымдастыққа сырттан, өзгеше, маңызды ықпал ете алатын басқа адамдарды, мысалы, Педагогикалық шеберлік орталығының кеңесшілерін, жоғары оқу орындарының мамандарын, тренерлерімізді көмекке шақырамыз деп шештік.

Негізі тақырыпқа арналған жоспар сызбасының жобасы

Тақырыбы

Өткізу түрі

Мақсаты

Мерзімі

қатысушылар

Нәтиже

Ресурстар

Қатысушылар

1

2014 жылы құрылған Қостанай ауданы мектептерінің  «ШЫҢ» 

кәсіби қауымдастығына мүше болып кіру.

Конфе-ренция

Кәсіби қауымдастық жоспарымен танысу.Білім және инновациялық әдістермен бөлісу, ынтымақтас-тықты қалыптастыру.


Мұғалімдерүйлестіреді, жоcпарлайды, бағалайды.

ПШО порталы, http://cpm.kz
ШЫҢ сайты: www.шын.кz.ru

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі,Мичурин ОМ,

Совхозный ОМ

2

Практик реформатор ретінде бөлінген көшбасшы-лыққа жұмыс жасау.

Дөңге-лек стол

МДЖ жоспарлау, жетілдіру, дамыту



МДЖ және Кәсіби қауымдастық жоспары жасалады

интерактивті тақта, канц. жабдықтар


«ШЫҢ» КҚ,

Аудан

мектептері


3

Семинар тақырыбы:   «Кәсіби қауымдастықтағы бөлінген көшбасшылық»

Онлайн

сұхбат

Қостанай ауданының мұғалімдері арасындағы  Кәсіби қауымдастық арқылы, озық  тәжірибелерді  оқыту мен оқуда қолдану жолдарын қарастыру.


1. Кәсіби қауымдас-тық арқылы ынтымақ-тастық қарым-қатынас орнайды.
2. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді меңгереді.

Кәсіби қауымдастық сайты

ШЫҢ сайты: www.шын.кz.ru




«ШЫҢ» КҚ,

Аудан мектептері

Н.Наушабаев ат.Затобол орта мектебі

4

Мен кіммін?



Сауалнама


Сауал-нама,

Интер-вью алу

Мұғалімдердің ынтымақтастықтағы өзін-өзі реттеудеңгейін анықтау


Мұғалім-дердің ынтымақ-тастықтағы өзін-өзі реттеу

деңгейі анықтала-ды

Сауалнама парағы

«ШЫҢ» КҚ,

Аудан

мектептері

5

Мектептердің даму жоспарының басымдылығын талқылау

Семи-нар

Мектептің  стратегиялық даму жоспарына өзгеріс енгізуге кәсіби қауымдас-тықтың ықпалын арттыру


Іс-шаралар түрлі сараптамалар арқылы айқындалады.

Қостанай ауданының мұғалім-дерінің кәсіби қауымдастық сайты ШЫҢ сайты: www.шын.кz.

«ШЫҢ» КҚ,

Аудан

мектептері


6

Кәсіби даму жолдары:
а) тізбектелген ОМ жоспар құру туралы пікір алмасу;
ә) коучтер, тәлімгерлік жүргізу жолдары туралы,
б) LS зерттеуі
бойынша тәжірибе алмасу

Желілік сессия

Кәсіби қауымдастық-тықарқылы оқыту мен оқу тәжірибесімен бөлісу.

Жеке сайтқа тіркелу арқылы мұғалімдердің тәжірибесін тарату, кәсіби дамуына ықпал ету


Мұғалім-дер іс-тәжірибе-лерін бөлісу арқылы өз ойларын ортаға салады,кәсіби дамуына ықпал етеді.

ШЫҢ сайты: www.шын.кz.

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

«мұғалімдері, оқушылары

Аудан

мектептері

7

Коучинг:

«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету деген не?»

Интер-белсен-ді сабақ

«Барлық оқушыны» оқыту дағдыларын қалыптастыру


Интербел-сенділікке дағдылан-дыру жұмыс-тарын үйренеді

Интерактивті сабақ

«ШЫҢ» КҚ,

Аудан

мектептері


8

Вебинар

«Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тиімді әдіс - тәсілдер»

Чат,

Конфе-ренция

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудегі тиімді әдіс – тәсілдер дағдысымен бөлісу


Онлайн


Мұғалімдер,

әдістемелік әдебиет, ғаламтор

«ШЫҢ» КҚ,

Аудан мектептері

Мичурин ОМ

9

Network. «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі бойынша біздің жетістігіміз»

Network

АҚ


Сын тұрғысынан ойлауға үйретудегі тиімді әдіс – тәсілдер пайдалану дағдысын қалыптастыру


Сын тұрғысы-нан ойлауға үйретуге арналған стратегия-лар түрін үйренеді

Мұғалімдер,

интерактивті тақта, канц жабдықтар


«ШЫҢ» КҚ,

Аудан мектептері

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі


Қауымдастық ішіндегі мұғалімдерді оқыту қызметі жекелеген мектептер жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс деп ойлаймыз. Бұл қызмет (зерттеуші топтар, бірлескен кәсіби даму, бір-бірінің сабағына бару) мектептер арасында белсенді өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ қатысушылардан, жақын әріптестерімен жұмыс істегеніне қарағанда, анағұрлым көбірек пікірлер мен ережелерді қабылдауды талап ететіні сөзсіз. Сондықтан да осы қауымдастық мүшелері әр істе де бірге болуы басты шарт сонда білім мен тәрбиедегі нәтиженің болары айдан анық.



ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Duckworth, E.1996. «The Having of Wonderful Ideas» and Other Essays on Teaching and Learning. New York & London: Teachers College Press.

  2. Коллинз Д. (2001) Жақсыдан ұлылыққа. М. Манн, Иванов, Фербер.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ, Астана, 2012 ж.

  4. https://ru.wikipedia.org/wiki.











Автор
Дата добавления 03.01.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров351
Номер материала ДВ-303585
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх