Инфоурок Другое СтатьиМақала "Оқу процесінде туып жатқан қиындықтар" (Мұғалімдерге)

Мақала "Оқу процесінде туып жатқан қиындықтар" (Мұғалімдерге)

Скачать материал

Дарынды баларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі                                  Есенбекова Алия Абдуллаевна

 

 

                    Оқу процесінде туып жатқан қиындықтар...

      Бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің болашағы, қоғамды дамытушы да, ілгері алып барушы да жастар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Елімнің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ ұстаздың қолында» деген сөзін еске ала отырып, сол жастарды тәрбиелеп, оларды өмірге бейім қылып, оңы мен солын ажырата алатын ұрпақ тәрбиелеп шығу үшін, алдымызда көптеген талаптар бар. Бірақ сол талаптарды орындауда көптеген мәселелер туындап жатады. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім  оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. Сондықтан әр ұстаздың өз бойында осындай қасиеттер болуы шарт. Өйткені әрбір шәкірт ұстазға қарап түзеледі. Сондықтан әрқашан жаңалық енгізіп отыру мұғалімге тән қасиет деп ойлаймын. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бірақ, жаңа технология, жаңа әдіс-тәсіл, көптілділік арқылы баланы дамытамыз деп, оларға жүктеме көбейтіп тастаған жоқпыз ба?! Қазірде бала-бақшадан бастап ағылшын, орыс тілдерін үйретеді. Бұл - әлі ана тілінің алфавитін танып үлгермеген балаға үлкен жүк секілді. Әлі ана тілінде ойын жинап, сөйлем құрастыра алмайтын балаға шет тілдерін үйрету арқылы біз балаларды қинап қоятындаймыз. Мысалы, бүгінде әлемнің ең дамыған елдерінің бірі Жапонияда балалар 8-ге толмағанша басқа тілдерден сабақ болмайды дейді. Оған дейін тек ана тілінде оқытылып, білімнің фундаменті тек бір тілмен құралады екен. Сонда балалардың ойлау жүйесі де ана тілінде қалыптасады. Бізге де сол елден үлгі алу керек сияқты. Ал тіл мәселесі емес, енді олардың уақытына назар аударсақ. Осыдан 15-20 жыл бұрын балалар сабаққа 9-да барып, 12-ден өте қайтса, бүгінде балалар сабақтан соң қосымша сабақтарға, шет тілдерінен, логикалық арифметикадан курстарға барады. Үйіне кешке әрең жетіп келген баланың үй тапсырмасын оқуы да оңай болмас. Бүгінде көп ата-аналар бірінен бірі өткен ақылды ұрпақ тәрбиелеуге асығып, бәсекелестік қуып отқандай. Ұрпақ – ата-ана арманының құрбаны болмағаны дұрыс. Ойын баласы ойынға қанығып, ең бастысы бастауыш бағдарламаларын жетік меңгеріп алуы керек. Ал басқа қосымша курстарды ынтасы бар бала кез келген жасында алып кете алады. Бала кішкентай кезінде барлық нәрсеге қызыққыш келгенімен, оның тез жалығып кететінін де ұмытпаған жөн. Бүгін бастап, ертең тастап кетуі де ғажап емес. Ұрпақтың білімді болғаны жақсы әрине, бірақ жүктеменің әсерінен бала денсаулығына, ойын жүйелеуіне кері әсерін тигізіп алмасақ болғаны. Бастауыш сыныпта ата-ананың қадағалауымен, оның көмегімен оқушы сабақтарын үлгеріп жатар, ал орта буынға келген кезде берілетін тапсырмалардың көлемі ұлғайғандықтан, үлгермей қалуы мүмкін. Әр жылы 5- сыныпқа көшкен оқушыларда кездесетін жағдай, 4- сыныпқа дейін жақсы оқып, бестік бағамен бастауышты аяқтайды да, ал 5- сынып бағдармаларын игере алмай жатады. Мұның себебі неде?  Мысалы, бастауыш сыныптарда ана тілі сабағынан берілетін тапсырма көлемі бір беттен немесе жарты беттен аспайды, әрине оқушы бұл тақырыпты оқып, мазмұнын түсіне алады.Сонымен бірге ата - ана белсенді түрде көмектеседі. Бірақ 5- сыныпта  қазақ әдебиеті пәнінде кездесетін тақырыптардың көлемі ұзақ, әсіресе, ертегілер, батырлар жыры, әңгімелер кемінде екі – үш немесе төрт – бес беттен асып жығылады. Бір ғана әдебиет сабағынан тапсырма берілсе , оқып мазмұндап үлгерер, басқа да пәндер бар емес пе? Әрине, әлі таныс емес пәндерді қосымша оқиды, мысалы, Қазақстан тарихы, дүние тарихы, жаратылыстану, орыс тілімен қоса орыс әдебиеті, сонымен бірге шет тілі оқытылады. Бұл пәндердің барлығын игеріп, оны тез оқып, тез меңгеру үшін бастауыш сыныптан дағдылануы тиіс, бірақ  көп жағдайда баланы   үйретемін деп баланы жалқаулыққа итермелейтін де ата - ана секілді.Себебі бала шаршайды, оның сабақ дайындауға шамасы жоқ немесе зауқы жоқ, ал ертеңіне мұғалім ұрсады, сондықтан бала орнына ата - ана тапсырманы орындап бере салады, оған бала дағдыланады, бұл баланың қанатын қатайтудың орнына қайыстырып, өмір бойы сүйреп өтуіне жол ашып беру емес пе? Мұның дәлелі ретінде, біріншіден, баланың тіл байлығы дамымай жатқан сияқты, себебі, оқушы  қазақ тілінің көркем сөздерін тек әдеби шығармаларды оқи отырып үйренетінін бәріміз де жақсы білеміз. Ал баланың әдеби шығарма оқуға уақыты қайдан болсын, әртүрлі қосымша сабақтарға барып, оның берген тапсырмаларын орындауы қажет, ал рахаттанып әңгіме  оқуға әдеттегідей уақыты жетпейді. Екіншіден,  қазіргі заман ағымынан тыс қалғысы келмегендіктен, ата-аналар өз балаларын ешкімнен кейін қылмайын деп ұялы телефондарға да тәуелді етіп жатқан тәрізді. Әрине ата - ананы да түсінуге болады, қазіргі таңда баланы көзден таса қылмау керек, оның әрбір қадамын бақылап отыруға мәжбүр, бірақ балаға жай хабарласу үшін ғана ұялы телефондар алып бермейді, қымбат, интернет желісіне оп-оңай кіре алатын техникаларды алып беруде. Мұның жақсы да, жаман да жағы бар:  баланың ой-өрісінің дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін ешкім ескермейді, сонымен бірге дұрыс пайдалана алса, ойлау қабілетінің дамуына, білім деңгейінің жоғарылауына көмегін тигізеді деп ойлаймын. Үшіншіден, әр баланың берген білімді қабылдауы әр түрлі, егер оқушының өзінің талабы болып, сабаққа деген ынтасы жақсы болса, ол қандай пәнді болсын, қандай тапсырма болсын, барлығына үлгереді.Барлық баланы бірдей деп айта алмаймыз, әрине, өзі қазақ тілінде жүргізілетін пәндерді меңгеріп үйрене алмай жатқанда, ол қалай шет тілін меңгереді. Осы ой мені әрқашан мазалайды. Сондықтан ең бастапқы білімді қазақ тілінде сусындатып, олардың тіл байлығы мен ойлау қабілеттерін бір жүйеге келтіріп алғаннан соң, оларға басқа тілді үйрете бастаған тиімді болар ма еді деген ой мазалайды. Әрине, қандай жағдайда да мұғалім алдына келген әр баланың талабы мен талғамына қарай үлкен шеберлікпен білім беруге тырысады.Оқушыларды өз пәніне қызықтыра отырып, оларды ойната отырып ойлатуға, бір - біріне үйрете отырып үйренуге дағдыландыру - әр мұғалімнің қазіргі таңдағы міндеті. Әсіресе жоғарғы сыныптарға білім беру барысында, оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет деп есептеймін. Сондықтан әр оқушының іс - қимылдарын жіті бақылап, олардың не ойлайтынын, не қалайтынын, не армандайтынын түсінуге болады.  Қазіргі таңда ұялы телефондардың, планшет, компьютерлердің көбеюіне баланысты оқушылардың әдеби кітап оқымай қоюы да үлкен мәселе тудырып отыр. Оқушылар белгілі жазушыларымыз бен ақындарымыздың кітаптарын қызығып оқымайды.Сондықтан олардың тіл байлықтары мен сөйлеу шеберліктері төмендеп бара жатқан секілді. Биылғы жаңа форматқа сай мектеп қабырғасында емтихан тапсыру барысында ойтолғау жазу немесе ауызша емтихан тапсыру, оқушыларға біршама қиындық туғызуда. Осы уақытқа дейін тест тапсырмаларымен жұмыс жасап, оқушылардың сөйлеу қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту шетте қалып қалған сияқты. Әсіресе, біз, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдерінің міндеті – оқушыларды логикаларын дамытумен қатар, олардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқаруымыз керек. Сондықтан қазіргі таңда оқулықтарда беріліп жатқан шығармашылық тапсырмалармен қоса, өзіміз де өлеңді жалғастыр, әңгімені жалғастыр, жазушы орнында болсаң әңгімені сен қалай аяқтар едің, кейіпкерге хат жазу сияқты тапсырмалар беру міндетті деп ойлаймын. Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушы көп ізденуіне тура келеді. Мысалы,  эссе жазу үшін ойлану керек, ал ол үшін әдеби нақыл сөздер мен мақал - мәтелдер, суреттеулер мен салыстырулар қажет, осы жағдайдың бәрі оқушылардың  әдеби кітап оқып, көркем шығармалар жазуына ықпалын тигізіп жатыр. Өз шығармаларына  арқау еткен ұлы ғұламалардың нақыл сөздерін тиімді қолдануға әрекеттенуде. Менің ойымнан байқағандарыңыздай,  қазіргі күнгі көкейкесті мәселе - оқушылардың әдеби кітаптарды оқымай қоюы деп ойлаймын. Оның себептері, біріншіден уақыттың тапшылығы, оқушының жалқаулығы, шамадан тыс тапсырмалардың көптігі, айналысатын техниканың көптігі т.б. Ал кітап оқыған баланың бойында үлкен өзгерістер пайда болатыны сөзсіз. Белгілі оқиғаларды оқи отырып,  оны сезінеді, оған жаны ашиды, мұңаяды, жылайды, күледі, қуанады, оның қалай суреттелетінін өз көзімен көру арқылы жүректен өткізеді. Сонымен бірге бос уақыттары болмайды, сол оқиғаның ішінде өзі болады.Сондықтан оқушыға кітап оқытудың неше түрлі жолдарын қарастыру қажет секілді. Ол үшін мұғалім өлі балық сияқты өзен ағысымен кете бермей, ағынға қарсы жүзе алатын тірі балыққа айналу қажет шығар, сірә. Мұнда айтпақ болғаным, бұрынғы дәстүрлі тәртіппен емес, оқушыларды қазіргі компьютрлік жүйемен кітап оқуға тарту керек сияқты. Яғни әр баланың қабілетіне, жас ерекшеліктеріне сай кітаптарды оқыту үшін сайттарға кіргізіп, сол арқылы оқуға шақыру керек тәрізді. Сонда ғана болашақ ұрпағымыз сауатты сөйлеп, пікірлей алады, өз ойларын еркін жеткізе алатын, тіл байлығы мол, көркем сөз иелері болатынына сенімдімін. Көкейде жүрген мәселелерді ортаға сала отырып, жіберіп жатқан қателіктеріміз бен қажеттілік тудырып отырған мәселерді талқыға салып, қазіргі жастардың қанатын сындырып алмайтындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, әр оқушының көңіліне жол таба алатындай стратегияларды пайдаланып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай алатындай,  білімдерінің жемісін көре алатындай білім беруге күш салайық демекпін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Оқу процесінде туып жатқан қиындықтар" (Мұғалімдерге)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 745 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2017 2430
    • DOCX 21.7 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенбекова Алия Абдуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенбекова Алия Абдуллаевна
    Есенбекова Алия Абдуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20782
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой