Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Мақала ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Мақала ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«№ 4 жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ














Мақала


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ









Орындаған:

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Ташпулатова Акмарал Унарбаевна












Қарағанда қаласы – 2016 ж


1. Педагогтің аты – жөні:Ташпулатова Акмарал Унарбаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 01.05.1977 ж.т.

ұялы т: 8 700 390 41 81, электронды адресі: kareyec77@ mail.ru,

елді – мекен: Қарағанды қаласы


2. Білім беру ұйымы: Қарағанды қаласы, «№ 4 жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ, жұмыс о.т: 53-68-08 (7212) 2- Пятилетка көшесі, 27 а, электронды адресі: sch-int-4 @kargoo.kz


3. Жұмыстың аталуы: Мақала «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру».


4. Тапсырған күні: 18.01.2016 ж.

































Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Оқушыларымның өмір сүруге ынтасын арттыру, қазақ тілінде сөйлеуге қызығушылықтарын жоғарылату мақсатында оларға сабақты мазмұнды өтуге барымды салып келемін. Біздің оқушылардың көбі қазақ әдеби тіліңдегі мәтіндерді оқуға, оның мазмұнын айтуға қиналады, жазба жұмыстарды, әсіресе, шығарма мен эссе жазғанда қиыншылықтар туындайды. Осындай мәселені болдырмау үшін әр түрлі жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар, ертең өздері таңдаған мамандық бойынша әр түрлі құжаттарды жазуға қиналуы мүмкін, сондықтан оларға әдеби кітаптарды көп оқуды ұсынамын. Кітапханаға барып, қосымша көркем әдебиеттерді алып оқып, оқығанын әңгімелеп беруге үйрету керек. Ол үшін бірнеше жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар оларды үйге берілген тапсырмаларды әлеуметтік желілерден қарауға, өз бетімен ізденуге баулу шарт.

Өзге ұлт өкіліндегі балаларды мемлекеттік тілде әдеби шығармаларды оқуға, оның мазмұнын жазуға, шығарманың құрылысына талдауға үйрету менің негізгі мәселем болып табылады. Егер олар берілген шығарманы, мейлі ол қара сөзбен, мейлі өлең жолдарымен жазылсын, берілген талаптарға сай талдай алса, жоғарыда айтылған кемшіліктерді жоя аламыз. Ең алдымен оқушы не үйреніп жатқанын, ол не үшін керектігін, қандай пайдалы кеңестер алатындығын, күнделікті өмірде қолданатындығын түсінуі шарт. Білім алушыларға сауатсыздықтың ең жаман індет екендігін санасына сіңдіру керек. Және де мұндай дертке шалдықпаудың шарасын жасауға үгіттеп отырған абзал. Ол үшін мен ауызша және жазбаша тапсырмаларды қоса алып барамын. Сабақ барысында бір оқушы айтқан әңгімені басқа оқушылар тыңдап отырып жазады, осы тапсырма жалғасын тауып, сабақ соңында тексеріледі. Бұл тәсіл арқылы оқушылар қазақ төл әріптерін шатаспай жазуға, мәнерлеп айтуға, грамматикалық сауаттылыққа үйренеді.

Ал қазақ тілі сабақтарында сөйлесімді күнделікті өмірдегі жағдаяттарға сәйкестендіріп құрған жөн. Қазақ тілі сабағы орыс сыныптарында 1 сыныптан бастап жүргізілетіндіктен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған жұмыстар да 1 сыныптан басталады. Әрбір берілген сөздікке байланысты сөз тіркестерін құрастыра отырып, оның жазылу және айтылу ережесін де қоса түсіндіріп отыру міндетті. Халық даналығы «Баланы бастан», - демекші, бірінші күннен басталған білім , әрине, жақсы жалғасын табады. Оған қоса, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға арналған жұмыстарда тіл пәндерінің, соның ішінде қазақ тілінің орны ерекше. Себебі, мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Қорыта айтқанда, балаларды білімге шақырғанда тек оқулықпен ғана шектеліп қалмай, қосымша көркем әдебиеттерді оқуға үгіттеп отыру негізгі мақсатымыз болу керек. Көп кітап оқыған баланың тіл байлығы да артады. Қарапайым күнделікті жаңалықтарды газеттен оқуын да басшылыққа алып, оның мазмұнын сұрап отырған абдан абзал. Өйткені осы арқылы олар қазақша жаңалықтарды тыңдауға дағдыланады.

Осындай функционалдық дағдылар қалыптасқан оқушыдан сауатты азамат туындайды. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.  Елбасымыз 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. 
Тәуелсіздік туын желбіреткен еліміз күннен күнге дамып келуде. Дамыған елу ел қатарына қосылу үшін елбасымыз білім саласына аса көп мән беруде. Н. Ә. Назарбаев оқулық мәселесіне ерекше тоқталып, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы
тиіс делінген болатын. Ал қазақ тілінен оқулықтардың тұрақты болатын кезі келді. Елбасының осындай тапсырмасын жанымызға жалау етіп желбіретіп, шығармашылық шабытымызды шыңдай берейік деп сөзімді аяқтағым келді.
















Пайдаланған әдебиеттер:


  1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»., Астана, 2010ж.


  1. «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары»., ҚРҮҚ, 2012 ж.

  2. Республикалық педагогикалық - әдістемелік журнал. 2010 ж.







Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДВ-441550
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

4 месяца назад

Рахмет! Мақала жақсы жазылыпты.

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх