Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Мақала сыныптан тыс өткізілетін іс шараларға оқушыларды дайындау тәсілі

Мақала сыныптан тыс өткізілетін іс шараларға оқушыларды дайындау тәсілі

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Ағылшын тілі сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттілігін дамыту


Кез келген бала санасына асыл қасиеттерді сіңіру үшін білім нәрімен сусындатуымыз қажет. Біліммен бірге шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқу-тәрбие үрдісінде басым бағыттарды ұстанғанымыз абзал. Заман талабы — жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқыту сапасын арттыру, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамыту болып табылады. Мұғалімнің ең үлкен міндеті — шығармашылық бағыт — бағдар беріп отыруы. Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу керек. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыруға тиіспіз. Оқушыны шығармашылыққа баулу үшін мұғалім көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек.

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамытып бағыт-бағдар беруде мыналарды ескеруі керек:

- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілдерін меңгеру;

- көркемдік шешім табу, оқиға құру, бейне жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;

- деректер мен мәліметтерге педагогикалық әдістемелік тұрғыдан баға бере білу, теориялық, тәжірибелік тұжырымдар жасау.

Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта мәселелік жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген мәселені шешуге үйренеді. Сондықтан ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бұл — мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, мұғалім бұл жағдайларда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушының шығармашылығын арттырады.

Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз.

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров77
Номер материала ДВ-400942
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх