Инфоурок Другое СтатьиМақала. Статья. Бастауыш сыныптарда ойын технологиясының тиімділігі

Мақала. Статья. Бастауыш сыныптарда ойын технологиясының тиімділігі

Скачать материал

Бастауыш сыныптарда ойын технологиясының тиімділігі.

Л.Ш.Альмишева,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, № 3 орта мектебі (орыс мектебі),

Жезқазған қаласы

Оқу тәрбие процесін жетілдірумен бірге оқыту сапасын арттырып, оқушылардың білімге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ олардың қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді түрде қатысып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игере білуіне әзірлік жасау мәселелері ағарту қызметкерлерінің маңызды міндеттері болып саналады. Осыған орай мектептерде оқыту процесін одан әрі жетілдіру ісі бүгінгі тандағы ерекше назар аударарлық өмір талабы болып отыр.

Белгілі педагог К. Д.Ушинский бір сөзінде: «Балалық шақта есте қалғандар өшпейді, ізі мәңгі сақталады», - деген болатын - ды. Шын мәнінде, бала психолгиясы ұшқыр қиялды, өткір сезімді, аңғарымпаз, тоқсан тараулы.

Жалпы халқымыз: «Естігенінді айтпа, көргенінді айт», - демейтінбе – еді. Ендеше, оны есте қалдыру, жан – жақты оқушы бойына сіңірте білу, әрбір пән мұғалімнің өзіндік шеберлігін, шығармашылық еңбегін қажет етеді. Сабақ барысында оқушылардың танымдық құштарлығын арттырудың сан алуан тәсілдері бар. Ол мұғалімнің сабақ беру шебрлігіне байланысты. Оқушылардың білімге құштарлығын дамытып, оны толық игеруін қамтамасыз ету әр пән мұғалімнің көп еңбектенуін, ізденуін талап етеді. Сабақтың тиімді де, қызықты өтуі мұғалімнің білім байлығына тікелей байланысты. Сабақ – оқытудың ең негізгі процесс.

Расында да, оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білім негізін біліп алуға құштарлығын, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын т.б. қасиеттерін жетілдіру оқу-тәрбиелік және педагогикалық негізгі мақсат болуы қажет.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Ойын арқылы баланың сана-сезімі, ақыл-ойы өседі. Ойын кезінде баланың таным қабілеті дамиды, қарым-қатынас жасауға мәжбүрлік туады, өмірге деген қызығушылық қалыптасады. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат-ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойынның өзіндік тәрбиелік  маңызы да жетерлік. Ойын білімге мегзейді. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.  

1-сыныпта оқушылардың өз үйлерінен әкелген ойыншықтары арқылы көп жұмыс жасауға болады. Сергіту  ойындары оқушылардың зейінін жинақтауға, ойын тұрақтатуға, саналы түрде білім алуына септігін тигізеді.

Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. Оқушыларды жас ерекшелігіне сай сабақты ойын түрінде өткізу, әсіресе екінші тіл қазақ тілі сабақтарында жақсы нәтиже береді. Оқушылардың ой-өрісін дамытып, танымдық  құштарлығын арттыруда сабақ үстінде әр түрлі  ойындарды пайдалана білу тәсілінің де маңызы зор. Ойынға кейбіреулер немқұрайды, ермек ретінде қарайды да, оған мән бермейтіндер де кездеседі. Ойын адам жанын елітіп, адам бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін егеді. Ойын-адам миын шынықтыратын негізгі жаттығу. Жаттығудың маңызы қашан да зор.     

Ойындардың қай түрі болса да, адамнан төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, шеберлікті т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Ойын шартын шешу үшін көп білу керек. Көпті аңғарып, әр жақты білімді болу үшін көп білу керек. Онсыз ойынның шешуін табу мүмкіндігі болмайды. Олай болса, ойын-уақыт өткізу ермегі емес, білімге деген құштарлықты арттыруға негізделген түрткі деуге болады. Ойын адамды көп білуге, білімге баулиды, білгенді қайталап, оны берік сақтауға мүмкіндік туғызады. Ойынның негізгі мақсаты-оқушыны ойната отырып, тіл үйрету, білім беру. Ойын элементтерін әр сабақта тиімді пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттерін және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттаныдырып, тілді үйренуге мол мүмкіндіктер жасайды. Әрі сабақтарды саналы етіп, өнімді білім беруге зор ықпалын тигізеді.

Ойындарды төмендегі мақсатта пайдалануға болады. Олар:

1.     Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;

2.     Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа тұсу дағдыларын дамытуға;

3.     Жағдаяттар тұғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.

Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.

Оқушылар танытын жетілдіруге байланысты пайдаланылатын тәсілдер сан алуан.

Сөзжұмбақтар. Ең қызықты да, көп тараған ойындардың бір түрі. Кроссворд, чайнворд, анаграмма, метаграмма, шарада, ребус және осылардың түрленген түрлері сөзжұмбақтар болып табылады.

Кроссворд. Кроссворд ағылшынның кросс (қиып өту, крест) және ворд (сөз) деген екі сөздердің жиынтығы. Оның қазақша баламасы-тоқыма сөз. Яғни, сөз өрімі, тоқымасы деп те түсінуге болады. Мұнда жұмбақталған сөздер торкөздерге тік және көлденең орналасады.

Чайнворд  ағылшынның екі сөзден чайн (тізбек) және ворд (сөз) құралып, сөзтізбек деген мағына береді. Бұл ойынның жұмбақталған сөздер бірінің соңғы, екіншісінің басқы әрпі болып бір-біріне жалғасып, шынжырша тізбектеліп жатады. Мысалы, кекілік-көкек т.б.

Анаграмма  дегеніміз бір сөздердегі әріптерді ауыстыру арқылы жаңа сөз жасау. Ол гректің ана (кері, қайтадан) және грамма (әріп) деген сөздерінен құрастырылған. Яғни сөздегі әріптердің орындарын ауыстыру арқылы жаңа сөз жасау. Мысалы: жылан-жалын, есек-кесе, қозы-озық т.б. Анаграманы өлеңмен берсе тартымды болады.

Метаграмма. Грек сөздерінен құралған. Мұндағы «мета»-«қайтадан», «грамма»- «жазу, әріп» деген сөз. Сонда сөзді қайтадан жазу деген ұғымды береді. Яғни сөздегі бір әріпті басқа әріппен өзгертіп қайта жазу арқылы жаңа сөз жасау деген сөз. Мысалы: қазан-сазан т.б.

Шарада  француздың «чараде» деген сөзінен алынған-бұл буындарды, әріптерді жеке жұмбақтап, соңынан тұтас сөз құрастыруға негізделген сөзжұмбақ. Шарадалар көбінесе өлеңмен жазылады.

Ребус  латынның «рес»-«зат» деген сөзінен алынған. Мақал, мәтел, белгілі бір ойды тиянақтайтын сөйлемдер, термин сөздер, анықтамалар және өлең үзінділерін сурет арқылы кескіндеп, жұмбақтайтын болса, оны ребус дейді.

Викториналар -белгілі тақырыпқа құрастырылған сұрақ-жауаптар.

Жұмбақтар -құштарлық ойындарының ең көп таралған түрі. Жұмбақта заттың немесе жануардың түспалды белгілері астарланып айтылады да, оны шешушінің жұмбақталған дүние жайлы көп білуін қажет етеді. Жұмбақтарды белгілі бір тақырыпты түсіндіру соңынан жаңа сабақ материалын қорыту үшін пайдалануға болады. Жұмбақты дұрыс шешу үшін бір затты екінші бір заттың түр-түсіне теңеп салыстыру, олардың ұқсас және еркеше жерлерін байқай білу қажет. Жұмбақ көп оқуды талап етеді. Адамды көркем сөзге үйретеді, адамның ой-қиялын дамытады. Ой жаттығуы десе де болады.

Жаңылтпаштардың  сөздері ұйқасып келеді, әр сөзі тез айту үшін құрылады. Жаңылтпашты жаңылмай, тез айту үлкен өнер болып саналады. Олар тіл ширатуға, дыбыстарды дұрыс айтуға, есте сақтау қабілеттерді дамытуға көмектеседі. Жаңылтпаштардың мазмұны әртүрлі болып келеді, олар да адам өмірінің барлық саласын қамтиды.

Кім көп мақал (жұмбақ,  жаңылтпаш) біледі?

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Ойынды ауызша және жазбаша түрде өткізуге болады. Тақтаны екіге бөліп, әр топтан бір баладан кезекпен келіп бір жұмбақтан жазып кетеді. Ойынды уақытпен өткізген ұтымды болады. Ол үшін 5 минут уақыт жеткілікті. Осы уақыт аралығында көп мақал (жұмбақ, жаңылтпаш) жазған топ жеңімпаз атанады.

Жұмбақты кубиктер -кубик бетіне жазылған әріптерден сөз шығару немесе кубик бетіне жазылған буындардан сөз және сөйлем құрастыратын ойын.

Дидактикалық ойындар.

«Сөзді аяқта» ойыны немесе «Жоқ дыбысты, буынды тап».

Ойынның мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бекіту, сауатты жазуға дағдыландыру.

Ойынның шарты: Мұғалім өлең жолдарын оқып тұрады, оқушылар жоғалған әріпті немесе буынды тауып, дәптерлеріне жазып отырады. Ойын соңында мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп, бағалайды.


1.     Ұмытпағай, ұлым,

Жылқы баласы-құ...

2.     Құлақтары шұнақ

Ешкі баласы-ла...

3.     Еске сақтау оңай

Шошқа баласы-то...

4.     Қой баласы-қозы,

Момақан-ақ өз...

5.     Біліп жүр, ұл мен қыз-ау,

Сиыр баласы-бұ...

6.     Қашпа қорқып-пысып,

Ит баласы-кү...

7.     Болма оңайға, бала, тан,

Құс баласы-бала...

8.     Өзі епсіз, қоржық

Аю баласы-қон...


 

«Төлдерді шақыру» ойыны.

Ойынның мақсаты: Төрт түлік малдың қадір-қасиетімен таныстыру, оқушылардың сөздік қорын молайту.

Ойынның шарты: Мұғалім малдың адамға ішсе-сусыны, кисе-киімі, жесе тамағы екенін айтып кетеді. Енді, балалар, өрістегі төлдерді шақырайық.


«Мәә-мәә» деген әні бар,

Жібек тоны, сәні бар.

Ол не? («қо-ша-қан» деп балалар буынға бөліп жаңғырта айтады).

«Мес-мес» деген әні бар,

          Байқамасаң жамырар.

Ол не? (лақ).

«Моо-моо» деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Ол не? (бұ-зау).

«Боо-боо» деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Ол не? (бо-та-қан).

«Күмбір-күмбір» әні бар,

Желкілдеген жалы бар.

Ол не? (құ-лын-шақ).



Бейнені есте сақтау және жедел есте сақтау қабілеттерін дамытуда келесі суреттерді қолдануға болады. Оқушыларға белгілі бір уақытта көрсетіп, есте сақтағандарын айтқызу.

 

march_2010_5_1

сканирование0027

сканирование0026

 

 

 

 

Жарыс түрінде өткізілген ойындар оқушылардың қызығушылығын дамытып, сабаққа деген сүйіспеншілікті тудырады. «Кім көп біледі?», «Кім тез, шапшаң?» деген ойындарды әр сабақта білімді саралауға, бекітуге тиімді қолдануға болады.

Сол сияқты 1-4 сыныптарда сергіту сәттерін, санамақтарды ойын түрінде өткізуге болады. Балаларды сабақта жалықтырып алмас үшін сабақ ортасында қозғалыстар жасап, орындарынан тұрғызып, әр түрлі қимылдар жасау балаларға өте ұнайды. Әрі барлық қимылдарын орындаса, тиімді болады.

Мысалы:

Қояным, қояным,                                              Сағаттың тіліндей

Орынын тұршы.                                                Иіліп оңға бір.

Бетіңді жушы,                                                   Сағаттың тіліндей

Шашыңды тарашы.                                          Иіліп солға бір.

Айнаға қарашы,                                                Сағатқа қарап-ап                             

Ойнашы, ойнашы.                                             Жаттығу оңай-ақ.          

                                              

Орнымыздан тұрайық,                                     Бір, екі, үш деп,

Қолымызды созайық.                                       Орнымыздан тұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,                                         Төрт, бес, алты, жеті, сегіз деп

Бір отырып, бір тұрып,                                    Аққу болып ұшамыз  

Демімізді алайық.                                             Қайта келіп қонамыз.

                                                     

Жел уледі-у-у,

Құйын келіп биледі-зу-зу,

Қатты-қатты жел соқты-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты-ду-ду.

Сергіту ойындары, санамақтар оқушылардың зейінін жинақтауға, ойын тұрақтатуға, саналы түрде білім алуына септігін тигізеді.

Санамақтар.


«1» дегенім-бөрік,

«2» дегенім-етік,

«3» дегенім-ішік,

«4» дегенім-тымақ,

«5» дегенім-байпақ,

«6» дегенім-алқа,

«7» дегенім-жейде,

«8» дегенім-тон,

«9» дегенім-телпек,     

Сегіз-еу, демейсің,

Тоғыз-ау,-демейсің,

Он-ау, демейсің?

Дегенің тура,

Неге олай екенін

Қазақ тілінен сұра.

 

 

 


«10» дегенім-оймақ.

Ішінде саны бар сөздер


Түбір-тү+1


Кекіл-к+2+л

Күшік-к+3+ік

Төртбақ-4+бақ

Дербес-дер+5

Балтыр-б+6+р

Жетістік-7+стік

Сегізкөз+8+көз

Тоғызқұмалақ-9+құмалақ

Сонымен-с+10+ымен

Желтоқсан+жел+90

Қырықты-40+ты

Алтыбақан-6+бақан


 

Қорыта келсек, ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, уғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді. Бұл әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты.Әрине, бұл ойындарды ретімен сабақ сайын өткізу негізгі мақсат емес. Негізгі мақсат-осы ойындарды сабақ үстінде пайдаланғанда оқушылардың танымдық құштарлығын дамытуға тигізген әсерін нақтылы анықтап, тиімді пайдалана білу. Ұсынылған ойындарды кіріспе сабаққа, жаңа сабақ түсіндіруде, өз бетімен дайындалуға, жаңа сабақты қорытуға, үйге тапсырма ретінде, тіпті сыныптан тыс жұмыстарға да пайдалануға болады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

- Қазақ тілі мен әдебиеті 1995 ж. № 8

- Қазақ балалар әдебиеті Ш.Ахметов,  Б. Кәтенбаева «Мектеп» «Қазақ тілінен әдістемелік нұсқау» 1998 ж.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала. Статья. Бастауыш сыныптарда ойын технологиясының тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 1319
    • DOCX 212.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альмишева Ляззат Шайзаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Альмишева Ляззат Шайзаевна
    Альмишева Ляззат Шайзаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 304947
    • Всего материалов: 154

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции