Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Мақала " Табысты оқыту, құзырлы мұғалімнің бүгіні мен келешегі."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Мақала " Табысты оқыту, құзырлы мұғалімнің бүгіні мен келешегі."

библиотека
материалов



Баяндама.

Табысты оқыту, құзырлы мұғалімнің бүгіні мен келешегі.

















Орындаған: Белгібаева Н.Т







Березняковка орта мектебі












20141020_104850Белгібаева Нұргүл Тезекбаевна

Березняковка орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі

Зеренді ауданы

Ақмола облысы

Табысты оқыту, құзырлы мұғалімінің

бүгіні мен келешегі

Сабақ беру - жай ғана шеберлік емес,

ол жаңадан жаңаны табатын өнер.

Ж.Аймауытов



Ғаламдану заманында , әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан-жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойына жинаған, соны бағалай алатын адам болса, онда ол жан-жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны да тәрбиелей алады. Мұғалім ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.

Құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттер қойып отыр.Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді.Сапалы оқыту білім алуға мұмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар,сол жағдайлардың өзімен тығыз байланысты болады.Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады.

Сапалы оқыту –мұғалім бейнесімен танылып сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады.Сапалы оқыту оқушылардың не үшін оқу керектігін өзі жақсы түсініп қандай білім алу керектігін жете түйсінгенде ғана жүзеге асады. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс-тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»-деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден-бір қызмет етуі керек.

Атақты педагог – ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттер шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт.

Қазіргі заман мектебінің міндеті:

  • Ойы ұшқыр;

  • Шығармашылық қабілеті жоғары;

  • Өмірге икемді;

  • Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Мұғалімнің шеберлігі мен білім беру нәтижелігі:

-Оқыту мен тәрбиелеу процесін жаңаша ұйымдастыра алатын,педогогикалық технологияның, оқытудың интенсивті және интерактивті әдіс-тәсілдерін,барлық деңгейлік тәсілдерін меңгере алатын құзыретті тұлға болуында.Осындай шығармашылығы мен құзыреттілігі бірдей ұстаздар ғана оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыра алады.

Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек?

-Білім мен тәрбиені үндестіре,тәрбие мазмұнына әлемдік және ұлттық құндылықтарды бере алатын адам.

Оқу –тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару процесін қуана қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені өркениетті елдің білім саясаты жаңа формация педагогның тың көзқарасын қажет етеді.

Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы елеулі өзгерген шақта , жаңа формация педагогы педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Әр оқушының жеке тұлға екені ғылыми еңбектерде жан-жақты зерттелгенімен, тәрбие жүзінде , ұлттық мектептеріміздің оқу-тәрбие процесінде, тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың толық жүзеге асырыла қоймауы шешілмей отырған мәселелердің бірі. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін. Бұл оқытуды біз Кембридж бағдарламасындағы сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілден көріп отырмыз.

Ол үшін әр педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да, өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсат деп санайды, сондай-ақ өзінің айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.

Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үдесінен шыға алады.

Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа фомация мұғалімі қалыптастыра алады.

Сондықтан оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми –шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін , шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.

Ел басының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады», деген.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен. Демек, бүгінгі таңда пелагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ – біртұтас жүйе.

Сабақ ол педагогикалық шығарма сондықтан да ол біртұтастығымен бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу–тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, эклогиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек.

Сонымен қатар психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтармен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы шарт. Әрбір пән мұғалімінің ешкімге тәуелсіз кәсіби бағыты болуы керек. Сонда ғана мұғалім мен ұжым қызметінің желісі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үлес қоспақ.

Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ.

Әрине ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа еңбекке, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек.

Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауаптыкезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбәр кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр.

Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тәрбиешілерінің абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс.

Сонда мектеп те, мұғалім де бала үшін қызмет етпек.



Қолданылған әдебиеттер:



  1. ҚР Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы қаңтар 2012 жыл.

  2. Назарбаев Н.Ә.Білім қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзі «Егемен Қазақстан»,№ 205 2002 жыл.

  3. Теория активизации учебной деятельности школьников Шамова Т.И. Маркова А.К.

  4. Теория целостного педогогического процесса Хмель Н.Д.

  5. Мыңбаева А.К. Садвакасова Э.М. Иннавационные методы обучения или как интересно преподавать. Чебное пособие.- 8-е изд.доп.- Алматы. 2013.

  6. Морева Н.А. Технология профессионального образования.- М. Академия. 2005






























































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров556
Номер материала ДВ-369433
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх