Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМақала. Тақырыбы: "Мәңгілік ел"

Мақала. Тақырыбы: "Мәңгілік ел"

Скачать материал

«Мәңгілік ел біздің ортақ үйіміздің мақсаты»

 

Мәңгілік Ел боламыз деп отырмыз жуырда,

                                                     Мәңгілік Ел белгісі – желбіреген Туыңда!

      Еркін жүрген еліңде, аспаныңда, жеріңде,

                Еркін ұшқан құсыңда, еркін аққан суыңда! 

Отан ... Бұл сөз – әрбір перзенттінің көкірегін кернеген, мақтанышпен айтатын сөз.  Менің Отаным  – Қазақстан. Қазақстан  – байтақ ел. Осы сөзді естігенде көз алдымызға жазық дала, кілемдей өрнектелген көк шалғын, айдын көлде  қиқулаған аққу қаз, үйіріле тусаған отар  – отар қой, құлын  – тайы ойнақтаған үйір  – үйір жылқы, жібектей толқыған ақ селеу, қоңыраулатқан бозторғай үні елестейді. Әрбір адам үшін  туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес. Сондықтан байтақ еліміздің болашағы әр азаматтың қолында.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр", деген болатын. Енді міне "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз-түркілердің Мәңгілік ел идеясын-Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жарияланып отыр.  Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын  ойлайтын әрбір қазақ үшін, ой-арманын астастырып үлгерген әрбір қазақстандық үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтумен, болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны-Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша, бөлекше бағалы.

Қазақстан жастары, яғни мектеп оқушылары-болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегі. Сондықтан бүгінгі ұрпақты тәрбие мен біліммен қаруландыру, мұғалімдердің басты мақсаттардың бірі. Мен кішкентай кезімнен бастап еліме қызмет етемін, қоғамға пайдамды тигіземін деп, мұғалім болуды армандадым. Міне, қазіргі кезде қоғам маған өмірдің ең бағалы, асыл қазынанды – өз баласын сеніп отыр. Әр күнде сабаққа дайындалған кезімде бар күшімді салып, баланың өміріне балта шаппауым керек деген ой есімде жүреді. Мен оқытып жүрген бүлдіршіндердің болашағы менің қолымда, себебі мен оқытқан ақыл мен білім негізінде балалардың болашағы құрылмақ. Менің қызметім өте жауапты әрі қызықты.

Бірінші сыныптан бастап мен оқушыларымды адамгершілікке, отансүйгіштікке бауылып, қазақ еліміздің елжанды азаматтарын тәрбиелеймін. Тәрбиемен қатар замануи технологиялармен қадам басып сапалы білім берудемін. Оқушыларымның жетістіктерін көргенде жаным тыныштық тапқандай, себебі ертең бүлдіршіндерім, көк байрағын желбіретіп тұрған еліміздің болашағына өз үлестерің қосады. Егер бүгінгі ұрпақ сапалы білім алып, оны саналы қолданай алса, онда Қазақстанымыздың болашағы жарқын болатынына сенемін.

 Қазіргі ұрпаққа сапалы білімді меңгерту үшін жаңа педагогикалық технологияларды қолдану қажетті болып тұр. Заман өзгеріп, балалардың ой өрістерін өзгертуде. Сондықтан оқыту процессін де заманға сай түрлендіру қажетті. Қазіргі ұрпақтың озат ойлары мен кемел білімдері-елімізді биік шыңдарда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш.

Оқу жылдың барысында мектебімізде мемлекеттік  мерекелер: Президент күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Қазақстан Республикасының Конституция күні, Астана күні мейрамдары кезінде міндетті түрде сынып сағаттары және сыныптан тыс іс шаралар өткізіледі. Сонымен қатар: Қарттар күні, Наурыз мейрамы, Жаңа жыл ертеңгіліктері, 8 наурыз, Бірлік күні, Отан қорғаушылар күні  мейрамдарына арнап  міндетті түрде  іс шаралар ұйымдастырылады. Осы жұмыстар балаларды өз Отанын құрметтеуге, мақтан тұтуға, бірлікке ұмтылуға үйретеді.      

Біз бір атаның - қазақ халқының перзентіміз. Бәріміздің туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз еліміздің "Мәңгілік ел" етуді мұрат қылдық. "Қазақстан-2050" стратегиясы осынау жолдағы буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы. Тәуелсіз елдің өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенім білдіруіміз керек. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз "Мәңгілік ел" боламыз.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабы

2.     «Қостанай таңы» газеті

 

 

 

..

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала. Тақырыбы: "Мәңгілік ел""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.08.2016 2475
    • DOCX 35.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байнакатова Жулдызай Куандыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12573
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции