Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Мақала. Тақырыбы: "Сюжеттік-рөлдік ойындарды ұйымдастыру"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мақала. Тақырыбы: "Сюжеттік-рөлдік ойындарды ұйымдастыру"

библиотека
материалов

Сюжеттік-рөлдік ойындарды ұйымдастыру

Бала кішкентайынан бастап белгілі бір мамандыққа бейімделіп ойнайды. Кәсіптік ойындардың мәнін терең түсінген тәрбиеші баланы белгілі бір кәсіпке қызықтыра білу үшін мадақтау, сендіру, түсіндіру әдістерін қолданды. 

Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс. Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрету керек.

Сюжеттік-рөлдік ойындарды оқу іс-әрекетте де, үзілісте де, бос уақытта да, өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы баланың тілін, ой-қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету. Сюжеттік-рөлді ойынның бір жағымды жағы, оны балалардың өзі жасайды және баланың өз құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге бейімдеп, ұжыммен яғни көпшілікпен санаса білуге дағдыландырады. Ойыннаң дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Тәрбиеші балаларға көбінесе сюжетті-рөлді ойындарды ойнатқаны дұрыс. Себебі, балалар ойын барысында өздеріне берілген рөлді аса жауапкершілікпен қабылдап, өздерін бір уақыт ересектер санатына қосып, ойлау қабілеттері дамиды. Сондықтан сабақта болсын, серуенде болсын балалардың іс-әрекеттерін, ойын іс-әрекетімен ұштастырып отыру керек.

Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.

Е.С.Слепович және оның шәкірттері жүргізген әдістемеде анықталғандай, қарастырылып отырған топтағы балалар өздігінен ойын



бастамайды. Олар кейде ойыншықтарды алып, оларды қарап заттық-ойындық іс-әрекеттеттер жасаған. Не істеп жатырсыңдар деген сұраққа, олар: «машинаны жүргізіп жатырмын», «қуыршақты киіндіремін» деп жауап берген. Тағы бір жағдайларда балалар іс-әрекеттерді өздерінің қиялынан шығаратыны байқалған. Егер эксперимент жүргізуші ойын шартын ұсынбай жатып, ойынды бастауға итермелесе бұрынғы көрсеткіштер қайталанып отырды, яғни өздігінен ойын бастамады. Алайда, уақыт өте келе ойынды ұйымдастыруға деген талап арта түсті.

Сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде:

1) адамдар іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.

2) жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.

3) бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі.

4) кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады. Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.

Кіші топтардағы ойындар – ойыншыққа байланысты болады. Сонда оларға қандай ойыншықтар керек? Олар негізінен тамақтандыруға, бесік – арбамен тербетуге ыңғайлы қуыршақтар, аюлар, үлкен – үлкен қояндар болып келеді.

Осы аюлар мен қояндарға арнап жиһаздар: үстелдер,орындықтар, кереуеттер, бесік – арбалар, ірі және орташа автомашиналар (ағаштан жасалған дұрыс) қажет. Балалардың ойнауына қолайлы болуы үшін, ойыншық ыдыстардың мөлшері де ірі – ірі болуы керек. Бұдан басқа орташа қуыршақтар да қажет: олар көрпешеге орауға, ұйықтатуға, суға түсіруге және т.б. ыңғайлы. Әр топта ойыншықтардың мына түрлері:ванналар, үтіктер, газ пештер, шаштараз ойынына арналған аспаптар (қабырғаға ілетін айна, үстел, тарақ, салфеткалар, пластмассадан жасалған қайшылар) және дәрігерлік ойын үшін: ақ халат, градусник, фонендоскоп және т.б.

Балабақшадағы кіші тобтарда көбіне мына сюжеттік-рөлдік ойындар қолданылады:

  1. «Қуыршаққа қонаққа барамыз»

  2. «Бізге жаңа бала келді»

  3. «Қонжықты емдейміз»

  4. «Қуыршақ оянды»

  5. «Қуыршақты ұйықтатамыз»


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров903
Номер материала ДВ-526295
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх