Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Мақала тақырыбы:"Ата – аналармен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Мақала тақырыбы:"Ата – аналармен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру"

библиотека
материалов

hello_html_m6ab142f0.jpg

Ахметова Нурбига Шайжановна



Боран Нысанбаев атындагы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.



Ата – аналармен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру

 «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы  адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»                                                    С.А.Назарбаева

   

  Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.

Жас ұрпақтың бойында ізгілікті тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалы ерекше. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған. Баланың рухани – адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы үшін ата- ананың, отбасы мүшелерінің тарапынан мейірімділік пен махаббат қажет. Сіз тәрбині сөз арқылы, немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезде де іске асады. Сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, еңбек етуіңіз, басқалармен қалай қарым – қатынас жасайтыныңыз, ашуланғаныңыз, кұлгеніңіз, т.с.с. іс-әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Кейбір отбасында балаларды бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқашандай қарым – қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында беделге негізделген қарым – қатынас орнайды. Онда біреудің басқаларға басымдық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиеттінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым – қатынасқа ұмтылушылық бар. Бала үшін ата ана игілік жасаушы, үлгі – өнеге көрсетуші және ақыл - кеңес беруші болып танылуы керек.

          Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратынөз ісінің шебері.  
      Педагогикалық тәжірибеде ата-аналар мен ұстаз арасындағы байланыстың бес түрлі бағыты анықталған. 

  1. Ата-аналарды оқу - тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту

  • Тәрбиелеу үрдісіндегі маңызды мәселелерді айқындау;

  • Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күнін белгілеу;

  • Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларға қатыстыру;

  • Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;

  1. Ата-аналар мен педагогикалық – психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру 

  • Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

  • Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер;

  • Тренингтер;

  • Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналар лекторийлері.
    3. Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту

  • Сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.);

  • Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.);

  • Оқырмандар конференциясы;

  • Отбасылық ойын байқаулары

  1. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.

  • Тәрбие саласында байланысты психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру;

  • «Қиын» балаларға көңіл бөлу;

  • Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.

   5. Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.

         Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізумен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар. Мектеп пен ата – ананың бірлікте жұмыс жасау формаларын былайша топтастыруға болады: оқушының отбасына бару, ата- аналармен хат алмасу, шығармашылық жиналыстар, консилиум, топтық сабақ, тест, іскерлік ойын, кеңес беру, анкета, тренинг, семинар, пікірталас, ашық есік күні, кездесу, сайыс, көрме, тақырыптық әңгіме, әр түрлі ақпарат т.б.

Мен биылғы оқу жылында 1 сынып оқушыларын қабылдадым. Енді осы сыныптың ата – аналарымен өткізген алғашқы ата- аналар жиналысының мазмұнын ұсынып отырмын.



Ата – аналар жиналысы.

  1. Кел, танысалық! - «Молекула» ойыны. Ойын шарты бойынша ата- аналар бір - бірімен танысады.

  2. 1 в сыныбының оқу бағдарламасы туралы. (қысқаша түсіндіру)

  3. Жалпы бастауыш білім берудің стандарт бойынша 1 сынып оқушыларының біліміне қойылатын талаптармен таныстыру.

  4. Мұғалімнің , ата – ананың, оқушының міндеттерімен таныстыру.

  5. Баяндама. «Рухани – адамгершілік білім беру – ізгілікке бастар жол».

  6. Пікір алмасу. (Баяндама бойынша 10 сұрақ)

  7. Топтық жұмыстар (ата – аналар 3 топқа бөлінген)

  1. «Өзіңді таны» бөлімі бойынша жұмыс. Мен әлеміңіз қандай ?

I топ – Мен кіммін?

II топ – Мен қандаймын?

III топ – Не істеу керек?

ә) «Өзіңді көрсет » бөлімі бойынша жұмыс.

Иммитациялық ойын.

I топ – Ұстаз → Рөлге бөліп ойна, талда

II топ – Ата – ана → Педогогикалық жағдая

III топ – Оқушы → Іскерлік ойын

б) «Бірлесіп шеш » бөлімі бойынша жұмыс. Тақырыпты қорғау.

I топ – «Ұстаз деген – ұлы есім»

II топ – «Ана - өмір шуағы»

III топ – «Табиғатым тағдырым»



  1. Іскерлік ойын. Мадақтау шаралары, жазалау шаралары.

  2. Ата –аналарға кеңес.

  3. Сіз қандай ата – анасыз ? (тест)

  4. «Жүректен - жүрекке» ата – аналар комитетінің құрамын сайлау.

  5. Ағымдағы мәселелер



Енді 1сыныпта ата – аналармен байланыста өткізілген сыныптан тыс «Сәтті қадам, сүйікті шәкіртім!» тақырыбындағы тәрбиелік шараның жоспарын ұсынып отырмын.

Өнеге сағатының тақырыбы: Сәтті қадам,сүйікті шәкіртім!

Өнеге сағатының мақсаты:

Білімдік:

Оқушылардың мектеп табалдырығын аттағаннан бастап жарты жыл ішіндегі пән бойынша алған білімдерін, әсіресе білім әлемінің беташары-әліппеден, математикадан, дүниетанудан алған білімін тиянақтау, жинақтау, жаңғырту.

Тәрбиелік:

а) Оқушылардың адам, өмір, Отан, отбасы, денсаулық, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, сүйіспеншілік, адалдық, патриоттық, еңбексүйігіштік-адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту;

ә) Тұлғаның эмоционалдық-сезімдік, рухани- адамгершілік,әр түрлі шығармашылық іс-әрекеттерде өзін- өзі жүзеге асыруға сұранысын дамыту.

Дамытушылық:

Өнеге сағатының жоспарланған жеті бөлімінде қазіргі жаңа технологиялармен ұштастырылған оқыта үйрету ойындары, тірек схемалары арқылы және оқулықтан тыс материалдар енгізу арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, терең білім алуға жетелеу.

Көрнекі құралдар:

Өнеге сағатының барлық 7 бөлімі бойынша тірек схемалары, слайдтар оқулық суреттері, «Абай» бұрышы, «Мектеп-кеме, білім-теңіз» сыныптың қабырға газеті, сюжетті плакаттар, әдемі безендірілген сахна, тақырыбы, барлық оқыта үйрету ойындарының көрнекіліктері, құттықтау-диплом т.б.

Пайдаланылған әдіс-тәсілдері, оқытудың жаңа технологиялары

а) Сұрақ-жауап әдісі;

ә) Түсіндіру әдісі;

б) Сахналау әдісі;

в) Халық дәстүрі негізінде тәрбиелеу әдісі;

г) Ойын әдісі;

ғ) Тірек схемаларын пайдалану әдісі;

д) Тест әдісі;

е) Оқуды оқушылардың жауабы арқылы басқару әдісі;

ж) Проблемалық оқыту технологиясы;

з) Деңгейлік -саралап оқыту технологиясы.

Өнеге сағатының бағдарламасы:

I кезең. Сәлемдесу-әдептілік бастауы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Өнеге сағатының ашылу салтанаты.Сәлемдесу.

II кезең. Бүлдіршін тілегі.

Әліппеге рахмет! Алғашқы ұстазға мың алғыс! Әкем,анам-қамқоршым.

III кезең. Білімді мыңды жығар.

Мәнерлеп оқу.Тұлғаны тани біл! (Абай). Бәйге (түрлі мазмұнда)

Сахналау («Қарлығаш пен дәуіт»)

IV кезең. «Тірек белгілері оқыта үйрету ойыны».

Математикалық жұмбақ. Математикалық интермедия.Геометрия әлемі.

«Ойлан,тап!» (жұптық жұмыс)

V кезең. «Сиқырлы сандықша» ойыны.

Жорға (Қазақстан). Ескірмейтін есті сөз (Әдептілік әлемі). Жүректен - жүрекке (Мұғалім, оқушы). Жаттығу-ойлану(табиғат).

VI кезең. «Үйренейік,білейік!»

Сәт сапар, Әліппе! Қош келдің,Ана тілі! Шығармашылық-табысқа жетелейді. Көрме.

VII кезең. Әке-тірегің, ана-жүрегің!

Іскерлік ойын ( Ата-ана). Ойын «Өз баласын тану». Ең қысқа тілек (Көрермен тілегі).

Сол сияқты жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда тұлғаның жеке басының ерекшеліктері ғана емес, оның айналасындағылармен бірге дамуының да мәні зор екендігін Ю.П.Азаров: «Тәрбиелеу өнері» деген еңбегінде: «Адамның табиғатпен, адамның басқа адамдармен және өзінің өзгемен үндестігі болғанда ғана тәрбие нәтижелі болады»,- деп түсіндіреді. Ендеше, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуды ұйымдастыруда бұл мәселелер өз мәнінде ескерілуі қажет.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік -әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Осы айтылғандардың толыққанды іске асуы үшін отбасы мен мектеп тәрбиесі арасындағы ынтымақтастық, тығыз байланыс қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Б.Қ. Игенбаева. «Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі» Алматы.

  2. Т.Р.Битуова, Ж.Ж.Жакенова Авторлық бағдарламар жинағы.Астана «Дарын»

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров222
Номер материала ДВ-470629
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх