Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыМақала: ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақала: ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Скачать материал

Жапанова Р.Н., аға оқытушы

Қарағанды «Болашақ» университеті

 

ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

Бұл мақала тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесіне арналған. Жеке тұлғаның дамуы, қоғамның әсері арқылы ЖОО-да тұлғаны дамыту қарастырылады.

 

Кілт сөздер : тұлға , өзін-өзі дамыту, интерналдылық, инициативтілік, позитив, негатив, қалыптастыру.

Қазіргі заманғы қоғамның даму жағдайы әр бір оқушының жеке ерекшеліктері мен жастық мүмкініктерін максималды түрде ескеруге білім беруді бағыттау, сондай-ақ оқушының мүмкіндіктерін, білімге деген сұранысы мен мүддесін дамыту мақсатымен тұлғаның өзін-өзі дамытуы, мекемедегі білім беру үрдісін ұйымдастыруға қойылған талаптарын орындай отырып, білім беруді түрлендіру қажеттілігін туындатып отыр. Білім беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдеріңдегі топтық оқыту әдісі сәтті болды, алайда ол тұлғаларды орташалауға әкелді, сонымен адамның шығармашық әлеуетін төмендетіп, оның өзін-өзі дамыту мүмкіндігін шегерді.

Адамның тұлға ретінде өзін-өзі дамытуы тек қана қоғамның игілікті дамуын бағалау көрсеткіші ғана болып табылмайды, сонымен қоса, тұлғаны қалыптастырушы институт яғни, өзінің бастапқы негізінде тәрбие берумен айналысушы білім беру мекемесін бағалау көрсеткіші болып табылады. «Тәрбие беру» және «өзін-өзі дамыту» мағыналарының түбірі бір – яғни адамның мән мағынасын табу және оның рухани жан-дүниесін «қоректену» арқылы адам ретіндегі бейнесін қалыптастыру[1].

Сонымен қатар тұлғадағы мәселелерді шешуде кешенді тұрғыда негізделуші өзін-өзі дамыту және тұлғалық дамуын педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және педагогикалық көмек беру мен қолдау көрсету маңызды рөл атқарады. Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.

«Өзін-өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.

Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.

1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.

2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.

3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.

4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік

        Психологиялық-педагогикалық  және де методикалық зерттеу жұмыстары қазіргі танда ең қажетті салалардың бірі болып келеді, ол жұмыстар оқушының тұлға ретінде қалыптасуына,оқушының аналитикалық ой-өрісін дамытуға,берілген жұмыстың шешу стратегиясын қалыптастыруын және оңай жодарын табу үшін бағытталған. Студенттің жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытуы ЖОО-да оқытудағы ең басым болып келетіні сондықтанда.

Студенттің өзін-өзі дамытуына аса назар аудару келесі талаптар бойынша  жүргізіледі,жеке тұлға ретінде қалыптасуы,ширақ болуы,өзін-өзі дамытуына жоғарғы қабілетті болуы.

Педагогикалық көмектің нәтижесінін критериін  студенттің өзі атқарады, ал педагогтың іс-әрекетінің нәтижесі уақыт өткеннен кейін байқалады .Сондықтанда педагогикалық көмектің нәтижесі 2 түрге бөлінеді: патерналистикалық  (Н. Н. Михайлова)оқыту әдісі бойынша жеке алынған оқиға негізінде және ой-өрістің дамуының динамикасы бойынша субьективті аумағы бойынша (О. Г. Прикот), бұның түп мағынасы өзің-өзі дамыту болып келеді[2].

К.Роджерстің пікірінше, өзін-өзі дамытудың негізгі бағыты - өзіне деген сенімді нығайту мен өзін-өзі сыйлау қабілетін қалыптастырудың нәтижесінде субъект “идеалды Менге” ұмтылады . Қазіргі тәжірибеде К. Роджерстің  “тұлғалық өсу тобының” әдісі қолданылады. Ондағы қарым-қатынас барысында адамдың адаммен қатынастарын құру үшін қатысушылар бір бірінің алдында ашылып, өздерінің сезімдері туралы айтады, мәндік мағыналарды іздейді, өмірлік таңдаудың еркіндігін алуға ұмтылады және ол үшін жауап береді. Неғұрлым білікті және қабілетті болу үшін осының барлығы шектеулі рухани потенциалды ашуға көмектеседі. Бұл өздігінен өз бентінше әрекеттенуді күшейтеді – ұйымдастырылған байланысты гештальт үнемі қалыптасу барысында болатын және өзіне деген көзқарасты анықтайды. Тұлғалық жетілуге теріс әсер ететіндер - өзгерістен қорқыныш, қорғаныс механизмдері, өз ағзасына сенбеушілік, конформизм

 Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:

1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.

2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.

3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi[3].

Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi дамыту» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.

Өзiн-өзi дамытудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:

- өзiн-өзi дамыту – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.

- өзiн-өзi дамыту - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.

- өзiн-өзi дамыту - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.

Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.

Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.

Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа[4].

Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.                   

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер :

1.Абульханова-Славская, К. А. Развитие личности в процессе жизнедеятельности Текст. / К. А.

 

2.Азаров, Ю. П. Студент : возможности личностного роста Текст. / Ю. П. Азаров // Высшее образование в России. 2002. - № 1. - С. 50-57

 

3. Немов. Р.С. Практическая психология. / Р.С. Немов. Познай себя, -М., 1999. - 378 с.

 

4. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. / В.Г. Маралов - М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 256 с.

 

 

Резюме

 

Жапанова Р.Н.

Особенности саморазвития личности

 

  Эта статья посвящена теме саморазвития личности. Расматриваются такие вопросы как развития личности  в обществе и образавательном ВУЗ-е.

 

Zhapanova R.N.

Especially self-development

This article focuses on the theme of self-development. Considered issues such as the development of the individual in society and educational university.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала: ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2015 6018
    • DOCX 22.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапанова Риза Набиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жапанова Риза Набиевна
    Жапанова Риза Набиевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22664
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 783 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе