Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Мақала. "Тәуелсіздік-болашақтың Нұрлы жолына бастар жол"

Мақала. "Тәуелсіздік-болашақтың Нұрлы жолына бастар жол"

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

«Тәуелсіздік – болашақтың Нұрлы Жолына бастар жол»

Н.У.Абдиева.

(ОҚО, Мақтарал ауданы Ә. Молдағұлова атындағы №21 ЖОМ

ДОІЖО) hello_html_10592a59.png

Қазақстан Республикасы тарихи жылнамасы үшін қас-қағым сәт болып табылатын 24 жыл ішінде өз тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетіп қана қоймай, барлық қазақстандықтардың рухы асқақтай түскеніне көз жеткізіп отырмыз. Өзімізді танитын, өзімізді өзгеге танытатын ұлттық теңдікке, еркіндікке ие болдық. Еліміздің жан-жақты дамуы жетілуінің қайнар бұлағы, түп қазығы мемлекетіміздің тәуелсіздігі екеніне көз жеткіздік. Азаттық үшін сан ғасырлар бойы кескілескен шайқастар жүргізген бабалардың бүгінгі ұрпағы – біз үшін тәуелсіздіктің маңызы айрықша зор.


Біз биыл өз өміріміздегі ең айтулы мереке - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне 24 жылдығын атап өтпекпіз.

Былай қарағанда, 1991 жыл тарихтың бір қиянында қалған тәрізді. Ойға салсақ, осы уақыттың ішінде бүкіл еліміз де, біздің әрқайсысымыз да таңданарлық ұзақ ғұмыр кешкен сияқтымыз . Бұл кезең бізге бостандық, тең құқылық пен дербес таңдау жасау еркіндігі сынды құдіретті сезімді сыйға тартқан екен. Тәуелсіздік әперген осындай басты құндылықтардың қазақстандық әрбір отбасының тағдырына жасаған игі ықпалын көкірекпен сезініп қана қоймай, көзбен де анық көре аламыз.

Бұл жылдар ішінде біздің бәріміз де, біздің еліміз де адам танығысыз өзгердік. Не бары 24 жылдың ішінде өзгерген екенбіз. Мен «не бары» деген сөзді неге қостым? Өйткені мемлекеттер мен халықтардың өміріндегі 24 жыл дегеніңіз не? Шындығы сол, бұл дегеніңіз көп ретте зерттеушілердің шағын тобының назарына ғана ілігетін тарихтың бір парағы емес пе?

Қазақстан үшін осынау 24 жыл тарихи жаңғырулар заманына айналды, соның барысында дүниеде беделді де білікті, іргесіндегі елдер ғана емес, күллі халықаралық қоғамдастық таныған әрі қадір тұтатын қуатты да парасатты мемлекет – Қазақстан Республикасы берік ірге тепті.

Қазақстан Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететіні жөніндегі ұйғарым да біздің еліміздің мемлекеттік құрылыстағы, әлеуметтік-экономикалық өркендеудегі, дәйекті демократияландыру бағытындағы табыстарын қуаттай түседі, керек десеңіз, мұның өзі – біздің келешегіміздің кемелдігіне берілген шынайы баға.

Бұл жылдардың ішінде біздің еліміз өзіне ғана тән қазақстандық даму жолымен ілгері басты. Әлбетте, таңдау жасау кезінде әлемде жинақталған тәжірибе атаулының ескерлігін де айту керек. Алайда бұл ретте ең бастысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұжырымдаған «біз ешкімді де көшіріп алуға тырыспаймыз, біз өзіміздің елімізге және өзіміздің халқымызға керек нәрсені ғана жасаймыз» деген пайымы басты басымдық болып келді және болып та отыр.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары Қазақстанның кешкен қиындығы, арқалаған ауыртпалығы мен шеккен шырғалаңында қисап жоқ. Қазір олар ұмытыла бастады, сірә, мұның өзі жақсы шығар? Біздің Президентіміздің өз сөзімен айтқанда, шырғалаңнан шығу қамын жасаған сол жылдары «біз аман қалу үшін амалдадық...», «біз өз жолымызды іздедік...».

Тәуелсіздік бағытында біз бірден қуатты қадам бастық, шынын айтқанда, Қазақстанның сол кездегі жағдайының қолайлы бола қоймағаны да жасырын емес. Бұл туралы бұрыннан да айтылып жүр, алайда осы орайда тағы да бір қайталау артық бола қоймас деген ойдамын.

Сол кезеңдегі негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері жөнінен біздің еліміздің КСРО-ның жағдайы біршама жақсы республикаларының алғашқы ондығына да іліге алмағаны аян.

Әлбетте, түбегейлі қоғамдық өзгерістердің алғашқы кезеңінде бәрінің бірдей анық, бәрінің тегіс түсінікті бола бермегені де рас. Еліміз бен қоғамымыздың алдында оңайға түспейтін тарихи таңдау жасау қажеттігі тұрды. Дұрыс шешім қабылдаудың барлық ауыртпалығы ең алдымен біздің Президентіміздің еншісіне тигені де аян.

Сын сағатта Қазақстан басшысы жасаған сол таңдау толығынан өзін ақтады. Қысқа мерзім ішінде ыдырау үдерісін еңсеруге, нарық экономикасының негіздерін қалыптастыруға, Қазақстан мемлекеттігінің іргетасын нығайтуға, бір партиялық өктемдіктен саяси сан алуандыққа көшуге, елімізді демократиялық дәйекті дамытудың негіздерін қалауға қол жеткізілді.

Біздің еліміз «Назарбаевтың нұсқасын» нығайту жөніндегі екшенді, батыл әрі байыпты іс-қимылының нәтижесінде жаңа мыңжылдықтың басында өз дамуының өтпелі кезеңін ойдағыдай тәмамдады.Қазақстан мемлекеттігі толығынан орнықты. Бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық даму мен халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштері жөнінен Қазақстанның ТМД-ның көптеген елдерінің алдында келе жатқаны баршаға мәлім. Қарышты даму қарқыны қазіргі уақытта да сақталып отыр, әлемдік сұраныстың ықтималдығы алдағы уақытта да сақтала береді. Сондай берік іргетастың қалануы біздің елімізге өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне көшуіне, оның ұзақ тарихи келешекке бағдарланған тұрлаулы сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «Назарбаевтың нұсқасы» өзінің сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне алдын ала бейімделе алатынын өз кезегінде тағы да айқын аңғартып, аршындап алға басып келе жатыр.

Қазақстан халқына өзінің жыл сайынғы соңғы Жолдауларында Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанды өмірлік өлшемдері жоғары осы заманғы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде жеделдете дамытуға бағытталған Стратегияны тұжырымдап берді. Күн тәртібіне күрделілене түскен қоғамдық міндеттер қойылады: оның шарттарын елдің өзінің ішкі дамуының, оның әлемдік экономикаға кірігуінің қисындары, тұтас алғанда, жаңа жаһандық жағдаяттар алға тартып отыр.

Алдымызға жаңадан өршіл, алайда қол жеткізуге әбден болатын мақсат қойылды: Қазақстан әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан 30 елінің қатарында болуға тиіс. Бұл міндеттің саяси рауаяттар мен ағымдағы сұраныстың ауқымынан анағұрлым асқақ тұрғанын мойындау керек. Бұл ұмтылыстың мәнісі – қазақстандықтарды барынша сапалы тұрмыс деңгейіне жеткізу ниеті.Елімізде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірін жаңарту жөніндегі жұмыс кеңінен өрістелді.

Мемлекет басшысының өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығай- тудағы, Қазақстанның өңірдегі тұрлаулы әрі ілгерілей дамуындағы және тиімді негізде өңірлік, сондай-ақ, жаһандық экономикаға кіруіндегі қол жеткізген табыстары даусыз. Мұның өзі – «Назарбаев нұсқасының» неліктен халықаралық ауқымда

даусыз әрі кеңінен танылуының, әлемдік қоғамдастықта зерделеу мен үлгі тұту өнегесіне айналуының сырын ашатын маңызды фактор.Ең бастысы, «Назарбаев нұсқасының» болашағы алда. Бұл дегеніңіз – жаңа Қазақстанның ұзақ тарихи келешекке көзделген жаңа әлемдегі болашағы.

Біз, Қазақстанның Үкіметі және оның басшысы ретінде Қазақстан

Президенті белгілеген жаңа стратегиялық мақсаттар мен тактикалық

міндеттерге қол жеткізуге байыпты күш-жігер жұмсауды, ұсақ-түйек дегенді

білмейтін күнбе-күнгі мұқият нысаналы жұмысты әрі көп реттерде, тұтас

алғанда, атқарушы билік тарапынан жаңа көзқарасты және жаңа пайымды

талап ететінін терең түсінеміз. Біздің ортақ күш - жігеріміз бүгінгі күні

Президенттің жыл аяқталуға 30 күн қалғанда жариялаған, ел үшін күтпеген жаңалық болған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты биылғы дәстүрлі Жолдауының басты ерекшелігі оның стратегиялық мағыздылығында. Мұнда еліміздің дамуының жаңа белестері айқындалған. Қол жеткізген жетістіктерге баға беріліп, алдағы кезде істелетін жұмыстарға бағыт-бағдар жасалып отыр.Сонымен бірге бірліктің бағасын, қадірін білейік, оны ұрпағымыздың санасына сіңірейік, бірлік-біздің болашағымыз, бірлік арқылы біздің тәуелсіздігіміз нығайып, баянды болмақ, - деп алға қойылған басым міндеттерді іске асыруға бағыттап отыр.Өзіміздің басты жауапкершілігімізді біз Қазақстанның қарышты қозғалысының жаңа кезеңінде әлеуметтік - экономикалық дамудағы келешекті сапалық аршындауды қамтамасыз етуде деп білеміз.

Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінде Президент белгілеген стратегиялық міндеттерді іске асыру барысында Үкімет экономикалық сұраныстың ағымдағы құбылуларына және сыртқы экономикалық қолайсыз ықпалға байланысты дереу шаралар қолданатын болады. Біздің барлық іс

қимылымыздың басты нәтижесі – Қазақстан халқы өмірінің әлемдегі өзіміз

қатарына қосылуға нысаналы түрде ұмтылып отырған алдыңғы қатарлы

елдердің деңгейіне сай келетін сапасы мен әлеуметтік өлшемдерін тұрақты

арттыра беру екенін біз жақсы түсінеміз. Біз мұндай құқымыздың

барлығына, ең бастысы, ойға алғанымызға жету үшін барлық алғы шарттар дың бар екеніне ешкімде дау айта алмайды деген пікірдемін.

Біздің баршамыз жаңа Қазақстанды орынды мақтаныш тұтамыз деп ойлаймын. Бүгінгі күні бұл жайында жалпақ елге жар сала айтудың ешқандай артықтығы жоқ. Қазақстанның жетістіктерінде біздің көп ұлтты жұртымыздың әрбір азаматының білімі, білігі мен еткен еңбегінің бір бөлшегі жатқанына ешқандай күмән жоқ. Сондай-ақ, саяси және қоғамдық көзқарастарының сан алуандығына қарамастан біздің қоғамымыздың барлық мүшелері өз елінің болашағының нұрлы болуын тілейтініне де, сол үшін бойдағы барлық күш-жігерін жұмсауға әзір екеніне де ешқандай шүбәм жоқ.

«Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай біздің де басты мақсатымыз жаһанды жайлаған дағдарыстан қысылмай жол тауып шығу үшін әрбіріміз табанды, жігерлі түрде жұмыс істеп, шәкірттерге сапалы білім беріп, олардың жақсы маман болып қалыптасуына ұстаздар қауымы да өздерінің үлестерін қосып, тәуелсіздігіміздің баянды болуына атсалысу.



Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров91
Номер материала ДВ-345413
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

10 месяцев назад

5

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх