Инфоурок Другое СтатьиМақала: «Жаңаша оқыту жетістік көзі»

Мақала: «Жаңаша оқыту жетістік көзі»

Скачать материал

«Жаңаша оқыту жетістік көзі»

 

            Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, мұғалімдердің бір-біріне қолдау көрсетуі  дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі тәлімгерлік  ісі екендігінде сөз жоқ.

            Тәлімгерлік-тәрбиенің бір түрі. Ол –маманды жұмыс орынында оқыту арқылы, аз шығынмен қолданбалы  құзыреттіліктерді меңгертудің қуатты құралы. Тәлімгерлік озық тәжірибеден туындайды. Тек өзгеден өзгеше, бұрынғыдан нәтижелірек тәжірибе ғана осындай атқа ие болмақ.

            Тәлімгерлік етудің мақсатын мектебіміздің орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жумашева Толқын Нургалиевна ІІ деңгей бағдарламасы бойынша алған біліміммен, іс-тәжірибеммен бөлісу және бағдарламаның жеті модулі мән-мәтінде тәжірибесін жетілдіруге қолдау көрсету.

            Толқын Нургалиевна тәлімгерлік ету үдерісі туралы іс-шаралар жоспарын айқындап, екі жылдан бері  бірге кеңесе отырып жасаймыз.  Тәлімгерім кез –келген уақытта сұрағыма жауап беріп, ойымды тыңдап, ұсыныс-пікірін айтып, аптасына бір рет сұхбат жүргізіп тұрамыз.

          Жыл басынан тәлімгерімнің сабағына қатысып, көп нәрселер үйреніп келемін. Әр сабағы өзгеше. Сабаққа қатысу мақсатын құрып алып, әр сабағына қатысқаннан соң «Тәлім алушының күнделігі» деген дәптеріме түсіріп отырамын.

            Жаңаша сабақтың орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарын құрастыру жолдарын  үйретуді былтырдан қолға алғанбыз.

          Біздің арамызда  ең алдымен шынайлылық, мейірімділік, қамқорлық, ашықтық, құпиялылық, сыйластық  деген қасиеттер бізді көптеген жетістіктерге жетіп, балаларға білім беруді тереңдетіп қана қоймай, жаңаша беруіміздге себеп тигізіп келеді деп ойлаймын.

              Тәлімгерімнің арқасында өз жұмысыма рефлексия жасап, менің  жеке қасиеттерімнің  дамуына көмектесіп жатқан ұстаз. Бұрынғыдай емес, мен қазір әр сабағымда дайындағанда жаңа көзқараста отырып, сабақтың психологиялық сәт, сергіту сәті, рефлексияларын байланыстыруға тырысып, өздігінен жаңа идеялардың күннен- күнге туындап жатқанынан байқаймын. Өзіме деген сенімім қалыптасты. Өзімің өз білімін жетілдіру деген қобдишамды жақсартып,  дамытып, байтып отырамын десемде болар.

           Жаңаша оқытудағы осы тәлімгерліктің маған бергені мол десем артық емес. Оның дәлелі ретінде қысқа мерзімді жоспар түрінде «Абылай хан» атты ашық сабағымды айтар едім.      

        Мақсаты -сабақ беруде жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы  өз іс – тәжірибемізді әріптестерімізбен бөлісу. Осы орайда оқушылар да жаңа тақырыпты топтық  жұмыстар арқылы өз беттерімен меңгеріп, білімдерін, ойларын еркін жеткізе алатындықтарын көрсете білді. Сабақ бастамасыз үш тілідлікті қолданып, психологиялық жағымды ахуал қалыптастырдым. Сосын топқа бөліп алып, әр топта  спикер тағайындалып, олардың мақсаттары анықталып, яғни бағалаушы арқылы бағалау парағында өз –өздерін сабақтың кезеңдері арқылы бағалаулары сұралды. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтаулары сұралды. 5 «Ә» сыныбының жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтың кезеңдерімен таныстырғаннан кейін үй тапсырмасын «Интеллектуалды футбол» әдісін  қолдандым.

        Үй жұмысын қорытындылай келе, жаңа тақырыптың негізгі мақсатын оқушылар өздері анықтай алды.

      Тақырыпты меңгерту бойынша «Абылай хан» туралы бейнематериал көрсетіліп, түсінгендеріне кері байланыс ретінде кластер қолданып, оқушылар Абылай хан кмі болды деген сұраққа жауап беріп, тақтаға кластер құрап, жазып жатты. Жаңа тақырыпты толықтыру мақсатында топтық  жұмыс жандандырылып, әр топтарға  арнайы жұмыстар ұсынылды: жұмыс интер белсенді тақтаны қолдана отырып (сандармен жұмыс),  шарты: жасырылған  даталарды оқулықтан тауып интер тақтаға жазу; терминдермен жұмыс та орын алды.

Сергіту сәтіде  Абылай ханның термесі ерекше би ырғағына келіп, оқушыларға рухани күш-қуат бергендей болды.

  Сабақты қорытындылау барысында СТО: семантикалық карта орындау орын алды.

     Осы сыныптың дарынды оқушылары Нурай мен Самира өз шығармашылығы бойынша Абылай ханға  арнау  деген өлең жолдарын оқып берді.Сабағыма қатысқан ұстаздар мен мектебіміздің директоры Г.К.Тилеубекова мен оқу ісінің меңгерушісі Ш.Е.Мухаметжанова жоғары деңгейде өтті деп баға берді.

             Өзімнің бұрын білмеген модулдерім туралы ақпарат көп біліп, үйрену, тәжірибеде қолдану заман талабы деп білемін.

             Жаңашыл мұғалімдердің озық  тәжірибелерін  пайдалану маманның тұрақты өз білімін арттырып, өзіндік рефлексия жасауына ықпал етеді. Ал кәсібилікті арттыру бағытында екеуміздің  тұрақты, мақсатты жұмыс жасауымыз шығармашылық табыс көзі. 

        Қорыта келе айтарым, нағыз тәлімгер деген атқа ие Толқын Нургалиевна өз  тәлім алушыларын  тәрбиелеуге барын салатын жан.

Әлемде осындай өз ісінің шебері, білгенін үйретуден жалықпайтын тәлімгерім қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы ұстаз екенін жақсы білеміз. Жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілеті тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, үлгі-өнеге. Тәлімгеріме шығармашылық еңбек, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасына  баянды бақыт тілеймін.

        

 

 

Үлкен Владимировка орта мектебінің тарих және география пәндерінің мұғалімі, тәлім алушы Үміт Болатбекқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала: «Жаңаша оқыту жетістік көзі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2017 594
    • DOCX 94.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухаметкалиева Умит Болатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58328
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой