Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / Мақала "Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Мақала "Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз"

библиотека
материалов

Астана қаласы

56 мектеп-лицей

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Шалова Айгүл Өмірқызы





ЖАҢАШЫЛ МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ


 Мектеп – білім ордасы, оның жүрегі -мұғалім. Ұстаз мектепте басты тұлға болып табылады, себебі ешбір заманға сай технология мұғалімді алмастыра алмайды. Мен ұстазбын. Тоғыз жылға жуық уақыт №56 мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасап келе жатырмын. Менің ұстаздық кредом: жеке тұлғаны қалыптастыруға ат салысу, жасөспірімдерді білім нәрімен сусындату, оларды өмірден өз орнын таба білуіне көмектесу және бағыт-бағдар беру.

   «Ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деген ұғым нағыз жас мамандарға арналып айтылған деп білемін.

Қазақтың белгілі ағартушысы Ж.Аймауытовтың «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – білім беруші мұғалім емес, баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз» деген сөзі бар. Қай уақытта болмасын білімді де білікті, тәжірибесі мол ұстаздардың орны ерекше.

ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болғандықтан оқушыларға ғылым негіздерін оқытып қана қоймай, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге үйретуіміз керек. Сондықтан да мұғалімнің басты мақсаты-оқушылардың білімі мен біліктілігінің қалыптасуына жағдай жасау, шығармашылықпен айналысу. Шығармашылықпен айналысқан ізденімпаз ұстаз қашанда шәкірт жүрегінен орын табады.

    Білімді де мәдениетті, парасатты да сауатты, денсаулығы мықты жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару - бүгінгі мектеп ұстаздарының міндеті.    Қазіргі заман талабына сай ұстаз алдына қойылатын талаптар да өзгеше. Сондықтан мұғалім әр уақыт ізденіп, өз білімін жетілдіріп, жаңалыққа әуес болуы тиіс.

      Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу процесінде мұғалім басты рөл атқарса, қазір оқушының іс -әрекетімен мектептер бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер баршылық. Көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби


икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе - күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Мұғалім заман ағымына сай өз білімін жетілдіру арқылы мектепке жаңалық әкелу қажет.  Сол себепті Назарбаев зияткерлік мектептері мен Кэмбридж университетінің ұйымдастыруымен «Өрлеу» ҰБАО АҚ-да өтілген Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының ІІІ деңгейінде дәріс ала отырып, курс жаңалықтарын өз тәжірибемде ұтымды қолдану үстіндемін.

Ынтымақтастық атмосферасын құру, сыныптағы психологиялық жағдайды қалыптастыру, оқушыға сенім білдірумен қатар қолдау көрсету, оқушыны бағалауда және оқыту үшін бағалау туралы рефлексияны пайдалану менің іс-тәжірибемдегі басты өзгерістер деуге болады. Осы аталған модульдер мен стратегияларды сабақтарымда тиімді пайдаланылып, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыруда маңызы зор болып келеді. Жоғарыда айтылған жұмыстың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушыларды тәрбиелеуге болады. Инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану біздің оқушыларға сапалы білім беруіне ықпалын тигізері сөзсіз. Айтылған ойдың түйіні ретінде өзімнің ұстаздық міндетімді атқару барысындағы ұстанымым: «Ұлт болашағы - білімді шәкірт қолында. Шәкірттің білімді болуы - ұстаз қолында». ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Статьи
Просмотров149
Номер материала ДБ-010115
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх