Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Мақала ЖАСӨСПІРІМДІК КЕЗЕҢДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТТЕРІН АЛДЫН АЛУ

Мақала ЖАСӨСПІРІМДІК КЕЗЕҢДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТТЕРІН АЛДЫН АЛУ


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

ЖАСӨСПІРІМДІК КЕЗЕҢДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТТЕРІН АЛДЫН АЛУ


Г.О. Жаманбаева - магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. «Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізігі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер мен сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынасы бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Сонымен жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді және өзінің біртұтастылығын игеруге талпынады, басқалар арасында өз орынын табуға тырысады [1].

Л.Ф. Обухованың психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың артуы, сыншылдықтың көрінуі бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айырықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлекциясының күштілігі болып табылады, яғни өзін-өзі тануға бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді [2].

Жасөспірімдік кезең - балалық шақтан ересектікке өтетін, үнемі қиын, дағдарыстық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі кезеңі. Жасөспірімдердің психикасы жас балалардың да, ересектердің де психикасынан өзгеше. Олар үшін импульсивтік, жоғары әсерленгіштік тән, олар қызбалыққа тез түседі, көңіл-күйі тұрақсыз, өз-өзіне сенімсіздік, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндану тән екендігі белгілі. Бұл сияқты құбылмалы психологиялық қасиеттер - жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай түсуіне себепші болады. Мұндай психологиялық қасиеттері негізінде жасөспірімдердің қылмыстық жолға түсуінің алдын алу үшін жасөспірімдердің бойында өзін-өзі ұстай білу, өз әрекетіне бақылау жасау, өз-өзіне, өзінің күшіне, қабілеттігіне сену сияқты сезімдерін қалыптастыру қажет. Әдетте, баламен тәрбие жұмысын жүргізу барысында (отбасында, мектепте және қоғамдық ұйымдарда) оларға өмірдің қандай қиын екендігін онда жақсылық пен жамандық араласып жатқандығы, тек жеңілдіктер ғана емес, қиындықтар да жиі кездесіп тұратындығы туралы айтыла бермейді. Жасөспірімдік кезеңде барлық нәрсені білуге, белсенділікке, жігерлік көрсетуге, батырлық іс-әрекеттерге, тәуекелге ұмтылыу жасы болып табылады. Жасөспірім жаста баланың өжеттік, мақсатқа қол жеткізудегі табандылық, осы жолдағы кедергілер мен қиындықтарды жеңе білудегі қайсарлық сияқты еріктік белгілері елеулі даму үстінде болады. Төменгі сынып оқушыларына қарағанда жасөспірімдер тек ерікті әрекет етуге ғана емес, сондай-ақ ерікті істерге де қабілетті. Олар өздерінің алдына мақсат қоя отырып, оларды жүзеге асыру әрекетін өздері жоспарлайды. Әрекеттің бір түрінде табандылық көрсетіліп, ал енді бірінде табандылықтың мүлдем болмауы жасөспірім бойында жігерліктің жетіспеушілігін куәландырады. Сонымен қатар жасөспірімдік жас импульсивтігімен, жоғары әсерленгіштігімен, қызбалыққа тез түсуімен сипатталады. Жасөспірімдердің сезімі қарқынды түрде дамиды, сонымен бірге олардың тез әсерленгіштігі белгілі бір тұрақтылыққа ие болады. Жасөспірімдердің ықыласы тек жоғары көлемі мен және тұрақтылығымен ғана емес, сонымен бірге ерекше талғамға ие болуымен сипатталады. Романтикаға елеулі дәрежеде бейім болу нәтижесінде жасөспірімдердің қиялы анағұрлым реалистік және сыншыл сипатқа ие болады. Жасөспірімнің дамуындағы маңызды кезең оның «Менін» ұғыну болып табылады. Бұл ұғыну өзін-өзі бағалау кезінде және өз құрдастарымен және ересектермен қарым- қатынас жасау барысында жүзеге асырылады. Өз тұлғасына деген жоғары қызығушылық, өзінің тұлғалық қасиеттерін бағалау және ұғынудағы қажеттілік бірқатар шет ел психологтары арқылы біржақты түсіндірілген болатын. Олар жасөспірімдердің шындықтан мұндай ауытқуы олардың өзімшілдігімен, дарашылдығымен және аутизмдігімен қоса жүреді дейді. Сол кезде жасөспірімдердің байсалдылық, өзін-өзі бағалау, өздігінен жетілу сияқты қажеттіліктері өзін тереңірек түсінуге деген бос әуестік пен үстірт құштарлықтың негізінде пайда болмайды, керсінше өзінің жақсы және жаман жақтарына, кемшіліктеріне талдау жасауға, өз әрекетінің маңыздылығы және мақсатының дұрыс не дұрыс емес екендігін түсінуге, қандай нәрсеге қол жеткізуге ұмтылу керектігін және неден тартыну керектігін білуге деген моральдық қажеттіліктерден туындайды. Яғни жасөспірімнің өзіне деген қызығушылығы оның тұлғалық қасиеттерін анықтайтын өмір және әрекет қажеттіліктерінен туындайды. Жасөспірімдік жастағы балалардың танымында бірінші орында әрекеттің әртүрлі түрлерімен байланысты тұлғалық қасиеттердің тұруы кездейсоқ жағдай емес [3].

Жасөспірімдер тұлғасы үшін топ құру, топ болып әрекет ету тән. Жасөспірімдер ересектермен салыстырғанда жалғыз өзі қылмыс жасауға өте сирек баратындығы практикалы жүзінде дәлелденген. Бұдан олардың өз өзіне сенбеуін ғана емес, сонымен бірге, олар туралы түсінігінің теріс бағытқа ие болуына қарамастан, осындай достыққа ұмтылуын да байқауға болады. Әсіресе, соңғы кезде жасөспірімдердің топқа біріге отырып әрекет етуі жиі байқалады. Жасөспірімдер тобында қызығушылық пен еліктеушiлiктiң жоғары деңгейі, топ мүшелерін өз дегеніне көндіру, көңіл күйдің жұқпалылығы, және де мұндай көңіл күйдің қылмыстық акт барысында өзге топ мүшелеріне берілуі байқалады. Жасөспірімдердің кез-келген тобында қандай да бір лидер болатыны бәрімізге белгілі. Бұл жағдай адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің бірдей еместігін, психофизиологиялық қасиеттері, яғни ерік, ақыл-ой, жігер, тапқырлық тұрғысынан әртүрлі болуымен түсіндіріледі [4].

Жасөспірімдер өздерінің жалпы психофизиологиялық даму ерекшеліктері негізінде, ересектермен салыстырғанда өзге адамдардың ықпалына оңай түседі. Формальды емес топтың «лидері» ересектермен салыстырғанда жасөспірімдерге әлдеқайда көп ықпал етеді. Бұл жағдайда қылмысты болдыртпау, әрі оның алдын алу үшін әрбір топтағы «лидер» тұлғасын, оның топ мүшелеріне ықпал ету тәсілдерін және топ мүшелерінің «лидерге» деген қатынасын ескере отырып, дифференцияланған ыңғайда қарау қажет.

Мұндай жасөпірімдерді ұжымдық әрекеттің қандай да бір түріне тартқан кезде жасөспірімге басшылық етуші жетекші, бастапқы уақытта сол жасөспірімнің өзі қалаған, оны орындаудан қанағаттану сезіміне ие болатын, әрі қоршағандарға өзін танытуға мүмкіндік алатын әрекетке тартуы тиімді. Басқаша айтқанда, жасөспірімнің өзі жасөспірімдердің тікелей қызығушылығын парыз, міндет сияқты сезімдердің дамуын қатамасыз ететін, қарапайым еліктеу, қызықтыру сияқты тапсырмалармен толықтырып отыруы аса маңызды. Ескерте кететін жәйт, мұндай жасөспірімдерді ұжымдық әрекетке тарту арқылы ғана жағымды ықпал ету мүмкін, сонымен қоса қылмыстық топ құруына және осындай топқа бірігуіне жол бермеу жолдарын қарастыру қажет. Жасөспірімдер өздерінің психофизиологиялық қасиеттерінің толық деңгейде дамып-жетілмеуі және тұрақсыздығы негізінде, ересектердің және де тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың белсенді, мақсатты және қатаң түрде жүргізілетін қайта тәрбиелеу жұмыстарынсыз өз сана-сезіміндегі және жүріс-тұрыс әрекетіндегі кемшіліктерді өз бетінше шеше алмайды. Сондықтан да, жастар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын жер-жерлерде көптеп құру өзінің тиімді нәтижесін берер еді. Жасөспірімдер арасындағы әртүрлі құқық бұзушылықтарының терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді. Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған балалардың жат әрекеттерге баруына басты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп жат қылық істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма?

Болашақ тағдыры бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздестіргені жөн болар еді. Жасөспірімдердiң есейе келе, өздерiнiң жасаған құқық бұзушылықтары үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Олай дейтініміз - кей ата- ана ойнап жүріп қасындағы баласының қолына іліккен ойыншығын алып келген баласына қайдан алдың? - не болмаса «апарып бер» деген сұрақ - бұйрықтың орынына керісінше баласына, жат әрекетін мақұлдағандығын танытса, ол баланың санасына сенім ұялатып, келесі сондай іс-әрекетті қайталауына жол ашады. Мұндай әрекеттің бірнеше рет қайталанылуы бала бойында қызығушылық туындатып, менменшілдікке, көрсеқызарлыққа, жат қылықтың бой көтеріп, досының қолындағысын тартып немесе көрсетпей алу сияқты іс-әрекетін қалыптастырады. Бұл кішкене бала бойында байқалатын алғашқы ұрлықтың белгілері деуге болады [5].

Жасөспірімдердің құқық бұзуының өмірде болып жатқан нақты жағдайларға тікелей байланысты бола бермейді. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Балалар құқық бұзуының көбінесе қалада болуы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептерімен түсіндіріледі. Баланың өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезу, кері қадамға алғы шарт бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақ істейтін құқық бұзушылыққа, жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе бала бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын балалар айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады. Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқыту, үрейлету, қасақана қылмыс жасауына итермелеу арқылы түсіп кетуi болып жатады . Осыған орай қазiргi кезде бiздiң балаларымыз рухани азып тозбау үшiн қазақ отбасындағы мәдени құндылықтар дамуының мазмұнына аса маңызды көңiл аудару керек. Бүгiнгi таңдағы экономикалық әлеуметтiк жағдайлар отбасы тәрбиесiне үлкен ықпал етiп отыр. Қоғамдағы жұмыссыздық, күн көрiс көзiнiң төмендеуi отбасы тәрбиесiнiң әлсiреуiне әкелiп отыр. Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, балалардың тәртібін одан әрі шиеленістіре береді. Жанұядағы кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер күрделене түседі. Себебі, мектепте де баланың жеке басын сыйламаушылық кездеседi. Баланың құқық бұзушылығын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; баланың тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б. [6].

Көптеген ата-аналар өз баласынан өзінің жалғасын немесе кейінге қалдырған армандары мен жоспарларын орындайтын адам ретінде көргісі келеді. Бірақ, өсіп келе жатқан жасөспірімде өзінің өмір позициясы қалыптасады және ол осы позицияны қалыптастыру үшін автономияға ұмтылады. Осындай түрлі позициялар жасөспірімнің үлкендермен, қоғамдағы кейбір көріністерге конфликтіге түсуіне ықпал жасайды. Жасөспірімдерге қарағанда үлкендердің позициялары тұрақты болғандықтан, балаларды олар өз түсінігіне қарай балаларды итермелейді.

Мінез-құлықтағы ауытқушылықтын алдын алу бұл одан сақтандыруға бағытталған шаралардың кешені болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, алдын алу шараларын шартты түрде жалпы және арнайы деп бөлуге болады. Жалпы шараларға адамдардың әл-ауқатын одан әрі көтеруте, олардың білім алуын, еңбек етуін және тұрмыс жағдайын, мәдениеттің ілгерілеуін жақсартуға және жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси шаралар жатады.

Ал арнайы шаралар жалпы шараларға негізделеді. Бірақ осымен бірге мінез-құлықтағы әр түрлі ауытқушылық формалары кезінде кейбір өзіндік ерекшеліктері болады. Осы тұрғыдан маскүнемдік пен алкоголизмнің алдын алудың мынадай өзіндік бағыттары бар. Олар: психогигиеналық, педагогикалық, санитарлық-гигиеналық, дәрігерлік - әлеуметтік, денсаулық сақтау, әкімшілік-құқықтық және экономикалық шаралар. Бұған қоса алкоголизмнің алдын алудағы мемлекеттік шаралар жүйесін әкімшілік, заңдық және медициналық - гигиеналық қырлар тұрғысында қарастыруға болады.

Сол сияқты құқық бұзушылықтардың, сексуальдық девиация және басқаларының алдын алуға арналған шаралар жүйесінің өз ерекшеліктері бар. Алайда бұл аталған жүйелердің бәріне де схематизм мен шарттылық тән болып келеді. Жеке адамның құқыққа сай мiнез-құлқын қалыптастырудың негiзi және сонымен қатар оның өлшемi болып табылатын қоғамның құқықтық мәдениетiн арттыру жөнiндегi тұрақты да, мақсатты жұмысты жүргiзбейінше құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы мүмкiн емес. Өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы заң бiлiмдерiнiң қажеттi деңгейiнiң болуы әрбiр жеке тұлғаның дамуы үшiн мiндеттi шарт болуы тиiс, ал оларды иемденуге ұмтылу оның iшкi сенiмiне сәйкес келуi керек, заң нормаларын орындау жазадан қорқумен емес, белсендi азаматтық-құқықтық ұстаныммен айқындалуы тиiс.

Бұл мiндеттердi iске асыру әрбiр жасөспiрiм үшiн мiндеттi болуы тиiс (құқық нормаларын бiлу және оларды қолдана алу), ал құқық әдiлеттiгiнің кез келген даулы жағдайларды шешу үшiн күш қолдану әдiстерiн пайдаланудан бас тарту оған деген құрметті күшейту, құқықтық ойлау таптаурындарын бiрiншi кезекте өзгертуге бағытталған қоғамдық ақпараттық-құқықтық қамтамасыз етудiң бiртұтас жүйесiн құру қажеттілігі туындайды.

Елiмiздегi криминогендiк ахуалдың барлық параметрлерiне болашақта ықпал етуi ескерiле отырып, жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу ерекше көңiл бөлудi талап етедi. Соңғы жылдары жасөспiрiмдер ортасының криминализациялануының тұрақты өсу үрдiсi қалыптасқан, олардың жасаған қылмыстарының 75% -ы ауыр және аса ауыр қылмыстар (оның iшiнде кiсi өлтiру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, қарақшылық шабуыл) болып табылады. Жасөспірімдер топтасып жасайтын қылмыстарын алдын алу керек.

Қылмыстық қол сұғушылықтарға қатысатын жасөспірімдердің жартысына жуығы оқушылар мен студенттер болып табылады. Көптеген жасөспiрiмдер құқыққа қарсы iс-қимылды, мас күйiнде жасаған немесе бұған дейiн қылмысты болған. Әртүрлi себептер салдарынан әлеуметтiк жетiмдiк және балалардың кезбелiкке салыну проблемасы шиеленiсе түсті [7].

Мұндайда елiмiзде ауыр өмiрлiк жағдайға душар болған және әлеуметтiк оңалтуды қажет ететiн жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарына арналған мамандандырылған мекемелер желiсiн кеңейту өзектi мiндет болып табылады. Алайда, елiмiздiң көптеген аймақтарында мұндай мекемелер өте аз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. В. Т. Кудрявцев, Психология развития человека. - Рига, 1999.

  2. И. Ю. Кулагина, Возрастная психология - Москва, 1999.

  3. Г.А.Сабиева, Формирования самосознания и самооценки. Автореф. дис. канд. психол. наук, -М:1953.

  4. Г. К. Нигметжанова, М. К. Қарбаева, Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекет мәселесі. // Хабаршысы КАСУ №3, - Алматы, 2006.

  5. С. Жұмабаев, Кәмелетке толмағандар арасыдағы құқық бұзушылықтың алдын-алуға тырысудамыз. // Заң, 2005.

  6. Л. Ерменбетова, Личность несовершенолетного преступники (дисс)

- А: 2002.08.28.

7. Е.В. Тилеубергенова, Криминалистическая проблемы использование психолого-педагогических знаний при расследований преступлений несовершеннолетных (дисс) - А: 2002.08.28.



Түйіндеме

Мақалада жасөспірімдік кезеңдегі психикалық ерекшеліктер және қылмыстық іс-әрекеттерін алдын алу жолдары қарастырылған.


Резюме

В статье рассматриваются психологические особенности подросткового возраста, а также их пути предупреждения правонарушений.





































Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Педагогика және Психология» факультетінің, 6М05300- Психология мамандығының 2 курс магистранты Гульшара Жаманбаеваның «Жасөспірімдік кезеңдегі психикалық ерекшеліктер және қылмыстық іс-әрекеттерін алдын алу» атты мақаласына



Сын пікір


Г. Жаманбаеваның бұл «Жасөспірімдік кезеңдегі психикалық ерекшеліктер және қылмыстық іс-әрекеттерін алдын алу» атты мақаласында жасөспірімдік кезеңге толықтай анықтама берген. Қазіргі кездегі күрт өзгерістерге байланысты жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының өсе түсуі өзекті мәселелердің бірі екенін баса көрсеткен.

Мақалада көрсетілгендей жасөспірімдердің құқық бұзуының көбінесе қалада болуы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептерімен түсіндірілген. Баланың өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезу, кері қадамға алғы шарт болатындығы атап көрсетілген. Осыған орай қазiргi кезде бiздiң балаларымыз рухани азып тозбау үшiн қазақ отбасындағы мәдени құндылықтар дамуының мазмұнына аса маңызды көңiл аудару керектігі айтылған. Бүгiнгi таңдағы экономикалық әлеуметтiк жағдайлар отбасы тәрбиесiне үлкен ықпал етiп отыр. Қоғамдағы жұмыссыздық, күн көрiс көзiнiң төмендеуi отбасы тәрбиесiнiң әлсiреуiне әкелiп отыр.

Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, балалардың тәртібін одан әрі шиеленістіре беретіндігі жан-жақты талқыланған.





Ғылыми жетекші,

пс.ғ.к.,доцент Ұ.И. Ауталипова




Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров509
Номер материала ДВ-154938
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх