Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / Мақала: "Зиянды затпен достасқаның, өміріңмен қоштасқаның"

Мақала: "Зиянды затпен достасқаның, өміріңмен қоштасқаның"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Зиянды затпен достасқаның, өміріңмен қоштасқаның.


Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектепте желтоқсан айының 24 жұлдызында «Ұлағат» академиялық топ мүшелерінің ұйымдастыруымен «Зиянды затпен достасқаның, өміріңмен қоштасқаның» атты пресс-конференция өтті. Пресс конференция екі бөлімнен тұрды.

І бөлім. Мини жоба қорғау. Әр бөлімге берілген талаптар болды.Мысалы: жобаға ат қою ,таңдалған заттың зиянын дәлелдеу, қорғау 7-8 сыныптар арасында ұйымдастырылса, ІІ бөлім көрме ұйымдастыру 5-6 сыныптар арасында өтті. Бұл бөлімге қойылған талаптар: көрме ұйымдастырып, ат қою, өз идеясымен (бұрыш,макет,сурет галереясы) эстетикалық талғамға сай болып, сауатты орналастыру. Кештің талабына сай жұмыстарды бағалауға арнайы әділқазылар тағайындалды. Олар: бастауыш сыныптың бас маманы, жоғарғы санатты ұстаз Б.Тұрсынбекова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, қосымша педагог Ғ.Бекбосынова , кәсіподақ төрағасы Б.Балтабек , мектекбіміздің психолог маманы және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Жарылғасина. Кешті оқу ісінің меңгерушісі «Ұлағат» академиялық тобының мүшесі С.Бекбатыр жүргізді. С.Қарпыққызы сөз басын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған бағдарламасында зиянды заттар мен күрес жүргізу керектігі туралы атап көрсеткендігі туралы баса айтып, кештің мақсаты ұлтымыздың болашағына қауіп төніп отырған наша, темекі, арақ-шараптың зиянын дәріптей отырып , алдын алу дей келе:

«Іздеп алған аурудың емі табылмас», "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" , "Арақ ішкен азар ,шылым шеккен тозар , наша тартқан өз көрін өзі қазар", "Мешкейдің түсінен тамақ кетпейді, маскүнемнің түсінен арақ кетпейді" деген халық даналығынан мысалдар келтіріп сөзін нақтылай түсті.

І бөлім мини жоба, берілген талаптарға сай қорғауды 7 «А» сынып оқушылары М.Қайырбеков ,Т.Зиятов «Шылым шегу қауіпті ме?» тақырыбы бойынша қорғады. Жетекшілері мектеп директоры , «Ұлағат» академиялық тобының мүшесі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е. Ақбергенов, информатика пәнінің мұғалімі А.Алжасарова және жас маман, биология пәнінің мұғалімі Г.Исабекова, «Кеңірдектен келген-у» яғни темекінің зияны туралы кең көлемде жан-жақты мағлұмат берді. Слайдтар, видеороликтер арқылы адамдарды өзіне тәуелді ететін нашақорлық қауіпті түрі- темекінің зияны туралы терең түсінік берді. Темекінің адам ағзасын улап қана қоймай, темекіден туындайтын әртүрлі аурулар, жайында және адамның өмір сүру ұзақтығын қысқартатыны туралы мазмұнды баяндады. Темекінің экономикалық тұрғыдан қанша зиян келтіретінін дәлелді түрде көрсетіп, әділқазы мүшелеріне , қатысып отырған көрермендер арасында коучинг ұйымдастырып, темекінің экономикалық тұрғыдан қанша зиян келтіретінін көрсету үшін есеп жүргізді. Көрермен арасында темекі тартатын ағаларымыз да, осы әдеттен арыла алмай жүргендерін жасырмай, оқушыларды мұндай зиянды әдеттен аулақ болуға шақырды. Зерттеуге байланысты 350 теңге бағадағы темекі тартсаң, 1 жылда 127 750 темекі түтініне жұмсаған қаржыға отбасы мүшелеріне қажетті заманауи технологиялық бұйымдар мен денсаулықты нығайту үшін әртүрлі спорттық заттарға жұмсауға болатынын слайдттар арқылы суреттеу арқылы көрсетіп, «Шылым шегуге жол жоқ, біз денсаулықты таңдаймыз!» деген ұранмен мәнді аяқтады. Жобаны қорғаған оқушылардың еңбектері әділ бағаланып, І орынды иеленді. Оқушылармен қоса жетекші мұғалімдерге де І орын беріліп, мадақтамамен марапатталды

Ішімдіктің адам өміріне зияны туралы Р.Нұрболұлы. Маскүнемдік – кеселді дерт әз-әзіл тақырыбында сөз қозғады. Арақ ұғымы текті қазақ халқының сөз байлығында жоқ , болған емес . Әсіресе тәуелсіздігімізді алғанша шұбат , қымыз, айран ,бұлар сирек кездесіп , керісінше ,арақтан аяқ алып жүргісіз болғандығымыз туралы видио- роликтер арқылы адам баласын аздыратын алкагол өкілдерінің организмге әсері мен адамның өмір сүру ұзақтығының қысқаруына әкеп соқтырады және қорқынышты суреттер көрсетіліп , бұл ненің әсері , ненің салдары деген ойлы сұраққа жауап беру және ішімдіктен 4-5 күнде бір адам өмірден өтетіндігін түсіну мақсатында адам организміндегі құнды мүшелерге әсері қандай екендігіне көзімізді жеткізіп , ми, жүрек, бауыр , ұйқы безі , өңеш , қанның ішімдіктен кейінгі әр дене мүшесінің өзгерісінен сюжеттер арқылы дәлелді көрсетті .Бұл жобаны шебер ұйымдастырған жетекші мұғалімдер «Ұлағат» академиялық топ мүшесі , информатика пәні мұғалімі А.Төлахметова және жоғары санатты физика пәні мұғалімі, тәрбие ісінің меңгерушісі А.Байжігітова , сонымен қоса тәлім алушы жас маман география пәнінің мұғалімі А.Көшкінбаева оқушысымен 2 орын иегері атанып , алғыс хатпен марапатталды .

8 А сыныбы. «Психотропты зиянды зат » тақырыбында оның ішінде насыбайдың адам өміріне зияны туралы А.Қайырбекова қазіргі кезде жоғары сынып оқушыларына жүргізілген эпидемологиялық тексерулер шылым шегу , шарап ішу ,анаша, насыбай ату жастардың арасында кеңінен таралып , әсіресе насыбай ату бірінші орынға шығатыны туралы және насыбай – темекі ұнтағының күлі , қалампыр қосып жасалатын ащы күшті иісті зиянды зат екенін, насыбайдың зияны туралы адамның өмірін оның құрамындағы химикалық заттарды тізбектей келе рак, ішек құрттары, белсіздік, ауыз қуысы және ас қорыту жүйесін қатерлі ісікке ұрындыратынын, яғни насыбай-есірткі, оны бір пайдаланған адам өз еркімен бас тарта алмайтыны туралы слайдтар көрсету арқылы толық мағлұмат беріп, жетекшілері «Ұлағат» академиялық тобының мүшесі, бастауыш сынып мұғалімі С. Смағұлова, және тәлім алушы жас маман математика пәні мұғалімі М.Тұрысбек, сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Б.Дауытов 3 орын иеленіп, мадақтау қағазымен марапатталды. 9-11 сыныптар оқушыларына зиянды әрекет атаулары жазылған қима қағаздар үлестіріліп, әр оқушы оның қауіпті туралы айтып, барлық зиянды заттар өмірімізден жойылсын деген мақсатпен сол жерде өртелді.

І бөлім сонында 6“ Б” сынып оқушылары Е.Қапан мен Д.Биахметов “Қымыз бен Арақ”айтысын жырлап, көрерменді бір серпілтіп тастады.

ІІ бөлімде көрме ұйымдастыруға және жұмыстарын қоғауға қатысқан 6 "A" сынып оқушыларынан “Есірткі- тұйыққа апарар жол” деген тақырыпта қөрме ұйымдастырып, жалпы осы есірткі деген не, ол қандай құмарлық,нашақорлық және нашақор деген не, нашақорлар ақшаны қандай жолмен табатыны туралы ізденіспен жұмыс жасап, эссе, сурет салу арқылы және кітапханадан алған зиянды заттар туралы материалдардан көрме ұйымдастырды. Бұл сыныптың жетекшісі "Ұлағат" академиялық тобыныңың мүшесі биологиялық пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі С.Бекбатыр және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ғ.Акишева 2 орын иеленіп, марапатталды.сірткіден жан-жақты туындайтын зардаптар туралы, оның әкелетін биологиялық зардаптары, әлеуметтік және экономикалық зардаптарын 5 "А"сынып оқушылары М.Мәдениетова, А.Мақсұтова, Д.Абылғазина кіші болса да ойларын алыстан сермеп, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандықтарға жолдаған бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек екенін атап көрсетті. Темекі шегуді тоқтату , маскүнемдік пен араққа қарсы күрес, нашақорлыққа , наркобизнеске қарсы күреске байланысты іс- шарада өз үлестерін қосты.

«Зиянды затты қолданғаның , өз болашағыңды құртқаның» атты тақырыпта 5«Б» сынып оқушылары А.Серікбаева, Ж.Ғабдулсейітова зиянды заттар темекі , ішімдік, есірткі қай жылы шыққаны , қай елден келгені , оларды қолданған адамдар қандай дәрежеге жеткені туралы айта отырып, зардап шеккен адамдардың фотосуреттерін көрсете отырып, болашақ жол ұрпаққа зиянды заттарға үйір болмауға және салауатты өмір салтын ұстауға шақырды .

Бұл сыныпты дайындаған тәлімгер ұстаз Д.Дәрібаев пен тәлім алушы жас маман өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі М.Көксегеноваларға 3-орын беріліп, мадақтау қағазымен марапатталды.

А» сынып оқушылары құраған бұтақтардан талдың макетін жасап , бұтақтарына зиянды заттардың суретттерін , соның салдарынан болатын зардап, қасірет түрлерін іліп, «Өз өмірің – өз қолыңда» атты сурет галереясын ұйымдастырды. Яғни , адам бейнесін тал негізінде сомдап , ешқандай тіршілік жоқ, қураған жапырағы да, тамыры да жоқ талмен тең болатынын көрсету арқылы оқушылардың ізденімпаздығы, сыни ойлауының тереңдігін байқатып , жобаны қорғаған оқушылар А.Болатова , Б.Сәметханова және жетекшілік еткен академиялық топ мүшесі, математика пәнінің мұғалімі Д.Жақтаева, бастауыш сыныпта сабақ берген мұғалімдері Ш.Ризина 2 орынды иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.

6 «Б» сынып оқушылары. «Зиянды әрекеттен сақтан!» атты көрме ұйымдастырып, арақ, темекі, сыра, солардың кесірінен өзгеріске ұшыраған дене мүшелерінің макеттерін, суреттерін эстетикалық талғаммен жасағаны көрермен қауымын тамсандырды. Оқушылар зиянды әрекеттер туралы ассоциация құрап өз шығармашылықтарын оқыды. А.Бекенова арақтың талай жанұяны шайқалтып, тоздырғаны туралы жыр шумақтары, Арақ пен Денсаулық туралы шығарған айтыс өлеңі мазмұнды шықты. Ж.Ғалымбекова матадан темекі жасап, реферат жазып, темекі туралы шығарған өлеңі әсерлі болса, ауылымыздың имамы Ғ. Сейсенбайұлының немересі Э.Жұмажанов. “Дұрыс таңдау жаса” деген тақырыпта жасаған суреті мен макетін имандылық жолмен дәлелдеп қорғады. Ол сөзін «Туған жерім Қазақстанда, түбім түрік, дінім ислам діңгегім деп өмір сүріп жатырмыз. Парам мен палалды ажырататын жасқа келдік, санаңды, ойыңды, ақылыңды улайтын нашақорлықтан аулақ болайық, оған бой ұсынып қалсаң жан алғыш әзірейілдің өзі ажал төндіретін тартпасымен келіп тұқымыңды тұздай құртпай ма? деп сауал қою арқылы бізге ибалы ел, иманды дос керектігін, жақсыдан үйренуге шақырса, А.Тілебалдин темекі макетін кісен түрінде жасап, темекі тарту, арақ ішудің арты неге апарып соққызатыны туралы баяндады. Е.Қасымжанов арақтың макетін жасап, оның кесірінен жол апаттары, арақтан бұзылған дене мүшелерінің макетін көрсетіп, ойын нақты жеткізіп, темекі түтіні қартайғанда көксау ауруына ұшырататынын айтса, М.Маденова зиянды әрекеттердің түбі неге әкелетіні туралы құрған ассоциясын шебер қорғады.Бұл сыныптың жетекшілері академиялық топ мүшелері жоғары санатты математика пәні мұғалімі С.Үркімбаева, орыс тілі пәнінің мұғалімі Ж.Қайырбекова және осы шебер де, жан- жақты ойлайтын оқушылардың бастауыш сынып мұғалімі А.Мәрденовалар оқушылармен бірге 1 жүлделі орынға ие болып, мадақтау қағазымен марапатталды.

Әділқазы алқа мүшелері кештен ерекше әсер алғандары туралы қортындылап, болашақта осындай шара аудан көлемінде ұйымдастырылса деген ұсыныс білдіріп, мектебіміздің кітапханашысы А.Омароваға да зиянды заттар туралы кең көлемде мағұлмат жинауға көмектесіп , көрме ұйымдастыруға атсалысқаны үшін алғыс білдірді.

Ия, біздің өміріміз қаншалықты зиянды әрекеттерден тұратынын көпшілігіміз ескере бермейміз. Яғни, көп жасау, дені сау, бақытты болу әр адамның өз колыңда.Сөз соңында:

О жаратқан, жаратқан!

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды үшеуін

Қандай пәле таратқан?

О адамдар, санаң бар

Үш пәлеге қараңдар

Үшеуі де үлкен жау

Бүкіл әлем алаңдар

Арақ, темекі, есірткі

Үшеуі де ауыр дерт

Бүкіл елді бүлдірмей

Арамыздан аулақ кет! демекпіз.

Қайырбекова Ж, Алжасарова А

Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектеп КММ

Абай ауданы, Саржал ауылы




Автор
Дата добавления 09.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров81
Номер материала ДБ-334445
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх