Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Мақала "Оқытудағы жаңа тәсілдер"

Мақала "Оқытудағы жаңа тәсілдер"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Завка на участие в научно-практической конференции

Ф.И.О

Даниярова Салтанат Абулгапаровна

Место работы

Красноярская школа №2

Должность

Учитель азахского языка и литературы

Ученая степень, звание


Почтовый адрес с индексом

Акмолинская область г.Кокшетау с.Красный Яр, ул.Геологов,8/1

Контактный телефон

404161(раб), 404006(дом)

Электронный адрес

Saltanat.tasbulatova@mail.ru

Направление

Филология , казахская

Тема доклада

Оқытудағы жаңа тәсілдер.

Потребность в ТС


Потребность в гостинице



























Оқытудағы жаңа тәсілдер.

Даниярова С.А.

2 Красный Яр орта мектебі, Көкшетау қаласы

Saltanat.tasbulatova@mail.ru



Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін талап етеді.Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласында мектеп үшін, мұғалімдер үшін ең басты мәселе - «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Білім беру саласында оқушылар үшін білім де , дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі- оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударылу болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Қазақстан – 2050”стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында атап көрсеткеніндей, білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадрлар даярлаумен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Қарқындап дамып келе жатқан ғылым мен білім саласындағы талаптарына сай оқыту-мұғалімнің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Жаңа білім беру парадигмасы жаңа форматтағы сабақтарды қарастырады.

Білім беру әдістері жаңғыртылады.Жаңа форматтағы сабақтарда оқушыларға көбірек еркіндік беріледі.Дәстүрлі сабақтарға қарағанда мұғалім бағыттаушы, көмекші рөлін орындаушы болады.Қазіргі сабақтардың құрылымы баланың тұлға ретінде дамуына үлкен ықпалын тигізгені абзал.

Соның бір тиімді әдісі - топтағы бірлескен жұмыс.

Бірлескен оқу- бұл оқыту мен оқу тәсілі, тапсырмаларды орындау оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.Бірлескен оқуда оқушылар бір- бірімен әңгімелеседі және әңгімелесу арқылы білім алады.

Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоцианалдық тұрғыдан дамиды.Олар бір-бірінің көзқарасын тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

Сабақтың тиімділігі интербелсенді әдістермен ерекшеленеді:

1.оқушылар топқа бөлінеді

2.топта бірлесіп жұмыс істеу үшін топ ережесі қабылданады;

3.постер қорғайды (тақырып бойынша орындаған жұмысты топ атынан ортаға шығып қорғау)

4.сергіту сәті;

5.рөлдік ойындар;

6. оқу және оқыту үшін формативті және суммативті бағалау;

7.кері байланыс.

Сабақтың басында сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату қажеттілігі – сабақтың тартымды өтуінің алғы шарты.Бірлескен топтық жұмыста оқушы топ жұмысына өзінің енгізген үлесін сезіну қажет.Оқушының саналы білім алуы мен ойлануы түсінуіне, өзін -өзі реттеуге, соның ішінде қатесін танып-білуге жеке тұлға болып дамуына жол ашады. Бірлескен топтық жұмыста оқушы өзінің қабілетін аша алады.Постер жасағанда сын тұрғысынан ойлап, бір мәселенің бірнеше шешімін іздеу мақсатында шығармашылық ойлауы(дивергентті ойлау) басым болады.Өздері жасаған жұмысты қорғау барысында топ атынан шыққан оқушыда эмоцианалдық –өнегелілік сауаттылығы ашылады, жан-жақты дамиды, психологиялық тұрғыдан өзіне деген сенімі артады.Оқушының көшбасшылық қабілеттері қалыптасады.

Дәстүрлі сабақтардағы сергіту сәттерінен жаңа форматтағы сергітулер бейнелі түрде өтеді, яғни АКТ-ның көмегімен, әсерлі музыканың сүйемелдеуімен оқушылар би ырғақтарын орындау барысында сергиді, көңіл- күйлері көтеріледі.

Сабақтағы бағалау оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп қарастырылады. Бұл үрдіске баланың дамуы , оқуы және ынтасы , оқушының өзін-өзі бағалауы, жұптық бағалау , қабілеттілігі, күш-жігер сияқты құндылықтар жатады.Бағалау процесіне оқушылар араласады. Ол үшін мұғалім сабақ барысында оқушыны ынталандыратын , сабақтың әр кезеңін қамтитын әдістерді қарастырған жөн.Сабақта бақылау парағын жүргізу қажет.Бағалау парағында бағалау критерийлері оқушының сабаққа қатысқандағының дәлелі болып табылады. Бағалаудың екі түрі бар, формативті (қалыптастырушы) және суммативті(жиынтық).Оқу үшін бағалау (формативті) – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек екендігін және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтайды. Мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға болмайды, оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет.

Оқуды бағалау(суммативті) белгілі бір ауқыт ішінде болатын бағалау(тоқсандық , жылдық, бақылау жұмысы, тестілеу). ҰБТ нәтижесіндегі баға тікелей суммативті бағалауға жатады. Бағалаудың принципі оқушыларды «жаман» және «жақсы» оқушы деп бөліп тастауда емес, оқушының биік мақсатты құнды нәтижеге жетуінде.

Сабақтың аяғында оқушы мен мұғалім арасында кері байланыстың маңызы өте қажет.Кері байланыста (рефлексия) оқушы сабақтан алға әсерін жазады, ұнамаған сәт болса, ұсынысын жазады. Ол мұғалімге келесі сабағына дайындалғанда ұсынысты немесе көңіл бөлетін сәттерді ескертуге қолайлы құрал.

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді»,- дейді Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. 

Нәтижелі білім алу мұғалімнің оқушының өздігінен ізденіп, білімді меңгеруінде, оның көзқарасының қалуыптасуына дұрыс амал- тәсілдерді қолдана білгенінде. Мұғалім мен оқушының білім игеруді бастауы өзара үйлесімді болуы қажет. Әдетте, жақсы оқитын оқушылардың да алған білімдерін есте сақтау қиындық туғызып, тестіден немесе емтихан өткеннен кейін ұмыт қалады.Осыған орай әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек. Берілген сызба бойынша (оқу пирамидасы) оқушының сабақта алған ақпарат сақтауының орташа пайызы көрсетілген:


дәріс


10% дәріс оқу

20% аудио-визуалды қабылдау


30% көрсетілім

50% талқылау


75% тәжірибеде жасау

90% өзгелерді оқыту

оқу пирамидасы


Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді.Мұғалім оқушылардың не білетінін, нені жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын , әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысу керек. Сондықтан мұғалім мына тезистерді ескерген жөн:

-жаңа тақырыпты оқыту адамның нені білетіні және түсінетінімен байланысты болады;

-оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады;

-осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет;

-оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға және сынақтан өткізуге уақыт беру қажет;

-оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беру қажет.

Топтық бірлескен жұмыс нәтижесінде оқушылар арасында ынтымақтаса оқу қалыптасады, бала өз ойын еркін айтуға төселеді, топ ішінде жұмыс істеп, өзінің қабілетіне қарай өз үлесін қосады.Сын тұрғысынан ойлау нәтижесінде маңызды мәселені ой елегінен өткізіп, пайымдауға, интерпретациялауға үйренеді. Қабілеті төмен оқушы жолдастарының көмегі мен ықпалы арқылы өз білімін толықтырады, өзіне деген сенім артады, ұжым ішінде өзгенің пікірімен санасуға, басқаның ойын қолдауға үйренеді. Өзгені үйрету арқылы оқушының білімі артады, жолдасын оқыту барысында жуапкершілік пайда болады, сынып ішінде сыйластық орнайды, өзін-өзі бағалауда, жұптық бағалауда әділ болуға үйренеді, өзін-өзі реттеуге уәжделенеді (мотивация алады).«Бала оқытудың мақсаты - мұғалімнің көмегінсіз әрі қарай дамуға қабілетті болу»,- деп

Э. Хаббард оқушының алған білімін өмірде қолдана білгенін құптайды.

Сабақтың тиімділігі мен мұғалімнің табыстылығы сабақтың құрылымы, қойылған мақсатына байланысты. Алға қоятын мақсаттарды SMART өлшемдеріне (критерийлеріне) сәйкес айқындаудың маңызы зор. 

SMART сөзі келесідей ағылшын сөздерінің бастапқы әріптерінен құралған: 
S – specific - «нақты» 
M – measurable - «өлшеуге болатын» 
A – areal - «аймағы айқын» 
R – relevant - «шынайы» 
T – time-bound - «уақыты айқын».


Пайдаланылған әдебиет:

  1. « Қазақстан – 2050стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. « Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Жаңа білім беру парадигмасы жаңа форматтағы сабақтарды қарастырады.

Білім беру әдістері жаңғыртылады.Жаңа форматтағы сабақтарда оқушыларға көбірек еркіндік беріледі.Дәстүрлі сабақтарға қарағанда мұғалім бағыттаушы, көмекші рөлін орындаушы болады.Қазіргі сабақтардың құрылымы  баланың тұлға ретінде дамуына үлкен ықпалын тигізгені абзал.

Соның бір тиімді әдісі - топтағы бірлескен жұмыс.

Бірлескен оқу- бұл оқыту мен оқу тәсілі, тапсырмаларды орындау  оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.Бірлескен оқуда  оқушылар бір- бірімен әңгімелеседі және әңгімелесу арқылы білім алады.

 

Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоцианалдық тұрғыдан дамиды.Олар бір-бірінің көзқарасын тыңдап, өз идеяларын айтуға  және қорғауға мәжбүр болады.

Автор
Дата добавления 28.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров445
Номер материала 547629
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх