Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мақала "Жаңаша оқыту – жетістік көзі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мақала "Жаңаша оқыту – жетістік көзі"

библиотека
материалов

C:\Users\777\Desktop\cbbe136b15f0.jpg

Алматы облысы, Қаратал ауданы,

С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ-ның

информатика пәні мұғалімі

Мухатаева Назира Далибековна, 1 деңгей


Жаңаша оқыту – жетістік көзі


«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» 2014-жылдың 17-ші қаңтарында Президенттің Қазақстан халқына кезекті 18-ші жолдауы жарияланды. Елбасы Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ауқымды жұмыстардың күтіп тұрғандығын хабарлады. Білім беру ұйымдарына заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Болашақта оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс екендігін атап көрсетті. Әрине бұл мәселені шешу негізінен педагог мамандарына жүктелуде.

Мұғалім мамандығы ең бір тоқтамайтын, іштей қайшылықтар әлемі. Ол ескішілдік пен жаңашылдық, адам қоғамының және ойдың қозғалысы, дәстүрлерді сақтау үрдісі және өзіне тұрақты кешегіні мойындамау тайталастығынан тұрады. Ал қазіргі ақпараттандыру технологиялары ғасырында, уақыт мұғалімдерден өздерінің міндеттерін өзгертуін талап етуде. Бұрын мұғалімнің негізгі функциясы тәжірибені трансляциялау болса, қазіргі заманауи мектепте мұғалімнен міндеттерді жобалау және әрбір оқушыны жеке және зияткерлік мүмкіншілігі бойынша дамуын басқаруды талап етілуде. Осы мақсатта оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдер анықталуда. Барлық модульдің көздеген мақсаты - оқушыларды өзін-өзі реттеп, бағалап, бақылауға, ойларын ашық айтып, өздері шешім қабылдап, бір-бірімен пікір таластыруға үйрету.

Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу екенін түсінген біздің Қаратал ауданының деңгейлі бағдарлама бойынша курс материалдарын меңгерген ұстаздар қауымы бар күшімізді өз ауданымыздың мектептеріндегі шәкірттеріміздің білімін көтеруге жұмсаудамыз. Аудан бойынша желілік қоғамдастығының жоспары жасалып, бекітіліп, сол жоспар бойынша іс-шаралар өтуде. Қыркүйек айында М.Горький атындағы мектепте  «Lesson Study-сабақты зерттеу, зерделеу, білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл» тақырыбында аудандық желілік қоғамдастығының коучингісі өткізіліп, мектептерде, мысалы С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ-да бірнеше сыныпта оқушыларды зерттеу жұмыстары басталса, қазан айында шалғайда жатқан Жамбыл атамыздың атындағы ауыл мектебінде жаңадан ғана директор болып жұмысын бастаған жаңашыл Гульмира Кондыбаева басқарған ұжымда іргелес жатқан үш мектептің көшбасшылары ұйымдастырған «Орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарлау және практикада қолдану» тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға аудан мектептерінің курстан өтпеген әдістеме бірлестіктерінің жетекшілері, басқа мектеп көшбасшылары, аудандық білім бөлімінің әдіскері, жетекші мектеп көшбасшылары және басқа облыс мектептерінің мұғалімдерімен қатар Текелі қаласындағы құзырлы орталық үйлестірушісі қатысты. Алдымен қатысушыларға Талдықорған қаласындағы Деңгейлік бағдарлама міндеттерін сапалы іске асыру мақсатында желілік қоғамдастықты дамыту тәжірибесімен алмасу үшін педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен құрылған жетекші мектептердің қызмет бағыты және серіктестік мектептермен байланыс жасау жолдары туралы жетекші мектептердің көшбасшылары мен құзырлы орталық жетекшісі Күләш Сәрсембаева түсіндіріп, ұстаздарға бағыт-бағдар берді.

Ары қарай семинар белгіленген тақырып бойынша жалғасты. Ұстаздарымыздың үш ай бойы оқыған, еңбектенген жұмысының сая кетпегенін өткізілген Жамбыл ОМ-нің бірінші деңгей курсын бітірген бастауыш сынып мұғалімі Малдыбаева Дамираның «Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау» тақырыбындағы коучинг-сесиясынан, Қ.Байсеитов мектебінің 3 деңгей курсын бітірген мұғалімі Бухабаева Раушанның 3 сыныпта өткізген «Күз кереметі», Калпе ОМ-нің 3 деңгей өткен география пәні мұғалімі Сұлтанов Марленнің 7 сыныпта «Атмосфера» тақырыбында өткізген жаңа форматтағы сабақтарынан көре алдық. Ескіге түсу өте оңай, ал баспалдаққа, жаңашылдыққа ұмтылу, ол үшін іздену әрине қиын. Мұғалімдермен өткізілген коучингті Дамира Сапашқызының Қазақстанда білім сапасын арттыру мақсатында болып жатқан өзгерістермен таныстырудан бастауының өзі ауданымыздың ауыл мектептері жаңашылдыққа жан дүниесімен кірісіп кеткенін көрсетті. Біз осы ұстаздарымыздың сабақтарынан шәкірттерінің өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз беттерінше меңгеруі, бір-біріне көмектесуі, топпен жұмыс істеудегі ынтымақтастығы, бір-бірін, өздері - өздерін және топтарды бағалаулары ұстаздарымыздың білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып жүргендері байқалды. Сабақтарында коллаборативті орта туғыза білулері, соның арқасында көптеген оқушыларда қобалжу деңгейі төмендегені, табысқа жете алмай қаламын ау деген қорқыныш, кейбір тапсырмаларды орындай алмай қалсам қалай болар екен деген күдік, байқалған жоқ. Оқушылар ынтымақтастықта жұмыс істей отырып бірін-бірі үйретті, топтық жұмыстар сыныптағы психологиялық ахуалды жақсартты, бір-бірін құрметтеп, диалог құрды және көзқарастарын дәлелдей алды.

Осы семинар нәтижесінде оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс істеуі, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге бейімділігі, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алатындығы, өзіне-өзі баға беретіндігі, сыныптастарын әділ бағалай білетіндіктері, бір-бірін тыңдай алатындығы, тақырыпты талдауы, салыстыра білулері, сабақты қорытындылауға белсенді қатысатындығы арқылы семинарды өткізген ұстаздар қауымы сабақ берудің жаңаша идеяларын өз тәжірибесіне енгізе отырып қазақстандық білім жүйесін тағы да бір қадам алға көтеруге септігін тигізді деп ойлаймын. Қатысушылар өздеріне қажет болады деген ақпараттарды жазып, бейне камераларға түсіріп, енді ары қарай өз тәжірибесін дамытуға қолданатындығы сөзсіз. Кез келген бірігіп істеген іс білімге деген құштарлықты шыңдайды. Осы семинар соңында қатысушылар рефлексиясынан ауданымызда әлі де болса осындай іс-шаралар жиі болып тұрса нұр-үстіне нұр болар еді деген ұсыныстары қуантарлық жай. Енді ары қарай ауданымыздың білім сапасын көтеру мақсатында жоспарланған іс-шаралар жалғасын табады.

      Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық аудан мектептерінің үнемі сабақтарында қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізетініне кәміл сенемін. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп екенін көріп жүрміз. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.


С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ- ның информатика пәнінің I деңгей мұғалімі Н.Д.Мухатаева.

Краткое описание документа:

Мұғалім мамандығы ең бір тоқтамайтын, іштей қайшылықтар әлемі. Ол ескішілдік пен жаңашылдық, адам қоғамының және ойдың қозғалысы, дәстүрлерді сақтау үрдісі және өзіне тұрақты кешегіні мойындамау тайталастығынан тұрады. Ал қазіргі ақпараттандыру технологиялары ғасырында, уақыт  мұғалімдерден өздерінің  міндеттерін  өзгертуін талап етуде. Бұрын мұғалімнің негізгі функциясы тәжірибені трансляциялау болса, қазіргі заманауи мектепте мұғалімнен міндеттерді жобалау және әрбір  оқушыны жеке және зияткерлік мүмкіншілігі бойынша дамуын  басқаруды талап етілуде. Осы мақсатта оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдер анықталуда. Барлық модульдің көздеген мақсаты - оқушыларды өзін-өзі реттеп, бағалап, бақылауға, ойларын ашық айтып, өздері шешім қабылдап, бір-бірімен пікір таластыруға үйрету.

Автор
Дата добавления 11.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров980
Номер материала 110620
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх