Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Мақала:БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Мақала:БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Айғожина Арайлы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ

Қазыбек бекетіндегі орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ағылшын тілі мұғалімі


Зертеудің өзектілігі:

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2050 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет . Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым - профессор Б. Кенжебаев: «Бала біздің болашағымыз». Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.Менің болашақ мамандығым ұстаз болғандықтан, жас ұрпақтың тағдыры мен үшін әрдайым өзекті. Қазіргі таңда бастауыш сынып ұстаздары үшін оқушыларының мектепке дайындығы мен бейімделуі бірқатар кедергілер мен қиындықтарға толы.

Осыған орай менің мақсатым:

  • Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінде ұстаздың рөлі.

  • Мектептке бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтар әсері.

  • Бастауыш сынып оқушыларының даярлығын аспектілерін айқындау.

  • Ұстаздың негізгі көңіл аударуға тиісті беймделудің шарттарын қарастыру.

Міндетім:

  • Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығын көтеру жолдарын қарастыру.

  • Баланың мектепке әзірлік өлшемдерін талдау,

  • Баланың мектепке деген ынтасын, қызығушылығын арттыру жолдарын;

  • Бастауыш сынып ұстазының бойындағы ізгілікті қасиеттердің оқушы бейімделуіндегі маңыздылығын;

  • Баланың мектепке бейімделу нышандарын анықтау.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы
бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.

Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.

Баланың мектепке бейімделу нышандарын мынадан байқауға болады:

      ■ Біріншіден - баланың оқу үдерісіне қанағаттануы. Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды.

      * Екіншіден - баланың бағдарламаны жеңіл меңгеруі үшін оған осы қиын кезде қолдау жасау керек. Баланың баяулығын сынамау керек. Егер мектеп қарапайым және бағдарламасы дәстүрлі болып, ал бала оқу кезінде қиналатын болса, онда оған қиын сәттерде көмек көрсетіп, баяулығын, білмейтіндігін сынамау, сондай-ақ басқа балалармен салыстырмау қажет. Әр бала ерекше, әрі әр түрлі.

      ■ Табысты бейімделудің келесі нышаны -баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек сұрауы. Көбінесе ата-аналар баласына соншалықты ынтамен «көмектеседі», кейде бұл қарсы нәтиже беруі мүмкін. Оқушы ата-анасымен немесе жақындарымен бірлесе сабаққа дайындалуға үйреніп алады. Мұндай жағдайда сіздің көрсететін көмегіңіздің шегін белгілеп алуыңыз қажет.

      * Баланың мектептегі ортаға толығымен қосылуының ең маңызды нышандарының бірі оның сыныптастарымен, мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатынас жасайды, балалар ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді және өзіне көмектесуге қарсы болмайды.

М.М.Безруких, С.П.Ефимова баланың мектепке бейімделуін ұзақ мерзімде процесс ретінде қарастырып, оны әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық жақтарын сипаттаған. Орыс педагогы Зимняя И.А.өзінің «Педагогическая психология» деген еңбегінде баланың мектепке физиологиялық бейімделу үдерісін қарастырады:

      а) Физиологиялық бейімделу.

Оқу басталуына байланысты жаңадан әсер етуші ықпалдардың әсерінен балалардың ағзасының барлық жүйесі қарқынды түрде жауап қайтарады. Бұл «физиологиялық толқу» айтарлықтай ұзақ уақытқа - 2-3 аптаға созылады. Осы кезеңде ресурстарды үнемдеу туралы айтуға да болмайды, себебі мұнда барлық күш-жігер жұмсалады. Сондықтан ата-аналар осы кезеңде әрбір бала жоғары физиологиялық күш жұмсайтындығын ескеруі тиіс.Оқушы қандай жұмысты орындасын, мейлі ол ақыл-ой жұмысы болсын, мейлі амал жоқтан отырып істейтін қосалқы жүктеме болсын, немесе үлкен әрі таныс емес ұжымда қарым-қатынас жасауға психологиялық жүктемеге ағза, яғни оның әрбір жүйесі өзінің күшіне, жұмысына жауап қайтаруы қажет. Бала ағзасының мүмкіндіктері шексіз, ұзақ күш жұмсау, соған байланысты шаршау немесе болдыру баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екендігін барлығымыз да білеміз.

 Мұның барлығын айтып отырғанымыздың себебі, біз кешегі тынымсыз балалардың тез шаршағыш болатындығын, оларды партада «тағы да бір сағат» отыра тұр деуге мәжбүрлеудің болмайтындығын, күн тәртібін сақтау керектігін білеміз. Мынаны есте сақтау керек: бала өмірінде қайта құрудың қиындығы барлық балалардың басынан өтеді. Мектепке бейімделудің баяулауының бастысы - бала денсаулығы, сондықтан олардың денсаулығына мән беріп, ауру-сырқауларын емдеп жазу керек.

      б) Әлеуметтік-психологиялық бейімделу.

 Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді. Олар ұжымға тез қосылып кетеді, сыныпқа үйренеді, жаңа достар табады; үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, сабырлы, байыпты болып, мұғалімнің талаптарын өз еркімен еш қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық ережелерін орындай қоюы қиынырақ, бірақ қазан айының соңына карай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне, жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі.

      Ал кейбір балалардың мектепке бейімделуіне біраз уақыт қажет; олар бір ай немесе одан да көп уақыт бойы сабақта ойнап отыруы мүмкін немесе мұғалімнің ескертуіне қарамай сыныптастарымен төбелесуі мүмкін (немесе керісінше «кішкентай балалар сияқты» жылап және олардың оқу бағдарламасын меңгеруі қиындыққа түсуі мүмкін. Тек бірінші тоқсанның соңында ғана олардың тәртібі дұрысталады.

      Басқа балаларда оқу бағдарламасын меңгеруден басқа мейлінше маңызды қиындықтар болуы мүмкін. Олардың тәртіптері нашарлап, көңіл-күйіне кері әсер етеді. Мұғалімдер мен сыныптастары көбінесе осындай балаларға шағымданады. Мұндай балаларды көбінесе сынып ұжымы қабылдамайды, ал бұл олардың керісінше қарсылығын, наразылығын тудырады - үзілісте төбелеседі, сотқарлық жасайды, айғайлайды, сабақта өзін дұрыс ұстамайды. Егерде мұндай тәртіптің себебін дер кезінде анықтамаса, бұл жүйке жүйесінің жұқаруына және психикалық денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан, егер баланың тәртібі мұғалімді, ата-аналарды мазасыздандыратын болса, балалар психологы мен психоневролог дәрігерге көрсету қажет. Әрине осындай психологиялық жүктемелер мен бірінші сынып оқушысының өмір сүру қалпын қайтадан өзгерту «физиологиялық деңгейде» жүзеге асырылады.

Баланың мектепке бейімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:

Біріншісі, мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақты орындау және тб. Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб. Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдетердің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жағдайларды дұрыс ескергендері маңызды.

Екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларымен және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар.  Жай ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің авторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық, мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Ейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның күн тәртібімен санасады.

Үшінші  түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының  ортасына қарай сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол төмендейді және бәрібірлікке ауысады.

Қорытындылай келе біз мейірбан адамдар болып, балаларды қаз - қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көруіміз қажет. Өзіміздің жан - шуағымызды балаларға алаламай тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейрімділігіміз бен махаббатымыз педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі болуы тиіс. Балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірім олармен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басымен намысына тиюге, ұрсып, қорқытуға жол бермейді.
Біз ұлт болашағын, еліміздің келешегі - жас ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды әсте ұмытпаған жөн. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуіміз қажет.
Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Шәкірттеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін!



























      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

      1. Венгер Л.А., Венгер А.Л. Готов ли ваш ребенок к школе? - М.: Знание, 1994.

      2. Зимняя И.А.Педагогическая психология. Учебник для вузов. Изд. Второе, доп., испр. И перераб. - М.: издательская корпорация «Логос», 1999.

      3. Воликова Т. В. Учитель и семья. - Москва, 1987.

      4. Гребенщиков И. В. Школа и семья. - Москва, 1985.

      5.  Диагностика школьной дезадаптации: Для школьных психологов и учителей начальных классов системы компенсирующего обучения. - М.: Редакционно-издательский цент Консорциума "Социальное здоровье России", 1995.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-060535
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>