Инфоурок Школьному психологу СтатьиМақала"ҰБТ-ге психологиялық көмек"(11 сынып)

Мақала"ҰБТ-ге психологиялық көмек"(11 сынып)

Скачать материал

«Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















ҰБТ-ға психологиялық көмек













Психолог: Макашева Умит





Сүмбе ауылы

2015-2016 оқу жылы

ҰБТ-ға психологиялық көмек

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқытумен тәрбиелеудің құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерісімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат жеке тұлғаның білім, білік дағдысын механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін – өзі көрсете алатын жеке тұлға ақыл-ойын, тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту. ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қортынды мемлекеттік аттестаттауы мен жоғарғы оқу орындарының қабылдау емтихандарының біріктіру болып табылады.

ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
ҰБТ – оқушылар үшін ең маңызды кезең болып табылады. Себебі,ҰБТ-оқушылардың орта білімін бағалау көрсеткіші болып табылады. Бір ұпайдың жетпей қалуы оқушылар мемлекеттік оқу гратынан, жоғарғы оқу орнына түсу мүмкіндігінен айырылады. Оқушылар қажетті ұпай санын жинай алмау – үлкен психологиялық дағдарыс болып табылады. Жалпы ҰБТ-ге дайындық- көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде. Оқушылардың ҰБТ жайындағы жеке басының психологиялық күй-жайы оларды нашар күйзеліске , стресске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тестті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпай жинағанның өзінде, жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді. Мұның себебі балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен , жеке бластарындағы уайымдаулармен, жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тесттің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдерімен және т.б психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады.

ҰБТ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындаудың мынадай кезеңдері бар:

  1. Оқу-танымдық қабілеттерін түзете дамыту;

  2. Шығармашылық – танымдық қабілеттерін дамыту;

  3. Сенімділікті бойларына қондыру;

  4. Психикалық күштенуден (стресс пен қорқыныштан) арылту;

ҰБТ-ге дайындық кезінде әр баланың оқу іс –әрекетінің өзгешелігі оның өзіне тән жеке ерекшеліктерімен байланысты: ойлау, есте сақтау, зейін.

ҰБТ тапсыру кезінде қиыншылық көру ықтимал балаларды, мынадай топқа бөлуге болады:

  • Мидың оң жақ жарты шары дамыған бала;

  • Синтетиктер;

  • Мазасыз балалар;

  • Өз-өзіне сенімі жоқ балалар;

  • Озат оқушылар;

  • Астеникалық (енжер) балалар;

  • Гипертимді (жылдам) балалар;

  • Баяу қабылдайтын балалар;

  • Аудиалдар мен кинестетиктер.

11-сынып оқушыларының жас ерекшелік психологиясын ескеретін болсақ, осы кезеңде оқушының бойында өзіндік сана, өзіндік «Мен деген» бейне қалыптасады, өзін және айналасындағы қатарластарын , олардың әрқайсысының мәртебесін, алатын орнын, беделін сезіне бастайды. Кей жағдайларда бәсекелестікте байқалады, бұл ҰБТ жағдайы үшін кері , ауыр жағдай. Өйткені құрбы- құрдастарының бар болғаны бір немесе бірнеше ұпай артық жинауы, 11 жыл бойы сабағы үштік «3» баға деңгейінде келген сыныптастарының Ұлттық біріңғай тесттен кездейсоқ «5» алып, жоғарғы ұпай жинап қалуы, осы кезде тек жақсы оқып, «қызыл аттестат», «Алтын белгі» алуға үміткер болып отырған өзінің төмен ұпай жинап қалуы- оқушыны ең ауыр психологиялық дағдарысқа алып келеді. Өз-өзін құрбы-құрдастарының алдында «ұят» сезімінде қалғандай сезінеді; «Мен» сезімі шиеленеді, ішкі психологиясында өз – өзімен ішкі кикілжің пайда болады, күтілген нәтижеден төмен баға алып қалған жағдайларда балалар, көбінесе өз достарын көруден де бас тартады, қиын да қауіпті жағдайға тап болады.

Жалпы ҰБТ –ға дайындық оқушылар арасында ғана емес, олардың отбасы, ата-анасы, мектепте, психолог мамандар арасында, мектеп пен жанұялық қарым-қатынаста жүреді. Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына теріс әсерін береді, себебі балалар өздерін үнемі бақылау астында сезінеді, кейде өзіне бағытталған үлкендер тарапынан көптеп бөлініп жатқан көңіл аударушылықты қатты сезінеді, содан «егер осыны ақтай алмасым» деген ой туындайтын қорқыныш сезімдері де болады. Балалар көбінесе, бұрын –соңды өздеріне деген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген, сондықтан өздеріне отбасы тарапынан айтылатын «балам, жақсылып дайындал» деген сияқты сөздерді жауапкершілік тұрғыдан қабылдап, алдын ала үрейлене бастайды. Тек отбасы жағдайында ғана емес, кейде мектепте оқушылар үшін педагог мамандары тарапынан болатын «жақсылап дайындалайық!» деген сөздер жеткілікті көптеген мұғалімдер өз пәні бойынша жыл бойы бос уақытын оқушыларды тестілеуге дайындау үшін жаратады. Мектептер оқушылардың бос уақыттарын ҰБТ-ға әр пән бойын,ша дайындайтын факультативтік, яғни қосымша сабақтармен қамтып қояды. Ата-аналар балаларының үйдегі бос уақытының дайындықпен өтуін қадағалап отырады, құрбы-құрдастарының барлығы барлығы дайындықпен уайым үстінде. Жеке басының психологиялық қысымға түсуінің себебі осында.

ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын орта буыннан бастап жүргізсе оң нәтиже береді. Әл – Фараби бабамыздың: «Адамға бірінші тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілетін білім, адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі», - деген терең мағыналы сөзі, біздің заман үшін ескірді деп ешкім айта алмас. Қайта біздің заманға келіп тұр. Сөйтіп заман талабына сай білімді, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға түрлі жолдар ашуымыз қажет.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала"ҰБТ-ге психологиялық көмек"(11 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 524 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.03.2016 1615
    • DOCX 37 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танабай Азамат Әбдірханұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танабай Азамат Әбдірханұлы
    Танабай Азамат Әбдірханұлы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40489
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Способы повышения мотивации и формирования ответственности у детей и подростков

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 371 человек

Курс повышения квалификации

Основы психолого-педагогической работы с детьми и подростками группы риска

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 165 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические основы детской и подростковой психиатрии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 104 человека

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека