Инфоурок Другое СтатьиМақала"Туған тілдің жанашыры кім десең..."

Мақала"Туған тілдің жанашыры кім десең..."

Скачать материал

                                                Туған тілдің жанашыры кім десең....

            Қай мектепте болмасын  мектеп мұғалімдерінің мектеп өмірінде, әсіресе, шәкірт жүрегіне нұр ұялатып, рухани  нәр егуде алатын орны ерекше. Осы ретте  № 101 орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің істерін ерекше атағым келеді. Пән мұғалімдерінің сапалық құрамы бойынша 2  жоғары санатты мұғалім, оның бірі – Білім  беру ісінің үздігі Қ.Қазанғапова – мектеп  мұғалімдерінің де ұстазы, ақылшысы, жанашыры болса, екіншісі- Молдағажиева Сәуле – I  деңгейлі бағдарламаны меңгерген тәлімгер ұстаз, бірлестік жетекшісі. Бірлестіктегі I санатты ұстаздар Әлиева Н, Сыздықова Ж,Тағанова Г, Аканова Г, Банашева С, Тілеубергенова Г, Сейтмұратова А, Жуынтаева Ж. Олардың ішінде Әлиева Н. былтырғы ҰБТ көрсеткішімен 3 оқушысы 25 ұпай алып, қала әкімінің алғысхатымен және арнайы сыйлығымен (ноутбук) марапатталды.  Өзге мұғалімдер де  сапалы жұмыс жүргізіп, шәкірттерін түрлі білім бәсекесіндегі сайыстар мен шараларға қатыстырудан ешбір жалыққан емес. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық пән олимпиадасында 9- сынып оқушысы Қалтай Ж. 2- орын алып, облыстық «Жарқын болашақ» атты қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өткізілген байқауда «жазушылар» бағыты бойынша 2- орын иеленді. Пән мұғалімі – Г.Тілеубергенова. Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің ұйымдастыруымен өткізген қалалық Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған жас ақындар мүшайрасында 9 – сынып оқушысы Рахман Динар 1-орын алды. Пән мұғалімі – С.Молдағажиева, Қалалық «Мұқағали оқулары» көркемсөз оқу шеберлерінің сайысында 7-сынып оқушысы Сапарова Нүргүл 3-орын иеленді. Пән мұғалімі –Тағанова Г. Оқушылары қалалық, облыстық шығармалар байқауынан, көркем сөз сайыстарынан жүлделі орын алған пән мұғалімдері Әлімова А, Тілеубергенова Г, Тағанова Г. қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Жаңаша білім беру көкжиегіндегі 2013 жылдан бергі үздіксіз ізденіс, жаңа идеялар, жаңаша сабақтар легі нәтижесіз қалған жоқ. Педагогикалық шеберлік орталығының жыл қорытындысына орай  алғыс хатына мектептегі «Тәжірибе алаңы» желілік қоғамдастығының жетекшісі, I деңгейлі мұғалім С.Молдағажиева ие болды. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Әл-Фараби» медаліне С.Молдағажиева, А.Әлімова қол жеткізді. Қалалық «Үздік мұғалім» байқауында пән мұғалімі Жуынтаева Жадыра 3- орынды иеленді.

             Пән мұғалімдері оқушының жан дүниесін оятып, әдебиет әлеміне қанат қақтыруда түрлі сыныптан тыс шараларды ұйымдастырып отырады.

             Биылғы оқу жылының өзінде –ақ қыркүйек айында апталық шаралардың легін бастап,   Қазақстан Халықтары Тілдері күніне және Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына  арналған «Толғауы тоқсан қызыл тіл » атты  онкүндік өткізді.

            Апталық барысында іс- шара жоспары жасалып, жоспар бойынша бекітілген іс-шаралар ойдағыдай өткізілді. Ол шараларға мектептің әкімшілігі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және 3-10 сынып оқушылары қатысты.

            Апталықтың ашылуы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің «Абай рухы- туған тілдің тірегі» атты қойылыммен ашылды. Халық ауыз әдебиеті арқылы нәр алып, ана тілін аналары арқылы бойына сіңірген Абай маңындағы әйелдер бейнесін сомдаған пән мұғалімдері ана тіліне деген құрметті шәкірт жүрегіне ұялата білді.

       

 

 «Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты шеберлік сынып Абай Құнанбайұлының соңғы монологімен ашылып, Абай атаға  жауап ретінде  ана тілінің  бүгінгі жағдайы,  қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы 20 жылдығы сабақтастырылып, тіл туралы өлеңдер мен Абай шығармалары  оқылып, әндері орындалды. «Тосын сұрақ» айдарымен қазақ тілінің майталман маманы Қазанғапова Қ. көрермендермен Абай өмірінен сұрақ-жауап жүргізді. 8 «Г» сынып оқушылары Рахман Динар Нұртуғанның «Қанеки, тілім сөйлеші» термесін жырласа, Тілеуберген Анар Құрманғазының «Адай»күйін күмбірлетті.Апта бойында ана тілдің мәртебесін арттыру мақсатында 11-сынып оқушылары арасында «Талаптың мініп тұлпарын...» тақырыбында XXI ғасыр көшбасшысын, 9-11 сыныптарда дарынды және талантты оқушылармен казтест, жас ақындар мүшайрасы өткізілді. Мүшайраға 6-7 сыныптар арасындағы 13 жас ақын қатысты. Мүшайра тақырыптары: тіл, батырлық, еңбек, туған ижер,тәуелсіздік, өнер, ұстаз. Жас та болса ақындық қабілеті басым шыққан 7 «А» сынып оқушысы Әскербек Нұрбақыт 1- орын, 7 «Ә»  Тлесхан Аружан 2-орын, Ибрагим Томирис 3-орын иеленді. Сонымен қатар 6 – сынып оқушылары Дастанқызы Ақерке, Сатан Фараби, 5-сынып оқушысы Нағиева Диана алғыс хаттармен марапатталды. Мүшайрада өлең өлкесіне танылып келе жатқан қалалық сайыстардың жеңімпаздары  Бұрхан Маралбек, Рысжан Динара, Рахман Динар өз шығармаларын  оқып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Әділқазылар алқасы жас ақындарға сөз патшалығының қыр- сырын меңгеру жолдарын айтып, өз тілектерін білдірді. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері ұйымдастырған «Казахстан – наш общий дом» атты мерекелік шара да тартымды өтті. «Я, ты, он, она» әнімен  ашылған мерекені әр ұлттың киімімен өрнектеген биші қыздар би аяғында халқымыздың ұлттық тағамдарын тарту етті.  Орыс халқының  «Шалқан» ертегісінен қойылған қойылым, ұлы ақын Абай өлеңдерінің, қарасөздерінің аудармасын жатқа оқыды. Кеште пән мұғалімдері де ән шырқады.  «English is fun» атты ағылшын тілі пән бірлестігінің шарасы да өз дәрежесінде өтті. Оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, ағылшын тілінде «Қызыл телпек» қойылымын қойды.

            Апталық соңында «Таймасын тұғырынан туған тілім» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Кеш қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын «Ізін көрем» әнімен ашылды. Қазақ халқының еліміздің тілін, дінін, салт –дәстүрін, егемендігін сақтау жолындағы бабалар еңбегінен көріністер қойылып, нақыл сөздер, өлеңдер оқылды. Оқушылар бұл шарадан да маңызды мәліметтер алып, құлағы әсем ән мен құдіретті күйлермен қанықты.

            Жаңа оқу жылындағы алғашқы апталықтың іс шаралар  легі бірінен соң бірі жоғары деңгейде өтіп жатты. Оқушылар ана тілінің қоғамдағы маңызын түсініп, тіл мәртебесін көтеруде өз үлестерін қоса отырып, бойларына елжандылық тәрбиесін сіңіріп, ұлттық құндылықтарды сақтауды көңілге түйе білді.

          Қазан айының 26-31 аралығында «Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыта отырып, шығармашылыққа баулу» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті  пән апталығы өткізілді.  Апталық барысында іс- шара жоспары жасалып, жоспар бойынша бекітілген іс-шаралар мен ашық сабақтар ойдағыдай өткізілді. Ол шараларға мектептің әкімшілігі, пән мұғалімдері көптеп  қатысты.

            Пән апталығын 37 жылдық еңбек тәжірибесі бар жоғары санатты  Қ.Р Білім үздігі Қазанғапова Қанайым Нұрмағанбетқызы «Қазақ әдебиеті сабағында  кейіпкерлер бейнесін  талдау  мәселесі» тақырыбындағы кәсіби әңгімемен бастады. Пән мұғалімдеріне қазақ әдебиеті пәнінде оқушыға кейіпкерлер бейнесін танытудағы іс тәжірибесімен бөлісті. Жас мамандарға шым- шытырық кейіпкерлері көп шығармаларды өткенде оқушыны қызықтыру үшін шығарманың ең қызықты жерін әңгімелеп беріп, жалғасын оқуды тапсыру немесе кейіпкерлерді бейнелеріне қарай топтастыру арқылы меңгертудің тиімділігін түсіндірді. Бұл шара өте тартымды өтті. Пән мұғалімдері көкейдегі көптеген сауалдарына жауап алды.

Апталық барысында «Қазақ тілі сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында Әлиева Н. баяндама жасады. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар, тілдік дағдылардың әрқайсысына жеке тоқталып, құрылымын түсіндіріп, тәжірибе түрінде таратып айтты. Баяндама көпшілік көңілінен шықты. Тақырып ашылып, мұғалімдер тілдік дағдыларды қолданудың қыр- сырын меңгерді.

             Бірлестік жетекшісі Молдағажиева  Сәуле  «Қазақ тілі пәні бойынша қалыптастырушы бағалау жұмыстары» айдарымен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында коучинг-сессия жұмысын ұйымдастырды. Оған 10 мұғалім қатысты.  Тыңдаушыларды «жетістік», «критерий» сөздері арқылы топқа бөліп, топтардан осы сөздердің  түсініктемесін  алды. Одан соң тыңдаушылар  коучингке қатысты терминдер мен анықтамалармен танысты.Таныстырылым арқылы дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалау айырмашылығы сараланып, критериалды бағалау тиімділігі анықталды. Коучинг барысында жетістік критерийінің маңыздылығы анықталып, мұғалімдер қалыптастырушы бағалау  тапсырмалары мен жетістік критерийін  құруға жаттықты.  Коучинг кері байланысынан коучингтің маңызы зор болғанын , мұғалімдердің бәрі де қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен жетістік критерийін толық меңгергенін анықтадық.

 

      

            

             Апталықтағы іс шаралар мен ашық сабақтар бірінен соң бірі жоғары деңгейде өтіп жатты. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері НЗМ тәжірибесімен өткен төрт дағды бойынша өткізген сабақтары өте тартымды өтті. Пән мұғалімдері түгел ашық сабақтар берді. Ашық сабақтардан сыни тұрғыда негізделген сабақтар көрініс тапты.  Оқушылардың әдебиетке қызығушылығы оянып, бойларына елжандылық тәрбиесін сіңіріп, ұлттық құндылықтарды сақтауды көңілге түйе білді.

 

                     

                                                                                 

            Өткізілген топтық жұмыстардан оқушылардың сыни ойлау дағдылары артып, бір-бірінің пікірін сыйлауды, өз пікірін дәлелдеп, топ шешімін құрметтеуді үйренді. Апталық жұмыстары қорытындыланып, мектеп әкімшілігінің қатысуымен   отырыста қаралып «жоғары» деп бағаланды.

            М.Мақатаевтың 85 жылдығына орай ақынның туған күні қарсаңында пән бірлестігі «Мұқағали – қазақ поэзиясының мұзбалағы» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Кеш ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылыммен басталып, ақынның ақындық жолындағы , Фариза ақынмен достығы жайлы қойылымдарына ұласты. Кеште  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері  оқушылармен кезектесе отырып, ақын шығармаларын жатқа оқып, әндерін шырқап, оқушыға көркем сөздің құдіретін таныта білді.

 

https://pp.vk.me/c630920/v630920739/2091c/0UnvkBxFtqY.jpg   https://pp.vk.me/c630920/v630920739/20925/M-rzdbj0z7o.jpg  

 

    Ана тілінің маңызын жазушы Қ.Жұмаділов: «Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да аузын толтырып айтады. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Жалпы халықтық қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Өзінің тыңдаушысын бірден баурап әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді.Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің,» - дейді. Не деген кестеленген керемет сөз, оралымды ой десеңізші. Осындай керемет тілдің құдіретін шәкірт жүрегіне сіңіріп жүрген қазақ тілі пәні мұғалімдері емес пе?!

            Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, ұлттық рухты, еңсемізді, тілімізді көтеру  мақсатындағы осындай іргелі жұмыстардың басындағы туған тілдің жанашырлары – қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің  еңбегі осындай.

 

Ноғаева Гүлназ
№101 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Қызылорда қаласы

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала"Туған тілдің жанашыры кім десең...""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 041 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 776
    • DOCX 828.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ногаева Гульназ Оразбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ногаева Гульназ Оразбековна
    Ногаева Гульназ Оразбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37695
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе