Жас ұрпаққа жақсылық жасау, ұлтымыздың
өскені өркендегені.
Ата –бабаларымыз сонау ықылым заманнан бері өзінің ұрпақтарының саналы болып өсуіне жетілуіне жан-жақты мән бере білген. Тынысы бөлек, жүрісі бөлек бесаспап сегіз қырлы, бір сырлы, атқа мінер азаматтарына тәрбиенің уызын беріп өсірсе, жағдайы жоқ, жайсыз отбасыларына да әр уақытта дәнекер болып, жәрдем беріп, қолдап қорғап отырған. Жаратқан жаббар иеміз, бұл жақсылығы мол, жарығы мол, жарық дүниеде адам баласының тіршілік етуіне барлық мүмкіндік берсе де, адам баласының тіршілік етуі, еңбек етуі әр түрлі. Біреуге сезім байлығын, біреуге тіл байлығын, біреу жоғары математикалық теңдеудің түйін шешіп түйсік берсе, біреуге ақылға сыймас қажыр қайрат, өнер сыйлайды. Адам адамға дос бауыр демекші мына заманда қазақ халқының мейірі, ыждағаттылығы, кеңпейілділігі, бауырмалдылығы ауадай қажет-ақ.
17.01.2017-06.02.2017 жыл аралығында Республика бойынша «Қайырымдылқ» акциясы жүріп жатқаны баршаңызға аян. Акцияның мақсаты: жағдайсыз, жайсыз отбасы балаларын, зорлық-зомбылық көріп жүрген балаларды анықтап көмек көрсету.
Осы акция кезінде көптеген меценаттар мен ата-аналар және кешен мұғалімдері әлеуметтік әлсіз топтарға қол ұшын созып, интернат балаларына көмек көрсетті.
Бұндай игі іс –шаралар тағы өз жалғасын табады деген ниеттеміз.
№ 68 мектеп-интернат-балабақша кешенінің әлеуметтік
педагогі Айтбай Гүлмира Бекенқызы.