Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"

Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Cабақ жоспары:

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сынып: 8 «А» Сынып бөлмесі: №12

Күні: 06.03.2013 Уақыты:10.00-10.45

Қолданылған модуль: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер», «Білім бері үшін бағалау және оқуды бағалау»

Оқытудың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Топтастыру», «Диалог құру»


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Не істеймін?

Оқушының іс-әрекеті:

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдық және т.б қажет?

2

Оқу мақсатын алға қою сұралды.

Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.

Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құру. Мұғалім сәлемдесті, ауа-райын, көңілдерін сұрады.



Оқушы идеясын қосты.



Өзара әрекеттесу арқылы сұхбаттасу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.


2

Топқа бөлу. Оқушыларға аққу, табиғат, ана тақырыбындағы суреттер таратылады, тақырыпқа негізделген суреттер бойынша оқушылар өз таңдауларына байланысты үш топқа бөлінеді.

Ынтымақтастық қарым-қатынаста шағын топқа бөлінді. Бес оқушыдан үш топқа бөлінді.

Тақырыптық суреттер топтамасы (аққу, табиғат, ана), макет, картина

5

Топ ұстанымын құруға бағыт берді.

Неліктен шағын топқа бөліндік, шағын топқа бөлінудің мәні неде деп ойлайсыздар, шағын топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады деген сұрақ реттері қойылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы шағын топтың ережесін құрып, тұстарына іліп қойды.

Плакаттар, маркерлер.

5

Үй тапсырмасын қайталау мақсатында оқушыларға ой қозғау сұрақтары ұсынылады. Тапсырма барлық топтарға бірдей беріледі.

- Қазақ халқының тіртуар ұлы ақыны Мұқағали кім?Ақиық ақын туралы не білеміз?Қай жерде, қай жылы дүниеге келген?Қандай шығармаларын білеміз?

(Интерактивті тақтада бір топтан бір оқушы шығып слайд қорғайды)

Оқушылар жеке, жұпта, топта ой қозғап, жинақтайды, пікірлерін айтады. Ортақ ойды кластерге түсірді. Үш топ ойларын қорғайды.

Маркер, ватман, түрлі түсті суреттер

1

Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалау іс-әрекетін жүзеге асырады.

Түрлі стикерлер арқылы бағалау әрекетін іске асырды.

Түрлі түсті формадағы стикерлер

8

Ой қозғау. Ой шақыру. Балалар мына суреттерге көңіл аударсақ... (Аққу, табиғат, ана)Не себептен бұл суреттер көрсетілді?


  • Аққу қандай құс? (І топ «Поэма тақырыбы - экология»)

  • Табиғат адамға не үшін қажет? (ІІ топ қорытынды ой айтады)

  • Ананың адам өміріндегі орны қандай? (ІІІ топ «Поэма тақырыбы экология емес»)

- Олай болса, құрметті оқушылар! Мұқағали ақын кейінгі ұрпаққа аманат етіп кеткен, өсиетін ескере отырып поэманы талдасақ. Мен сендерге алдын-ала оқып келуге «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тапсырған болатынмын. Сонда поэма дегеніміз не? (Оқушылар әдебиет бб теориясынан алған білімдерін ортаға салады)


Уәждеме бағалау түрін іске асыру тапсырмасы беріледі. Бір-бірінің еңбектерін іс-әрекет арқылы бағалайды.

Оқушылар жеке жұмыс істейді, жұпта, топта ой қозғап, жинақтайды. Ойларын ортаға салып қорғау әрекетін іске асырады.

«Аққу» тобы аққуды атуға болмайтындығын, көлдің сәні – аққулар. Аққу киесі оңдырмайтындығын жақтау әрекетін, «Ана» тобы Ана – махаббатымен құдіретті. Бәрі де адам үшін жаратылған. Наным-сенімнен де ана махаббаты әрдайым биік, құдіреттілігін айту әрекетін іске асырады. «Табиғат» тобы екі топтың ойларын қорытындылайды, баға беру әрекетін іске асырады.




Оқушылар өзара бірінің жауабын бірі бағалау әрекетін жүзеге асырды

Жұмыс дәптері, оқулық

4








«Үш оқушымен кеңес»

А-сұрақ қоюшы, В-жауап беруші, С-жазып алушылар арасында сұхбаттасу.

3 топқа бірдей «Табиғат жанашырлары туралы ойым...» тақырыбында сұхбаттасуды ұсынады.

Бағалау түрін іске асыру тапсырмасы беріледі. Сабаққа қатысып отырған көрермендер бағалайды.

Оқушылар А-сұрақ қоюшы, В-жауап беруші, С-жазып алушы әрекетіне түсіп, сұхбаттасу үлгісін көрсетті. Әр топ өзінің сұхбатын құрды.



Көрермен бағалау әрекетін жүзеге асырды

Глоссарий (Тірек сөздер) адам, аялау, құстар, аққу, жылқышы қарт т.б



7





Оқулықпен жұмыс. Поэманы түсіну үшін шығармадағы әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөз тіркесі мен сөйлемдерді табу ұсынады.

Оқушылар әуелі жеке, одан кейін жұппен, одан әрі топта ой бөлісу әрекетін жүзеге асырды.


Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»



7




Проблемаға шығу. Зерттеу жұмысын ұсынады.



  1. «Аққу» тобына:

  • Аққудың рең әсемділігін білдіретін сөзді табу


  1. «Табиғат» тобына:

  • Ананың аққуды ату кезіндегі әрекетін поэмадан табу

  1. «Ана» тобына

  • Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген тұсын табу

Әр топ тақырыпты ашу әрекетін іске асырды. Оқушылар топтық жұмыста тақырыптарды өздері тапты.

Сұлулық



Махаббат




Қасірет

Оқулық, дәптер, қарындаш


2

Қорытындылау.

а) Сабақ барысындағы еңбегіне қатысын бағалады. Қателесіп, не болмаса тапсырмаларды орындауда қиналған оқушыларды да ынталандыру.

ә) үй тапсырмасы:

1.«Жетім көл аққулары»- эссе жазу.

2. «Аққуға атылған оқ» әңгіме диалог құру



Бағалау парағына өзінің еңбегіне қалыптастырушы бағалау жүргізді.




Алдағы уақытта эссе, диалог жұмысын орындау қажеттілігін түсінді.


Бағалау парағы

2

Рефлексия


Мұғалім стикерлер таратады.


Не ұнады? Ұсыныс




Оқушылар сабақ барысында не ұнады, ұсыныстарын, пікірлерін жазды.

Сары, жасыл түсті стикерлер























Солтүстік Қазақстан облысыhello_html_m45321b2b.png

Уәлиханов ауданы

Чернигов орта мектебі

2014-2015 оқу жылы

8-сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Садыкова А.Ж.

Тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Міндеті: Мазмұнға байланысты - ақын шығармасын оқи отырып, композициялық құрылысымен танысу, шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттау; СТО - ға байланысты - тақырыпты меңгерту барысында СТО әдістері білімдерін ортаға салып, өз ой - пікірлерін қорытындылау; топтық жұмысқа байланысты – топтағы жұмысты ұйымдастыру, жұмыс нәтижелерін көрсету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, суреттер.
Түрі: Білім - біліктілікті қалыптастыру.
Әдісі: ББҮ кестесі, талдау, пікір сайыс, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, биология.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сыныпты екі топқа бөліп, сабақ барысымен таныстыру.
(«Ана», «Аққу») C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1694.JPG
Үй тапсырмасын сұрау.
- Ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысып келеге берілген болатын.

ІІ. Топтастыру стратегиясы. 
Мұқағали кім?→ Ақын, данышпан


C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1697.JPG


Бәйге! Бәйге! Бәйге!
Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.
1 «Ана» тобына:
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен
3. Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан
4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы
5. Ақынның әжесінің аты? - Тиын
6. Ақынның атасының аты? Мақатай
7. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
8. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты?
9. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.

10. Ақынның жарының аты - Лашын
2. «Аққу» тобына:
1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз
2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5 шілде 1991 жыл
3. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»
4. «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз» сөзі қай өлеңінде айтылған? Фәриза қыз
5. Ақынның алғашқы өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай»
6. Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер? – «Саржайлау», «Үш бақытым», «Сәби болғым келеді», «Тоқта,балам, әкең келеді артыңда»..
7. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
8. Ақынның үш бақытын ата. «Халық, Тіл, Отан»

9. Жалынды ақын неше жасында өмірден өтті? 45жасында

10.Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевқа қандай атақ берілді? Ғасыр адамы

Жаңа сабақ

Слайд. М.Мақатаев

Мұғалім: Біздің бүгінгі сабаққа ақынның жары Лашын апай келіп отыр. Лашын апайға сұрақтарыңыз болса қоюға болады?

Оқушы: -Лашын апай, сіздер қалай таныстыңыздар?

Лашын апай: Мұқағали біздің ауылдық кеңеске хатшы болып келген 1948 жыл еді. Екеуіміз бір мерекелік кеште таныстық. Мұқағали ұзын бойлы, маңдайы кері қарыс, әдемі жігіт болды ғой. Бірден көз тартатын. Екеуіміз сол кеште қосылып ән шырқадық. Кейін өзі ғашықтығын білдіріп хат жазды. Әке-шешем оның өткір, биязы, иманды екенін білетін, қарсылық білдірген жоқ. Ақыры той жасалды. Үйленгеннен кейін екі жылдан соң Қарасазға көшіп келдік. Мұқағали орыс тілінен сабақ берді. Аудандық газет оны ұнатып жұмысқа алды. Радиода диктор болып жұмыс істеді. Ол өлеңге берілген, талантты өте мықты болатын.

Мұқағалидың тағы бір қасиеті қонақжай болатын. Үйге кісі ертіп келуді жақсы көретін. Зыр жүгіріп, кейде тамақ та пісіретін.

Мұқағали әулие адам болды ғой. Ол өлетінін білді. «Сен балаларды сақта, жылай берме, өзің кеткенше менің тапқандарым жетеді, балаларыма жететін қазынам бар» дейтін.

Оқушы: - Сізге арнаған қанша өлеңі бар?

Лашын апай: Санаған жоқпын. Бірақ көп. Әрқайсысының өзінің тарихы бар?

1974 жылы Мұқағали қатты сырқаттанып ауруханаға жатып қалды. Ауруханаға барған сайын Мұқағалидың жүдегенін, күндегісінен төмен екенін байқадым. Нардай, сүйікті жігіттің көз алдымда шөгіп бара жатқаны жаныма батты. Мұқағали бір жалт қарағанда, мен шыдай алмай күрсініп жібердім. Іштей «Япыр-ай, не деген сұмдық, жоқ қой ол бізде» дедім. Мұқағали сезіп қалды. Дереу сөзге айналдырғым келді. Ертесі кешкілік тағы барғанымда дәптері ашық жатыр екен. «Күрсінбеші» деген тақырыбын көзім шалып қалды.

C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1701.JPG

Мұғалім: -Ақын күнделігінен... «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымнен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеп, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...» (М. Мақатаев).
-Ал, енді қазір М.Мақатаевтың өз дауысын естейік.

Бейнеролик. «М.Мақатаевтың өз дауысы»
C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1693.JPG
ІІІ. Қызығушылықты ояту. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
Тақырып

Сұлулық
Махаббат
Зұлымдық
«Ана» тобы. Композициялық құрылымына талдау.
Оқиғаның басталуы: Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: Жетімкөлге аққулардың келуі.
Оқиғаның дамуы: ауру бала мен ананың шарасыздығы.
Оқиғаның шиеленісуі: Сорлы ананың мылтығымен көлге келуі.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуды атуы.
Оқиғаның шешімі: Баланың өлуі. Жетімкөлге аққулардың қайта айналып келмеуі.

«Аққу» тобы. Поэмадағы табиғат әсемдігін, көл сұлулығын, құс төресі аққудың сұлулығын суреттейтін үзінділерді тауып, көркемдегіш құралдырға талдау:

Теңеу

Жаңбырдың тамшысындай, қарақшыдай, шашымдай ма ең т...

Эпитет

Тәкаппар құс, мөлтілдеген көз жасы, ақ қанатын сабалап...

Метафора

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын...

Тауың анау – шымылдық салбыраған...

C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1707.JPG

Сахналық көрініс. (Ролдік ойын)
Оқушылар көлде жүзіп жүрген және жаралы аққудың ролін сомдайды.
Аққуды атқан ана, одан кейінгі ананың зарын сомдайды.

Автор:

Бала жатыр төсекте, албыраған,

Әке жатыр еденде, қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.

Түні мынау-тамыздың маужыраған,

Тауың анау-шымылдық салбыраған.

Биік барып, жаралған жер бетінен,

Сол баяғы «Жетім көл» келбетімен.

Айдынында аққулар ұйықтап жатыр,

Сайдан соққан самалмен тербетілген.

Жер бетінде тыныштық, көл бетінде,

Қауышыпты қара орман, көл де, түн де.

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,

Миын қарып барады, миын қарып.

Сарқытындай өлімнің қалған қарға,

Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!...

Аракідік назарын аударады,

Төрт бүктеліп еленде қалған жарға.

Қауіптеніп түндерге, таңдарға да,

Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.

C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1710.JPGC:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1712.JPG

Тәуіп шал:

-Аққуменен баланы аластаңдар

Автор: деді даға жөнімен жөнеп кетті

Ана:

-Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

-Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

Қайтеміз, ол да адамға бола туған.

«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып,

Таң атқанша қалай да тауға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалып,

Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!

Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...

Әкесі:

-Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған

Оқ атам қасиетке қалай ғана?...

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Автор:

- Адуынды жан екен алған жары

Ана:

-Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі!

Автор:

Қасқа таң.

Бұлбұл үні

Көл бетінде,

Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәкаппар құс келбетіне.

Тығып ап тұмсықтарын мамығына,

Айдын-төсек, аспанды жамылуда.

Арша, шырша, жартастар жағадағы,

Сұғынып,бәрі көлге табынуда.

Аласұрып, қан ойнап тамырында,

Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда,

Не қыларын біле алмай, жабығуда.

Ал, аққулар,

Аққулар тарануда,

Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.

Қарайды ана шыршаның қалқасынан.

Ана:

  • Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,

Құлынымның қасынан неге кеткем?!

Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,

Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!


Автор: Ана отыр. Озбыр ойлар қамалауда,

Қамалауда, әлдекім табалауда.

Аққулар ақ айдынды қалдырды да,

Тартты кеп, ана отырған жағалауға

C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1717.JPG

«Аққу» әніне екі қыз би билейді.

Ана мылтық атты.Жаралы аққу ұшпақ болып күш қылады, ұша алмайды.

Қарт жылқышы:

-Апыр-ай, бұл кім болды, таңсәріде,

Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Мылтықты атарлықтай көлге келіп,

Апыр-ай, жоқ еді ғой елде желік...»

«Бұл маңның адамы емес, сірә-дағы,

Білейін, табайын да бір амалын.

Қаруы бар кәззапқа құрықпенен

Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?!

Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...»

«Берекесін бұл жердің кім қашырған?...»

C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1720.JPG

Автор:

Өңім бе, түсім бе деп таңданады,

Көз алмай орамалды ұрғашыдан,

Көз алмай сүле-сопа тұлғысынан

Жылқышы:

Ей!

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың арың бар ма?!

Тастағын қаруыңды, келгін бері,

Келгін бері, кеудеңде жаның барда!

Автор:

-Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,

Қарттың үні мең-зең ,қып құлаққа ұрды.

Қолыңдағы мылтығын құлаштап кеп,

Бөгелмей, «Жетім көлге» лақтырды.

Қартқа қарай ақырын аяңдады,

Қарусызға қарт келді, аянбады.

...Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,

Болған жәйтті келіні баяндады.

Жылқышы:

-Әй, балам!..

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!...

Мін атқа. Қайт ауылға тағат қыл да,

...Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!

Аққуға кезенерде, ырым жасап,

Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?

Ана:

-Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,

Жоқ ата, жасамадым ондайды мен...

Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...

Ана:

Мына жатқан «Жетім көл», мыны аққуды,

Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа,

Жоқ!

Мен емес... Мен атпадым...

Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?! (Бірде ана көкке жайып алақанын)

Қазір, ботам...

Мінеки, таң атады...

Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...

Жазыласың құлыным .... балапаным!

Қасиет!..

О, қасиет!

Осындай ма ең?!

Сорымның қалындығы шашамдай ма ең!..

Қасиет!..

Қасиеттер ұшып кетті,

Қасірет!..

Қасымдағы досымдай ма ең!..

Қасиет... Қасірет ...

Қасірет ... қасиет ...

Әңгіме-дебат. Ананың аққуды атқанына қалай қарайсыңдар? Осы іс-әрекетті дұрыс деп ойлайсың ба?

«Ана» тобы. Жақтаушы

Ана ең бірінші өз баласын аман сақтап қалуды ойлады. Баласының өлім аузында жатқаны анаға еш нәрсені ойлатпады.

Тәуіп шалдың ем болады дегенін мықтап ойына түйіп алған ана аққудың сұлулығын мойындап қарап, оны өлімге қимай тұрса да, атып жібереді. Бала ана үшін әрдайым бірінші орында.

Ана баласын еш нәрсеге теңгермейді. Дәл сол мезетте ана үшін бала амандығы қажет болды...

Аққуды атуға болады. Ана баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады. Аққу - махаббаттың белгісі, ана мен бала арасындағы махаббаттан артық махаббат жоқ.
Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.
Егер ана сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап өтер еді. Әйелдің жалғыз ұлы ауырып төсекте хал үстінде жатыр. Тәуіп шал: «Баланы аққудың қанатымен аластау керек», - емін айтты. Ана байғұстың әбден есі шықты, не істерін білмеді. Ұлынан айырылып қаламын ба деген үрей оны Жетімкөлдегі аққуды атуға итермеледі. Аһ ұрған әйел көл басына келіп, енді ғана ұйқыларынан оянып, тарана бастаған аққуларды көріп, олардың сұлулықтарына сұқтанып, атуға қимады. Бірақ ауру ұлы есіне түскен әйел мылтықтың шүріппесіне қалай басып жібергенін байқамай қалды. Ана бұл Жетімкөлдің бұрыннан бері келе жатқан дәстүрін де жақсы білетін. Аққудың киелі құс екенін де естен шығарған емес. Бірақ ана көңілі балада тұрғандықтан, сол мезетте бәрін бір сәтке ұмытты. Шалдың сұрағына жауап бере алмаған әйел үн-түнсіз жылай берді. Көл үстінде жайраған бірі – жаралы аққу, бірі - өлі аққу әйелді есінен адастырып жіберді. Ұлының өлігінің үстінен түскен әйел жынданып, есалаң күй кешті. Ақыры ана жынданып кетеді. Оны аққудың киесі ұрды. Мұндай күйге, әрине, ұлы үшін түсті. Ананың балаға деген махаббатының шексіз екенін бар адамзат мойындайды.

«Аққу» тобы. Даттаушы

Аққу – киелі құс, оны атуға болмайды. Аққуды атқан адам оңбайды. Егер әйел сол сәтте бәрін ақылға салып, тәуіп шалдың сөзіне иланбай, алдамшы сезімге берілмей, аққуды атпаса, бәлкім, баласы тірі қалар ма еді?! Оны аққудың киесі ұрып, ақыры жынданып кетті.

Жетімкөл сәні сол ананың қателігінен жоғалды, оралмасқа кетті. Табиғат пен адам арасындағы заңдылық бұзылды деп ойлаймын.

Аққуды атуға болмайды.
Аққу - киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс. Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.“Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.
Аққуды қазақ халқы ежелден  қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.

«Қытай десерті» әдісі. Екі топқа «Аққу мәтіні беріледі. Әр топ берілген мәтінге қатысты. Сұрақтар дайындап, келесі топқа береді. Келесі топ өл сұрақтарға жауап береді.

C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1722.JPG C:\Users\Думан\Desktop\Фото Асем Зеинел\SAM_1721.JPG

Аққу
 1-топ.     Аққулар (лат.Cygnus) — қаз тәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. 
     Денесі созылы
ңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. 
    Тіршілігіні
ң көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Олардың  мойындары 20—25 омыртқадан тұрады.  Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түкпірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Әрбір ұрғашысы жылына 3—5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 30—40 күн басады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққулар судың тайыз жерлерден қоректерін аулайды. Олар су өсімдіктерінің тамырын және жұмсақ түйіндерімен қоректенеді. Түлеу кезінде бірнешеуі бір жерге жиналады. Ол кезде олар ұша алмайды.
     А
ққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

 2-топ.  Аққуды қазақ халқы ежелден  қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.
А
ққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.
Қазақтар аққуды киелі құс деген:
•    А
ққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді – сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген. 
•    
Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс. 
•    Егер Ж
ұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған. 
Осыдан
қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған.
А
ққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес түлейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.

Еркін жазу стратегиясы, 5 жолды өлең әдісі бойынша орындалады.

1-топ. Анаға 2-топ. Аққуға бес жол өлең құрастырады

Мысалы: Ана

Мейірімді, қайырымды

Мұңаяды, жабығады, барады.

Ана- мейірімді, асыл жан.

Әйел

Т.Молдағалиев: «Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы», мен «Аққулар ұйықтағанда» деген дүниесін айтамын. Бұлар-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда «поэмасы 1973жылы «Жалын» альманағында жарияланды. Мұқағалимен кездескенде поэмасын көп мақтадым.» Тұмаш осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым. Разы болып, мына алтын қаламды сыйлады» - деді Мұқағали. Мен: «Өте дұрыс еткен екенсің, Мұқа» Ғабен ұнатса бүкіл халық ұнатады деген сөз» - дедім тебіреніп. Мұқағали бір ойға шомып үнсіз қалды. Бұл-Мұқағалидің өзінің аққу әні еді.

Құрметті оқушылар, ақын Ф.Оңғарсынова “Мұқағалидай ақыны бар халық—

- бақытты халық” деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең

шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар!

- Мұқағали –жыр жазудың шебері. Осы поэмада басы артық дүние жоқ.Абай айтқандай, «теп-тегіс,жұмыр келсін айналасы» деген өлшемге компазициясы да сыйып тұрған поэма.




Қорытындылау.

а) Сабақ барысындағы еңбегіне қатысын бағалады. Қателесіп, не болмаса тапсырмаларды орындауда қиналған оқушыларды да ынталандыру.

ә) үй тапсырмасы:

1.«Жетім көл аққулары»- эссе жазу.

2. «Аққуға атылған оқ» әңгіме диалог құру

Рефлексия

Мұғалім стикерлер таратады

Не ұнады? Ұсыныс

Оқушылар сабақ барысында не ұнады, ұсыныстарын, пікірлерін жазады.





















2.    Мағынаны тану сатысы. Оқушылар, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы не білеміз?
1)ББ
Ү кестесімен жұмыс

Білемін
    Білгім келеді    
Үйрендім
О
қушылар поэма туралы не білетіндіктерін жазады.Жоспар түрінде көрсетуге болады.
    Поэма мазм
ұнынан басқа не білгің келеді?
қушылар сұрақтар жазады)    Сабақтан қандай жаңа ақпараттар алдың?
қушылар мәтінен алған жауаптарын толықтырады)
   Еске т
үсіріп жіберу.Поэма қалай басталып еді? 
                                        Поэма
қалай аяқталды?     
«А
ққу»мәтінін беру.Оқушылар мәтінмен танысып, өздері білмейтін жаңа мәліметтерді, жаңа ақпараттарды  дәптерлерінің «Үйрендім» бөліміне толтырады.
Аққу
      Аққулар (лат.Cygnus) — қаз тәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. 
     Денесі созылы
ңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. 
    Тіршілігіні
ң көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Олардың  мойындары 20—25 омыртқадан тұрады.  Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түкпірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Әрбір ұрғашысы жылына 3—5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 30—40 күн басады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққулар судың тайыз жерлерден қоректерін аулайды. Олар су өсімдіктерінің тамырын және жұмсақ түйіндерімен қоректенеді. Түлеу кезінде бірнешеуі бір жерге жиналады. Ол кезде олар ұша алмайды.
     А
ққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
     А
ққуды қазақ халқы ежелден  қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.
А
ққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.
Қазақтар аққуды киелі құс деген:
•    А
ққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді – сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген. 
•    
Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс. 
•    Егер Ж
ұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған. 
Осыдан
қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған.
А
ққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес түлейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.



• Шығармашылық тапсырмалар:
1.«Аққу» тобына:
1. Аққудың әсемдігін білдіретін сөз жазыңдар.
7. Шығармадан оқ тиген аққудың мүшкіл халін суреттейтін деталдарды табыңдар.












8. «Табиғат» тобына:
1. Поэмада Жетімкөлдің сұлулығы қалай суреттелген?

* Ойланайық!
Аққуды атуға бола ма?
2 топ дайындалғанша «Табиғат» тобы мәтіннен өздеріңе ұнайтын үзіндіні дәптерлеріңе жазып алып, оны не үшін таңдағандарың туралы әңгімелейсіңдер.

«Табиғат» тобына өзіндік жұмыс беріледі.
Мәтіннен үзінді Не себепті таңдадыңыз?
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,
Дүние - ау, сен осындай керемет пе ең?
Ана отыр, озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.»
Осы үзінді өзіме қатты ұнады, өйткені шарасыз ананың жай - күйі жаныма қатты батты. Баласы үшін бар құрбандыққа баратын ананың жанкешті бейнесі. Сорлы анаға жаным ашиды.

«Автор орындығы».
Егер мен автор болсам...
Поэманы өз ойыңмен аяқтап көр.
Үйге тапсырма:
«Аққу – көлдің еркесі» шағын эссе жазу.





ІІ Әйел бейнесіне талдау:

Әйелдің жалғыз ұлы ауырып төсекте хал үстінде жатыр. Тәуіп шал: «Баланы аққудың қанатымен аластау керек», - емін айтты. Ана байғұстың әбден есі шықты, не істерін білмеді. Ұлынан айырылып қаламын ба деген үрей оны Жетімкөлдегі аққуды атуға итермеледі. Аһ ұрған әйел көл басына келіп, енді ғана ұйқыларынан оянып, таран бастаған аққуларды көріп, олардың сұлулықтарына сұқтанып, атуға қимады. Бірақ ауру ұлы есіне түскен әйел мылтықтың шүріппесіе қалай басып жібергенін байқамай қалды. Ана бұл Жетімкөлдің бұрыннан бері келе жатқан дәстүрін де жақсы білетін. Аққудың киелі құс екенін де естен шығарған емес. Бірақ ана көңілі балада тұрғандықтан, сол мезетте бәрін бір сәтке ұмытты. Шалдың сұрағына жауап бере алмаған әйел үн-иүнсіз жылай берді. Көл үстінде жайраған бірі – жаралы аққу, бірі - өлі аққу әйелді есінен адастырып жіберді. Ұлының өлігінің үстінен түскен әйел жынданып, есалаң күй кешті. Ақыры ана жынданып кетеді. Оны аққудың киесі ұрды. Мұндай күйге, әрине, ұлы үшін түсті. Әйелдің ішкі жан қиналысын суреттеген жерлерін кітаптан тез тауып оқиық. Ананың балаға деген махаббатының шексіз екенін бар адамзат мойындайды. Оған бір мысал Ғ Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.

















C:\Users\Думан\Desktop\Новая папка (3)\SAM_1618.JPGC:\Users\Думан\Desktop\Новая папка (3)\SAM_1621.JPG





Қабыршақ қанаттылар, көбелектер (гр. Lepidóptera, көне грекше: λεπίς, көне грекше: λεπίδος — қабыршақ және көне грекше:πτερόν — қанат) – жәндіктер класының бір отряды.

Эволюция

Бұлардың қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі.

Таралуы

Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі.

Сипаттама

Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған). Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 – 8 мм-ден 200 – 300 мм-ге дейін ең ірісі – Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен – емен көбелегінің қанаты 12 – 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 – 5 қос «жалған»аяқтары болады.

Көбеюі

Қабыршақ қанаттылыр түрленіп дамиды, яғни жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, одан қуыршаққа, қуыршақтан ересек түрге айналады. Қабыршақ қанаттылырдың дернәсілі – жұлдызқұрт. Қабыршақ қанаттылырға ғана тән ерекшелік – жұмыртқасының әр түрлі пішінді болуы.

Қоректенуі

Қабыршақ қанаттылыр өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т.б. қоректенеді.

Жыртқыш аңдардан қорғау

Көптеген түрі кеште, түнде ұшады. Түнде ұшатын жоғары сатыдағы Қабыршаққанаттылырда есіту органы болатыны анықталған.

Қабыршақ қанаттылырды 3 отряд тармағына бөледі: жақты көбелектер (Lacіnіata); тең қанаттылар (Iugata) және әр түрлі қанаттылар (Frenata). Қазақстанда кездесетін негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, көгілдір көбелек, емен көбелегі, барқыт көбелек, бұйра көбелек, мүр көбелек, қан көбелек, түн көбелектері, нимфалидалар, т.б. Қабыршақ қанаттылырдың өте сирек кездесетін кейбір түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мыс., Тянь-Шань аполлоны, өкшелі сұр көбелек, жолақты тораңғы көбелегі, махаон көбелегі, т.б. Қабыршақ қанаттылырдың 1 мыңнан астам түрлері – екпе өсімдіктердің зиянкестері. Олардың жұлдызқұрттары өсімдіктерді жейді. Әсіресе күздік дақылдар және бидай қоңыр көбелектері, дән қоңыр көбелегі, беде, жоңышқа, капуста, күнбағыс қоңыр көбелектерін атауға болады. Қабыршақ қанаттылырдың орман ш-на зиян келтіретін түрлері де көп (қарағай көбелегі, сақина көбелегі, т.б.). Ал кәдімгі күйе көбелектері үйде, қоймада тіршілік ететіндіктен түрлі тағамдар мен теріден тігілген және жүннен тоқылған киімдерді, жиһаз көбелегі ағаштан жасалған жиһаздарды бүлдіреді. Қабыршақ қанаттылырдың табиғатта пайдасы да бар. Мыс., олар гүлді өсімдіктерді, әсіресе, гүлі түнде ашылатын өсімдіктерді тозаңдандырады. Қабыршақ қанаттылырдың кейбір түрінің жібек пілләсі пайдаланылады (тұт, емен, айлант жібек көбелектері)

Көбелек туралы

Таңғажайып әлем: Көбелек туралы

Көбелек дегенде есіңізге не түседі?


Көп адамдардың жақсы танитын көбелектер туралы айтқалы жоқпын. Өзіміздің табиғатта ұшып жүретін, қанаты бар бунақ денелілер және олардың адам өміріне сабақ берерлік ерекшіліктері мен іс әрекеттері. 
Қоршаған айналамызды жаратқан сондай Шебер!» деуден өзімді еш аламаймын.
 

— Егер хабарларыңыз болса, сол нәзік жанды бунақ денелілер 1 ақ күн өмір сүреді екен. Арасындағы ең мықтысы, атаманы 2 күнге дейін шыдаса, рекорд болып саналмақ.

— Алайда, сол 2 күннің ішінде, қолынан келгенше өз жұмысын шебер түрде атқарады. Яғни, мыңдаған гүлдерді тозаңдырып, болашақ гүлдердің тағдырына тікелей қатысы бар екен. «Гүлден гүлге қонады» деген сөз тіркес содан шықса керек.

— Бір күнде 1000 тұқымдай тастай алады.

— Тұқымнан құртқа, құрттан қуыршаққа айналады.
 

— Сол қуыршақтан көбелек болып шығуы да бір ғибратты әңгіме:

Егерде көбелектің сол қалыбынан шығып жақтанын көріп қалсаңыз, оның қатты қиналып жатқанына куә боласыз. Жаныңыз ашып, құрт қабынан шығып жатқан көбелекті босатып жіберсеңіз, оған тек жамандық жасаған боласыз. Кейіннен, өмірде еш ұшалмай қалатынына себепкер болып қалуыңыз әбден мүмкін.
 

— Көбелек, сол құрт қалыбынан шығамын деп тырысып, қиналғанда, әлсіз қанатына күш жинайды екен. Сол жиналған әлдің арқасында бір күнгі өмірінде көптеген тозаңдандыру процестерін жасайды екен.
 

p.S
 Адам өмірінде басына келетін қиындықтар да, осы көбелектің жағдайы сияқты екен. Қаншалықты қатты қиналсақ, соншалықты жетістікке жететін мүкіншіліктер пайда болады. Алайда, сол үшін қиындықтарды іздеу деген мағынаға саймайды, әрине. Өміріміз бақытты, әрі баянды болсын.



Көбелектер туралы қызықты мәліметтер

IMG_1288Әсіресе, көктемде, жазда гүлден-гүлге қонып, ұшып жүретін көбелектерге күнделікті өмірде мән бере бермейміз. Олардың қанатттырының әдемілігіне, түрлі-түстілігіен сүйсініп қана қоямыз. Алайда қарапмайым жәндіктер туралы да көптеген қызықты мәліметтер бар екен.

Көбелек үстіңізге қонса, жақсы ырымға бағалаКөбелек үстіңізге қонса, жақсы ырымға бағала

Көбелектердің ең нашар дамыған мүшесі — көз. Олардың көру қабілеті өте төмен.

Көбелектер кімнің үстіне келіп қонса, сол адамға сәттілік алып келеді деген түсінік бар.

Көбелектердің көбеюіКөбелектердің көбеюі

Көбелектердің аяқтары да әлсіз болып келгендіктен, оларды қолмен ұстауға болмайды. Өйткені адамның саусақтары олар үшін улы болып саналады.

Олар су, бал және цитрустық жемістермен қоректенеді.

Көбелектер түрлі түсті блады және түрлі қасиетке иеКөбелектер түрлі түсті блады және түрлі қасиетке ие

Көбелектер бір ай немесе бір жарым ай ғана өмір сүреді.

Көбелектер жиырма бес градустан жоғары температурада өмір сүреді.

Көбелектердің қорегіКөбелектердің қорегі

Көбелектердің өмі сүру уақыты, тамақтануы, ұшуы олардың түрлеріне, қанаттарының түстеріне байланысты болады.

Көбелектер әлемі

Қолмен Көгілдір Морфо көбелегін ұстап көру үлкен бір сәттілік деп саналады. Бұл көбелектің атауы үндістерше «жерге құлаған аспан бөлігі» деген мағынаны береді. Амазондық тайпалардың наным-сенімдері бойынша қолдарына осы көбелек қонған жолы болғыштар өздерінің құпия тілектерін тілесе, ол сөзсіз орындалады екен. Қала тұрғындары мен қонақтарына Морфоның алақан көлеміндей қанатына қол тигізіп қана қоймай, басқа да тропикалық көбелектердің көз тартатын әдемілігін көру мүмкіндігі туды. Өлкетану мұражайында сүйкімді көбелектердің көрмесі ашылды. 
Атырауда көрменің ашылуына павлодарлық ұйымдастырушылар арнайы контейнермен түрлі көбелектердің 130-дан аса қуыршақтарын алып келді.
Тірі көбелектердің жиынтығы орналасқан шағын шатырда барынша тропикалық жағдай жасалған. Ауа температурасы Цельсий бойынша 26 градустан асады, ал, ылғалдылық – 65 пайыздан кем емес. Бұл жерден ағаштарға орналастырылған контейнерлерді көруге болады, оларға барлық жаңа көбелектер шығып жатқан қуыршақтар ілінген. Келушілерге өз көздерімен көбелектердің қуыршақтарынан шығып, өздерінің жұқа қанаттарын алғаш рет жайып жатқанын көруге болады. Бұл ғажайып көрініс екі сағатқа созылады.
Коллекциядан сирек кездесетін және өте әдемі Калиго, Павлиноглазка Атлас, Парусник Румянцева, Рисовая бумага және басқа көбелектерді көруге болады. Калиго немесе оны тағы да көбелек-үкі деп атайды, атына сәйкес ол түнде тіршілік етеді. Бұл ультра дыбыс шығаратын жалғыз көбелек, сол арқылы өздерінің ізіне түскен жарқанаттарды жаңылдырады.
Көрмедегі ең ірі көбелек – Павлиноглазка Атлас, оның қанаты жайылғанда 30 см-ге жетеді. Бұл көбелектің тағы бір ерекшелігі - туғаннан бастап ештеңемен қоректенбейтіні. Аз өмір сүреді, бар болғаны 5-7 күн ғана. Бұл көбелектердің пілләсі өте мықты, қалың қатты қағаздан жасалған сияқты, Тайванда әйелдер оны әмиян ретінде де қолданады.
Парусник Румянцева көбелектері өте ашық және өзіне бірден назар аудартады. Олардың Отаны Филиппин, онда құмарлық нышаны болып есептеледі. Парусник Румянцев көбелегінің аталығы мен аналығы бірін-бірі үлкен қашықтықтан-ақ сезіне алады. Филиппиндік жігіттер мен қыздар бір-біріне осы көбелектерді махаббат пен адалдықтың белгісі ретінде сыйға тартады. Рисовая бумага көбелегінің қанаты өте өрнекті болып келеді. Бұл өз отаны Қытайда махаббат пен отбасының нышаны болып табылады. Қабыршақ қанаттылардың басқа өкілдерінен айырмашылығы - бұл көбелектер бір некелі және өздерінің қысқа өмірлерінде бір ғана серіктесті таңдап алады. Қытайлықтарда мынадай сенім бар, егер Рисовая бумага көбелегі үйге ұшып кірсе, онда отбасы мүшелерінің қатары жақын арада толығатын болады. Мұндай көбелекті жас жігіт өзінің сүйікті қызына, сондай-ақ, ата-аналары тойда жас жұбайларға сыйға тартады.
 
Көгілдір Морфо – үндістердің қасиетті көбелегі. Олардың наным-сенімдері бойынша, адам өлгеннен кейін оның жаны осы көбелекке айналады екен. Көгілдір Морфо өзінің қанатының түрлі-түсті ғажайыптылығымен сиқырлап тастайды. Ол жоғары биіктікте ұшады, оның 6 метрден төмен ұшуы сирек. Осынау ертегіге айналған сүйкімді көбелектердің мекен ететін жерінде тұрғындар оларды қант шырынына салынған банандармен еліктіріп шақырады. Мұндай тәттіден көбелектер мас болады, міне, сол кезде ғана өзіңнің арман-тілегіңді сыбырлап айту үшін оларды қолға алуға болады...
Атыраудағы көрме 23 желтоқсанға дейін жалғасады. Көрме коллекциясы үнемі жаңа көбелектермен толықтырылып отырмақ.







Көбелектер де қиялдайды екен...

Көбелектер де қиялдайды екен...

Бала кезде бір қызық әдет бар еді. Үй жарығы қосылғанда, көбелек біткен қаптап кететін. Содан кейін бір-бірінен өтіп, әлгі жарыққа барып соғысып жататын. Оның бәрі  біздерге  қызық болып көрінетін. Соқырлыққа жатқызайын десек, соқыр емес, соқыр емес дейін десек, неге соғысатынын түсінбей дал болатынбыз. Сөйтсек, ғылымда бұны фототактис деп айтады екен.

Бірақ, бұл фототактис керісінше болып та келе беретін болып шықты. Оны біз алыстан алмай-ақ қояйық. Күнделікті үйге барып, жарықты жаға қалғанда тарақан біткеннің зып беріп қашатын әдеті бар емес пе?! Міне, осы құбылыс та фототактис деп аталады.

Көбелектер жарыққа ұшады, әлде ұшпайды деген сұраққа ортақ түсінік таба қою да қиын. Мүмкін, олар Ай навигациясын (бірнеше обьектіні байланыстыру) пайдаланатын шығар. Сол үшін де Ай орнына жасанды жарықты айналып, өз-өздерін біраз шатастыруы мүмкін-міс. Бірақ, бұған қарсы контраргумент (қарсы пікір) бар болып шықты?! Навигация үшін арнайы жүйемен жүру керек көрінеді. Алайда, көбелектер белгілі бір жүйемен айналмай ұшады емес пе?! Олар тіпті айсыз түнедерге де бейімделген. Бұны қалай түсінсек екен.

Фототактис құбылысы адам баласына баяғыдан белгілі. Ол туралы " Көбелектердің жалын ішіндегі өлімі" атты Эсхилден (525 — 456 б.з.д.) келе жатқан үзінділер де бар.

1960 жылдары Г.А. Мазохин-Поршняков шыбын-шіркейлерді ашық кеңістіктегі универсальды әрі тұрақты индикатор санап, олардың жарыққа ұшуын заңды деп бағалаған. Және де ультра-күлгін сәулеленудың қатты назар аудартатынына тоқталып өткен. Бұл дегеніміз жерден табылмас сәулеленуге шыбын-шіркейлер құмартады деген сөз.

Көбелектер бөлмеге кіріп кетсе, күннен келер УФ сәулеленуге  қарай тырмысып, терезеге соғысатынын бәріміз білеміз. Сөйтсек, түнгі уақытты олар жабық кеңістік ретінде қабылдап, жарықтың айналасында мазасыздана ұшады екен. Тек қана жарық әрі бос кеңістікке жету үшін.

Әлі келіспей тұра тұрыңыз. Бұған қарама-қарсы да пікірлер бар болып шықты. Көбелектер жарықтан құтылып, қап-қара түнек белдеуіне ұшқысы келеді екен. Аталған белдеу жарық пен қараңғылықтың ортасында орналасқан көрінеді. Олардың осы бір оптикалық қиял, сағымы Маха белдеуі сияқты. (Адамдардың арасында да бұған сенетіндері бар).

Фототактистің қайдан бастау алары әзірге белгісіз. Бір қызығы, бір түрдің әр түрлі тұқымдары жарықты басқаша сезінетін болып шықты. Кейбіреулері жарықты айналып ұшатын болса, кейбіреулері тіпті де ұшпайды екен. 




Көбелектің иісі

Көбелектің иісі

Көбелек – табиғаттағы ең құпия жаратылыстардың бірі. Мұндай ғажайыпты ойлап табу мүмкін емес. Адам қарағысыз дернәсілден тап бір суретші салып қойғандай ою-өрнекті қанаттары бар сұлу жәндік шыға келеді. Ал оның ешкімге зияны жоқтығы тағы бір бөлек әңгіме. Ғажап емес пе?

Бүгін сіздерге осы бір кереметтей жаратылыстың бірнеше құпиясын ашпақпыз.

Әрбір көбелектің өзіне тән иісі бар. Кейбір көбелектерден ванильдің, шашақгүлдің, бүлдіргеннің, қазтамақтың, шоколадтың иісі мүңкіп тұрады. Ал аталық ақ көбелектерде қызыл қазтамақтың, лимон гүлінің иісі бар екен.

http://massaget.kz/userdata/users/user_51387/1392877908.jpg

Бірқатар көбелектер коллекция үшін препаратталғаннан кейін де тартымды иісін сақтап қалады. Көбелектер коллекциясымен айналысатын бір ғалым ылғи да өзімен бірге тропикалық көбелектің біреуін алып жүреді екен. Ол адамдарға осы иістен ләззат алатынын айтады. Ал Бразилияда шоколадтың өткір иісін шығаратын көбелектер мекендейді. Адамдар бөлме ауасын иістендіру үшін осы көбелектерді арнайы ұстайды.

Олар өз иістерін екі мақсатта қолданады: қарама-қарсы жыныстағы көбелектердің назарын аудару және жауларын қорқыту үшін. 

Иіс артқы қанаттарындағы қабыршақтан шығады. Бұл иісті бөлетін денедегі темір құрамы екен. Қызығы, аналық көбелектердің иісі адамға ұнаса, аталық көбелектердің иісі жағымсыз қабылданады.

http://massaget.kz/userdata/users/user_51387/1392877922.jpg

Ал сіз көбелектердің сезім мүшелері адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы дамығанын білесіз бе? Олар тәттіні біздің тілімізден де артық біледі. Олардың басты тағамы – гүл шырыны. Оның құрамында қант болғандықтан, тез іздеп тауып алады. Көбелек гүлдегі шырынды байқаса, бірден ұзын бізтұмсығын салып, сұйықты сорып алады.

Сондай-ақ, көбелектер түсті де жақсы ажырата алады. Керек десеңіз, адам көзі байқай алмайтын ультракүлгін сәулелерін де тез қабылдайды екен.

http://massaget.kz/userdata/users/user_51387/1392877998.jpg

Олардың иіскеу сезімдері де жақсы дамыған. Дәм тілдегі ағзалар арқылы сезілсе, иіс көбелектің мұрты арқылы қабылданады. Міне қызық, табандарында орналасқан "мұрынмен" де иіскейтін көбелектің түрлері бар екен.









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 06.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров344
Номер материала ДВ-506704
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх