Инфоурок Другое Другие методич. материалы«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ЖҮРГЕН САРА ЖОЛ» атты ән-кеші

«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ЖҮРГЕН САРА ЖОЛ» атты ән-кеші

Скачать материал

«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ЖҮРГЕН САРА ЖОЛ» атты ән-кеші

1-жүргізуші 
Батар күн, келер күн, атар таң, шығар күн 
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын. 
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын, 
Осы мен сірә де өлмейтін шығармын. 
2-жүргізуші 
Өмірім, сірә да, әріден басталған, 
Әріден басталып, мәңгіге тасталған. 
Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын, 
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын. 

1-жүргізуші 
Қуат алып Абайдың тіл күшінен, 
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. 
Абай болып табынсам бір кісіге, 
Абай болып түңілем бір кісіден - деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 84  жасқа толар еді. Жыл керуені алға жылыжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтыла түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық. 

2-жүргізуші 
М. Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында         1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады», - деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали деп атап кеткен. Ақын 10 жасыныан бастап өлең жаза бастайды. Ақын ауылдың кеңесінің хатшысы, әдебиет пәнінің мұғалімі, республикалық газеттің тілшісі, қазақ радиосының дикторы, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, жазушылар одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңесшісі міндеттерін атқарады. Көптеген жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысыңдар достар», «Шуағым менің», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға жүрек», «Өмір дастан», «Өмір-өзен». Бүгінде ақынның өлеңдері поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Хан тәңірдің биік шоқтығындай болған ақын өлеңдеріне кезек берейік. 

1-жүргізуші 
Шетінен өлең-жыры шұғылалы, 
Әр қырын, біз түсініп болған жоқпыз, ұғып әлі. 
«Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» - деген еді Шелли Хан. Мұқғали поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік. 
(«Поэзия» өлеңі оқылады) 

1-жүргізуші 
«Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім», - деп тіршіліктің жұрт көзіне көріне бермес сәттерінің бәрінен сезімге толып, шарқ ұрған ақын кім? 
Өмірлік мақсаты, жырларының құдіреті жайында, туындаған сауалдарға жауапты оның жүрек лүпілі мен сезім құдіретінен құйылған қанық бояулы 
жырларынан іздестіреміз. 
(«Әкеме», «Анама»  өлеңдері оқылады) 

1-жүргізуші 
Таулар, таулар, тауларым-ай! 
Сағынысып қаппыз ғой тарланым –ай! 
Таудағыдай еш жерде күн шықпайды, 
Түн болмайды еш жерде таудағыдай. 
Тау менің несібеме тиіпті ерек, 
Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек. 
Ақсақалдар: - Таудай бол –дейтін маған, 
Таудай болғым келеді биік керек. Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірден өз биігін іздеумен өтті. Ол биігі – Туған халқы, Ана тілі, Атаменкені. 
(«Үш бақытым», «Халқым барда», «Қайран Қарасазым», «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңдері оқылады) 
Адилбай Жәнібектің орындауында:  «Қарасаз» әні орындалады

2-жүргізуші 
Қазынам бар 
Біреуге берсем бе екен? 
Өкпелейді-ау бермесем, 
Берсем, бөтен. 
Бар байлықты қойныма тығып алып, 
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен? Мұқағали қазынасы, әрине, - өлең, досы да өлең. 

2-жүргізуші 
Жапырақ – жүрек, жас қайың, 
Жанымды айырбастайын. 
Сен адам бола бастасаң, 
Мен қайың бола бастайын. 
Келісесің бе, жас қайың? – деп, ақ қайыңмен тілдескен ақын ана-табиғаттың жұпар иісін аңқытып, сұлулық әлеміне бойлайды. 
Қыздардың орындауында «Қара жорға» биі
1-жүргізуші 

Бала үшін ең бақытты сәт анасының жұмсақ алақанында жатқаны болса, ананың шаттыққа толы сәті- сәбиінің кіршіксіз шат күлкісі.Ақын  ана тіршілік бастауы болғандықтан, «Шеше сен бақыттысың» - деп жырға қосады.

(«Шеше сен бақыттысың»)

1-жүргізуші 
 «Аққу – киелі құс». Олар екеу болып қана өмір сүреді. Аққуды қазақ ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады. Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды. Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда поэмасы». 
3-сынып оқушысы Адилбай Марал :«Аққулар ұйықтағанда»  поэмасынан үзінді. 

2-жүргізуші 
Ақындардың көмейінен жыр ақса, 
Кейбіреулер жыр бәйгеде жүр ақсап. 
Бақыт деген – асыл болса, бір мысқал, 
Бақыт деген – уақыт болса, бір-ақ сәт

 «Бақыт деген» өлеңі оқылады, «Сәби болғым келеді» әні орындалады 
1-жүргізуші 
Болашақ бүгіннен басталады, яғни бүгінгі жастар, зиялы азаматтар. Қоғам қай кезде де біліктілік пен білімділікті, парасаттылық пен ақылдылықты талап етеді.

 Поэзия деген құдіретті өнерді бағалап жүрген оқушы  Абдикеримқызы Меруерттің  Мұқағали атасына арнап  шығарған жыр шумағына кезек берейік. 

1-жүргізуші 
Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім. 
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев 
Өлтіре алмайды, алайда өлеңді ешкім. 

2-жүргізуші 
Сен қазақтың қазақтығын жырладың, 
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын. 
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген 
Қара өлеңнің – жалындаған жырларың. 
Зулап күндер, жылдар аунап барады, 
Жырларыңнан қазақ бақыт табады. 
Қадіріңді сәл кешірек білсек те, 
Мәңгі есімің жадымызда қалады. 
«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады

1-жүргізуші 
Құрметті қонақтар, біз бойымызды жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтымызды сүйе білуге баулысақ, мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген   М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес. 
Осымен кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет.

Қош, сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ЖҮРГЕН САРА ЖОЛ» атты ән-кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 1803
    • DOCX 20.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сидикова Рая Агиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сидикова Рая Агиевна
    Сидикова Рая Агиевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23860
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов