Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы сабақ жоспары

библиотека
материалов

«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»

Мақсаты:Ақын өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқуға үйрету, шығармашылығымен таныстыру,

Көрнекілігі:Кітаптар көрмесі, газет беттері, буклет, компютер пайдалану, нақыл сөздер, ақынның портреті.

Кітапханашы:

Кіріспе: Құрметті ұстаздар,оқушылар!

Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»- дегендей қазақ елінің мақтанашы, бүгінде ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың 82 жасқа толған туған күніне орай бүгінгі тәрбие сағатымыз ақынның шығармашылығына арналады.

Ернар.-Армысыздар, қадірменді көкірек көзі ашық, көңілі ояу жырсүйер қауым!

Сырым да –осы,

Жырым да осы, алдыңда.

Байқашы бір.

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік жарық сәуледей өте шыққан ұлы ақын Мұқағали Мақатаев ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Дара дарын,айтулы ақын, халқының қараөлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» тақырыбында өтетін тәрбие сағатымызда бас қосып отырмыз.

Қырмызы: Ол 1931 жылы 8- ші наурызда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Науырыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен.Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы, колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі.Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің (1962-1963 жылдары.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жылдары.), «Жұлдыз»(1965-1972 жылдары) журналдарының редакциясында, Жазушылар одағында (1972-1973 жылдары) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» , «Армысыңдар достар», «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. «Аққулар ұйықтағанда» өлеңінен үзінді тыңдайық. Алтынай.

Ернар:Ақиық ақынның өлеңдері ойлы,терең тұңғиықты, тау суындай таза,мөлдір әрі ерке тентек болып келеді.Себебі,өзің айтқандай ол-елімен жерін сүйді.«Қарасаз» өлеңін Шырын мен Айгерімнің орындауында қабыл алыңыздар.

Қырмызы: Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді.Осы «Моцарт «Жан азасы» поэмасынан үзінді тыңдайық.Айгерім

Ернар: Махаббат,сұлулық,аққу- осы үш сөзді бірдей теңестіріп,теңдестіре білген кім десек, ол Мұқағали Мақатаев. Өмір сұлулығына, жан мен тәннің сұлулығына тәнті болған. Мұқаң поэзиясының гуманизмі, асқақ азаматтың пафосы махабаттың марафонына ұласады.Өмірлік мақсаты, жырларының құдіреті жайында туындаған сауалдарға жауапты оның жүрек лүпілі мен сезім құдіретінен құйылған, қанық бояулы жырларынан тыңдаған жөн. Мұқағали Мақатаевтың өз дауыснан «Әйелдер-ай» өлеңін тыңдайық.

Қырмызы: Керемет азаматық, адамгершілік жүрегімен от сезімге оранып, бұрқырап өткен ақынның ұрпаққа сыйлаған асыл жырлары- сұлулық үлгісі ,сонымен М.Мақатаев өзінің асыл жары Лашынға арналған өлеңдері,қызы Майгүлге, ұлына арналған өлеңдері де бар. Кенеттен жол апатына ұшыраған қызы Майгүлден айырылып қапаланған ақын жыр жолдарын жазған екен. «Майгүлге» үзіндісінен тыңдайық. Насима.


Ернар: М.Мақатаев ақын ғана емес, аудармашы ,драматург та.Уолт Уитменнің өлеңдерін,Шекспирдің соннетттерін,Дантенің «Құдіретті комедиясын», Тихонов,Бернс, Акопян, Евтушенконың бірнеше өлеңдерін қазақ тіліне аударды. «Қош, махаббат» пьесасының авторы. Қазіргі кезде М.Мақатаевтың шығармалары өзбек, қырғыз,орыс тіліне аударылған. Ақынның 80 жылдық мерейтойына қарсы өлеңдері қытай елінде де жарық көрді.

Компютерден үзінді тыңдайық.


Қырмызы:Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80- жасқа толған мерейтойын барша алаш жұрты тойлады.Жаны нәзіктікке,сұлулыққа толы ақынның өмірі өте арпалысты және де талай қиындыққа душар болды.Ол жүрек ауруына шалдығып, ауруханада жатты.Бірақ,бір қызығы ауыртпалықты басынан кешірсе де, ол жанынан ұшқыр қаламын тастамады.Оыған орай өлеңінен үзінді тыңдасақ.

«Жоқ дәрігер» Мөлдір.


Ернар: Мұқағали Мақатаев- қазақтың ұлы ақыны және ХХІ ғасыр ақыны деп танылды. Ақынның тірі кезінде шығармалары өз дәрежесінде кітап болып жарық көре алмады. Шағын-шағын екі-үш кітапшасы ғана басылды. Қайтыс болғаннан бері ақынның мол мұрасы жеке том болып та, екі томдық, төрт томдық болып та жинағы шықты.Тірісінде өз бағасын ала алмаған, алайда шығармалары арқылы халқының ең сүйікті ақынының біріне айналған М.Мақатаевқа 2000 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді.70 жылдық мерейтойында «Атамекен» кітабына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.Аудан орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражайы бар. Мұражайды ақынның туысы, тай құлындай тебісіп кеткен досы Әбдіке Асанов басқарады. Экспонатқа өте бай. Мұқағалидың туғаннан қайтыс болғанға дейінгі сурттері жинақталған. Өзі ойнаған дойбысы, аңға шыққанда атып алған түлкісінің терісі, өлеңдерінің жинақтары, Мұқағали туралы мақалалар, тұрған үйінің макеті көзге ыстық басылады. Әбдіке Асанов ерінбей-жалықпай әрбір заттың тарихы туралы сыр шертеді.Алматы қаласының орталық көшелерінің бірі М.Мақатаев атымен аталады. Ұлы ақынының өлең шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.

Өз дауысын тыңдау.


Қырмызы:Қазақ поэзиясының көгінен орын алған заман жаршысы, мұзбалақ ақынның өмірден өтсе де, өлеңдері өлген жоқ.Мұқағали өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов,Алтынбек Қоразбаев, І. Жақанов т.б сазгерлер ән жазды.Елена Әбдіхалықованың орындауындағы «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдайық.




Ернар: Небары 45 жыл өмір кешкен ақын әрі қарай талай лирикалық, адам табиғатына жақын поэзияны өмірге әкелер еді...

1976 жылы 26 науырыз. Бұл күні қазақ поэзиясының басына қара бұлт үйірілген, орны толмас өкініш пен қайғыға толы қаралы күн болды.Бұл күн «ажал» атты келместің кемесіне, өз «барса келмесіне» өр тұлғалы, ғаламат ақынымызды мәңгілікке алып кетті.

« Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім»

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестім.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда оны ешкім»- деп ақынның өз өлеңімен М.Мақатаевқа арналған тәрбие сағатын аяқтаймыз.

Қортынды сөз:

Бүгінгі тәрбие сағатымызды Мұқағали Мақатаевтың «Арыз жазып кетейін» деген өлеңімен қортындылайын деп отырмын.


 Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап бере едім өзім- ақ,

Тәңірдің бір жарытпай- ақ қойғаны- ай.


Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ- құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау- шапан,

Мынау – атың, мін» демей.


Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?

Халқым,

Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!





Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,

Басқа арнаған бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.


....Тойланбаса тойланбасын,

Не етейін.

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған, бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін....


Біздің кітапханада М.Мұқтаевтың «Аманат» атты жыр жинағы бар.Өздеріңді қызықтырған өлеңдерінді алып оқуларыңа болады.Мына буклетте аздаған материалдар бар. Мұқағали Мақатаевтың суреті бейнеленген пошта маркасы, 2006 жылы шыққан. Алматыдағы бейіті.Газет беттері.

М.Мақатаевтың туған күніне орай бүкіл қазақ даласы атап өтіп жатыр.Теледидардан әртүрлі бағдарламалар, сазды кештер көрдік.

Енді алдымыздағы жылдар да Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш,тәрбиелік маңызы бар іс шаралар жалғасын табады деп ойлаймын.Назарларыңызға рахмет!










































Қыстау күршім негізгі орта мектебі









М.Мақатаев



«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»


Тәрбие сағаты





Кітапханашы: Тыныбаева А




























Автор
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров267
Номер материала ДБ-041806
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх