Инфоурок / Другое / Конспекты / Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«Писарев орта мектебі» КММ

КММ «Писаревская средняя школа»









Тақырыбы:

Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жукенова А.Т.

hello_html_m718cca0a.jpg



2015-2016 оқу жылы

2015-2016 учебный год

Сыныптан тыс іс- шара

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кештің сценарийі

«К векам обращаюсь, но нет мне ответа,

Нет здесь Магжана, нет Махамбета,

Есть их наследник по крови,

По праву- Я – Макатаев Мукагали!»

Кештің тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Кештің көрнекілігі: кеш тақырыбы мен ақын портреті, буклет, альбом және кітап, журналдармен көркемделген көрме, тақырыптық слайд.
1 - жүргізуші: Бүгін менің туған күнім
Ой, пәле - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.
- Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.
2 - жүргізуші: Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз. Бүгінгі кешіміз төрт бөлімнен тұрады.

1. «Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім» (өмірдерек)
2. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (ақынның әр тақырыптағы өлеңдері)
3. «Өлең деген тумайды жайшылықта» (ақынның әндерін орындау)
4. «Есіңе мені алғайсың» (қорытынды)
1 - жүргізуші: Бүгінгі «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби - сазды кешіміз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналып отыр. 9 ақпан күні көзі тірі болса 85 жасқа толар еді...
2 - жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек те, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.
- Олай болса, І бөлімге кезек берелік

Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/

Мұғалім: Жиырмасыншы ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Биыл 85 жасқа толған мерейтойы.

Мұқағали- туа біткен дарынды ақын. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, әкесі Сүлеймен соғысқа кетті. Сонда он жасар Мұқағали әкесін сағынып, өлендер жазады. Мұқағалидің әкесі соғыста қаза табады. Жетімдік өмір, ауыр тұрмыс Мұқағалиды ерте есейтеді. Ақынның туған жері Хан Тәңірінің етегінде, биік таулар қоршаған, бұлағы көп, шалғыны мол сұлу ауыл еді. Табиғаттың сұлу көрінісін көріп жүріп, ақын болмау мүмкін емес те сияқты. Мұқағали сол суреттің бәрін-бәрін өлеңге түсірді. Ол туған жерге деген өлеңінде:

Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң,

Анау жерде құрбылармен алысқам.

Анау жерде құрбыжанмен табысқам,

Жолдар анау шұбатылып, шаңы ұшқан.

Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң- деп, қолмен сурет салып бергендей көрсетеді. Мұқағали әлем классик ақын- жазушыларының көбінің шығармаларын оқыған және қазақ тіліне аударған.

Библиотекарь: Мукагали… Сегодня это имя символизирует казахскую поэзию.

Мукагали... Это имя вызывает в душе образы казахской земли: бескрайние степные просторы, величественно- неприступные Хан- Тенгри и Алатау, могучие деревья в кронах которых кроется прохлада звенящего летнего дня. Она несет в себе свет и радость понимания бесконечности природы.

Мукагали... Великий сын великой казахской земли и казахского народа, щедро одаренный их любовью и сам одаривший их ярким талантом.

Вот одна из последных записей в дневнике Макатаева: «Дорогие товарищи мои! Если вы, действительно, намерены исследовать мою биографию, мое творчество, то не забудьте прочесть все, что написано мною, где я через свое «Я», не утаивая, в стихах вел летопись своей жизни». Покоримся воле поэта и отправимся с ним в до боли короткий и полный драматизма жизненный путь, как в зеркале отразившийся в его поэзии.

1-жүргізуші: Макатаев родился 9 февраля 1931 года в селе Карасаз Нарынкольского (Раимбекского) района Алматинской области. Заповедная красота Карасаза стала источником поэтического дара Мукагали. Как он воспевал «счастливый край» своего детства! Карасаз- малая родина Макатаева, помогавшая ему в самые трудные минуты жизни. Вся поэзия Макатаева- это гармония любви и созидательного смысла, в ней отражается личность поэта, творившего бессмертие. И это поэзия всегда современна и вечно живет в мире, который поэт любил и которому завещал в любви вспоминать о нем.

Под звуки кюя звучит стихотворение «Вспомни обо мне» - Сивгаль Илья

Полное имя поэта- Мухаметкали, но его с детства ласково называли Мукагали, считая, что время ответственности (нелегко носить имя Пророка) может осложнить жизнь маленького ребенка. Первоначально детство Мукагали было безоблачным.

Война все изменила в жизни Мукагали. Ему было 10 лет, отец ушел на фронт, и все тяготы жизни легли на плечи подростка. Как все мальчики военного поколения, он рано стал взрослым, осознав, что в доме, где одни женщины и дети, теперь остался за мужчину.

В 1948 году Макатаев окончил в Нарынколе школу- интернат. Он несколько раз успешно поступал в институты: на филологический факультет КазГУ, затем в институт иностранных языков и вновь в Каз ГУ, но уже на юридический факультет. Оставаясь в ауле, Мукагали работал в конторе, потом был учителем русского языка в школе, корреспондентом районной газеты. После переезда семьи в 1962 году в Алматы его профессиональная деятельность тесно связана с литературным творчеством: диктор на Казахском радио, журналист в газете «Социалистік Қазақстан», сотрудник журнала «Жұлдыз», руководитель Совета по делам молодежи в Союзе писателей. Не смотря на смену внешних обстоятельств, постоянен Макатаев был в главном- в беззаветной любви к поэзии. За двадцать пять лет работы в литературе Макатаев написал более 1000 стихотворений. Последняя прижизненная книга стихов Макатаева «Жизнь- поэма» вышла в середине марта 1976 года. Сразу же начав подписывать ее самым близким людям, поэт почему-то ставил дату «27 марта 1976 года». В этот день его не стало.

Мукагали очень любил читать Абая, Ауэзова, Сейфуллина, Мусрепова. Прекрасно зная русский язык (выучил самостоятельно), запоем читал русскую литературу, особенно поэзию Пушкина, Есенина, Блока. Из зарубежной литературы интересовался творчеством Гейне, Гете, Дюма, Гюго, Байрона, Драйзера, Стендаля, но предпочтение все-таки отдавал Бальзаку, Лондону и Шекспиру. В одном из писем Макатаев признается: «Да, я люблю литературу. Превыше ее для меня ничего нет».

2-жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

1-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ІІ бөлім ақын өлеңдеріне берейік.       

2-жүргізуші:

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

/«Үш бақытым» орындайтын: Галимова З., «Қара өлең»- Смагулов М., өлеңдері оқылады/
Ән «Саржайлау» Орындайтын: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұсатаева Ә.Т.
1 - жүргізуші: Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Енді біз де Мұқағали болып Фаризаға мұң шағайықшы.
/ «Фаризаға»- Харламова А., өлеңі оқылады/

2- жүргізуші: Махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Олай болса Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.
/«Махаббат диалогы»- Казов Р., Машауова А., «Бақыт»- Сарбай А., өлеңдері оқылады/

1 - жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, 
жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

2-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?

1-жүргізуші:

Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғасың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік.

Ән: «Есіңе мені алғайсың »

2-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.


















Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-331026

Похожие материалы