Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" сыныптан тыс іс-шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" сыныптан тыс іс-шара

библиотека
материалов


Кештің тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.

Мақсаты:

Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Оқушыны сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Туған халқының талантты ақынына , әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация « Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!», акт залын безендіруге арналған заттар, ақын кітаптарынан көрме,портреттер,ақын шығармашылығына арналған буклеттер, интерактивті құрылғылар;


Кештің барысы:

1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар қауымы және студенттер,!

Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайлы, оның өрелі өлеңдері жайлы ой өрбітпек мақсатта бас қосып отырмыз.

2-жүргізуші: Иә, өзіміз әдебиетте оқып, танысқан 4 өлеңінен кейінгі толғаныстан туған бұл кеш оның өмірлік өнегесінен бастап, өшпес өлеңдерінің бүге-шүгесіне дейін танысыуымызға тың жол ашады деп ойлаймын.

1-жүргізуші: Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев бізге ұланғайыр мұра қалдырып кетті.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек, оның өлеңдеріне өрілген сұлу сазға тербелсек деп отырмыз.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

1-жүргізуші:

Поэзия!

Меніменен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе, неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім,

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

2-жүргізуші:

Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.

Ақын өмірбаяны. Оқитын – Кабиева Сарбина

1-жүргізуші:

Осы орайда ақынның жырларына кезек берсек.

«Үш бақытым » - 6 сынып оқушысы Амангелді Таңшолпан ,

2-жүргізуші:

Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын-ала сезді ме?..

Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,

Есіңе мені алғайсың – деп толғанады, ендеше кезек осы өлеңге жазылған Л. Әбдіхалықованың әніне беріледі.

«Есіңе мені алғайсың» әні. Орындайтын: Жумагазиева Айгүл Кенесқызы.

1-жүргізуші:

Ақындықпен айналысқан 30 жыл ішінде М.Мақатаев көзімен көргендерін, ақындық санамен түйгендерін төгілтіп жырлай берді.

2-жүргізуші:

Туған жерге, туған елге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын:

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын – дейді.

Кезек ақын өлеңдерінде оқитындар:.

«Елім барда» - Қайыпқалиева Азатгүл

2-жүргізуші:

Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен Мұқағали ағамыз 200 жыл- дық мерейтойы ЮНЕСКО бойынша аталып өткен әрі ақын, әрі батыр Махамбетті пір тұтқан, ұлы Абайдың мақсаты өз мақсатым деп білген екен.

«Махамбеттер , Абайлар - ай» өлеңі,оқитын– Нұрымғали Данель

1-жүргізуші:

Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Ақынды ақын жұбатады.

Ақынды ақын оятпаса, ол – қайғы,

Ақынды ақын таяқтаса, ол – қайғы,

Ақынды ақын күйелесе, ол – қайғы.

Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта

Мұқағали Фаризаны тапты. Енді бізде Мұқағали болып, Фаризаға мұң шағайықшы.

Өлең «Фаризаға», оқитын – Ержанова Дина

1-жүргізуші:

Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973ж. «Жалын» жинағында жария-ланды. Ендігі кезекте поэмадан үзіндіге назар аударыңыздар.

(Көрініс «Аққулар ұйықтағанда»)

2-жүргізуші:

Иә, Мұқағали аға есімі мәңгілік аңызға айналды. Оның есімін жап-жарық сәулетті де, дәулетті жырлары паш етіп тұр.

Жырым көп менің әлі жазылмаған,

Кемін көп менің әлі қазылмаған.

Қалдырып болар-болмас қазынамды,

Неліктен бір күні мен жазым болам.

Өлең «Эпилог Аққу туралы» оқитын: Батырғалиева Шұғыла

1-жүргізуші:

Қуалап тіршіліктің көбелегін,

Қап қойды қапелімде көп өлеңім ...

Жалғызым, жаным менің – жырым менің,

Қалдырып сені артыма неге өлемін?

« Поэзия» Қайыпқалиева Арайгүл , «Есіңе мені алғай сың»

Мұхитова Әмина :

2-жүргізуші:

Жазайын, жалықпайын, жасырмайын,

Қашан қалғып кеткенше басылмаймын.

Ая деп ажалға мен бас ұрмаймын,

Шоқ шайнап, оқ бүріккен Қасымдайын!

1-жүргізуші:

Көкейкесті жырлар жаз жез киіктей,

Мақтау, даттау, жәдігөй сөзді күтпей.

Өлең керек, ұрпаққа, өзің мейлі,

Көлеңкеде қалсаң қал, көзге ілікпей.

2-жүргізуші:

Ақын өлеңдерін толқи, тебірене оқи отырып, өмір шындығы, уақыт тынысы, жүрек ырғағы, сезім сырлары қабаттаса өрілген өлең жолдарындағы ақындық рухқа тағы да бас иеміз.

«Болашаққа арыз жазып кетейін» өлеңі,оқитын:Стамгазиева Гүлдана

1-жүргізуші:

Иә, ол арамызда жоқ.

Ажал, ажал! Көкірегі толы мейірімді шырақ, жүрегі толы махаббат пен ырыс, арманы мен қиялына кезек мініп, өмірінің келесі кезеңіне қарай тартып бара жатқан ақынды тым ерте жолынан қайырғанда да сен едің! Ол қылшылдаған 45 жасында дүниеден өтті. Соны сезгендей ол жанұшыра:

Өмір сүрсем енді бір жиырма жыл,

Жиырма жыл;

Шынымен қиын ба бұл?

Қиын болса он жыл да жетіп жатыр,

Тек жүректен атылсын құйын-дауыл.

« Жүрек арызы» Тұрсынов Аятбек

2-жүргізуші:

Осал өмір емес қой , қырықтаным ,

Кешір мені , болашақ , ұмытпағын!

Қажетіңе жараса қабылдарсың,

Қарапайым темірдің сынықтарын, - дейді.

«Күрсінбеші» Утешова Аружан

1-жүргізуші:

Мұқағали ерте өлімімен емес, жырдағы ерекшелігімен, түп-тұтас дара талантымен, ақындықтағы қыран қимылымен жыр дүниесінде біздің есімізде мәңгі сақталмақ. «Мен сені ұнатамын» Қонасов Асан

2-жүргізуші:

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осымен жыр музасы Мұқағали Мақатаев туралы сазды кешіміз аяқталды, назар салып тыңдаған ұстаздар мен студенттерге мыңда бір алғыс айтамыз, сау болыңыздар!


































4


Автор
Дата добавления 30.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров107
Номер материала ДБ-403488
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх