445031
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5 480 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1 400 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до 28 февраля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / "Мұқағали - ақиық ақын" атты әдеби-сазды кеш сценарийі (8-9-кластар)

"Мұқағали - ақиық ақын" атты әдеби-сазды кеш сценарийі (8-9-кластар)


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


Перде ашылып,Жетімкөлдің суреті көрінеді.Сахнада-Қасиет(көгілдір не ақ түсті капрон жамылғысы бар көйлек киген).Музыка ойналып тұрады.Жетімкөлдің қызығына қуанған Қасиетжүгіріп қайыңдарды аялайды,жерге отыра қалып шөпиермен орамалды желпейді.Сахнаға қайта жүгіріп барып,келе жатқандарды тыңдайды.

Сахнаға бір ұл мен қыз шығады.Жетімкөлге қарай жүгіріп барып,біріне бірі су шашысады.Сол кезде алдарынан Қасиет ұшып өтеді.Қыз бен ұл сахнаның екі бұрышына қарай аяңдайды.

1-қыз.

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді,қарайды қарға,шыңға,

Жалғыздықтан жамандық бар ма,сірә.

(5-6 қыз-жігіт Жетімкөлдің қасына келіп әнгімелескендей,біреулер ойланып,көрерменге қарап отырады.)

1-жігіт.

Қанша ғасыр өтті екен,қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен,қанша адам?

Қанша шырша өсті екен,құлады екен,

Жетімкөлге қараудан шаршамаған

Жетімкөлден су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самалы,

Қаншама аққу кетті екен-аңсаған ән?

2-жігіт.

Ортаймаған Жетімкөл,толмаған да,

Болған өмір ұқсайды болмағанға.

Сызат та жоқ бетінде,сызық та жоқ,

Айдынына аққуы қонбаған ба?!

Сорлағанға ұқсайды,сорлағанға,

Шүрегейлер айдынын қорлағанда,

Көкқұтандар қанатын қомдағанда...

2-қыз.

Беу,дүние-ай,аққулар оралғанда,

Айдын көлдің иесіжол алғанда.

Жетісіп бір Жетімкөл қалушы еді-ау,

Тынушы еді-ау теңселген қара орман да.

Таянғанда аққулар қонар маңға,

Басушы еді-ау байызын бар арман да.

3-жігіт.

Қанатынан аққудың балапандап,

Ән ұшатын сымпылдап таң атарда.

Сүйінші бер дегендей бір толықсып,

Сыбырлайтын Жетімкөл Алатауға.

Тына қалып бұлбұл да жаға-талда,

Қарайтұғын айдынға,ақ отауға.

(Музыка;Н.Тілендиев.«Аққу».)

1-қыз.

Таң мен күннің арасы таянғанда,

Таудың басы алаумен боялғанда.

Тірілетін таудағы бар тіршілік,

Қанатынан аққудың оянған ба?!

(Шам сөніп,музыкамен сахнаға 8 аққу шығады.Аққу биін билейді.)

1-жігіт.

Көмейінде тәтті үні былай қалып,

Жаға-талда жас бұлбұл тұр ойланып.

Жетті аққулар,

Түгендеп Жетімкөлін,

Жағалауда ұшып жүр шыр айналып.

(Бірден көлге қонбайды құлай барып.)



2-қыз.

Сондайтұғын аққулар,сондайтұғын,

Асығыстық оларда болмайтұғын.

Қомағай көкқұтандар секілденіп,

Жалп беріп,жағаға олар қонбайтұғын.

Сондайтұғын аққулар,сондайтұғын,

Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын.

(Аққулар Қасиетке барып тағзым етеді.Қасиет әсем қимылмен (капрон)қанатын(екі қолын)жайып,аққулардың ортасынан өтіп,Жетімкөл жақа жылжиды.Аққулар артынан ереді.)

Перде жабылады.

1қыз бен 1жігіт ең алғашқы орнына(авансценаға)-сахнаның екі бұрышына келіп тұрады.

1-қыз.

Әлдилеп ақ төсіне бермей тыным,

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.

Бұл көлге мылтық алған саяатшы емес,

Тірі жан аяқ басып келмей тұғын.

Аққулар аман-есен қайтқанынша,

Суына Жетімкөлдің шөлдейтұғын.

Суымен сырқаттарын емдейтұғын.

1-жігіт.

Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан,

Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан.

Заманнан заман өткен,жаңарған жұрт,

Аққуын айдын көлдің налытпастан.

Дәстүрін аттамаған,анық басқан.

Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан,

Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.

1-қыз(мұңайып)

Қайсыбір қиын-қыстау ай,күндерде,

Шойрылтып,түссе-дағы қайғым белге

Алаңсыз аққуымды атпасын деп,

Жатқа да дастарқанды жайдым төрге.

Аққулар ұйықтағанда айдын көлде...

1-жігіт(күрсініп)

...Оралмады,аққулар осы маңға,

Жылдар өтті байғұстар шошынған ба?

Жетімкөл жетімсіреп қала берді,

Арман-ай,аққуымен қосылар ма?!



2-көрініс

Музыка.Төлеген Момбековтің «Қосбасары»,«Салтанат» күйлері жаймен орындалады.(Үйдің іші.Төсекте бала ауырып жатыр.)

Әкесі еденде,басын салбыратып отыр.Ана баласының басын ұстап қиналып отыр.Жай басып кіріп-шығып жүрген кісілер.Тәуіп шал келіп,баланың тамырын ұстайды.Бірнеше кісі мұңайып отыр.

Тәуіп шал;Аққумен аластаңдар (шығып кетеді)

1-қария.


Бала жатыр төсекте албыраған ,

Әке жатыр еденде,қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр,қос жанары,

Шарасыздан шаршаған,жаудыраған

Түні мынау-тамыздың маужыраған,

Тауың анау-шымылдық салбыраған.


2-қария.


Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатігез сұрқай ойлар.

Миын қарып барады,миын қарып.


Ана.

Сарқытындай өлімнің қалған қарға,

Екеу болса,дүние-ай,арман барма!



2-қария

Аракідік назарын аударады

Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.

Қауіптеніп түндерге,таңдарға да,

Үн шығармай іш құса,зарлауда ана.


Ана.

″Мына күндіз,тәуіп шал не деп кетті!?

Әлде өтірік,әлде шын демеп кетті.

Аққуменен баланы аластаңдар,

Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті…″

-Тұрсаңшы,таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған!?

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?...

Айналайын аққудын қанатынан,

Қайтеміз,ол да адамға бола туған.

Жетімкөлге барып қайт таң жамылып.

Таң атқанша қалайда тауға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалып.

Дүрліктірме жұртыңды,салма бүлік!

Кім білсін,мүмкін,бәрі жалған үміт…

Әке.

-Апыр-ай,қалай барам,қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал,өскен шырша абайлаған.

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атса қасиетке қалай ғана?

Бармаймын,бара алмаймын,қалай барам?



Ана(ашуланып)


Жалғыз ұлдан артық па,жалған бәрі,

Балам өлсе,бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап,несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі!


3-көрініс

Жетімкөл маңы.Ұйқыдағы аққулар.Қыздар мен жігіттер сахнада.


1-жігіт


Оянтып дүниені дел-сал қылып,

Тамыздың таңы да атты тамсандырып,

Сай-сайдан бошалаған бозала таң,

Таудағы тіршілікке ән салдырып.

Еміндіріп,еріксіз қарсы алдырып,

Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,

Тамыздың таңы да атты тамсандырып.









1-қыз

Қысқа таң.

Бұлбұл үні.

Көл бетінде,

Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәкаппар құс келбетіне.


2-жігіт.

Тығып ап тұмсықтарын мамығына,

Айдын-төсек,аспанды жамылуда.

Арша,шырша,жартастар жағадағы

Сұғынып,бәрі көлге табынуда.

Аласұрып қан ойнап тамырында,

Ана-жүрек тыпыршып қабынуда.

Не қыларын біле алмай,жабығуда.

2-қыз.

Асқар белден күн нұры шашырады,

Шашырап,ол да көлге бас ұрады.

Құс аппақ,айдын аппақ,нұрда аппақ,

Аппақ нұр-аппақ нұрға қосылады.

Аппақ болып сахнаға Қасиет шығады аққуларға амандасады.Ананы айналып өтеді.Ана оған назар аудармайды.)

3-қыз.

Көл-көкке,көк-көлге кеп,асылады,

Ұйқысы аққулардың ашылады.

Сұлулыққа сұлтанып,қашып әлі,

Ана жүрек солқ етіп,басылады.

3-жігіт.

Қызғанып,қызғыш байғұс шыр айналды,

Абыржып ана көңіл мың ойланды.

Ғазиздің көзінде емес,көңілінде,

Айдын көл астан-кестен лайланды.

(Сахнаға қара ниетті Қасірет шығады.Қасиет Қасіретті аққуларға жібермейді.Қасиет жақындағанда Қасірет кейін шегінеді.)

3-жігіт.

Дәстүр,ырым,жайымен Құдай қалды,

Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды.

Айдынның аққуының орынынан

Көргендей,көзі тұнып,құмайларды.

(Жайлап күй ойналады.Аққулар(8 қыз)жүзіп,таранып,билейді)

1-қыз.

Аққулар....

Аққу мойын,сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Жаны сұлу ақ еркем,ары сұлу!

Бір мамығы майысса ауырсынып,

Тарақ етіп тұмсығын тарайды кеп,

Тарайды кеп,тарайды қауырсынын.

Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,

Жаны сұлу ақ еркем,ары сұлу!

Ана.

Сірә,сорлы жоқ шығар менен өткен,

Құлынымның қасынан неге кеткем?

Ошақ қасы,от басы,көрмеппін ғой,

Дүние-ау,сен осындай керемет пе ең?!





1-жігіт.

Ана отыр.

Озбвр ойлар қамалауда,

Қамалауда,әлдекім табалауда.

...Аққулар ақ айдынды қалдырды да,

Тартты кеп,ана отырған жағалауға.


2-жігіт.

Шошымай шолжаң өскен батырларың,

Ана отырған шыршаға жақындады.

Көзі тұнып бейбағың,топ аққуға,

Білмей қалды мылтықтың атылғанын.

(Музыка.Аққудың қаңқылдаған үндері.)

Көздің алды көк түтін,ақыл жарым,

Білмей отыр жаңағы тыныштықтың

Сүт ұйыған тегешін сыпырғанын!..

(Қасірет сахнаға үстемдік етеді.Қасиет құлап жатады.Бір кезде есін жинағандай;қанатын жаймай келіп,анаға аңтарыла қарайды.)

1-қыз.

Тау жаңғырып,тамаша құстың әні,

Қош айтысып көлменен,ұшты бәрі.

Көл бетінде көлбеңдеп,жаралы аққу,

Ұша алмай,ұшпақ боп күш қылады.

1-жігіт.

Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,

Тағы бірі айдында жайрап жатыр.

Қан аралас қалқыған мамығымен

Жетімкөлдің толқыны ойнап жатыр.

Қалай алып келерін біле алмастан

Сүле-сопы,жағада ойлауда құр.

2-қыз.

Жетімкөлден сән кетті мана тұнған,

Аққу кетті,ән кетті қанатында.

Асқар-асқар таулардан асып әрі,

Шың-құздардың үн қалды қабатында.

Аққу үні естілией қалатын ба?

Алатаудан үзіліп Қаратауға,

Жаңғырығып жартастар таратуда...

3-жігіт.

Жетімкөлдің басында жылқы жатқан,

Дөңге шығып қарт тұрған жылқы баққан.

(Сахнага жылқышы шығады.)

Жылқышы.

Апыр-ай,бұл кім болды,таңсәріде,

Көргенсіз,көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Мылтықты атарлықтай көлге келіп,

Апыр-ай,жоқ еді ғой елде желік.

Бұл маңның адамы емес,сірә-дағы,

Білмеймін,табайын да бір амалын.

Қаруы бар кәззапқа құрықпенен,

Ұмытылса,қалай қайрат қыла аламын?!

Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...

3-жігіт.

...Аққу үркіп,батысқа бет түзеген,

Қамшы басты атына,шыдамады,



Жылқышы.

Ей,берекесін бұл жердің кім қашырған?

3-жігіт.

Өңім бе,түсім бе деп таңданады,

Көз алмай орамалды ұрғашыдан,

Көз алмай сүле-сопы тұлғасынан.

Жылқышы.

Ей!

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның барма?

Аққуды неге атасың,арың бар ма?

Тастағың қаруыңды,келгін бері,

Келгін бері,кеудеңде жаның барда!

3-қыз.

...Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,

Қарттың үні мең-зең ғып құлаққа ұрды.

Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,

Бөгелмей,Жетімкөлге лақтырды.

Қартқа қарай ақырын аяңдады,

Қарусызға қарт келді,аянбады.
...Көзінен жас,көңілінен зар төгіліп,

Болған жәйтті келіні баяндады.

Жылқышы.

Әй,балам!..

Болмады ғой,болмады ғой...

Қасиет кетті көлден сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін,ауылға қайт,олжаны қой!..

Мін атқа,қайт ауылға тағат қыл да,

...Білмеймін,сор аттың ба,бақ аттың ба?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?

Ана.

Әлек боп,арпалысып сор қайғымен,

Жоқ,ата,жасамадым ондайды мен.

Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір,аққу атқан оңбайды деп...

Жылқышы.

Солай,солай...

Аманат бір Құдайға...

Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға...

1-жігіт.

...Аттын басын шұғыл бұрып,тайып тұрды,

Қарт тастап-нелер сұмдық сырды бойға.

1-қыз.

Бәрі ұмыт;бақытың да,байлығың да,

Күлкі,шаттық,күйзелткен қайғы,мұң да.

Жетімкөл жетімсіреп қалып қойды,

Бір өлі,бір тірі аққу айдынында...

Бар өмірден көңілі шайлығуда,

Байғұс ана еркінен айрылуда.

2-жігіт.

Әлденеден сқм жүрек сескенеді,

Аракідік әлдене ес береді.

Табиғаттың да,таудың да,аққудың да,

Байғұсқа болмай қалды еш керегі,

Келеді ана,сезбейді ештеңені.

2-қыз.

Бай ұмыт,әлсіз жатқан бала да ұмыт,

Қайтқан құстай алыстап барады үміт.

Көңілменен қоштасқан аққу үні,

Құлағына келеді арагідік.

3-жігіт.

Өмір емес өмірі,қораштанған,

Байғұс ана тірліктен қалас қалған,

Келеді ана қара бет қарақшыдай,

Ел мен жерден біржола аласталған!

Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан,

Түн-түнектен бейне бір адасқан жан.

3-қыз.

...Абыр-сабыр,үй маңы дүрбелең-ді,

Алғаш ана абыржып,білмеген-ді.

Ат үстінен түсе алмай қатып қалды,

Мелшиіп,білмей тіл мен үн дегенді.

Білмейді қайда келді,кімге келді.

1-жігіт.

Өң бе,түс пе,әйтеуір таласуда,

Өлі менен тірінің арасында.

Отырғандай Жетімкөл жағасында,

Аққу жатыр көзінің шарасында.

Аунап түсіп атынан,үйге енді,

Есіне алып ерін де,баласын да,

Өліп жатқан ұлына қарасын да,

Қалсын ана Жетімкөл жағасында;

Өлі мене тірінің арасында...

1-қыз.

...Аппақ нұрмен шомытып айналаны,

Ақ сәулемен айдынның ойнағаны,

Көз алдында...

Құлақтан кетер емес,

Таңда бұлбұл тамылжып сайрағаны,

Көз алдында аққудың жайрағаны.

Сыңар қанат,сынық құс-жаралы аққу.

Өлі аққудан кете алмай айналады.

2-қыз.

Ақ төсек-аппақ айдын,аққу бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба,ана?

Ана;

...Мына жатқан Жетімкөл,мына аққуды,

Өз қолыммен өлтірдім,аттым жаңа...

Жоқ!

Мен емес...

Мен атпадым...

Кеше гөр,кешіре гөр,жаратқаным!

2-қыз.

Ғазиз ана,ербеңдеп екі қолы,

Жиылған жұртқа қарап алақтады.

3-қыз.

Күледі,бірде жылап зарланады,

Көкке қарап,бекерге қарманады.

Бірде үнсіз,мелшиіп тың тыңдайды,

Құшағында аққудың арман әні.

Алдымен жұрт үн-түнсіз таңданады,

Қыбыр-сыбыр артынан жалғанады.














Ана(көкке алақанын жайып).

Қазір,ботам...

Мінекеи,таң атады...

Қазір,ботам,аққумен ұшықтаймын.

Жазыласың,құлыным,балапаным!

Қасиет!

О,қасиет

Осындай ма ең?!

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең...

Қасиет!..

Қасиеттер ұшып кетті,

Қасірет...

Қасымдағы досымдай ма ең!..

(Қасиет ұшқан жақа қарап тізерлеп отыр.Қасірет анаға қарап тұр)


Ана.

Қасиет...Қасірет...

Қасірет...Қасиет...

(Күй орындалады).

Ақын.

Сол кеткеннен мол кеттім,оралмадым,

Жерді аңсаймын...

Жалғыз-ақ сол-арманым.

Қиын екен,қимасың екі бірдей

Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...

Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,

Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?

Балам-ай,мынау өмір-дарияның,

Білмейсің қайда екенін өткеліңнің.

Аққулар...

Аңыз көп қой олар жайлы,

Көзіңмен көргеніндей бола алмайды...

Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса,екінші рет оралмайды.

***
Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.

Краткое описание документа:

 Перде ашылып,Жетімкөлдің суреті көрінеді.Сахнада-Қасиет(көгілдір не ақ түсті капрон жамылғысы бар көйлек киген).Музыка ойналып тұрады.Жетімкөлдің қызығына қуанған Қасиетжүгіріп қайыңдарды аялайды,жерге отыра қалып шөпиермен орамалды желпейді.Сахнаға қайта жүгіріп барып,келе  жатқандарды тыңдайды.

   Сахнаға бір ұл мен қыз шығады.Жетімкөлге қарай жүгіріп барып,біріне бірі су шашысады.Сол кезде алдарынан Қасиет ұшып өтеді.Қыз бен ұл сахнаның екі бұрышына  қарай аяңдайды.

   1-қыз.

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

           Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

    Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді,қарайды қарға,шыңға,

      Жалғыздықтан жамандық бар ма,сірә.

    (5-6 қыз-жігіт Жетімкөлдің қасына келіп әнгімелескендей,біреулер ойланып,көрерменге қарап отырады.)

    1-жігіт.

Қанша ғасыр өтті екен,қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен,қанша адам?

Қанша шырша өсті екен,құлады екен,

Жетімкөлге қараудан шаршамаған

Жетімкөлден су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай-салада?

                                                               Қанатынан үзіліп ән-самалы,

Қаншама аққу кетті екен-аңсаған ән?

     2-жігіт.

      Ортаймаған Жетімкөл,толмаған да,

  Болған өмір ұқсайды болмағанға.

      Сызат та жоқ бетінде,сызық та жоқ,

Айдынына аққуы қонбаған ба?!

Сорлағанға ұқсайды,сорлағанға,

   Шүрегейлер айдынын қорлағанда,

      Көкқұтандар қанатын қомдағанда...

   2-қыз.

 Беу,дүние-ай,аққулар оралғанда,

Айдын көлдің иесіжол алғанда.

         Жетісіп бір Жетімкөл қалушы еді-ау,

               Тынушы еді-ау теңселген қара орман да.

Таянғанда аққулар қонар маңға,

          Басушы еді-ау байызын бар арман да.

   3-жігіт.

   Қанатынан аққудың балапандап,

       Ән ұшатын сымпылдап таң атарда.

         Сүйінші бер дегендей бір толықсып,

      Сыбырлайтын Жетімкөл Алатауға.

     Тына қалып бұлбұл да жаға-талда,

Қарайтұғын айдынға,ақ отауға.

 

   (Музыка;Н.Тілендиев.«Аққу».)

Общая информация

Номер материала: 529620



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Бухгалтерский учет»
Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Интеллектуальная собственность: авторское право, патенты, товарные знаки, бренды»
Курс «Инспектор по кадрам»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по подбору и оценке персонала (рекрутинг)»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.