Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Мұқағали Мақатаев «Қайырлы түн» 6 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Мұқағали Мақатаев «Қайырлы түн» 6 сынып

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Қайырлы түн», «Қара өлең»

Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірімен таныстыру. Өлеңдердің мазмұнын

ашу, талдау.

Отанын, елін сүюге, сөз қадірін түсінуге жетелеу.

Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу тілін, мәнерлеп

оқу машығын дамыту. Таным белсенділігін арттыра

отырып, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО, көрнекілік, түсіндірмелі оқу, мәнерлеп оқу, сөздік.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Слайдтан Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша тест сұрақтары көрсетіледі, ауызша жауап алынады.

1. «Қожа сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға қалатын болдың». Кімнің сөзі?

2. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестірді?

3. Қожаға әкесі туралы әңгімелеп берген кім?

4. «Қадыров-түбінде адам болатын бала». Кімнің сөзі?

5. «Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті». Бұл қай сәт?

6. Шіркін, мұғалімнің бәрі осындай болса ғой. Бұл кім туралы айтылған?

7. Қатты қорыққан әжесі кімді ертіп келді?

-Өте жақсы, тақырыпты меңгерген екенсіңдер. Осы Қожа бейнесі неге біздің есімізде қалады? Ол тентек бала болса да, неліктен бәріміз жақсы көреміз?

-Ол-біздің өз бейнеміз сияқты. Қожа сияқты балалар біздің арамызда жүр.

-Ендеше бақытты балалық шақ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Бақыт деген-сенің бала күндерің,

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да, басқасын да білмеуің,

Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

Бақыт деген-әркімдерде бір арман,

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң...

-Балалар, осы жолдардың авторы кім?

-Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевқа арналады. Сабақтың тақырыбын жазайық.

Алдын-ала берілген ізденіс тапсырмасы бойынша ақын өмірі туралы кім сөйлейді?

Оқушы: - Мұқағали Мақатаев 9 ақпан күні 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келіпті. Ақынның азан шақырып қойған аты-Мұқаметқали. Тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді. 1941 жылы майданға аттанып содан оралмады. Бала Мұқағали соқамен жер жыртты, астық орды, шөп шапты.Мұқағали тұңғыш немере болғандықтан, әжесі Тиын бауырына салады. Тиын әжесі мейірімді, кісілігі мол адам болған. Әже тәрбиесінде өскен Мұқағали өмір бойы шешесін «Нақа» деп атап кеткен.

-Балалар, тақтадағы кестеге назар аударып, дәптерімізге толықтырып жазайық.

Туған жері

Әкесі

Анасы

Жары

Балалары

Атағы

Үлгі тұтқаны

Алматы -

Нарынқол-Қарасаз

Сүлеймен

Нағиман

Ләсима

/Лашын/

Жұлдыз,

Айбар,

Алмагүл,

Шолпан

«Ғасыр ақыны»

Абай және қазақтың қара өлеңі

-Жақсы. Ақын соғыс тақырыбына көп жыр арнаған. Бір өлеңінде:

-Өмір жайлы сұрай берме сен менен,

Өмір жайлы не түсінем, не білем.

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген,-деп толғанады. Ақын әкесіздік пен соғыс қасіретін мол көрген. Сондықтан бізге тек тыныштық тілейді. Қане, тыңдайық. «Қайырлы түн» өлеңі мәнерлеп оқылады.

«Мағынаны тану»

Сөздік жұмысы

Дін аман-бәрі де аман, түгел. Дамылда-тынығу, тыныштық. Перде-есік, терезеге, театр сахнасына құрылған шымылдық. Таптамасын-жаншымасын. Толаста-саябырла. Кесел-ауру, сырқат. Боз-ақ селеулі дала. Шәйі-жұмсақ орамал, шәлі. Құс жолы-алыс жұлдыздар сілемі.

Өлең шумақтарын тізбекпен оқытып, ақынның ішкі ойын таныту.

-Ақын орман үшін неге қауіптенеді?

Таптамасын танктер, ұшырама кеселге дегенді қалай түсінесіңдер?

Әдеби-теориялық ұғымдар.

Эпитет-көк аспан, тәтті ұйқы, ақ басты ала тау, ұлы кеуде, ақ аспан, алып жер. Кейіптеу-түсіре ғой пердеңді, айың келіп ақ мойныңа асылды. Метафора-жер-ана, тынштық-жас ұл. Қаратпа сөздер-Жер-ана, алып жер, ақ аспан, көк аспан.

Ақын осы өлең арқылы нені тілейді?

-Ақын тілегі де, ел тілегі де-бейбітшілік. Осы тақырыпқа байланысты кім суретін ұсынады. Оқушы салған сурет. Жер планетасын аялаған алақан. /Оқушы өз жұмысы бойынша сөйлейді/

«Қара өлең» өлеңін жатқа оқимын.










«Өлең» пирамидасы.

Өлеңді сатылай кешенді талдау


Тақырыбы Өлең сөз құдіреті

Идеясы Өлеңге сүйіспеншілік


Шумақ саны 4 шумақ


Тармақ 4 тармақ


Бунақ 3 бунақ


Буын 11 буынды өлең



Ұйқас а, а,б, а; қара өлең

Мәтінмен жұмыс

-Өлеңнің атына зер салайықшы. Не байқадыңдар? «Қара» сөзі

ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Өлеңде түс болмайды.

-Дұрыс, балалар. Қара өлең тіркесі қазақтың ескі жыры деген мағынада қолданылған. Ақынның қазақ өлеңіне деген махаббаты қандай жолдардан танылады.

-Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

Балалар осы өлеңде көнерген сөздер бар ма?

-Иә, күпі, шекпен. Бұлар көнерген сөздің қай түріне жатады?

-Архаизмдер. Олар тұрмыстық бұйымдар, дәстүр-салтқа байланысты көнерген сөздер. Күпі, шекпен-киім атаулары. / «Түсіндірме сөздікпен» жұмыс/

«Ой қорыту»

-Балалар, біз ақын жайлы толғана отырып, «Тілегім-бейбітшілік» тақырыбында эссе жазып көрейік.

Қорытынды. Ә.Тәжібаев «Ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали» деген болатын. Мұқағали жырларын оқымайтын адам кемде-кем. Қайда барсаң да алдыңнан Мұқағали жыры шығады. Өйткені халықтың пірі де, жыры да-Мұқағали.

-Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!-деп өзі жырлағандай ол өлген жоқ, халқымен бірге мәңгі жасайды. Ақын болашағына, сендерге сенеді.

Бағалау. Оқушылар бірін-бірін бағалап, пікір айтады.

Үйге тапсырма: «Қара өлеңді» жаттау, «Қайырлы түн» өлеңін мәнерлеп оқу.












Краткое описание документа:

1. «Қожа сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға қалатын болдың». Кімнің сөзі?

2. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестірді?

3. Қожаға әкесі туралы әңгімелеп берген кім?

4. «Қадыров-түбінде адам болатын бала». Кімнің сөзі?

5. «Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті». Бұл қай сәт?

6. Шіркін, мұғалімнің бәрі осындай болса ғой. Бұл кім туралы айтылған?

7. Қатты қорыққан әжесі кімді ертіп келді?

-Өте жақсы, тақырыпты меңгерген екенсіңдер. Осы Қожа бейнесі неге біздің есімізде қалады? Ол тентек бала болса да, неліктен бәріміз жақсы көреміз?

-Ол-біздің өз бейнеміз сияқты. Қожа сияқты балалар біздің арамызда жүр.

-Ендеше бақытты балалық шақ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Бақыт деген-сенің бала күндерің,

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да, басқасын да білмеуің,

Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

Бақыт деген-әркімдерде бір арман,

         Сол арманның шыққан жері құмардан 

Общая информация

Номер материала: 306585

Похожие материалы