Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Мұқағалидің поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ» мектепшілік әдеби – сазды поэзия кеші

«Мұқағалидің поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ» мектепшілік әдеби – сазды поэзия кеші

Скачать материал

№ 7 арнайы түзету мектеп интернаты

 

 

 

 

 

 

«Мұқағалидің поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ»

Мектепшілік әдеби – сазды поэзия кеші                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

 

 

 

 

 

Орындаған: Қалиева Г.К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

Тақырыбы: «Мұқағалидің поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ»

Мақсаты:

Білімділік: ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, қазақ поэзияның Хантәңіріне, мұзбалағы атанған  ақын Мұқағалидың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, сезім мен сананы көрсете білген, артында өшпес мұра қалдырған талант иесін оқушылармен таныстыру.

Түзете – Дамытушылық: өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру, талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау, рухани танымдарын дамыту.

Тәрбиелік: ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: ақын өмірі мен шығармаларынан кітап көрмесі. Ақын портреті, слайдтар, т.б

Кештің барысы:

Баяу музыка орындалып тұрады.

1 - жүргізуші:

Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар, жыр сүйер қауым! «Қуат алып Абайдың тіл – күшінен, Жыр жазамын Абайдың үлгісімен, Абай болып табынсам бір кісіге, Абай болып түңілем бір кісіден» жырлап өткен, Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың  шығармашылығына және 85 жылдық мерейтойына арналған «Мұқағалидің поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ...» атты әдеби – сазды поэзия кешімізге хош келдіңіздер! Олай болса, кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2 – жүргізуші: Мұқағали Мақатаев – бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақын. Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған, сөздеріне жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқтығы белгілі. Ол – қазақ халқының салт – дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін сезімталдықпен жырлаған ақын.

 

Бейнематериал: «Мұқағали отбасымен бірге»

1 – жүргізуші:  Ғасыр ақыны  Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылдың 9 ақпанында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Мұқамедқали. Жеңгелері пайғамбардың аты деп айтуға жүрексініп, «Мұқағали» деп атап кеткен екен. «Пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата – анасы да оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атаған. «Бұл есімнің қадір – қасиетін дұрыс түсініп алып жүре алам ба ба? Одан да Мұқағали болып қала берейін» деп құжатқа осылай жаздырған.

2 – жүргізуші:  Бастауыш сыныпты Қарасазда оқыды. Орта мектепті Нарынқолдағы мектепте оқып бітіреді. 10-11 жасынан өлең жаза бастады. 10-шы сыныпта оқып жүргенде «Білім үшін», «Алға» газеттерінде Мұқағалидың өлеңдері жиі шыға бастады. 1948 ж мектепті жақсы аяқтады.

 «Елім барда» өлеңі орындалады.

1 – жүргізуші:  Әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Мұқағалидың 10 жасында соғысқа аттанады. Соғысқа кетіп бара жатқанда әкесі жылап тұрған Мұқағалиды көріп әйелі Нағиманға «Үйдің бар қиындығы саған түсер, бір – ақ баланы бетінен қақпа, оқысын. Ертең екеуіміздің атымызды шығаратын осы бала болады» депті.

2 – жүргізуші:  Анасы – Нағиман, әжесі – Тиын. Мұқағали әжесінің баурында өседі, сондықтан анасын «Нақа» деп атайды. Әжесі мейірімді, кісілігі мол, адуынды, бірбеткей болған. Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы басталып, әкесі Сүлеймен бір топ жерлестерімен майданға аттанғанда ол небәрі он жаста еді. Алаңсыз  күлкісін соғыс ұрлаған өзге де құрбы – құрдастары тәрізді Мұқағали да тағдырдың ащы дәмін тым ерте тартады. Әкесінің соғысқа кеткені ақынға қатты әсер етіп, әкесін сағынып, сарғая күтеді. 1941 ж он жастағы Мұқағали әкесіне арнап «Әкеме» атты өлеңін жазған. Бұл оның алғашқы өлеңі еді..

 «Әкеме» өлеңі оқылады.

1– жүргізуші:  Әкеңді сағынған екенсің ғой, қарғам. Әлі – ақ келеді, - деп жұбатқан әжесі еріксіз келген көз жасын жасыра берген. Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған. Мұқағали Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс факультетінде оқып жүріп, үйінің тұрмысы ауыр болғандықтан оқуды тастап ауылға қайтады.

 

2 – жүргізуші:  Ақын өзі «Жазылар естеліктер мен туралы» деген екен. Ақын туралы естеліктер өте көп. Ақын жары Лашынның естелігі:

Мұқағали періште адам болған. Оның ешкімге жамандығы болмапты. Қанша қиналса да, жаны ауырса да, біреуге көңілі қалса да өлең өлең шығармауға тырысатын. Неғұрлым адал жар, сұлу табиғат, жақсы адамдар туралы көп жазған. Ол балаларын жанындай жақсы көрген. Қандай ашулы келсе де, балаларын көргенде майдай ериді екен. Ол «Таңғы ұйқының тәттісін-ай» деген поэма жазуды армандаған. Себебі ол балаларын таңертеңгі ұйқыларынан оятып, улатып-шулатып балабақшаға сүйрегенге жаны ашиды екен.

1 – жүргізуш:

Оның Айбар, Жұлдыз атты ұлдары, Майгүл, Шолпан, Алмагүл атты 1қыздары болған. Майгүл есімді қызы Алматыға көшіп келгеннен кейін жол апатынан қайтыс болады. Осы қызын ерекше жақсы көрген ақын Майгүлге арнап көптеген өлеңдер жазды.

 «Қайран жеңгем» әні орындалады.

2 – жүргізуші:

Қазіргі кезде әке жасына жеткен ұлы Жұлдыз да әкелік махаббатты сағынады екен. Ол әкесі туралы айтқанда «Әке мінезі қатал болса да балаларына өте мейірімді екенін» еске алады. Ақын көптеген жерлерде қызмет етті. Соның ішінде 1957 ж Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарған.

1– жүргізуші:

Міне, біз ақынды әр қырынан таныдық. Ақынның жеті атасына тоқталсақ. Мұқағали – Сүлеймен – Мақатай – Қамысбай – Дәлі – Менжі – Қойбас. Қойбас – Райымбек батырдың әкесі Түкенің әкесі. Ақынның «Райымбек, Райымбек» поэмасы неге жазылғандығы енді түсінікті болғандай

2– жүргізуші: Әлдилеп ақ төсіне бермей тыныш,

Ақ айдың ақ мүсінін тербейтұғын.

Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз, ол да адамға бола туған.

Келесі кезекті Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық көрініс.

«Менің анкетам» өлеңіне диалог

          1 – жүргізуші: Туған жерің?                                                                                   2 – жүргізуші: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.                                     1 – жүргізуші: Туған жылың?                                                                                              2- жүргізуші: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

  1 – жүргізуші: Жынысың кім?

2- жүргізуші: Еркекпін ғой, еркекпін! Және – дағы тәуірмін.

 1 – жүргізуші: Партияда барсың ба?

2- жүргізуші: Жоқпын.

  1 – жүргізуші: Шыққан тегің?

2- жүргізуші: Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

  1 – жүргізуші: Білімің ше?

2- жүргізуші: Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

  1 – жүргізуші: Ана тілің...

2- жүргізуші: Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.

  1 – жүргізуші: Қайда істедің ?

2- жүргізуші: Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

  1 – жүргізуші: Міндеттісің бе әскерге?

2- жүргізуші: Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

  1 – жүргізуші: Сөгіс алып көрдің бе?

2- жүргізуші: Ол жағынан періште дей алмаймын.

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

  1 – жүргізуші: Шетелдерде болдың ба?

2- жүргізуші: Болғаным жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйімен

Осы отырған орнымда – ақ.

 

1 – жүргізуші: Мекен – жәйің...

2- жүргізуші: Мекен – жәйім – жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

1 – жүргізуші: Тау – тамаша, тау алып. Нарынқолға жету үшін аса алып тауларды аралап, ақын жырлаған, ақын суреттеген дүниені көріп, сөз шеберлігі мен жыр бедеріне риза боласың. Ақын тауда өскен, жүрегі таза, сезімі асқақ, жыры мөлдір.

2 – жүргізуші: Тау менің несібеме, тиіпті ерек.

Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.

Ақсақалдар «Тау бол!» дейтін маған,

Таудай болғым келеді, биік керек, - деп жырлаған Мұқағали ақын өзін «мен таулықпын» дейді.

Беркінбаева Мақпалдың орындауында  «Мен таулықпын»  өлеңі

1 – жүргізуші: Опабеков Биболат ағайдың орындауында «Есіңе мені алғайсың» әні

Әдеби – монтаж: /бір топ оқушылардың орындауында/

2 – жүргізуші:  Ақын жаны нәзік әрі тәкәппар. Бірақ, шын ақын жаратылысынан қаншама өзімшіл, менмен болғанымен, өзін кіші сезінетін, оның алдында қорқатын, сескенетін бір ұлы күш бар, ол – халқы. Мұқағалидың ұлылығы сол, ол – халық деген құдіреттен үнемі жүрексінетін.

1 – жүргізуші: Мұқағали поэзиясы бүгінде әнге айналды. Оның сөзіне жазылған әндер қаншама? Әндері халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды. Олай болса, кезекті әнге берейік.

2 – жүргізуші: Мұқағали көп ауырды, оның ауруханада жатып жазған өлеңдері өз алдына бір төбе. Бұл ақынның қысқа ғұмырының соңында найзағайдай ойнатқан жан азабы еді ғой. Мұқағали жырларында жанып қинаған дертімен қоса сол бір қиналыс, ауыр жылдар белгісі қалды.

 

 

1 – жүргізуші: «Жөн – жосық бізге де осы керек – ақ» деп,

Бармадың  бір жиынға делегат боп.

Алмадың бір сыйлықты,

Сен дегенде,

Боп кетті сол құрғырдың әлегі – ақ көп, - деп ақын туралы Сабырхан Асанов жырлағандай, Мұқағали көз тірісінде сый – құрметіне ие болмаған еді. Кейіннен «Ғасыр ақыны» атағын иеленсе, 70 жылдық мерейтойына орай «Аманат» жинағы үшін лауреат атағы берілді.

2 – жүргізуші: Мұқағали – өмір сырын жырлаған,

Жүрегінің тек айтқанын тыңдаған.

Өлеңдері құдірет қой, құдірет,

Сүймейтұғын табыла ма бір адам?!

1 – жүргізуші: Еліне, халқына, Отанына, туған жеріне арнаған өлеңдері көп-ақ. Мұқағали Мақатаев ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып жетіп отыратын тот баспайтын шын асыл. Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы. Әлі талай келер ұрпақ толғайды, - деп осымен әдеби – сазды кешіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 

 

 

 

 

 

Город Кызылорда

№7 арнайы түзету мектеп интернаты

Калиева Гульназ Касымхановна

Тәрбиеші

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мұқағалидің поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ» мектепшілік әдеби – сазды поэзия кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 234 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2016 1034
    • DOCX 26.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кали Анаркул Нурлыбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кали Анаркул Нурлыбеккызы
    Кали Анаркул Нурлыбеккызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 30002
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой