334659
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокШкольному психологуДругие методич. материалыМақал-мәтелдер - тәрбие бастауы

Мақал-мәтелдер - тәрбие бастауы

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Мақал-мәтелдер - тәрбие бастауы


Уралбаева Гүлсара

Елек орта мектебінің психологы

Ақтөбе қаласы,Құрайлы ауылы


Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған.

Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын , сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл – мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні.

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні мен құндылығы- оның ой дәлдігін, ақыл мен тәрбие көзін, көркем сөйлеу үлгісін берудегі бірегейлігі. Халық өмірден түйген ақылын, өмір тәжірибесінен қорытқан данышпан ой-тұжырымдарын мақал-мәтелдер арқылы кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған.

Шығыста:"Үш іс тындырған адам яғни бала өсірген кісі, дарақ-тал өсірген кісі және кітап жазған кісі өлмейді",-деген даналық бар.

«Бала-артта қалған із, бақыт-ұзатылған қыз».Ұл-қызың мұрагерің, ертеңгі із басарың, өшпес ескерткішің,жалғанда жасар жалғасың,-дейді халық. Бақыт бірде бар,бірде жоқ, баянсыз болса,бала-баяндылық, өмір гүлі, тірлік тірегі!

Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше. Бұл барлық айтылған ойдың, насихаттың жиынтығы, қорытындысы ретінде беріледі.Мысалы«Ата балаға сыншы»-деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір. Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден- бір даналық сөз.

Бала өсіруде,тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектерге арнады.Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған .Бала-бауыр еті,көздің нұры деп босқа айтпаған.Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен.Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды. «Оқу- білім -өмір шырағы» деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.

«Оқу – білім азығы,білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімділіктен туатынын айтады. «Ақыл- тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен» деп оның болашағы да соншалық болымды, мығым болатынын сан рет ескертеді.

Бірақ мұның өзі еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қалатын оңай олжа емес.Асуы қиын бел-белес, ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан. Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесінде болатынын ескертеді.

«Білім қымбат, білу қиын» деген мақал осыдан алынып, жасөспірімдерге әдейі айтылған.

Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра ,қалайда соның уәдесіне жет , шыңына көтеріл дегенді насихат етеді.Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең, еңбектенбесең қатарыңнан қалып қойсаң, өкінішті боласың.

Біздің халқымыз-бала жанды халық. Міне, сондықтан да ,туған халқымыз турасын айтады.

«Балалы үйдің еңсесі биік».Өйткені-бала бақыт, бала-қуаныш, бала-шаттық, бала-мақтаныш, бала- сүйеу-тірек, бала-болашақ,«Баласыз үй-қу мазар»-деп кесіп айтуда да шындық қаншама?!Бала тудырдың екен-баға да біл,баули да біл.Халық алдымен ата-анадан осыны талап етеді.«Тәрбие-тілден басталады»-дейтін халқымыз, ана омырауынан ажырамаған кезден-ақ бөбегіңді ана тілінің ақ уызымен ауыздандыра баста. Ана тілі- адамның ғұмыр бойғы серігі, рухани қуаты, күрестегі құралы!

«Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр»-деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған!Өйткені- тәрбие - өмірдің өзекті мәселесі.

«Тәрбие- жалқауды да адам етер,

Еркелік жақсыны да надан етер».

Ендеше ұсынған тәрбиенің текті ме, асыл ма, сапасы қандай? Мәселе соған тіреледі! Ендеше,ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбек сүгіштікке, ұлт жандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелесең ғана, баланы дұрыс баулығаның! Ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніңіз мертігумен бірдей. Тәрбие-Бала тумай тұрып, басталуы тиіс. Халық сондықтан да:«Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан»,-дейді:

- Бар ғұмыры алдында, бәріне де үлгерерміз әлі,-деп ләйліп, бейғам жүретін ата-аналардың опығы аз болмайды.

«Баланы қақпай өсірсең,

Иә басын жарады»,-

Иә басыңды жарады»

Бұған түсініктеменің керегі бола қоймас.Есіртіп өсірген еркесінен еңіреп жүргендерді күнде кездестіреміз. Ал содан өзіміз ой түйеміз бе, ғибрат аламыз ба!? Өзіміз жиренсек, жирендік, өзгелерді жирендіру үшін не істеп жүрміз. Жамандық жайында жақ ашпаудың өзі де-жамандыққа қол ұшын бергендей бағаланса керек.

«Ана-балаға жастық,әке-көрпе».Бұл ұрпақтың тәрбиесіндегі бар ауыртпалық ата-ананың ғұмыр бойы мойнында деген сөз.«Отбасыға қарап бала өседі,қарағайға қарап тал өседі». Мұны мойындамаған адам жас буынды жақсылыққа жетелей алмайды.

Біз баланы өзіміздің игілігіміз үшін емес, қоғамның қамын ойлайтын азамат ету жолына баулимыз. Содан да халық «Балаң өзіңе тартса-жұбан, қоғамға тартса-қуан»,-демей ме?!

«Тектей білген

Екшей де біледі».

Адам танумен шұғылданған, ертедегі өткен ата-бабалар қасиеттерін түптеп зерттеген кісі бүгінгінің жақсысы мен мен жаманын саралай алады, өзі де терісінен түңіледі, безеді тектісіне еліктейді, өзгелерді де еліктіре ертеді.

«Балаға үміт арту-әкенің парызы,

Ақтау-баланың парызы»-дейді қазақ халқы.Сөз-ақ қой! Балаға үміт артқан әке «Осы мені ертең асырасын, бақсын-қақсын» демейтін ғана шығар,әке де елдікті ойлайды, ұл мен қызы ұлы мақсатқа жұмсалсын- елді көркейтсін ,-деп армандамай ма?!

«Ананың алдында асқар тау да аласа».Ана өмірдің қайнар бастауы.Ана-ақылды тәлімгер. Ана-бала бақытының бағбаны.Ана өз басын, өз саулығын ұмытып, өзгелердің қамын жеуді бәрімізге үйретуші.Осы тұжырым түйіндерді қазақ халқы төрт-ақ сөзге сыйғызғандай.

«Ана болған дана болды».

Аналық парызын адал ақтаудың біздің үлкен әжелеріміз, туған аналарымыз әсем үлгісін танытып өткен! Қазір де кемеңгер көңіл-пейілді аналар қаншама?!

«Ата-бәйтерек, бала- жапырақ»дейді қазақтың тағы бір даналығы. Бәйтерек болып жапырақ жая алмайтын жігіттерден бойжеткендеріміз парасат танытып, аулақ жүруді ойласа екен.

Ержеткен ұлдың, бойжеткен қыздың ешбір жарғымен бекітілмеген, халық әмірінің өзі шығарған заңында аталған парызы бар, ол:«Ана-алдындағы құрмет, ата алдындағы-қызмет».

Мақал-мәтелдердің адам сезімі мен ақылына әсерлігінің қуаты-олардың көркемдігінде! Ия, мақал-мәтелдер - тәрбие саласында тамаша құрал!

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мұрагер әл-манахы Алматы(1992)

2.Қазақстан мектебі №3(2011)

3.Интернет желісі(http://www.goo.kz/loader/load/18145)

Общая информация

Номер материала: ДВ-109803

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-психолога в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическое сопровождение при подготовке к конкурсам профмастерства WorldSkills Russia»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Инновации в патопсихологии детского возраста»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическое сопровождение детей с синдромом дефицита внимания и гиперактивности (СДВГ)»
Курс профессиональной переподготовки «Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними»
Курс повышения квалификации «Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.