Инфоурок Классному руководителю КонспектыМаған болашақта керек мамандық

Маған болашақта керек мамандық

Скачать материал

Тәрбие сағаты

Сыныбы: 11 «А»

Тақырыбы: Маған болашақта керек мамандық.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру, өз мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

-         Жеке тұлғаның  кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен  факторлары туралы түсінік беру

-         Кәсіптік бағдар беру

-         Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру

-         Кәсіптік мамандықтарға деген ынта- ықыластарын анықтау және т.б.

Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, сауалнама, дидактикалық ойындар, тренингтер, пікір-талас, әңгіме.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, схемалар, сауалнама

 

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты 3- топқа бөлу.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. «Ми шабуылы» - ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы). Әр топ өз ойын өрбітіп интер белсенді тақтада жауабын көрсетеді:

 

Радиальная диаграмма

Кіріспе:  Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Ал біз қандай мамандықтарды білеміз? Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.

 «Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

      Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады.

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.             Әл – Фараби

 

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Қалай десек те, ересек адам өмірінің үштен бірі жұмыста өтеді екен. Сіздің аптасына бес күн, сегіз сағат психологиялық дағдарыс пен сәйкессіздіктен шаршап, азапқа түсу – түспеуіңіз өмірлік тәжірибе жинамай тұрып, не істеу қажет екендігін шешкен таңдауыңызға байланысты. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.

- Сол себепті адам мамандығын таңдағанда нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар? Мамандық таңдауда қандай факторларды есте ұстаған жөн? Өз ойларыңды білдірсеңдер!

«Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік).

Қызығушылық- қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге , оны зерттеуге деген құмарлық.

Бейімділік- қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.

«Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы).

Қабілет- адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке – дара қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.

«Маған керек»- (қажеттілік, сұраныс)

«Ықылас деңгейі мен өзін - өзі бағалауы»
«Отбасылық династия»

         - Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым - қатынас жасай білу;
• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой - ниеті салмақтана түседі.

-         Қазіргі заман талабына сай , дамыған елдің маманы болу үшін не қажет деп ойлайсың?

 

ІІІ. Тапсырмалар орындау: топтармен жұмыс:

1.     «Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының   қыр- сырын айту керек. 

     І- топ: «А», ІІ- топ: «К», ІІІ- топ: «Ж»

2.     Топтық тапсырма: Мамандықтардың классификациялық белгілерінің кестесі бойынша жұмыс:  

 

Классификациялық белгілері

Еңбек түрлері және мінездемелері

 

Мамандықтар типтері

Адам –Техника

Механик, электртик, жүргізуші, пилот, аспазшы, программист

Адам- табиғат

Бақша маманы, агроном, мал дәрігері, химик, т.б.

Адам- адам

Дәрігер, мұғалім, режиссер, пойыз бригадирі, сатушы, парикмахер, кітапханашы

Адам- жүйе (знаковая система)

Бухгалтер, экономист, нотариус, секретарь, байланыс операторы

Адам-

көркем бейне (худ.образ)

жазушы, музыкант, әртіс, суретші, журналист

 

І- топқа:

1.     Мына мамандықтарды  классификациялық белгілері бойынша жікте:

Омарташы, милиционер

2.     Мына мамандықтардың қайсысы қазіргі уақытта жоқ, жойылған:

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құралдармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог, бакенщик.

 

ІІ- топқа:

1.     Мына мамандықтарды  классификациялық белгілері бойынша жікте:

Кітап сатушы, слесарь

2.     Мына мамандықтардың қайсысы ХХ ғасырда пайда болды:

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, бренд-менеджер, клоун, педагог.

 

ІІІ- топқа:

1.     Мына мамандықтарды  классификациялық белгілері бойынша жікте:

Автобус жүргізушісі, цирк әртісі

2.     Мына мамандықтардың қайсысы соңғы 10 жылдықта пайда болды:

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, супервайзер, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, логистик.

 

Шығармашылық жұмыс: «Мен 10 жылдан кейін ...» (коллаж жасау). Мұнда оқушылар болашақтағы өздерін және мамандықтарын сурет не сызба арқылы көрсетіп, өздерін қалай көргілері келетіні туралы ой бөліседі.

 

Жаңа мамандықтар.

ХХI - ғасыр  адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы  ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:

бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;

логистик - бұл мамандық  туралы естуіңіз бар шығар. Қысқаша айтқанда, бұл - жүк тасымалын қадағалайтын маман;

промоутер - компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі;

супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;

веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;

коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;

интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;

сомелье - ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман;

рецепшеонист – тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші;

        

-         Кәсіптік жұлдызнама.

 

Атауы

Ер адамдар

Әйел адамдар

Тоқты

Мұғалім, әртіс, фермер, журналист, дәрігер, мал дәрігері, механик, ювелир, полиция қызметкері

Дизайнер, парикмахер, косметолог, журналист, стюардесса, ЭВМ маманы, сатушы

Торпақ

Журналист, музыкант, спортсмен, суретші, инженер, бағбан, ағаш өңдеуші, электрик, слесарь, мал баптаушы, аспазшы

Телефонистка, фармацевт, психолог, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкері, аспазшы

Егіздер

Инженер, ұшқыш, жазушы, музыкант, спортсмен, аудармашы, жүргізуші

Дизайнер, спортшы, косметолог, әртіс

Шаян

Банк қызметкері, менеджер, бухгалтер, психолог, ұшқыш, режиссер, музыкант, ақын

Банк қызметкері, медсестра, дәрігер, фармацевт, психолог

Арыстан

Музыкант, журналист, аудармашы, дизайнер, спортсмен

Тәрбиеші, әлеуметтанушы, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкері

Бикеш

Инженер, әлеуметтанушы, психолог, құрылысшы, дизайнер, ювелир, дәрігер

Дәрігер, дизайнер, жазушы

Таразы

Физик, математик, әртіс, суретші, мықты слесарь, механик, ЭВМ специалисті

Ювелир, архитектор, бағбан, гүл өсіруші, стюардесса

Сарышаян

ЭВМ специалисті, криминалист, прокурор, саясаттанушы, фермер, механик, токарь, слесарь

Мұғалім, тәрбиеші, социолог, юрист, медбике, дәрігер, психолог, телефонистка, кітапханашы, аудармашы (ауызша)

Мерген

Дәрігер, криминалист, детектив, журналист, дирижер, дизайнер, аудармашы, ақын

Хатшы, балерина, музыкант, гүл өсіруші, медбике, геолог

Тауешкі

Юрист, столяр, дизайнер, суретші, дін қызметшісі

Тігінші, физик, инженер, археолог, сатушы

Суқұйғыш

Химик, физик, биолог, инженер, механик, аудармашы, жазушы, археолог, фотограф

Мұғалім, тәрбиеші, аудармашы

Балықтар

Информатик, бухгалтер, детектив, мұғалім, электрик, столяр, монтер, тігінші

Тәрбиеші, медбике, дәрігер, музыкант, әртіс

 

Тестік тапсырмалар:

  • Ең ақшасы көп мамандық қандай?
  • а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист
  • Ең “жасыл” мамандық қандай?
  • а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш
  • Ең “тәтті” мамандық қандай?
  • а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер
  • Ең “күлкілі” мамандық қандай?
  • а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш
  • Ең жауапты мамандық қандай?
  • а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер
  • Ең салмақты мамандық қандай?
  • Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер
  • Ең қарым-қатынасы күшті мамандық қандай?
  • а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер

 

 

ІҮ. Қорытындылау:

1. «Мамандық», «Қабілет», «Білім» сөздеріне ой тұжырымдау.

2. Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?

Талдау:       Осы күннен не алдыңдар? Өздерің үшін қандай қорытынды жасадыңдар, ойландыратын жағдай болды ма?

Бүгінгі сынып сағатымызды  мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

           Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті  мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

 

І- топқа:

3.    Мына мамандықтарды  классификациялық белгілері бойынша жікте:

Омарташы, милиционер

4.    Мына мамандықтардың қайсысы қазіргі уақытта жоқ, жойылған:

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құралдармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог, бакенщик.

 

ІІ- топқа:

3.    Мына мамандықтарды  классификациялық белгілері бойынша жікте:

Кітап сатушы, слесарь

4.    Мына мамандықтардың қайсысы ХХ ғасырда пайда болды:

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, бренд-менеджер, клоун, педагог.

 

ІІІ- топқа:

3.    Мына мамандықтарды  классификациялық белгілері бойынша жікте:

Автобус жүргізушісі, цирк әртісі

4.    Мына мамандықтардың қайсысы соңғы 10 жылдықта пайда болды:

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, супервайзер, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, логистик.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Маған болашақта керек мамандық"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Маған болашақта керек  мамандық

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру, өз мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

-         Жеке тұлғаның  кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен  факторлары туралы түсінік беру

-         Кәсіптік бағдар беру

-         Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру

-         Кәсіптік мамандықтарға деген ынта- ықыластарын анықтау және т.б.

Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, сауалнама, дидактикалық ойындар, тренингтер, пікір-талас, әңгіме.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, схемалар, сауалнама

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 857 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2015 3981
    • DOCX 100 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Терликбаева Алма Нурсултановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35528
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек