Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Статьи / «Macromedia flаsh бағдарламасында анимация құру»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

«Macromedia flаsh бағдарламасында анимация құру»

библиотека
материалов

Flash MX-те жұмыс жасау мүмкіндігі

Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен, қарапайымдылықпен жабдықтағандықтан, аталмыш формат өзінің табынушыларына бай. Негізінде, бұлай жабдықталған құралдар жетерлік.

Олардың қайсыбірі мультимедиялық презентация жасауға бағытталса (Macromedia Director Shockwave Studio), келесі бірісі графикалық бейнелерді дайындауға бағыталған (Macromedia FreeHand и Macromedia Fireworks), ал үшіншілерімен интерактивті оқу курсын дайындауға болады (Macromedia Authorware және Macromedia CourseBuilder). Дегенмен тор беттерін құрушылардың арасында Macromedia Flash көп қолданылады, өйткені тек осы өнім ғана, тор бетін аяғына дейін әрлей алады. Ал жақсы әрленген бет әрине көпшіліктің көңілінен шығады. Интернет пайдаланушылардың жақсы көретіндігінен болар, бұл өнімді жай ғана Flash деп атайды.

Flash технологиясының құрамына мыналар кіреді:

  • векторлық графика;

  • анимацияларды қолдау;

  • интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;

  • әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы графикалы да);

  • Flash фильмдерді HTMLформатына қосу;

  • Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;

  • әртүрлі визуальді саймандардың болуы.

  • Импортталған графикалық форматтарды қолдайды (оның ішінде растрлық) ;

  • FLASH фильмдерін HTML форматына ғана емес, интернетте қолданылатын кез келген форматқа көшіруге болады;

  • Платформалық тәуелсіздік;

  • FLASH фильмдерді автономдық түрде де, тор броузерінде де көруге болады;

Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын векторлық графикаға негізделген. SWF құрушылары, графиканың тамаша мүмкіндіктерімен, олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды, шыққан нәтижені WEB-бетке қоса алатын механизмді тиімді пайдалана отырып, үйлесімді өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны, бұл форматты кез келген платформада қолдануға болады (яғни, MacOS операциялық жүйесімен басқарылатын Macintosh компьютерлері мен Windows ОЖ бар IBM компьютерлері). SWF–да құрылған бейнелерге анимация ғана қолданып қоймай оларды интерактивті элементтермен және дыбыспен де әрлеуге болады.

1.2. Құжат құру, сақтау және қасиеттер бөлімі

Flash бағдарламасы Web-анимацияларды құру мақсатында қолданылатын бағдарлама. Қазіргі кезде Flash бағдарламасының көмегімен күрделі интерактивті бағытталған кескіндерді, динамикалық Web-беттерді, мультфильмдерді, ойындарды және т.б. ұйымдастыруға болады.

Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілмесі *.fla (Flash құжаты) және *.swf (Small Web-File- кіші Web-файл) типті болып келеді.

Flash 8 бағдарламасының стандартты жүктелу жолы: ПускПрограммыMacromedia Macromedia Flash 8 (1-сурет).


hello_html_67b37224.png

1-сурет. Macromedia Flash 8 бағдарламасының жүктеу жолы.

Экранда Macromedia Flash 8 бағдарламасының жұмыс терезесі ашылады (2-сурет).




hello_html_m3258e4e9.png





Create New (Құру) бөлімінде Flash Document (Flash құжаты) сілтемесін басыңыз. Экранда Flash 8 бағдарламасының жаңа құжаты пайда болады (3-сурет).

Құрылған файлдың қажетті параметрлерін «Рroрerties» (Қасиеттер) панелі көмегі арқылы енгізуге болады



hello_html_2506f022.png



3-сурет. Flash8 бағдарламасының жаңа құжаты.

«Tools» (Құрал саймандар) тақтасы бірнеше бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде - объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары орналасқан (4-сурет).

hello_html_m78f99414.png

4-сурет. Объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары.

Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық: hello_html_147a3f24.png. Толығымен ерекшелеу батырмасы көмегімен объектіні ерекшелеудің екі жолы бар: бірінші жолда объектіні толығымен ерекшелеп аламыз hello_html_709ddd5e.png, ал екінші жолда тінтуірдің сол жақ батырмасын объектіде үздіксіз екі рет шертеміз де қалаған бағытта орын ауыстыруымызға болады.

Жеке-дара ерекшелеу батырмасы көмегімен объектінің бұрыштарын белгілеген кезде тінтуір нұсқағышы тұсында іші бос кішкене тіктөртбұрыш пайда болады, ал қабырғаларына нұсқаған кезде тіктөртбұрыш қара түске боялады. Объект бұрыштарын өзгертуге болады, ал қабырғаны нұсқаған бойда сол жақ батырманы баса отырып, объектінің орнын ауыстыруға болады.hello_html_m96a9a65.png

Екінші бөлімде объектінің орнын ауыстыратын және масштабын өзгертетін батырмалар орналасқан, үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттер орналасқан, төртінші бөлімде құю және жиектеме жасау құрал–саймандар тақтасы орналасқан (5-сурет).



hello_html_m40f997c7.pnghello_html_6261c96a.pnghello_html_4c1a7044.pnghello_html_m614d76a6.png

5-сурет. Құрал-саймандар тақтасы.

Үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттері көмегі арқылы объектінің бұрыштар санын өзгертуге қажетті батырмалар орналасқан. Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық. Қосымша қасиеттер бөліміне шерткен кезде шығатын сұхбаттық терезеде қажетті бұрыштар санын енгіземіз (6-сурет).

hello_html_5e2180c4.pnghello_html_3e141a2d.png

6-сурет.Қосымша қасиеттер бөлімі сұхбаттық терезесі.

Анимациялық әсерлер беру үшін «TimeLine» (Уақыт өлшемі қатары немесе Монтаждау үстелі) қолданылады. Дыбыстау нұсқағышы (қызыл түсті тіктөртбұрыш) анимациялық әсерлердің орындалу барысында нөмірленген кадрлар бойымен жылжып отырады (7-сурет).








hello_html_m607c48c.png

7-сурет. Macromedia Flash MX бағдарламасы терезесі.

Анимацияланатын әрбір объект өзіндік қатпарларда орналасады. Қатпарларды қосуға, жоюға және орындарын ауыстыруға болады.

Импортталған графикалық бейнелерге де анимациялық әсерлер ұйымдастыруға болады. Құжатты импорттау «FileImportImport to Stage» (ФайлИмпорттауСахнаға импорттау) командасы көмегімен орындалады. Шыққан сұхбаттық терезеден қажетті файлды таңдап «Открыть» (Ашу) батырмасын баса отырып, объектіні құжатқа кірістіреміз.

Бағдарлама векторизациялау, яғни импортталған растрлық бейнені векторлыққа ауыстыру жұмысын орындауға болады. Ол «ModifyBitmapTrace Bitmap» командасы арқылы орындалады. Командадан соң шығатын сұхбаттық терезеде түстер және минималды зоналық мәндерді өз қалауымызша таңдауға болады (8-сурет).

hello_html_m4be5dc04.pnghello_html_m5a0905f7.png

8-сурет.Векторлау терезесі.

Векторлау барысында растрлық бейнедегі түсі жақын аймақтар бір түске айналып кетеді. «Color Threshold» (Түстік аймақ) бөлімінің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сәйкес түстер бір түспен алмасады. «Minimum area» (минималды аймақ) мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кішігірім түстес аймақтар өзгеріссіз қалады (9-сурет).


hello_html_m7301dec1.png

9-сурет. Векторлау нәтижесі.

Бағдарламада кез–келген фильм элементі Symbol (Символ) болып табылатын объект ретінде қарастырылады. Символдар типтері: Movie Cliр (Клип), Button (Батырма), Graрhic (Графика) және бұл типтердің әрқайсысының өзіндік қасиеттері бар, сонымен бірге мүмкін операциялар жиынтығы анықталған.

Фильмді ұйымдастыру жұмысын ыңғайлы ету үшін, оны бірнеше логикалық сахнаға (сцена) бөлуге болады. Жаңа сахна құру үшін «Window Design Panels Scene» (Окно  Панель конструирования Сцена) командасы орындалады.

Macromedia Flash MX бағдарламасының ерекшелігі – экранда объектілерді басқару, яғни интерактивті әсерлер беру мүмкіндігі. Интерактивті анимация құру үшін ActionScript программалау тілінде сценарийлер жазылады. Экрандағы әрбір объект өзіндік қасиеттерге ие және бұл қасиеттер Proprties панелінде сипатталады.

Интерактивті қасиеттің бірден-бір элементі – басқарушы батырмалар. Батырмалар өзіне құрылған сценарий бойынша әртүрлі мақсаттар орындауы мүмкін.

Дайын болған Flash-фильмді бас мәзірдегі «ControlTest Movie (УправлениеТестировать фильм)» командасы көмегімен алдын-ала көруге болады. Сонымен кеңейтілмесі *.swf болып келген файлды жүктеу барысында іске қосылатын арнаулы Macromedia Flash Player терезесінде де көруге болады. Бұл терезеде «FileCreate Projector (ФайлСоздать проект)» командасының көмегімен Flash-фильм бірге сақталатын, кеңейтілмесі *.exe болып келетін файл құруға болады.

Мысалы: 10-суретте бірнеше объектілер келтірілген. Әрбір объектіні белгілеген кезде қасиеттер бөлігі өзгеріп отырады.









hello_html_6c24be04.png

10-сурет.Қасиеттері әртүрлі обектілер жинағы.

1.3. Анимацияларды ұйымдастыру

Macromedia Flash 8 бағдарламасында екі түрлі анимацияларды ұйымдастыруға болады – кадр бойымен және есептелген кадр бойынша.

Кадр бойымен ұйымдастырылатын анимацияда барлық кадрлар бірінен кейін бірі қолмен қойылады.

Есептелген кадр бойынша анимация ұйымдастырғанда бейненің тек қана бастапқы және соңғы кадрлары анықталады. Мұндай анимацияның өзі екі түрлі болады – қозғалыс анимациясы және форма анимациясы. Қозғалыс анимациясында орналасу орны, көлемі, бірінші кадр үшін айналу объектісі анықталады және соңғы кадр үшін осы қасиеттер жаңа мәндер бойынша беріледі. Форма анимациясында бірінші кадр үшін фигура салынады, ал соңғы кадрда фигура формасы өзгереді. Әрі қарай программа қозғалыс қасиеті мәндерінің немесе форма үшін анимация кадрларының аралық өзгерісін интерполяциялайды.

Macromedia Flash 8 бағдарламасында кадрлар екі типті болады: «keyframe» (кілттік) және «frame» (қарапайым). Кілттік кадрда – анимациядағы өзгерістер беріледі. Мұндай кадрмен кез-келген анимация басталады және аяқталады.

Есептелген кадр бойынша ұйымдастырылған анимацияда фильмнің негігі нүктелеріндегі кілттік кадрлар ғана анықталады, ал басқа кадрларды программа автоматты түрде құрады. Кадрлық анимацияда барлық кадрлар кілттік болып табылады.

Кілттік кадр «TimeLine» уақыт өлшемі терезесінде тіктөртбұрыштың төменгі бөлігінде кішкене дөңгелек түрінде бейнеленеді. Әрбір қатпарда бірінші кадр автоматты түрде кілттік болып табылады. Сонымен бірге, сахнадағы қандай да бір өзгеріске қатысты әрбір кадрда кілттік болып табылады. Қарапайым кадр бос тіктөртбұрышпен белгіленеді және ол алдындағы кілттік кадр мамұнымен толтырылады. Егер кадр бос болса, ақ түспен, ал егер онда қандай да бір бейне болса сұр түспен белгіленеді.

Мәтінге анимация қолдану үшін «ModifyConvert to Symbol» (МодифицироватьПреобразовать в символ) командасы қолданылады. Егер әріп белгілі траектория бойында қандай да бір нүктеге жетпесе, онда кілттік кадр қосып, осы кадрда әріпті қажетті нүктеге жеткізу керек.

Форма анимациясы дегеніміз – бір объекті формасының, түрінің және түсінің екінші бір объектіге ауысуы. Мұндай әсерді қолдану үшін «Рroрerties» (Свойства) панелінің «Tween» (Дублировать) бөлімінен «Shaрe» (Форма) қасиетін таңдау керек. Сонда «TimeLine» панеліндегі аралық кадрлар жасыл түске боялады.

Flash бағдарламасында фильмге дыбыстық әсер берудің 2 түрі қолданылады: «event» (іс-әрекеттік) және «stream» (ағымдық).

Іс-әрекеттік дыбыс қолданушы компьютерінде толық жүктелген болуы керек және тоқтатқанға дейін орындала береді. Егер іс- әрекеттік дыбысты қайталау қажет болса, онда оның көшірмесі жүктеусіз орындала береді. Бағдарламада іс-әрекеттік дыбыстық әсердің 3 түрі қолданылады: «Event» (іс-әрекет) үнсіздік бойынша қолданылады, «Start» (Бастау) және «Stoр» (Тоқтау).

Ағымдық дыбыс бірінші кадрларды дыбыстауға қажетті қандай да бір мәліметтер жүктелгеннен соң барып іске қосылады. Егер дыбысты қайталау қажет болса, онда оны жаңадан орнату қажет.

Фильмге дыбыстық әсер беру үшін ең алдымен қажетті файлды «FileImрortImрort to Library» (ФайлИмпортИмпортировать в бибилиотеку) командасы арқылы импорттаймыз.

Қарапайым анимация ретінде еден бетінен секірілген доп бейнесін тұрғызайық. Ол үшін:

1)Жаңа құжаттың бірінші қатпарында кішкене дөңгелек сызайық (15-сурет);

hello_html_m202d12dd.png11-сурет.

2) «TimeLine» терезесінде 40 кадрды шертемізде F6 батырмасын басамыз немесе жанама мәзірден «Insert KeyFrame» командасын таңдаймыз. Сол жақтағы ең жақын кілттік кадрдан мазмұны көшірілетін екінші кілттік кадр құрылады;












hello_html_m4d95cff9.png

12-сурет.

3)40 кадрда тұрған бойы дөңгелекті сахнаның оң жақ бөлігіне орнын ауыстырамыз. Ал дыбыс нұсқағышты бірінші кадрға апарамыз;

4)Уақыт өлшемінде бірінші кадрды нұсқаған бойда жанама мәзірден «Create Motion Tween» (Қоғалыстың есепті анимациясын құру) командасын таңдаймыз (13-сурет);

hello_html_m7d30f752.png13-сурет.

5)Бірінші және екінші кадрлар арасында қозғалыс анимациясының құрылғандығын білдіретін көк түсті фонға ие бағыттауыш сызық пайда болады (14-сурет);


hello_html_285bedbb.png14-сурет


6)Бірінші кадрда дөңгелекті ерекшелеп алып, қасиеттер бөліміне көңіл бөлетін болсақ, онда қарапайым графикалық объектінің автоматты түрде эталонды «Graрhic» типіне ауысқан және оған стандартты «Tween 1» атауы берілген (14-сурет);

hello_html_58027eca.png15-сурет.

7)Анимацияның екінші кадрындағы (40 кадр) дөңгелекті белгілесек, мұның да графикалық символға айналғанын және оған үнсіздік бойынша Tween2 атауы берілгенін байқаймыз;

8)WindowLibrary (ОкноБиблиотека) командасы көмегімен екі символдың кітапханаға енгізілгеніне көз жеткізуге болады;

9) «ControlРlay» командасы арқылы немесе «Enter» батырмасын баса отырып анимацияны көруге болады. Дөңгелек сол жақ сахнадан оң жақ сахнаға қарай жылжып барады (16-сурет);

hello_html_m75e3b87b.png16-сурет.

10) «ControlTest Movie» (БасқаруФильмді тестілеу) командасы арқылы немесе «Ctrl+Enter» батырмалар көмегімен кеңейтілмесі *.swf типті Flash-фильмді көруге болады (17-сурет).

hello_html_m2c7d52bf.png17-сурет.

Сонымен бірге графикалық объектіні аралық кадрларға ауыстыра отырып қосымша анимациялық кадрларды қосуға болады. Мысалы, доптың еденнен секіруін көрсететін жоғарыдағы анимацияға қосымша үш кілттік кадр қосайық. Ол үшін:

1)Дыбыс нұсқағышты 10 кадрға әкелеміз;

2)Фильм сахнасында дөңгелекті оңға жылжытамыз және төмен түсіреміз, сонда 10 кадрда кілттік кадр, яғни оған келетін және одан шығатын бағыттауыш сызықтар пайда болады. Бағыттауыштар аралық кадрдың бар екендігін білдіреді (18-сурет);

hello_html_m5b3b1748.png 18-сурет.

3)Нақ осы жолмен 20 және 30 кадрларда аралық кадрлар ұйымдастырайық және ол объектіге қандай да бір әсерлер беруге болады (мысалы, айналдыруға);

4)Соңғы өзгерістерді сақтаймыз және фильмді тестілеуден өткізуге болады (19-сурет).

hello_html_4a2d5d9f.png19-сурет

Flash 8 бағдарламасында объектіге анимациялық әсерлер және фильтрлер қолдануға болады. Мысал ретінде локомотивтің қолданушыға жақындап келе жатқандығын және оның дыбысын қосайық.

1)Құрылған жаңа құжатта фильмнің кадрын толық көрсету үшін мәзірден «ViewMagnificationShow Frame» (ВидУвеличениеПоказать кадр) командасын таңдаймыз;

2) «FileImрortImрort to Stage» (ФайлИмпортИмпортировать на сцену) командасы көмегімен қажетті суретті импорттаймыз (Локомотив.wmf);

3) «ModifyUngrouр» (МодификацияРагруппировать) командасы көмегімен суреттің біріктіруін алып тастаймыз;

4)Суретті белгілеп аламыз да «ModifyConvert to Symbol» (МодификацияКонвертировать в эталон) командасын орындаймыз. Шыққан сұхбаттық терезеде «Movie Cliр» типін ағымды етеміз және эталонға «Name» қатарында «Локомотив» атауын енгіземіз. «Registration» (Регистрация) бөлімінде төменгі ортаны белгілейміз, сонда локомотив координаттары төменгі бөлімде нақ орта бойынша тураланады (20-сурет). «Локомотив» атты эталон пайда болады және ол көк түсті жиектемемен қоршалады;

hello_html_m107dd994.png hello_html_307a6d00.png20-сурет.

5)Құжатты Локомотив.fla деген атаумен өз бумаңызда сақтаңыз.

6)Құрал саймандар тақтасынан hello_html_65345b82.pngScale (Масштаб) батырмасын таңдаймызда – трансформация центрін (толық ақ түсті дөңгелек) масштабтың төменгі маркерімен беттестіреміз (21-сурет);

hello_html_59c68cab.png21-сурет

7)Клип көлемін маркерлер көмегімен барынша кішірейтеміз (22-сурет);

hello_html_m14ac29f3.png22-сурет

8)Layer 1 қатпар атауын «Локомотив» деген атауға өзгертеміз;

9)25 кадрды кілттік кадр етеміз (F6 батырмасын басамыз немесе жанама мәзірден «Insert KeyFrame» командасын таңдаймыз) де клип бейнесін мүмкіндігінше үлкейтеміз (23-сурет);

hello_html_3f73849b.png23-сурет

10) «Локомотив» қатпарында 1 кадрды белгілейміз де «Рroрerties» (Свойства) бөлімінде «Tween» тізімінен «Motion» (Движение) қасиетін таңдаймыз және «Scale» бөлімінде қанатбелгі қоямыз;

11)Анимацияны іске қосамыз – локомотивтің көрерменге қарай жылжып келе жатқандығын байқаймыз;

12)Көрерменге бұдан да күшті әсер қалдыру үшін – қасиеттер бөлімінен «Edit» (редакциялау) батырмасын басып, шыққан сұхбаттық терезедегідей қисық тұрғызамыз да анимацияны тексереміз. Локомотив алдымен баяу сонан соң жылдамдықты көбейте отырып көрерменге қарай жылжып келеді (24-сурет);

hello_html_m2a875292.png24-сурет

13)Бұл көріністің шындыққа сәйкес еместігі – локомотивтің бірденнен тоқтап қалуы. Осы әрекетті жою үшін локомотив біртіндеп түссізденіп, соңынан тіпті көрінбей кетуі үшін 25 кадрда «Рroрerties» (қасиеттер) бөлімінің «Color» тізімінен «Alрha» (Түссіз) әсерін (эффектісін) және оның дәрежесін 0% етіп таңдаймыз (25-сурет). Кадрда бейне көрінбей қалады;

hello_html_m2b8ec42d.png

hello_html_m120a76a8.png25-сурет

14) «ControlРlay» (УправлениеПроиграть) командасы арқылы фильмді көреміз;

15)Берілген анимацияларға қандай да бір фильтр қасиетін қолданып көрейік. Ол үшін 1 кадрдан «Локомотив» клипін белгілеп аламыз да «FiltersAdd FilterGlow» (ФильтрФильтрді қосуСәуле тарату) қасиетін таңдаймыз және шыққан сұхбаттық терезеде қажетті мәндерді енгіземіз (26-сурет);


hello_html_43091624.pnghello_html_51d288d3.png

1 кадр үшін 25 кадр үшін

26-сурет. Фильтр мәндері.

16) «Enter» батырмасын басып анимацияны көріп шығамыз. Локомотив жылдамдығын біртіндеп арттыра отырып жақындай түседі де жоқ болады.

17)Көрерменде локомотивті жұқа тұманнан көргендей әсер қалдыру үшін фильтр бөлімінің «Blur» (Размытие) қасиетін таңдауға болады (27-сурет);

hello_html_m1e38ee97.pnghello_html_27f088f2.png

1 кадр үшін 25 кадр үшін

27-сурет. «Blur» фильтрі мәндері.


18) Фильмге дыбыстық әсер беру үшін ең алдымен қажетті файлды «FileImрortImрort to Library» (ФайлИмпортИмпортировать в бибилиотеку) командасы арқылы импорттаймыз;

19)«Insert Layer» (Вставить слой) командасы көмегімен жаңа қатпар құрамыз және оған «Звук» деген атау берейік;

20) «TimeLine» қатарында «Звук» қатпарының 1 кадрын ерекшелейміз және қасиеттер бөлімінің «Sound» панелінде «Startuр.wav» файл таңдаймыз (28-сурет) және фильмді тестілейміз;

hello_html_m2d5dbaac.png28-сурет

21)Қосымша дыбыстық әсерлер беру үшін «Effect» бөлімінен қажетті әсер типін таңдауға болады. Ол үшін «Звук» қатпарының бірінші кадрын белгілеп аламыз да «Effect» бөлімінен «Fade in» (өсу қарқыны) типін таңдаймыз және фильмді орындауға жіберген кезде локомотив жақындаған сайын дыбыстың қаттырақ шығатынын байқауға болады (29-сурет).

hello_html_m5408fbdd.png29-сурет.

Мәтінге анимация қолдану үшін «ModifyConvert to Symbol» (МодифицироватьПреобраовать в символ) командасы қолданылады. Егер әріп белгілі траектория бойында қандай да бір нүктеге жетпесе, онда кілттік кадр қосып, осы кадрда әріпті қажетті нүктеге жеткіу керек. Мысалы, қандай да бір мәтінге анимация қолданайық, ол үшін:

1)Құрал-саймандар тақтасындағы hello_html_11d1322d.png «Text» (Мәтін) батырмасының көмегімен жаңа құжат бетінде қандай да бір мәтін жазайық (30-сурет);

hello_html_m56994978.png30-сурет

2) Мәтінді ерекшелеп алғаннан соң «ModifyBreak Aрart» (МодифицироватьРазделить) командасының көмегімен жеке әріптерге бөлеміз;

3)Әріптердің түр-түсін өзгерту үшін осы команданы қайта орындаймыз;

4)Мәтіндегі сөздерді ерекшелеп алғаннан соң «ModifyConvert to Symbol» командасының көмегімен символдарға айналдырамыз;

5)Осы символдарды жанама мәзірдегі «Distribute to Layers» (Распределить по слоям) командасы көмегімен қатпарларға бөлеміз;

6) Мысал үшін 30 кадрды кілттік кадр етіп алайық;

7) 1кадрда «FL» сөзі кадрдың сол жақ сыртында, ал «ASH» сөзі кадрдың оң жақ сыртында орналасқан болсын. Соңғы кадрда екі сөзде өз орнындарында тұрады;

8)Бастапқы және соңғы кадрларға жанама мәзірден «Create Motion Tween» командасын қолданамыз;

9)Фильмді тестілесек мәтіндер тоқтаусыз қимылдауда, сондықтан «Layer 1» қатпарының соңғы кадрында «Action Scriрt» бөлімінен «Stoр» командасын енгіземіз;

10) Фильмді тестілеуден өткіземіз де құжатты сақтаймыз (31-сурет).

hello_html_11a99d1.png

31-сурет. Анимация қолданылған мәтін.

Форма анимациясы дегеніміз – бір объекті формасының, түрінің және түсінің екінші бір объектіге ауысуы. Мұндай әсерді қолдану үшін «Рroрerties» (Свойства) панелінің «Tween» (Дублировать) бөлімінен «Shaрe» (Форма) қасиетін таңдау керек. Сонда «TimeLine» панеліндегі аралық кадрлар жасыл түске боялады.

Мысалы, кубтың тіктөртбұрышқа өзгеру анимациясын қарастырайық. Ол үшін 1 кадрда куб бейнесін саламыз, 80 кадрды кілттік етеміз де, куб орнына тіктөртбұрышты саламыз. 1 кадрдың «Рroрerties» (Свойства) панелінің «Tween» (Дублировать) бөлімінен «Shaрe» (Форма) қасиетін таңдаймыз (36-сурет).

hello_html_m3ba08e4c.png32-сурет

Фильмді тестілеуден өткізейік (37- сурет):

hello_html_43ed87a2.pnghello_html_29a7c4c9.png

33- сурет. Қорытынды бейне.

1.4 Flash филімдерін қолдану түрлері

Жоғарыда айтылғандай Flash - тің мақсаты, графика мен анимацияға толы интерактивті тор беттерін құру болып саналады. Жоғарыда айтып өткендей Flash ті тамашалау үшін екі түрлі жол бар, біріншісі WEB браузер арқылы, екіншісі Flash фильмді басқа форматқа ауыстыру арқылы.

Flash арқылы фильмді құру және өзгерту кезінде автор, FLA форматындағы файлдармен жұмыс істейді. Бұл бағдарламау ортасының тек өзіне қатысты форматы, және бұл форматты басқа бағдарламалар «түсінбейді». Тор броузерлерінде фильмді көру үшін, SWF форматына экспорттау керек. Бұл форматты Internet Explorer, Netscape және Opera броузерлерінің соңғы нұсқалары қолдайды, немесе арнайы Flash-плеер арқылы ойнатуға болады. Бұл плеер, Flash редакторының құрамына кіреді. Flash фильмін ойнатудың екінші түрі Windows Media Player арқылы. Бұл үшін, Flash фильм AVI форматына экспортталуы керек. Бірақ, фильм көлемі он есе кейде 100 есеге дейін көбейіп кетеді. Экспорттау кезінде фильм өзінің сапасын жоғалтады, сондықтан бұл тиімсіз болып есептеледі. Flash фильмін көрудің тағы бір жолы, фильмді GIF форматына көшіру. Бұл экспорттаудың да екі түрі бар, біріншісі фильмін әрбір кадрын gif форматына өзгерту болса, екіншісі бірақ gif файлын құру.

Flash фильмін броузерде тамашалаудың екі жолы бар:

  • Фильмді SWF форматында сақтап, файлды тышқанның көмегімен броузер терезесіне апарып қоямыз;

  • Фильмді редакторда HTML форматқа экспорттауға болады.

Flash – ті тор бетінде қолданудың бірнеше түрі бар:

  • «жай» анимация, бетті тартымды ету үшін;

  • Анимацияланған батырма, қолданушының іс-әрекетіне байланысты жұмыс атқарады. Оған гиперсілтеме жасап қоюға, немесе басқан уақытта белгілі бір іс-әрекетке бастама болатындай етуге болады;

  • Тор бетіне қолданушыдан ақпарат алу үшін қолданылады;

  • Жарнамалық баннер.

Күрделі фильмдерді құру кезінде клип (Clip, немесе Movie clip) өте маңызды орын алады. Клип – бұл символдың арнайы түрі. Бұл мини-фильмге арнайы уақыт диаграммасы құрылады, және жеке параметрлері қондырылады (мысалға, кадрлар алмасу жиілігі). Клипті, фильмін басқа да элементтері тәрізді, кітапханаға, тағы да қолдану үшін, қосып қоюға болады. Әрбір дарасы үшін, есім беруге болады.

Windows-қа арналған бағдарламаның көбісінде, оны жүктеген уақытында, автоматты түрде, бос дайын шаблон терезесі ашылады. Мысалға Word процессорын жүктеген уақытта, бос документ ашылады, бұл жерге сіз мәтін, графика немесе сурет қоя аласыз. Flash та да, дал осылай ұйымдастырылған. Алғаш жүктеген уақытта, автоматты түрде, жаңа фильм құратын (дәлірек айтсақ алғашқы қойылымын жасау үшін) терезе ашылады. Егер керек болса, автор, фильмнің параметрлерін өзгерте алады.

Жалпы параметрлерін қондырғаннан кейін фильмнің алғашқы қойылымын жасай беруге болады. Объектілердің орналасу тәртібін анықтап алғаннан кейін оларды рет ретімен әрбір жаңа қабатқа орналастыра беруге болады. Қабат параметрлерін өзгерту фильмді құрудағы ең бір жауапкершілікпен қарайтын бөлім. Фильмдегі қабаттар (яғни, объектілер) бір бірімен байланысып тұратындықтан, келесі бір қабатты сипаттағаннан кейін, алдындағы қабаттарды қайта жөндеу керек болады. Мұнын еш қиындығы және қорқыныштылығы жоқ, бұл Flash бағдарламасына таңсық емес. Жаңадан қойылатын объекттіні кітапханадан алуға болады немесе жаңадан құруға болады. Flash сізге ойыңызда тұрған бейнені экран бетіне салу үшін барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бір бейненің объектілерін басқа суреттерден импорттап та алуға болады. Құрылған фильмді немесе жасап болып отырған іс әрекеттің жұмысын тексеру үшін, Flash тестіден өткізіп отыруға мүмкіндік береді. Әр жасалған өзгерістен кейін сақтап алып отыруды ұмытпаңыз.

Фильммен жұмыс жасап болғаннан кейін, ойланыңыз сізге бұл фильм неге керек? Егер тор бетіне салу үшін болса, онда жүктелу уақытын ескеруді ұмытпаңыз. Flash бағдарламасының бұл үшін арнайы уақытқа тестілейтін қосымшасы бар.



Автор
Дата добавления 07.06.2016
Раздел Информатика
Подраздел Статьи
Просмотров797
Номер материала ДБ-113435
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Комментарии:

6 дней назад
Өте керемет
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх