Бұл тақырып «буын» ұғымын түсіндіруге және сөздерді буынға бөлуді бекітуге арналған. Оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын пысықтап, тәжірибеде қолданады.
Жұмыс парағында келесі тақырыптар берілген:
1. Сұрақтарға жауап бер. Дұрыс жауапты құсбелгімен белгіле.
2. Сөздердегі буындардың санын анықта. Суреттерді дұрыс сызбалармен қос.
3. Екі буыннан тұратын сөздерді тауып, олардың суретін боя.
4. Барлық жолаушыларды вагондарға отырғыз. Ол үшін әр вагондағы сызбаны оқып, оны жануарлардың атымен байланыстыр.
5. Сөздерді буынға бөл. Буындарды сана.
6. Атауында бір буын болса, суреттің жақтауын жасыл түспен, ал екі буыны бар суреттің жақтауын қызыл түспен боя.
Жауаптары соңғы бетте.
Барлық материалдар «Әліппе» жұмыс дәптерінде біріктірілген. 32 тақырыптан тұратын жұмыс дәптерін, төмендегі сілтеме арқылы сатып алуға болады: https://infolesson.kz/magazin-materialov/rabochaya-tetrad-%D3%99l%D1%96ppe-dlya-detej-5-7-let-331244?m-message-key-id=5039527988129300480&m-message-click-id=e2172284-0830-411d-9757-8e5837a263ed&utm_source=mindbox&utm_medium=email&utm_campaign=150824#preview
Похожие методические разработки
«Буын» тақырыбы оқушылардың сөздегі буындар санын анықтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Балалар сөздерді буынға бөлу ережелерін меңгеріп, бекітеді. Сонымен қатар, бір, екі және үш буынды сөздерді анықтауды үйренеді.
Жұмыс парағында келесі тақырыптар берілген:
1. Әр суреттің астында сөздің сызбасы бейнеленген. Сөзде қанша буын болса, сызбада сонша «текше» болады. Тексеріп көр.
2. Бір буынды сөздерді көк түспен, екі буынды сөздерді қызыл түспен корша.
3. Сөздерді буынға бөл. Буындарды сана. Әр сөзде қанша буын бар екен?
4. Әр сөзде қанша буын бар? Жануарлардың суреттерін буындардың санына қарай тиісті текшелермен қос.
5. Жануарларға өз үйлерін табуға көмектес. Сөздегі буындардың саны, терезелер санына сәйкес.
6. Бұл суреттерде нелер бейнеленген? Әр бағанда қайталанып тұрған буынды тауып, дауыстап айт.
Жауаптары соңғы бетте.
Барлық материалдар «Әліппе» жұмыс дәптерінде біріктірілген. 32 тақырыптан тұратын жұмыс дәптерін, төмендегі сілтеме арқылы сатып алуға болады: https://infolesson.kz/magazin-materialov/rabochaya-tetrad-%D3%99l%D1%96ppe-dlya-detej-5-7-let-331244?m-message-key-id=5039527988129300480&m-message-click-id=e2172284-0830-411d-9757-8e5837a263ed&utm_source=mindbox&utm_medium=email&utm_campaign=150824#preview
«Буын» тақырыбы бойынша жұмыс парағы.
Бұл екі беттік дидактикалық материал бастауыш сынып оқушыларының сөзді буынға бөлу, буын санын анықтау және буындардан сөз құрау дағдыларын жүйелі қалыптастыруға арналған.
Тапсырма мазмұны:
Қолдану жолы: жұмыс парағын жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекіту сабағында, жеке және жұптық жұмыста, үй тапсырмасы немесе білімді тексеру құралы ретінде қолдануға болады. Ереже бөлімі оқушыға дауысты дыбыс пен буын санын байланыстыруға көмектеседі.
Мұғалімге пайдасы: дайын тапсырмалар сабақ уақытын үнемдеп, оқушылардың буын туралы түсінігін, жазылымын, сөздік қорын және логикалық ойлауын бағалауға мүмкіндік береді. Көрнекі суреттер мен әртүрлі тапсырма механикалары оқу қызығушылығын арттырады.
Материал басып шығаруға ыңғайлы .pdf форматында ұсынылған.
«Буын» тақырыбындағы жұмыс парағы
1 – сынып
Бұл жұмыс парағы оқушылардың фонематикалық естуін, буынға бөлу және дыбыстық талдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсырмалар ойлау, салыстыру, талдау қабілетін жетілдіреді.
Жұмбақ арқылы әріп табу, буындардан сөз құрау, сөйлемді буынға бөлу, сөздермен дыбыстық талдау жасау және сөзжұмбақ тәрізді ойын түріндегі тапсырмалар берілген.
1 – сынып оқушыларына және бастауыш сынып мұғалімдеріне
Мақсаты: Буын ұғымын меңгерту, әріп пен дыбысты ажырату, сөздік қорды байыту, логикалық және тілдік ойлау қабілетін дамыту
Жұмыс парағының құрылымы: 6 түрлі тапсырма түрін қамтиды:
• Әріп жұмбақ
• Буыннан сөз құрау
• Сөйлемді буынға бөлу
• Сөздермен дыбыстық талдау
• Буындық сөзжұмбақ
• Жасырын сөздер
Қалай қолдануға болады? Жеке жұмыс, жұптық жаттығу немесе сабақ соңындағы бекіту тапсырмасы ретінде қолдануға болады. Интерактив тапсырма етіп өткізуге де ыңғайлы.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар буын мен дыбыс ұғымын меңгереді, сөздерді талдай алады, дыбыстық құрылымға назар аударады, оқуға деген қызығушылығы артады.
Методические материалы и рабочие листы — это надёжные помощники учителей, родителей и репетиторов. Все пособия созданы опытными преподавателями и подходят как для индивидуальных, так и для групповых занятий.
Рабочие листы — это новый удобный способ увлечь детей темой урока, помочь им закрепить пройденное и проверить знания. Они содержат увлекательные и необычные задания и дополнительные материалы по теме урока.
В нашем маркетплейсе есть методические разработки, ориентированные на учеников 1-11 классов, дошкольников и студентов. Выбирайте, скачивайте и проводите занятия, на которые ученики будут ходить с удовольствием!