Осы сабақ оқушыларға дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып үйренуге көмктеседі. Бұл тақырып оқушыларды сөздің дыбыстық талдауын жасауға дайындайды.
Жұмыс парағында келесі тақырыптар берілген:
1. Суреттерде не бейнеленген? Бірінші дыбыстарды анықта. Дауысты дыбыстан басталатын сөздерді қызыл түспен қорша.
2. Суреттерде не бейнеленген? Бірінші дыбыстарды анықта. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көк түспен қорша.
3. Дауысты дыбыстан басталатын жемістерді қызыл себетке жина.
4. Дауыссыз дыбыстан басталатын көгөністерді көк себетке жина.
5. Дауысты дыбыстан басталатын жеміс-жидектерді қызыл тәрелкеге, ал дауыссыз дыбыстан басталатын жеміс-жидектерді көк тәрелкеге сал.
6. Дауысты дыбыстан басталатын гүлдерді тап. Көбелекке сол гүлдерге қонуға көмектес.
Жауаптары соңғы бетте.
Барлық материалдар «Әліппе» жұмыс дәптерінде біріктірілген. 32 тақырыптан тұратын жұмыс дәптерін, төмендегі сілтеме арқылы сатып алуға болады: https://infolesson.kz/magazin-materialov/rabochaya-tetrad-%D3%99l%D1%96ppe-dlya-detej-5-7-let-331244?m-message-key-id=5039527988129300480&m-message-click-id=e2172284-0830-411d-9757-8e5837a263ed&utm_source=mindbox&utm_medium=email&utm_campaign=150824#preview
Похожие методические разработки
Бұл сабақ бастауыш сынып оқушыларына арналған және оқушылардың оқу, жазу, сөйлеу, дыбыстық талдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сабақ ертегімен таныстырудан басталады. «Аққала мен қоян» ертегісі арқылы балалар қыстың көрінісімен танысып, достық пен көңілді ойын туралы мағлұмат алады. Ертегіні мәнерлеп оқу оқушылардың көркем оқу дағдысын қалыптастырады. Кейін сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, жаңылтпаш жаттау және көркем жазу тапсырмасы ұсынылады, бұл тіл дамытуға және сөйлеу машығын жетілдіруге бағытталған. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау тапсырмасы арқылы оқушылар әріп, дыбыс, буын сандарын ажыратып үйренеді. Сабақта «Қоян», «Қаз», «Ұшты» сияқты сөздер талданады. Сонымен қатар, сурет бойынша сөйлем құрау және сөзжұмбақ шешу тапсырмалары шығармашылық пен логикалық ойлауды дамытады. Сабақ мазмұны балалардың қызығушылығын оятып, танымдық белсенділігін арттырады. Барлық тапсырмалар оқушының жас ерекшелігі мен оқу деңгейіне сай жасалған.
«Дауысты және дауыссыз дыбыстар» тақырыбы бойынша жұмыс парағы. Бұл материал бастауыш сынып оқушыларының қазақ тіліндегі дыбыс жүйесін меңгеруіне, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратуына арналған практикалық тапсырмалар жинағы.
Мақсаты мен қолданылуы:
Мұғалімге пайдасы: жұмыс парағы жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекіту сабағында, жеке жұмыс пен қалыптастырушы бағалауда тиімді қолданылады. Құрылымы оқушының өз бетімен орындауына ыңғайлы, жауаптарды тексеру жеңіл.
Ерекшелігі: тапсырмалар бірізді күрделеніп, көрнекі блоктармен берілген; ереже, жазылым, сәйкестендіру және сандық талдау механикалары қамтылған. Материал басып шығаруға ыңғайлы .pdf форматында ұсынылған.
«Дауысты және дауыссыз дыбыстар» тақырыбы бойынша бетбелгі – бастауыш сынып оқушыларына дыбыс пен әріп ұғымын ажыратуға, дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі белгілерін жүйелі меңгеруге арналған көрнекі оқу материалы.
Мақсаты мен мазмұны:
Қолдану жолы: бетбелгіні әліппе, ана тілі сабақтарында, сауат ашу кезеңінде, жеке жұмыс, қайталау, бекіту және үй тапсырмасын орындау кезінде оқулық арасына салуға болады.
Мұғалімге пайдасы: материал қысқа анықтамалар мен тірек сөздер арқылы оқушының есте сақтауын жеңілдетеді, сабақтағы түсіндіру уақытын үнемдейді және дыбыстық талдау дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Материал басып шығаруға ыңғайлы .pdf форматында ұсынылған.
Методические материалы и рабочие листы — это надёжные помощники учителей, родителей и репетиторов. Все пособия созданы опытными преподавателями и подходят как для индивидуальных, так и для групповых занятий.
Рабочие листы — это новый удобный способ увлечь детей темой урока, помочь им закрепить пройденное и проверить знания. Они содержат увлекательные и необычные задания и дополнительные материалы по теме урока.
В нашем маркетплейсе есть методические разработки, ориентированные на учеников 1-11 классов, дошкольников и студентов. Выбирайте, скачивайте и проводите занятия, на которые ученики будут ходить с удовольствием!