Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Махаббат - өмір өзегі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Махаббат - өмір өзегі

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Пәні: «Өзін-өзі тану»

Тақырыбы: «Махаббат - өмір өзегі»

Сыныбы: 9 сынып

Күні: 02.02.14ж

Өтетін орны: 206

Уақыты: 4 сабақ

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат, сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;

Дамытушылық: оқушылардың адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі сабақ

Көрнекілігі: видео, музыка, слайд.

Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, флешка,интерактивті тақта .





















- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

- Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Сынып оқушыларын түгендеу.

- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Махаббат – өмір өзегі ».


2 минут

2

«Тыныштық сәті»

  • Оқушылар, сабағымызды ең алдымен тынығудан бастайық. Ол үшін жайғасып отырайық.
    (
    «Love story» әуені қосылады).
    -
    Оқушылар, барлықтарың көздеріңді жұмыңдар. Сен табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіп көр. Сен жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсің. Жасыл шөп сенің аяғынды сипап жатқан сезімде боласың (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сен гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесің (тыныштық). Сен өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисің ..... (тыныштық).
    Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңды күннің көзіне жайыңдар..Сендердің жүректерің - сендердің кішкентай жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Қазір жақсылық сезімдерімізді ата-анамызға, аға-әпкелерімізге, достарымызға, келген қонақтарға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
    - Ал енд
    і, көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

2 минут

3

«Үй тапсырмасын тексеру»

Енді, бәріміз оқулықтың 189-197 беттерінде берілген «Алтын құс» романы бойынша сұрақтар қою:


  • Адамдар махаббаты неліктен Алтын құсқа, Аққуға, гүлге, жұлдызға теңейді деп ойлайсыз?

  • Махаббат адамның лауазымына, байлығына, жасына байланысты өзгеруі мүмкін бе?

5 минут






4

«Дәйексөз»

- Оқушылар, тақтадағы дәйексөзге назар аударыңыздар.

«Махаббат құдіреті – жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі»

Ж.Сталь

- Оқушылар, өз ойларыңды ортаға салып көріңдер.
(балалар жауаптар
ы тыңдалады)

- Иә, өте дұрыс айтасыздар:
Махаббат деген ең ұлы сезімдердің бірі. Оны бағалау қажет. Махаббат - сенің ата-анана, досына, жақын адамына деген таза, риясыз сезім. Махаббат - дүние жүзіндегі барлық адамдарда болатын адал, пәк сезім.

5 минут

5

«Әңгiмелеу»


  • Оқушылар, мен бүгін сіздерге «Шынайы сезім» өсиет әңгімесін алып келдім. Мұқият тыңдаңыздар.

Ол күні үйге келгенімде жұбайым кешкі асты дайындап жатқан. Қолынан ұстап, бір маңызды нәрсе айтуым керек дедім. Қасыма отырды. Айтатындарым оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым, бірақ қанша қиын болса да айтуым керек деп ажырасайық дедім. Ашуланбады да, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа біреуді жақсы көретінімді қалай айтатынымды білмедім. Сол күні басқа ешнәрсе сөйлеспедік. Ол болса түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 10 жылдан кейін ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған көлік, үй, компаниямның 30% үлесін беретінімді рәсімдейтін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Бір бірімізге бейтаныс болдық. Оның маған жұмсаған уақыт пен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа кісіні жақсы көремін.

Бір басқа күні кешкісі үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрселер жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шарттарын ұсынды. Менен ешқандай материалдық зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай жасырын ұстауын сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасы ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп жалғыз үлымыздың 1 айдан кейін университетке түсетіндіктен, қабылдау емтихандары кезінде отбысы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім Екішні шарты да бартын. Үйленген күні есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіру, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апаруымды сұрады. Басында есінің ауысқанын ойладым, бірақ өткен жылдардың құрметіне келістім.

Сол күні сүйіктім Ребеккаға әйелімнің осы шарттары туралы айтып едім, күліп жіберді де, әйелімнің бір қияли екендігін айтты. Ақыры әйеліммен ажырасатыныма сенімді болғандықтан ол да келісті.

Бірінші күні ешбір сезімім қалмаған әйелімді құшағыма алу қиын болды маған, көтергенімде артымызда тұрған ұлымыз бізге қарап қуанышын жасыра алмады ‘Бірбіріңізге деген сезімдеріңіз қандай күшті’ деп күлімдеп тұрды, Сөздері ішімді күйдірсе де, келіскеніміздей әйелімді үйдің есігіне дейін 10 метрдей қашықтықты құшағымда апардым. Ол болса көздерін жұмып қойып, құлағыма ‘Ұлымызға ажырасатынымызды айтушы болма’ деді. Мен де оған қарап, жарайды дедім. Оны есікке дейін апарып, үйден бірге шықтық. Ол автобус аялдамасына барып, жұмысына баратын автобусын күтті. Мен өз жұмысыма кеттім.

2 ші күні бұл ойынымызды ойнау оңайырақ болды. Оған көптен бері наза аудармаған мен оның бетіне түскен майда әжімдерді енді байқадым. Шаштарында да ақ шаштар пайда болды. Өткен жылдардың іздерін көру ойландырды.

4 ші күні оны құшағыма алғанымда бір сенімділік сезімі ұялады ішімде. Маған өмірінің 10 жылын сыйлаған әйел. 5 ші күні ішімдегі сезімдер күшейе бастады. Ребеккаға бұл туралы айтпадым. Әйелімді күннен күнге тасу оңай көріне бастады.

Бір күні оның не киім киетінін ойлап тұрғанын көрдім, бұрынғы киімдерінің бәрі үлкен болғанын айтты. Расында да соңғы күндері қатты арықтап кеткенін сонда байқадым. Ажырасатынымызды ойлап, соның уайымымен арықтағанын түсіндім. Еріксіз басынан сипадым. Осы кезде келіп қалған ұлымыз ‘Әке, анамды құшағында тасуың керек’ деді. Әкесінің анасын бөлмелерінен есікке дейін тасуы өміріміздің бір дәстүрі болды. Әйелім ұлымыды қасына шақырып, құшақтады. Ол күні оны құшағыма алып тасығанымда тура үйленген жалдарымыздағыдай сезімдер кештім.

Сезімдерім еріксіз өзгере бастады. Соңғы күні оны есікке дейін апарғанымда, одан барлық қиыншылықтары үшін кешірім сұрадым. Ол күні Ребеккаға барып, ажыраспайтынымды айттым. Отбасымыздың әлсірегені сезімдердің жоқтығынан емес, бірбіріміздің қадірімізді ұмыта бастағандығымыздан екенін түсіндім. Үйге қайта жетуге асықтым. Жолдан гүлдер сатып алып, араларына ”сені өмірімнің соныңа дейін құшағымда таситын боламын” деп жаздым.

Үйге бара салып, бөлмемізге қарай жүгірдім. Әйелім төсекте өлі жатыр еді. Ребеккамен жүріп, әйелімнің соңғы айлар бойы обыр ауруымен арпаласқаның білмей де қалдым. Өміріне санаулы күндер қалғанын білгені үшін, мені ұлымыздың теріс көртартпалықтан қорғауға тырысты. Ең болмағанда ұлымыдың есінде жақсы бір жұбай болып қалуын қалады.


10 минут

6











«Шығармашылық жұмыс»










- Қанеки, балалар енді барлығымыз дәптермен жұмыс жасайық.

1.Дәптермен жұмыс.

- Қанеки, оқушылар дәптеріміздің 51- бетінде берілген 1 тапсырмаға назар аударайық. Яғни, ол бірнеше кезеңнен тұрады. Одан кейін 53- бетінде берілген 2 - тапсырманы орындаңыздар.


  • Енді, оқушылар махаббат жайлы бейнематериал көрейік.

10 минут











8


























«Хормен ән айту»

























- Қанеки, енді, барлығымыз бірге өлең айтайық.

«Егіз лебіз» әні

1.

Көгімдегі айым дейін сені

Көкшедегі қайың дейін сені

Көзден ұшып жырақта жүрсең

Шам шырағым күнім дейін сені

Әнші бағым гүлім дейін сені

Өзіңмен бір жұмаққа кірсем

Қ-сы

Келші бағыма әлде қайда ұшпай келші жаным

Қоншы қолыма арман аппақ құстай қоншы жаным

Келші бағыма

Қоншы қолыма

Келші жаныма … кел

2.

Сағынғанда саялайын сені

Аққуымдай аялайын сені

Айдынымда қалықта жаным

Бала қаздай мәпелейін сені

Жаңа өмірге жетелейін сені

Жаным кел жабықпа жаным


1-2 минут









9









«Үй тапсырмасын беру»





  • Оқушылар, қане барлығымыз күнделігімізді ашып үй тапсырмасын жазып алайық.

Оқулықтың 168-169 - беттерінде берілген «Өмір жыры», «Мұқағали күнделігінен» мәтіндерін оқып, мазмұндау.

0,5 минут








10






«Қорытындылау»




-Балалар, бүгінгі сабағымызда махаббат, сезім туралы сөз қозғадық. Бүгінгі сабақтың сіздерге берері мол. Себебі осы тақырып арқылы ойларыңызға түйетіңдеріңіз мол болады.


1 минут




11








«Бағалау»






- Балалар, сіздер бүгін сабаққа өте белсене қатыстыңыздар. Сол үшін мен сіздерге алғыс айтамын. Осы беттеріңізден қайтпаңыздар. Ал қатыспаған оқушыларға келесі сабаққа осы оқушылар сияқты белсене қатысуларыңызды сұраймын.


1минут





12

«Соңғы

тыныштық сәті»







  • Ал енді, бәріміз тынышталып отырайық.

Баяу әуен қосылады

Барлықтарын көздеріңді жұмыңдар да өздеріннің істеген іс-әрекеттерінді еске алыңдар , егер де дұрыс істемеген жағдайлар болса дұрыс істеуге, қазірден

Махаббатқа адал болуға дағдылан. Ата-анаңның,достарынның,жақын адамының сезімдерін бағалай біліңіздер.



1 минут







13

«Қоштасу»

  • Оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды,келесі кездескенше сау болыңыздар!

0,5 минут




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.10.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров89
Номер материала ДБ-241161
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх