Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Маңғыстау әдебиеті Ә.Кекілбаев "Бәсеке" хикаяты 10-с.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Маңғыстау әдебиеті Ә.Кекілбаев "Бәсеке" хикаяты 10-с.

библиотека
материалов

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«Мамандандырылған экономикалық лицей» ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоразова Сәнімхан Бектұрғановна

Болатын уақыты: 28 қараша 2014 жыл Өткізетін сыныбы:10 « А» сыныбы

Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары

28.11.2014


Қазақ әдебиеті

5-сабақ

5-күн


10А- сыныбы


Сабақ тақырыбы:

Ә.Кекілбаевтың «Бәсеке» хикаяты (Сыныптан тыс оқу)


Жалпы мақсат:

Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаевтың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында өмірі мен шығармашылығы танытылады;

Аталған еңбегіндегі халық тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүріміз, Ажар қыздың тағдыры арқылы суреткердің айтпақ идеясы бүгінгі заманмен салыстырыла ұғындырылады.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. «Маңғыстау әдебиеті» факультативтік курсы хрестоматиясы

(8-9-сынып) 180-бет

  1. Ә.Кекілбаев 12 томдық шығармалар жинағы, 2-том.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Кешегі қазақ қыздарының мұңын түсінеді, тәуелсіздіктің тереңіне бойлайды. Шығармашылық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды, бірін-бірі бағалайды.

Негізгі идеялар:

Сыныптан тыс оқу арқылы өлке әдебиетін оқыту; Жазушы мерейтойымен байланыстыра отырып, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру; шығармашылықпен ізденуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. А-3 парағы

  2. Стикерлер

  3. Әдеби кітаптар

  4. Роwer point таныстырылым, бейне таныстырылым

Оқыту әдістері:

Блум таксономиясы

АКТ

СТО технологиясы

Оқыту үшін бағалау

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Жұппен жұмыс

4. Топтық жұмыс







Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекет

Сабақ

құрылымы

Блум жүйесі сатылары

Мұғалім әрекеті

Сұрақ-тапсырма-лар

Оқушы әрекеті

Бағалау

Психо-логия-лық ахуал туғызу

(2 мин


1.Сергіту сәті Жақсы сөз- жанға қуат



2.5 топқа бөледі


Бір-бірімізге қандай тілек

арнаймыз?

1.Сергіту сәтін жасайды.

2.Топқа бөлінеді

5-топ – бағалау-шылар


І. Қызығушылықты ояту

(3 мин)


Бәсеке сөзіне ассоциация жасау

(сайыс, тартыс, күрес, ұмтылыс т.б.)

Осы ұғымды қалай түсінеміз?

Ассоциация жасайды.

( 2 оқушы оқиды)

Қол шапалақтау

ІІ. Мағынаны тану



(12 мин)


1.Білу

Үй тапсырмасы:

Слайдпен жұмыс.

1

Ә.Кекілбаев

өмірі, қызметі

2

Прозасы

3

Поэзиясы мен драмалары

4

Марапаттары. Ұлағатты пікірлер





Топ мүшелері слайд қорғайды

Әр топқа баға береді.

(Сөйлеушіні бағалау парағы)

(3 мин)

2. Түсіну

1-топ. Балпанның отбасы, байлығы.

«Бәсеке» хика-яты мазмұны, сөздік жұмысы

Мазмұндайды.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

Топ мүшелері бағаланады

(5 мин)

3.Қолдану

2-топ. Балпанның құдалары



(әңгіме - сұхбат, пікірталас)

1.Балпан құда түсіп көрді ме?

2.Можан құрдасына неге келіспеді?

3.Қандай қаңқу сөздер тарады?

4.Балпанның орнында болсаң қайтер едің?

Құдалар

Можан құрдасы, Байсал болыс, Даукес Даржан, саудагер Шүрен, Алшағыр би

Топ мүшелері бағаланады

(5 мин)









(5 мин)

4.Талдау

3-топ Кейіпкерлерге мінездеме беру



4-топ Хикаяттың құрылысына талдау

1.Балпан- қандай адам?

2.Маржан бейнесі

3. Есірік Есен деп неге атанған?



Есен қалай

жеңімпаз атанды?

1.Мінездеме береді.

2.Мәтінмен жұмыс жүргізеді.



Түйін сөз...

Топ мүшелері бағаланады

ІІІ. Ой толға-ныс

(6 мин)



5.

Жинақтау

1

Шығарма кесте

сін құру

2

Венн диаграмма

сы Бәсеке

3

РАФТ Ажардың монологы

4

РАФТ Той қарсаңындағы ұсыныс



А-3 парағына

топ болып орындайды.

1-2-топ Тақтаға қорғайды.



3-4-топ «Автор орын-дығына»

отырып, жазғанын оқиды.

5-топ

Үзінділер жатқа оқиды.



Топтар бағаланады

Үйге тапсырма беру

(1 мин)



1.Ә. Кекілбаев шығармаларын оқу

2. «Маңғыстаулық ұлы тұлға» эссе

2. «Кекілбаев оқулары» лекция-дәрістер дайындау.

Тапсырманы жазып алады





6.Бағалау

(2 минут)







Жалпы ұпайын айтады

Рефлексия

(1 мин )





Бүгінгі сабақ туралы екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады

1.Не үйрендім? 2.Әлі де нені білгім келеді? (1-2-топ)



Стикерлерін «Даналық ағашына» іледі.

.





























Әдебиет-сөз өнері

Суреткерге тән ерекшеліктер

 

 Сезім. Нәзік сезімталдық

Бақылау. Жіті бақылағыштық

Қиял. Творчестволық фантазия

Интуиция. Сезімталдық

Өмірбаян. Тәжірибе молдығы

Парасат. Сананың саралығы

Шеберлік. Өнердегі шын шеберліккеапарар жол-еңбек. Шеберлік шексіз.

Шабыт. Шалқыған шабыт болмаса, шеберліктенде ештеңе шықпайды. 

Суреткерлік сипаты оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен басталады. Демек, оның жеке өз басының дара асиеті, оның рухани жан дүниесі, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескіні, дүниетанымы мен қоғамдық қызметі, білімі мен мәдениеті бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып, нағыз суретекердің өзіндік болмысын танытады.











Тақырыбы

Идеясы

Қорытынды

Кейіпкерлері

























Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау

1.Басталуы:

2.Байланысуы:

3.Шарықтау шегі:

4.Шиеленіс:

5.Шешілуі:



Роль

Ажар



Аудитория




Ата-анасына

Форма

Монолог



Тақырып



Қыз тағдыры



Роль

Оқырман



Аудитория



Қалың көпшілік

(маңғыстаулықтар)

Форма

Ұсыныс хат



Тақырып

Мерейлі мерекеге

тарту

Роль

Оқырман



Аудитория



Қалың көпшілікке

Форма

Ұсыныс хат



Тақырып

Мерейлі мерекеге тарту





Тақыры-бы

Идеясы

Қоры-

тынды

Кейіп-керлері























Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау



1.Басталуы:

2.Байланысуы:

3.Шарықтау шегі:

4.Шиеленіс:

5.Шешілуі:



3-топ 4-топ

Роль

Ажар

Роль

Оқырман




Аудитория




Ата-анасына



Аудитория



Қалың көпшілік

(маңғыстаулықтар)

Форма

Монолог

Форма

Ұсыныс хат



Тақырып



Қыз тағдыры



Тақырып

Мерейлі мерекеге

тарту







1. Хикаят кестесі

Тақырыбы

Идеясы

Қорытынды

Кейіпкерлері



Халқымыздың салт-дәстүрлері.


























Балпан байдың астамшылығы,

өкініш
















«Жүгірген алмайды, бұйырған алады»

не «Қызғанғаның қызыл итке жем болар».














1.Балпан, әйелі Маржан, бала-келіні- Өтеген мен Жазыл.

2. Құдалыққа келгендер:

-- Можан құрдасы

--Байсал болыс

--Даукес Даржан

--Саудагер Шүрен, тілмаш Бекес, Алшағыр би

--

3.Жеңімпаз

Есен




2. Шығарманың композициялық құрылысы

1.Басталуы: Ажардың бойжетуі

2.Байланысуы: Құдалардың көбеюі

3.Шарықтау шегі: Түрлі әңгімелер тарауы

4.Шиеленіс: Бәсекелестер

5.Шешілуі: Есірік Есеннің жеңісі





















Бағалау парағы №1. Сөз сөйлеуді бағалау (Блум жүйесі 1-сатысы)


Сөйлеуші

сөйлеу

нашар

қанағатта-нарлық

жақсы

Өте жақсы

1.

көлемі






баяндау тілі






шапшаңдығы






тақырыпты меңгеруі






контакт (көзбен шолу)






кіріспесі






қорытуы











2.

көлемі






баяндау тілі






шапшаңдығы






тақырыпты меңгеруі






контакт (көзбен шолу)






кіріспесі








қорытуы








Топ мүшелерін бағалау


Оқушы аты

Слайд қорғауы

Шығарманы

мазмұндау

Жинақтау

(ой-толғаныс)

Қорытын-

ды баға

1.





2.





3.





4.





5.












Топтарды бағалау


Топтар

Слайд қорғауы

Шығарманы мазмұндауы

Жинақтау

(Ой-толғаныс)

Қорытынды бағасы

1-топ





2-топ





3-топ





4-топ











Ә.Кекілбаев пір Бекет атаның 250 жылдығына арналған мақаласында:

Жақсы заманда да, жаман заманда да Отан деген ел сүйіспеншілігіне қылау түсіп көрген жоқ. Өйткені ол – тірісінде елінің жел жақтағы Панасы, ық жақтағы Саясы бола білген Азамат, жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қазы,- дейді.



Ендеше, сондай асқақ жұртының ақар-шақар шың басындай тәкаппар жүрегінен мәңгілік жәннат тапқан әлсізге – Медет, күштіге- Айбар, зарыққанға – Жебеу, қорыққанға- Демеу, асқанға- Тосқан, сасқанға – Сая, ұрпаққа – Ұстаз, ұлысқа – Ұран, Ел Иесі, Жер Киесі Пір атаға қанша тағзым қылсаң дв, артық емес деп білеміз,- деп жазды суреткер.



«Алтын шуақ» кітабынан

Жер - ананың мен сүйікті перзенті,

Осалсың деп айта алады маған кім?!

Менің ізім – жердің бүкіл келбеті,

Ажарымын дүниенің, адаммын!


Өкпелетіп көрген емес жер мені,

Жер – ананы өкпелетем неден мен.

Өз қолымнан салынған бар өрнегі,

Жыртығын да жамаймын өз денеммен!



Біздің бала шағымыз


Мына біздер конфет таңдап бірауық,

Үлкендердің алған жоқпыз мазасын.

Біздер емес ерке бала жылауық,

Көкесінен тартқан талай сазасын.


Дей алмаймыз: Күні бойы доп қуып,

Көк өойнына күміс шарлар самғаттым.

Онда елдің омырауын от жуып,

Жетпеді ұлтан етігіне солдаттың.


Төбемізге талай қатер төнген-ді,

Жатқанда ажал ат ойнатып, дауыл сап.

Түсімізге қоса қабат енген-ді

Көкеміз бен күрең қызыл бауырсақ.






Ақын

Көзім бар күнді құйып алатындай,

Сөзім бар өткен күнге өңгерілмей.

Нәп-нәзік көбелектің қанатындай,

Қап-қатты қаршығаның шеңгеліндей.


Аспанның көкірегін түртіп тұрған

Асқар тау – асқақтаған менің басым

Күз болса күнде ертемен бүркіп тұрған,

Мөлдір шық – мөлтеңдеген менің жасым.


Білмедім атақ-даңққа тамсануды,

Қайғы емес қалтаңның да тапшылығы.

Іздемен өмірде өзге мансабыңды,

Жүректің тұрса болды хатшылығы.







«Дүние ғапыл» өлеңдер жинағынан «Туған жер» өлеңі


Өстім қырда, қиырды,

Естімей орман шуылын.

Жүзімді қақтап құйынға,

Селеудің тыңдап суылын.



Теңізден шетпін бұрқақты,

Тәнімді толқын көмбеді.

Сусай қалсам, су тарттым

Шыңыраудан шөлдегі.



Тақырға асық иірдім,

Құмақта қудым қозыны.

Күн жеп қойған киімнің

Иықта кеткен тозығы.

Қиып та кеткем қиясын,

Шағылын, тауын, обасын.

Шағынып тамған көз жасым

Бабамның қара моласын.



Жүресің ылғи есімде,

Өзіңнен жүрек босамай.

Құлын боп ойнап төсіңде,

Боздармын шетте ботадай.



Өзгенің мұнда ісі не?

Өзің, сірә, ұғарсың.

Пейіште де түсіме

Сен кіретін шығарсың.



1959 ж. жазылған








Абайла, бауырым, абайла,

Ала көрме у ұрттап.

«Абайла!» деген Абай да,

Ұнатпасаң да, ұғып бақ.



Арман дейтін – арғымақ,

Шындық дейтін – шабан ат,

Үстіне жатсын жар құлап,

Шабатын әлін шамалап.



Сезім дейтін – сел нөсер,

Төзім дейтін – қара жер.

Әулекі келер жармес ер,

Әуреге түспей қала гөр.

Күшіне сенген дүлейдің

Моласы жатыр сайғақсыз.

Ісіне сенген сүлейлің

Бір ізі жоқ айғақсыз.



Көнбесең көнбе күштіге,

Аяй біл, бірақ басты да.

Сыя алсаң жердің үстіне,

Сыярсың, сірә, үстіне.



1969 ж.



Сырласарға қара жоқ,

Мұңдасарға дара жоқ.

Жыртылар ма екен бұл жүрек,

Бір күні пара-пара боп.


Елеуредім «ел» деп мен,

Желеңдедім «жер» деп мен.

Тіл үшін тартпай тілімді,

Сайыстым сансыз жендетпен.


Елең қылмай ел мені,

Жерге тықпақ жер мені.

Тілдеп жатыр тіл шіркін,

Сонда неге сенгенмін?!

1995 ж.



Қобалжимын құр аттай құрағытпай,

Құз басынан құлжадай бір-ақ ытпай.

Бөкендеймін бөксесін бөрі тартқан,

Бүлкілдеймін бүкшеңдеп, тұра зытпай.



Сығалаған сұр мерген сұсты қабақ

Сұр жебенің ұшына үскі қадап.

Сай басынан садағын тартып қалса,

Сап болады жел көңіл, өксік, азап.

Дәурен қайда шалқыған кең өлкедей,

Оны ойласам, сөз – сұрғылт, өлең кедей.

Кермиықтар кешегі ебіл-себіл

Бұлтты күнгі бұлыңғыр көлеңкедей.





1998 ж.







Кемеңгер суреткердің «Үркер» романынан үзінді:

Қазақтың бір кезде ештеңеден жүрегі тайсалмаған ардр да, асау да болғаны рас. Ол кезде оны жолбарыстан да жүрегі шайлықпайтын нар тәуекел ғана билей алды. Одан кейін ол тап бергенге шап беріп, көк жұлын арландай намысқой болды. Ол кезде оны алған бетінен өлмей қайтпайтын қайсарлық биледі. Енді, міне, ақылдан пәтуа, қайраттан айбын кеткен кезде, халықта қырқылжың болмасқа шарасы бар ма? Бұндайда бұлтартпайтын жерде бұлтарып кете алатын, жалтарар жерде жалтарып кете алатын әмбебап айла ғана ео қорғаны бола алады.























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров415
Номер материала ДВ-130866
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх