Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / Макала "Мұғалім даму жұмысының көшбасшысы"

Макала "Мұғалім даму жұмысының көшбасшысы"

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

C:\Users\Admin\Desktop\сынып тын папка\SAM_0492.JPG



Мұғалім - даму жұмысының көшбасшысы

«Мектептер қызметкерлердің ғана емес,оқушылардың ,ата- аналардың да бағалы әлеуетін пайдалана алмайтын болса,оны пайдалануға құқылы болмаса,өткеннің қатесін қайталамақ.Көшбасшылық шын мәнінде білім беретін зияткерлік мектептердің қалыпты жағдайы болып табылады».

(Макбет)

« Көшбасшы» деген ұғым бұрын бір ғана адамның белсенділігі деп түсінген болсақ, бүгінгі қоғамдық көзқараста белсенді тұлғаның басқа замандастарын бір іске жұмылдыра білуімен түсіндіріледі.

Әр дәуірдің өз қоғамы бар. Әр заманның өз талабы мен сұранысы да айтарлықтай. «Заманың түлкі болса,тазы боп қу » демекші,бүгінгі білім саласында да мұғалім үшін міндет көп. Күнделікті мұғалімнің мектептегі жұмысы сырттағы жұртқа қарапайымдау болып көрінер. Ал қатардағы мұғалімге жай ғана ет үйреніп кеткен тірлігі шығар. Ал шынайы мұғалім өз жұмысын сүйіспеншілікпен, үлкен жауапкершілікпен атқаратын болса, ол мұғалімде көшбасшылық қабілет байқалатыны белгілі. Әрине, кез келген мұғалім өз жұмысының нәтижелі болғанын қалайды ғой. Бірақ мұғалім жұмысы бір жылдың еншісі ғана емес,бірнеше жылдардың тәжірибесінде көрінетін заңды құбылыс . Әйтпесе, мұғалім еңбегі бір,екі жылда толағай табысқа кенеле қоятын шаруа емес- ау! Көшбасшы болу дегеніміз не? Бұл алдымен адамның ішкі ниеті , өз жұмысына деген оң көзқарас деп түсінемін. Әр іс- әрекетін шын жүрекпен атқаратын мұғалім ешқандай жарнамасыз- ақ көшбасшы бола біледі. Көшбасшылықтағы алғашқы қадам әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау болса,келесі қадам өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестердің кеңестері. Осындай әрекеттерді анықтаудан басталатын жұмыс нәтижелігін әрі қарай жұмыстануға үлкен септігін тигізері анық. Қай істің болмасын қарқынды әрекеті басшылықтың немесе әкімшіліктің қолдауын қажет етеді. Ұжымның да бірауыздан көшбасшы мұғалімнің жұмысына оңтайлы бағасын беруі ,қолдауы, шынайы жанашырлық көзқарасы да үлкен көмек болары сөзсіз. Кәсіби маман болып қалыптасудың жолы сан тарау десек, сол кедергілердің өзі бір емес, бірнеше ұжымдасқан жұмыстардың арқасында нәтижелі болады. Әр сабақтан соң оқушы жұмысымен қатар сабақтағы әрекеттерді бақылау, кері байланыс орнату , жаңа технолгияларды қолдану, бағалау, талқылау жұмыстары бірнеше мамандардың бірігіп пікілесуі үнемі жолға қойылған күнде ғана мұғалім жұмысының жемісті болатыны айқын. Осындай бастама арқылы бір мұғалім емес, бірнеше мұғалім өз жұмыс жоспарларына жаңа тәсілдер мен өзгерістер енгізе бастайды. Бұл дегеніміз біртіндеп мектептің жүйелі жұмысына оң ықпал таныта бастайды деген сөз.

Ең алдымен кәсіби шыңдалуға жол аша білуді ,әріптесті жаңа бағыттағы жұмыстарға қызықтыра білген мұғалім ғана көшбасшылықтың ірге тасын қалай алады деген ойдамын.

Білім саласындағы үлкен жүйе дейгейлік бағдарламалардың жүзеге асып,білім сапасына айтарлықтай болмаса да,өзінше ерекшеленіп жатырған жаңа бағыттағы сабақ формаларын тілге тиек еткім келеді.

Біздің мектепте ІІІ деңгейлік курсты аяқтаған бес мұғалім жаңа мазмұндағы сабақтар үлгісін жасақтап,нәтижелі жұмыстанып келеді.Олар:тарих пәнінің мұғалімі Мұханбеталиев Нұржан Нәділшеұлы, технология пәнінің мұғалімі Қарағойшина Сұлужан Жәдігерқызы,бастауыш сынып мұғалімі Қошкарбаева Гүлфия Саниқызы,жас мамандар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жакипов Алмаз Қуанышқалиұлы,ағылшын пәнінің мұғалімі Мамбетова Гүлжанат Гинаятқызы . Бұл мұғалімдер өз кәсіби біліктіліктерін жетілдірумен қатар,шығармашылық бағытта жұмыстана бастады.Сабақ жоспарын орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар жасақтай отырып,жаңаша мазмұндағы сабақ үлгілерін басқа да әріптестеріне көрсетіп,өз тәжірибелерін іске қосуда.Күнделікті дайындықпен келіп,сабаққа қажетті ресурстармен қоржындарын толықтырып отырады.Жуырда осы мамандардың ашық есік күні белгіленіп,өте тартымды дағдыға айналған сабақ үлгілерін көрсетті.Тағы бір жетістігіміз мектептегі бес топқа бөлінген бірлестікке көшбасшы болып жетекшілік ете білуі.Балабақша тәрбиешілеріне Гүлжанат Ғинаятқызы,бастауыш сынып мұғалімдеріне Гүлфия Саниқызы,жаратылыстану математика пәндеріне Нұржан Нәділшеұлы,гуманитарлық пәндеріне Алмаз Қуанышқалиұлы және қосымша педагогтарға Сұлужан Жәдігерқызы шығармашылық қолдау беріп, жаңа мазмұндағы сабақтардың әдіс тәсілдерін әріптестерімен бөлісіп отырады.

Көшбасшы болу тек бір мұғалім емес,бірнеше мұғалімге тән болуы керек.Өз маманының шебері болғысы келсе,күнделікті жұмысына немқұрайлы қарамай,үнемі ізденіспен жұмыстанатын болса,қай салада болмасын алатын асу аз емес шығар.Қазіргі қоғамда мұғалімнің беделінен гөрі мұғалімге артылып отырған жүктің салмағы басымырақ екенін барлық әріптестерім мойындайтынына сенімдімін.Осы мамндықты шын жүрегімізбен қабылдап,бар күш жігерімізбен білек сыбана жұмыстанатын болсақ, мәртебелі мамндықтың иесі ретінде абройымыз асқақтайтын да уақыт келетініне сенемін. Ойымды қорыта келе,алдағы күндерде көптеген жетістіктерімізді өздеріңізбен бөлісіп отыруды да жөн көріп отырмын.Әзірге қарқынды болмаса да,басталған ісімізге нық қадамдар басталса екен деймін.

ЖББ М.Қаналиев атындағы Алғабас орта

мектеп балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі





Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров111
Номер материала ДВ-466208
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх