Инфоурок / Другое / Статьи / Макала "Тиімді жоспарлау-нәтижелі сабақ"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Макала "Тиімді жоспарлау-нәтижелі сабақ"

библиотека
материалов




Елубаева Гулжан


Дауан атындағы жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі




Тиімді жоспарлау – нәтижелі сабақ


Жаңашыл мұғалім болу - жаңа заман талабы. Жаңа заман мұғалімі — рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіс-тәсілге бай, зерттеушілік қабілеті жоғары, дидактикалық -әдістемелік, ақпараттық және басқа да құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс. 

Қазіргі заманғы ұстаз — бұл ерекше проблемалық -педогогикалық және сын тұрғыдан ойлау қабілетіне ие шығармашыл жеке тұлға, оқытудың әлемдік озық тәжірибесі мен жаңа технологиясына сүйенген көп вариативтік бағдарламаны жасаушы.

Міне осындай ұстаз ғана қазіргі таңда еліміздің болашақ жастарын тек қана теориялық біліммен қаруландырып қана қоймай, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра  алады деп ойлаймын.

Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі  жаңарулар  дәуірінде  мұғалім  алдында  тұрған  мақсаттар міндеттердің  салмағы  орасан  зор .

Сондықтан оқу — тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс — тәжірибеге пайдалану, өзінің технологиясын қалыптастыру — заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес.

Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім білім маңызын дайын ұсынушы  емес, білім жолдарына нұсқаушы, яғни білім алуда жетекші- менеджер болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологияларды меңгеру қажеттілігі туындайды. Қазіргі техногендік заманда адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қолданыс аясын терең меңгеруі шарт, соның бірі жоспар құра білу. Жоспарлау — болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, қоғам дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат та өзгеріп отырады, себебі экономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау — қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол білімнің әлсіз және күшті жақтарын айқындауға, қоршаған ортаның білімге тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады.Қазіргі жаңаша оқыту бағдарламасы бойынша жоспарлар 3 топқа бөлінеді. Ұзақ мерзімді жоспар (ҰМЖ),орта мерзімді жоспар (ОМЖ) және қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ). Ұзақ мерзімді жоспар дегеніміз- ұстаздардың өз пәндері жылдық жоспары.

Орта мерзімді жоспарлау дегеніміз – мұғалімдер тобының оқу бағдарламасын тізбектелген сабақтар топтамасына айналдыруы. Бұл ретте бұл топтама

аясында Бағдарламаның барлық жеті модулі оқыту тәжірибесіне кіріктірілуі тиіс. Өз кезегіндеәрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сыныпқа арналған егжей-тегжейлісабақ жоспарын жасау үшін пайдаланады.

Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың

мақсаты:

жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;

оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру;

әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;

оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін белгілеу;

осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын

анықтау;

оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын

қамтамасыз ету;

барлық оқушыларды қамтуға бағытталған стратегиялық жоспарлау.


Қысқа мерзімді жоспарлау дегеніміз- күнделікті сабаққа арналған жоспар, ол орта мерзімді жоспарды басшылыққа ала отырып жасалынып, күтілетін нәтиже анық көрінетін және сабақ соңында рефлексия жасайтын жоспар.

Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері күнделікті сабақ барысында тиімді жоспар-нәтижелі сабақ дегендей, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар құрудың өз ерекшеліктерімен жасалынып, бекітіледі. Ұлы жетістіктерге жетуде, мемлекеттің де дамуы арнайы жоспар, көреген көз, сыни талдаудың дәрежесіне қарай өркендейді. Оқу саласының да даму жүйесі  тиімді жоспарлы жұмыс, нәтижелі көрсеткіш пен болжамды стратегияларға тікелей қатысты. «Ел болу үшін, әуелі бесігіңді түзе»,- деген халық даналығы  осыны меңзегендей.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-234234

Похожие материалы