Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Другое СтатьиМакала"Физика пәнін оқытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы"

Макала"Физика пәнін оқытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы"

Скачать материал
библиотека
материалов

Физика пәнін оқытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс деп ойлаймын. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Қазір білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Ендеше, білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы.Міне, сондықтан да елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Былтыр «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар — соның дәлелі.

Әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасып дамуына физика пәнінен алатын білімінің үлкен үлес салмағын арттыру. Осыдан: 1. физика басқа ғылымдардың дамуының тірегі, қызметшісі бола алады; 2. физика қоршаған ортаны білудің басты көзіне айналды; 3. физика нақты ғылым болғандықтан, оқушының заңға сүйеніп, ой қорытындылауын, заңды сыйлау психологиясын қалыптастырады; 4. физика адамның рухани дамуына, ғылыми көзқарастарының қалыптасуына, логикалық ойлау қабілетінің дамуына көмектеседі. Колледжде физика пәнін оқытуда жетілдіру негізінде оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру арқылы теориялық материалды терең де саналы игеру – оқушылардың физика пәнін оқуда алған білімдерін практикада қолдануға дайындау, өмір қажеттіліктерінде жүзеге асыруға үйрету және олардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру болып табылады. Еліміздің ғылыми және техникалық дамуы, өркениетке жол бастауы –колледжіміздегі техникалық пәні болып табылатын физиканың еншісінде. Бүгінгі таңдағы оқушылардың физика пәні бойынша білімін көтерудің ең бастысы оның пәнге деген қызығушылығын арттыру мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Физикалық заңдарды терең меңгерту, ұғымдарды білу, физикалық шамаларды ажыратуды оқушыларға меңгертіп, жалпы физикалық практикум арқылы оқушылардың физикалық білім, білік, дағдысының қалыптастырып, логикалық ойлауды дамытуға ықпал ететіні мәлім. Сондықтан да мен физика пәнін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қарастырудамын.Физика пәнінен оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру негізгі мәселенің бірі. Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған баланың бойында пәнді терең түсіну дағдысы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты оқушының бойында қалыптасатын дағдылары:

-физикалық формулалардың дұрыстығына сеніп, тексере білуі,

-Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;

-есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі,

-физикалық шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі,

-физикалық зандылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі, т.б.

Қорыта келгенде осы «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын сабақтарымда қолдану барысында алған нәтижем:

-білім алушылардың оқуға қызығуы; 

-өзіне деген сенімі қалыптасады бастады. 

-оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; 

-өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі; 

-өз бетінше ізденуге үйретеді; 

-сабаққа деген белсенділігі жоғары бола бастады. 

Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай бәсеке қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуге болады деп ойлаймын.


 


  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал
Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация процесса страхования (перестрахования)»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс повышения квалификации «Информационная этика и право»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.