Инфоурок Музыка Другие методич. материалы"Маком өмірден сыр шеткен музыка" 5-сынып

"Маком өмірден сыр шеткен музыка" 5-сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Мақом-өмірден сыр шерткен музыка
Сабақтың мақсаты: Мақам музыкасының мәнін ұғындыру

Білімділік  мәні: Халық  әндерін ,  күйлерін  тыңдау , талдау, насихаттау.

Дамытушылығы:   Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,

музыкалық  сауаттылығын  ашу, есту,есте  сақтау  қабылеттерін  дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар үнтаспа, тапсырмалар.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Музыкалық амандасу. Оқушыларды түгендеу.
І Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы).

І І. Жаңа сабақ:
Жыраулық-жыршылық дәстүр болған өңірдің, сол өнер мектебінің өзіне ғана тән дәстүрлі әуен-мақамдары да болатыны белгілі.
Алайда, уақыт өткен сайын, сондай қайталанбас музыкалық туындыларды дүниеге келтірген талант иелері көбіне көлеңкеде қалып, сол мектеп түлектерінен әр кезеңдерде тәрбие алған жырау-жыршылардың бірі болмаса, біріне телініп кететін жағдайлар жиі кездеседі.

Ол тұрмақ, кейде түпнұсқаның өзі, орындалу кезінде жыршы-жыраудың, не термешінің дауыс мүмкіндігі мен шеберлік деңгейіне байланысты үлкен өзгерістерге ұшырап, бастапқысынан да құлпырып, не керісінше, нәзік иірімдері, сұлу нақыштарынан айырылып, қарапайымданып кетіп жатады. Тіпті, соған дейін иесі бар болып келгендігіне қарамастан, уақыт өте келе не үйренушінің кезінде кімнің мақамы екендігіне көңіл бөлмегендігінен, не өзі сияқты жауапкершілікпен қарамаған біреуден үйреніп алуы салдарынан, ондай туынды басқа автордың шығармасы болып шыға келеді.

Осы арада айта кетерлік бір жайт, қазақ жырауларының өздері шығарған мақамдарына күй немесе ән сияқты ат қойып, айдар тақпағандығы және мақамның авторы нақты белгілі болған жағдайда, сол мақамның «пәленшенің мақамы», «түгеншенің мақамы» деп қана аталғандығы. Кейде мақамды халық арасына шығып, жырау атанбаса да, домбыраны жетік меңгерген және музыка өнерін жан-тәнімен сүйетін қарапайым жандардың да шығаруы мүмкін.

Мақамдарға ат қою соңғы жиырма-отыз жыл ішінде пайда болды. Өйткені, әсіресе, жыраулар мен жыршыларға қайта-қайта тыйым салынған кешегі кеңес үкіметі тұсында, ауылдардағы қарттардың өтініштерін аяқасты ете алмаған кейбір жыршы-жыраулар мен термешілер жасырынып жүріп, терме-толғау, не жыр айтқанда, мақам авторының аты-жөнін жасырып, кейде білместікпен, музыкалық шығармаға айтып бергелі отырған толғауының, не термесінің тақырыбын, кейде оны өзінен бұрын орындаған жыраудың, тіпті болмаса, мәтін авторының атын бере салуды әдетке айналдырған.

Алайда, мүндай ойланбай істелген әрекеттің дарын иелеріне жасалған қиянат екенін, қазақтың ғасырлар бойы жоғалмай жеткен ұлттық өнеріне, болашақ ұрпақтар үшін бабалар қалдырған бай мәдениетімізге деген жауапсыздық екенін түйсініп жатқан ешкім жоқ.

Өзгеге телінгендігін әркімдер-ақ айтып жүрсе де, осы уақытқа дейін нақты иесін таба алмай келе жатқан, біз сөз етіп отырған сондай шығармалардың бірі - Нұртуған ақынның «Кәнеки, тілім, сөйлеші» атты толғауы орындалып жүрген мақам.

Бұл мақаммен Сырдың төменгі ағысы мен Арал өңірінен соңғы 40-50 жыл көлемінде шыққан, есімдері елге белгілі жыршы-жыраулар, термешілер 7-8 буынға құрылған төкпе жырларды терме-толғауларды орындаған және қазір олардан үйренген өнерпаздар орындап жүр. Олар: Набат Ойнарова, Рысбек Әшімов, марқұм Мұрат Каримоллин, Берік Жүсіпов және осы мақаланың авторы, т.б.

Әсіресе, кейінгі жылдары бұл мақамды білмейтіндер кем де кем десек, артық айтқандық болмас. Өйткені, жыршы-термешілерді былай қойғанда, бұл толғауды жаңа көріне бастаған әнші-өнерпаздарға дейін айтады.

Соңғы жылдары бұл шығарманы сахнада термешілерден гөрі, әншілер жиі орындайды. Олай болуының басты себебі - әуеннің ойнақы да сазды иірімдерінде, кең тыныстылығында, Нұртуған толғауының осы мақаммен ерекше үйлесім табуында жатыр. Терме-толғауларды эстрадалық ыңғайға салып айтуға алғашында қарсылық білдірген пікірлер де аз болған жоқ. Егер, мұндай жағдайда мақам үйлесім тауып, бұрынғысынан да құлпырып, жүрекке жылы тиіп жатса, неге ансамбльдің сүйемелдеуімен айтпасқа?!

Өйткені, бір шығарманы әркім өзінше түрлендіріп, құбылдырып айту жыршы-жырауларға да, әнші, күйшілерге де, жалпы өнер адамына ортақ құбылыс екені даусыз. Суырып-салмалық - тек ақындарға ғана емес, бүкіл өнер иелеріне тән қасиет. Бұл қасиет - қазақ халқының ғана емес, өнерге жақын халықтардың барлығының да қанына сіңген, ықылым

Әрине, кез-келген мақамды әр жырау, жыршы-термеші өз шамасына, дауыс мүмкіндігіне қарай орындайтыны белгілі. «Аяз, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл» деп ұлы бабамыз Майқы би айтып кеткенмен, жолын да, әлін де білмей әлекке түсетін кейбіреулердің кесірі ұлттық музыкалық қазынамыздың өз құндылығын жоғалтуына септігін тигізетіні өкінтеді. Өнер туындысында өзгерістердің пайда болуының екінші және басты себептерінің бірі - әуендер мен мақамдарды үйренушілер мен оларға үйретушілердің осындай ұқыпсыздығында, әсіресе, аспапта ойнау, сүйемелдеу шеберлігінің жетімсіздігінде, дауыс ырғағының мөлшері мен табиғи дарынының кемшіндігінде екені даусыз.

Бұл турасында: «Мұндай ойнақы да толқымалы, мың құбылып, сиқырлы сазымен жаныңды баурап алатын әуендер мен мақамдарды өзінің түпнұсқасында меңгеріп алуға «әу» дейтіндердің бәрінің бірдей шамалары жете бермейді. Олар нәзік те ғажайып иірімдерді икемге келтіре алмай, туралап тартып, төпелеп кетеді де, бастапқы сырлы да сымбатты әуен, не мақам бар болмысы мен тамаша саздылығынан жұрдай болып, құр айқайға құрылған жұтаң шығарма болып шыға келеді.

Дауыс  ашу  жаттығулары:

 

*     Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс.

*     Дыбысты үзбей, созып орында.

*     Әнді асықпай, мәнерлеп орында.

*      Әнді мұғалімнің қолының қимылына қарай бірдей бастап,

    бірдей  аяқта.

Ән үйрену: «Жан ана» Ә.Молдағайынов

Үйге тапсырма.

Тақырыпты оқып келу.

Қорытынды.

Оқушыларды бағалау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Маком өмірден сыр шеткен музыка" 5-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 982
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дайырова Анеля Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дайырова Анеля Абаевна
    Дайырова Анеля Абаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9564
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания сольфеджио и элементарной теории музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов