Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Презентации / "макроэволиция " жоспар үлгісі

"макроэволиция " жоспар үлгісі


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_268f77d0.gifhello_html_cd363fb.gifhello_html_2e193ff6.gifhello_html_m620146a8.gifhello_html_m6dd0305b.gifhello_html_2704429d.gifhello_html_m515c31be.gifhello_html_753c4ef5.gifhello_html_5028ead1.gifhello_html_6cc254d1.gifСілтеме

Сабақ жоспары

Сыныбы: 8 сынып

Сабақ-53

Күні

Сабақтың тақырыбы

Зәр шығарудың маңызы. Зәр шығару мүшелері: бүйрек, несеп ағар, қуық, зәр шығару өзегі. Бүйректің құрылысы. Нефрондар. Зәр түзілу. Ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауда бүйректің рөлі. Бүйрек жұмысының реттелуі.


Жалпы мақсаттар

Білімділік:Бүйректің организмде орналасуын және сыртқы құрылысының

ерекшеліктерін атқаратын қызметіне сай бүйректің құрылымын анықтау. Зат

алмасу процесінің соңғы өнімдердің шығуының мәнін, олардың адам

организмінен шығу жолдарын түсіндіру

Тәрбиелік:Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, парасатты азамат болып

өсуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту,өздігінен

қорытынды жасай білуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Зәршығару мүшелерінің құрылысы қызметі туралы түсінік алады, топтық жұмыс істейді, пікірлерімен бөліседі, қызығушылығы артады, сөздік қоры дамиды,ауру тудыратын себебтермен қуресудің тиімді жолдарын үйреніп, өз денсаулықтарын күтуді үйренеді.. АКТ-ны пайдалануды біледі; Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгеру.

Әдіс тәсілдері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдай ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау,оқытуда АКТ пайдалану, қабілетті оқушыларды анықтау.

Дерек-көздері:

. Оқулық: 8- сынып, «Биология», Е.Очкур.,Л.Аманжолова.,Р.Жұмабаева,.Алматы «Мектеп», 2008 ж.)

Қажетті құралдар

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, зәр шығару жүйесі құрылысының суреті, электрондық оқулық, флипчарт

Түйінді идеялар

Зәр шығару мүшелері, бүйрек, несеп ағар, қуық, зәр шығару өзегі , бүйректің құрылысы, нефрондар.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.

Кезеңдері


І. а)Амандасу, түгендеу

б) ақ және қызыл гүлдер сын есімдерді беру арқылы оқушылар топқа бөлеміз.

в) Әр топ өзінің ережесін талдайды.,

г)әр топ өздерінің аутауларын  айтады.

д)Әр топ мүшелері рөлге бөлінеді.

ІІ. «Кел, танысайық» тренингі

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

Әр топтың диалогтары тыңдалады да, тапсырмаларға коррекция жасалып, бағалау парақтары толтырылады.


3.Жаңа сабақ

«Оқы және біл»

«Зәр шығару» мәтіні әр топқа таратылып беріледі. (Мәтін оқулықтан)

Сонымен бірге мәтінмен жұмыс жүргізу мақсатында  нұсқаулық беріледі. Оның параметрлері:

       Мәтінді іштей оқып шығыңдар.

       Түсінбеген сөздерді қарындашпен белгілеңдер.

       Мәтіннің мазмұны бойынша түсінікті болса, түсініксіз болса -.

       Мәтінді бір біріне түсіндіру орындарында отырып. Топтық жұмыс.

       Топ мүшелері аялдамада отырып қонақтарды қарсы алып соларға бүйрек туралы түсінік береді.

Мұғалімнің назарына:

       Уақытты қадағалап отыру.

       Әр параметрдің жүзеге асырылуын талдап отыру, яғни нұсқаулықтың бірден жүзеге аспайтынын ескеру.

       Зәршығарудың құрылысын,қызметін,маңызын түсініп айта білуге тырысу.

       Мағынасын түсіндіруде ым, мимиканы т.б. қолдану.

       Тақтада ілінген немесе оқулықтағы суретті пайдалануы.

4.Жатты

ғулар

«Аялдама»

Әр топты ынталандыру мақсатында «Аялдама» ойынын ойнату. Бұл ойын арқылы әр топтың қолданатын бүйректің құрылысын,зәрдің түзілуін,бүйрек қызметінің реттелуін туралы бүйрек  туралы түсініктерін қолдана білуін қалыптастыру. (Бағалау парағындағы параметрлерді негізге алу).

Ойын барысында әр топқа «қонаққа барып отыру», яғни сұрақ беру арқылы түсінгендерін «жіпке тізген моншақтай» етіп талдап отыру және «Мен саған, сен маған» топқа сұрақтар қою.

5. Қоры

тынды

Тест тапсырмасы:

1. Бүйректің массасы.

А.80 г. В.90 г. С.100 г. Д. 150 г.

2. Бүйрек арқылы тəулігіне ағатын қан мөлшері.

А.1500-1700 л.В.1000-1400 л. С. 1800-1900 л. Д. 2000-2100 л.

3.Бүйректің негізгі қызмет атқаратын бірлігі.

А.қыртысты зат. В.нефрон С.ми заты. Д. бүйрек астауы.

4. Зəр шығару мүшелерін зерттейтін медицина саласы.

А. нефрология В.урология С. терапия Д.цитология

5. Зəр шығаратын түтік пен қуықтың қабынуы.

А.цистит. В.нефрит. С.отит. Д.гастрит.

6. Бүйрек шумағының қабынуы.

А.нефрит. В.цистит С.гастрит. Д. бронхит.

6.Бағалау

Оқушылар өз-өздеріне баға береді (спикерлер)

7.Рефлек

сия

    • Маған сабақ ұнаған жоқ,
      уақытым босқа өтті
      Сабақ маған ұнады,
      әлі де ізденуім керек
      Сабақ маған қатты ұнады,
      жақсы түсіндім деп ойлаймын

8.үйге

тап-а

§51  201 бетте кесте толтыру

















Биология пәнің мұғалімі: Кусаинова М.М.

Сілтеме

Сабақ жоспары

Сыныбы: 11 сынып

Сабақ-29

Күні

Сабақтың тақырыбы

Макроэволюция. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдары.


Жалпы мақсаттар

1. Білімділік: өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы туралы білімді кеңейту, ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация ұғымдарын түсіндіру.

2.Тәрбиелік: өзара сыйластыққа , адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру..

3.Дамытушылық : оқушылардың дүниетанымын кеңейту арқылы «жеке тұлға» қалыптастыру .

Күтілетін нәтиже:

өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы туралы білімдері кеңейеді, ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация ұғымдарын түсініп, дүниетанымын кеңейту арқылы «жеке тұлға» қалыптасады. АКТ-ны пайдалануды біледі; Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді.

Сабақтың түрі:

кіріктірілген – ізденіс сабағы.

Әдіс тәсілдері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдай ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау,оқытуда АКТ пайдалану, қабілетті оқушыларды анықтау6 жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері .


Дерек-көздері:

1. Ж.Шілдебаев, Р.Сәтімбеков,Р.Әлімкулова « Биология»- 11 сынып оқулығы

2.Ж.Шілдебаев, Ж.Қожантаева «Биология»- 9сынып оқулығы.

3. «Биолог анықтамалығы» журналы

4. «Биология және салауаттылық негіздері» журналы

5. Интернет материалдары


Қажетті құралдар

1.Интерактивті тақта (слайдтар, сызбалар).

2.Компьютер.

3.Электронды диск «Биолог анықтамалығы», 2011 №

4.Оқулық.

5.Дидактикалық материалдар

Түйінді идеялар

Ароморфоз Идиоадаптация

Дегенерация Регресс Аналогия Гомология


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.

Кезеңдері


а)Амандасу, түгендеу

в) оқушыларын топқа бөлу.1 – топ, 2 - топ,

Сабақ 4 кезеңнен тұрады: 1.«Ой қозғау» - нені білеміз?

2. «Іздену» - нені білгім келеді?

3. «Ой дамыту» - танымды дамыту

4. «Ой қорыту» - нені білдік.

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын сұрау

2. «Ой қозғау» - үй тапсырмасын сұрау:

а) жалпылама сұрау

б) жеке сұрақ-жауап.

3.Жаңа сабақ

3. «Іздену» - интерактивті тақтаны пайдалана отырып, көрнекі түрде жаңа сабақты түсіндіру.

« Эволюция жолдары » тірек сызбасы


Эволюция жолдары


Микроэволюция

Макроэволюция

Түр Туыс,тұқымдас,отряд, класс т.б.

Түр түзілу

Прогресс Регресс

Географиялық Экологиялық

Ароморфоз Идиоадаптация Дегенерация


Жаңа сабаққа кіріспес бұрын , берілген сызбанұсқаға қарап, кестені толтырыңыз:

Бұрыннан білемін

«+»

Мен үшін жаңалық

« !»

Түсінбедім

«?»

Кейбір ақпаратпен келіспеймін

«-»





Мұғалімнің сөзі:

- Прогресс және регресс терминдерін тарих, экономика сабақтарында жиі пайдаланамыз.Дамудың прогрессивті , регрессивті түрлері деген термин биология саласында да пайдаланылады.Бүгін біз, осы даму түрлерін эволюциялық тұрғыдан қарастырамыз.бейімделушілік, түрлер саны, таралу аймағы(ареалы).

Сіздер қалай ойлайсыздар , табиғатта прогресс тиімді ме, әлде регресс тиімді ме? ( прогресс)

Биологиялық прогресске жету жолдары қандай деген сұрақ туады.Бұл сұраққа орыс ғалымы А.Н.Северцов жауап берді.

4.Жатты

ғулар

































5. Қоры

тынды

4. «Ой дамыту» жаңа сабақты пысықтау.

1.Тұқымды өсімдіктер: ашық және жабық тұқымды. Ароморфоз?

- Жел арқылы тозаңдану, тұқым, гүл, жеміс пайда болды

2.Псилофитерден қырықжапырақтектестер( папоротник),қырықбуындар, плаундар пайда болды. Осы өсімдіктердегі ароморфоздарды ата?

- Тамыр, жапырақ.

3.Тырнада қандай идиоадаптация қалыптасқан? Бүркітте ше?

-Әртүрлі ортада тіршілік ету сүтқоректілердің түрліше идиоадаптациялануына әкелді.

4.Дегенерация деген не?

-Дегенерациябиологиялық прогреске ұшыраудың үшінші жолы. Тіршілік ету ортасының қарапайымдануына байланысты, кейбір мүшелер жойылады.

Биологиялық прогресс

Биологиялық регресс

Ароморфоз

Идиоадаптация

Дегенерация

Палеонтология

Анатомия

Эмбриология

Гомологиялық мүшелер

Аналогиялық мүшелер

Эволюция бағыттары

Эволюция жолдары

Эволюциялық ғылымдар

Заңдылық нәтижелері




Тақтадағы мына терминдерге және олар қандай топтарға жататынына назар аударыңыздар!

Содан соң тақтадан ол кестені алып тастаймын.Ал сіздер алдарыңыздағы параққа биологиялық диктант орындаңыздар, ол үшін мен бір құбылыс сипаттамасын оқимын, сіздер анықтамасын жазасыздар.

1. Омыртқалы жануарларда жақ сүйектің пайда болуы.(Ароморфоз)

2.Жануарлардағы бүркеніш рең.( Идиоадаптация)

3.Жыландардың аяқтарының болмауы.(Дегенерация)

4.Ақбөкендердің саны мен таралу ареалының азаюы.(Регресс)

5.Көбелек пен құстың қанаты.( Аналогия)

6.Інжугүлдің тамырсабағы, картоптың түйнегі, пияздың пиязшығы.Бұл не?(Гомология)

5. «Ой қорыту» жаңа сабақты әрі тарауды қорытындылау.

hello_html_m34712690.gif

6.Бағалау

Оқушы біліміне бағалау парағын пайдалана отырып баға қою.


7.Рефлек

сия

Рефлексиялық үлестірме .

Сабақ соңында үлестірмедегі қажетті графаға «+» белгісін қойыңыз.

РАХМЕТ!

Оқушының аты-жөні

Тақырыпты толық меңгердім

Тағы да пысықтауды қажет етемін

Көп нәрсені түсінбедім







8.Үйге

тап-а

1.§ 24 оқу.

2. А.Н.Северцовтың ұсынған сызбанұсқасы бойынша өсімдіктер мен жануарлардағы эволюциялық процестерді құрастыру.










Ашық тәрбие сағаты 8 сынып 2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Табиғат – тал бесігіміз

Мақсаты:
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға баулу;
Көрнекі – құралдар: презентация –слайд, видеофильм, мақал – мәтелдер,оқушылардың шығармашылық жұмысы, Қызыл кітап.

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі: Тіршіліктің тірегі- табиғат. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Табиғатты туған анаңдай түсіну, бабаңдай табыну, ұлыңдай қорғауың қажет. Табиғат –қоғамның қорғаны, заманның зердесі.

Қандай сұлу табиғат

Тіршіліктің анасы,

Қорғай біл, ей, Адамзат,

Табиғат –елдің панасы!

Осы тірі табиғатқа жан беретін ауа, су, жер, орманды қорғау бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін басты міндет.

Береке: Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерлі «әулие-бұлақ», «әулие-ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның «Жер- қазына, су- алтын, мол байлық»  деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.

Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

Адемай: Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады.

Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы,
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.

Адемай: Тіршілікте не ғой дейсін ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
«Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?
Жан: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз.
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!

Береке: Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген тіршіліктің жаны емес пе,?!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат,

Күміс су қара дердің сәні емес пе?!

Мұғалім: Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер. Қазір Жер бетінде 500 мыңдай, Қазақстанда 5 600 –дей өсімдік түрі бар.
Аспан: «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа .
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

Аяулым: Орманы, тауы, сулары,

Қандай әсем нұр таңы

Алуан түрлі аңдары

Табиғат толы аңғары.

Мезгіл сайын өзгеріп,

Далаға тұрар өң беріп.

Қыс та, көктем, жазы да,

Күзі де қандай жазира!

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)
Жамиля: «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.

Көрініс: Бір мынадай аңыз бар: Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап, келе жатады.Қамсыз малын бағып отырған ел тым – тырақай босып үдере көшеді.Сонда жалғыз – ақ бір үй түтінін түтеп отыра береді.Жоңғар қоңтайшысы батырларын жұмсап: - Анау жалғыз үй неғып көшпей отыр, - барып біліп келіңдер! – дейді.Келсе, ол Төле бидің үйі екен.Жоңғар жігіттері өкіреңдеп: - Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен кімсің, неғып отырсың?! Төле би олардың алдынан шығады: - Жігіттер, сабыр етіндер! Алдымен үлкен кісіге сәлем қайда? – Әдет – дәстүрден бір сүрінген олар сәлем беріседі.- Енді тыңдаңдар, - деп сөз бастайды Төле би – шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді.Сол құс қашан сарыауыз балапандарын қанаттандырып өргізіп кеткенше мен еш жаққа көшпеймін.Қарлығаш - қасиеттеі құс, адам баласының досы.Сендер білесіңдер ме. Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардын кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да корғап қалған осы қарлығаш! Мен жау келді деп үйімді жығып, оның ұясын бұзып балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала-шағаларыңды улатып-шулатып қырып, қырғын-сүргін қылып жатса, жақсы көресіңдер ме! Бар, хандарыңа осы сөзімді айтып барыңдар! Жоңғар жігіттері барып Төле бидің осы сөзін айтса, Қоңтайшысы: - Ол әулие адам екен, оған тимеңдер, оның төңірегіндегі елін де қозғамаңдар! - депті. Содан былай қарай Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кетіпті.

Мұғалім: Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
Береке: Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
Аяулым: Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
Аспан: Қарға қарқылдаса -қар жауады.
Жамиля: Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
Адемай: Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.
Жан: Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
Береке: Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Мұғалім: Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)

Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілірдің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мың астам түрі бар.

Аяулым: Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз броконьерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы.
Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.

Қазақстанда ақбөкендердің қырылу себебі белгілі болды 134 мыңнан астам киікті қырып салған пастерелез баяғыдан белгілі болған ауру екен.

Ән: Саржайлау

Аспан: Табиғат – ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

Жамиля: Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалқып.

Құшақтап бір өзіңді туған далам

Жатамын көк шалғында жаным балқып.

Жан: Сулы дала.Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.

Аяулым:Табиғат қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіне.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

Аспан: Табиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз,

Бір – бір ағаш егейік,

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз.

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Ыбырай Жақаев: Адам табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін жаралған.

М.М.Пришвин: Табиғатты өзгерте білу, оны игере білу алдымен сенің өзіңнен басталады.

П.И.Мариковский: Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды… Табиғат адамды қайырымды, бір мақсатқа ұмтылған, сұлу жанды етіп тәрбиелейді.Ол денсаулық, шабыт және творчествоның қайнар көзі.

Л.М.Леонов: Табиғат тылсым түсіне білген адам – кіршіксіз де, асыл жан.

Ч.Дарвин: Табиғаттың заңдарын біз неғұрлым зерттеп білген сайын, ғажайып құбылыстардың болуы бізге соғұрлым мүмкін емес тәрізденеді.


Оқушылардың шығармашылық жұмысы


Қорытынды:


Мұғалім: Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр.


Видеофильм (көрсету)

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров115
Номер материала ДВ-360005
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх