Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / МҰҒАЛІМ – БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ НЕГІЗГІ ТҰЛҒА

МҰҒАЛІМ – БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ НЕГІЗГІ ТҰЛҒА



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Социальному педагогу

Поделитесь материалом с коллегами:


Айғожина Арайлы

МҰҒАЛІМ – БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ НЕГІЗГІ ТҰЛҒА

Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пән мұғалімі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын іске асыру ережесі туралы» жолдауында халық үшін мектепке дейінгі тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз етудің мақсаты айқын қойылады. Өйткені еліміздің даму стратегиясының негізгі жолы халыққа білім беру болып табылады. Ол үшін білім беру мазмұнын жаңғырту және үздіксіз білім берудің моделін құру талабы туды. Сондықтан да балаларды мектепке дайындау мәселесі өзекті істің біріне айналып отыр.Балабақшадан университетке дейінгі білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру 5-7 жастағы балаларды мектепке дайындау мәселесінің қай дәрежеде жүзеге асырылуына тікелей байланысты.Өйткені балабақшадағы мектепке дейінгі дайындық мектеп кезіндегі білім берудің сапасын қамтамасыз ететін негізгі қадам.

Біріншіден, біз мейірбан жанды адамдар болуға және балаларды сол тұрған қалпында сүюге тиістіміз. Балаға деген мейір мен сүйіспеншілік олармен дөрекі қарым-қатынас жасауға ,олардың намысына тиіп, қадыр-қасиетіне нұқсан келтіруге, оларға ақырып және оларды қорқытуға, ренжітіп елемеуге және олардың әрқайсысының жетістіктеріне қуанбауға, оларға дереу қол ұшын беріп, көмектеспеуге ,сенімсіздік білдіруге жол берілмейді.Ізгі жанды, баланың бар жүрегімен сүйетін педагог жиі күліп, сирек шытынайды,ол нағыз педагогтық өмір сүріп, сол арқылы да өзінің мамандық бақытына ие болады.

Екіншіден, біз балаларды түсіне білуге тиіспіз. Бала титімдей болғанымен оның істері мен қам-қарекеті зор.Біз балаларды әр-түрлі ғылымдарға үйрету арқылы, өзін-өзі ұмытып ойынға берілген баладан гөрі маңыздырақ іспен шұғылданып жүрміз деп ойламайықшы. Балалар минут сайын, сағат сайын, күн сайын өмір сүреді, тыным-тыныштықсыз өмір сүреді, сондықтан да біздің оларды өмірге әзірлейміз дейтін педагогикалық формуламыздың олар үшін ешқандай мәні жоқ. Бала жанының қимыл-қозғалысы мен жүрегінің күйініш-сүйініші, оның сезімдері мен талпыныстарын түсіне, балалар өміріне ене отырып, өз адамы, жақын адамы ретінде педагог терең тәрбие берумен шұғылдана алады, сонда баланың өзі де өзін тәрбиелеуде педагогтің серігіне айналады.

Үшіншіден, біз өз педагогикамызға сенуге, тәрбиенің қайта өзгертушілік күшіне сенуге тиістіміз, міндеттіміз. Кейбір педагогтің жекелеген балалардың бас асаулық мінез-құлқы алдында меселі қайтып « оған ештеңе де істей алмаймын», ақыл-ой жағынан уақытылы кешеуілдеген баланың қабілетіне сенім жоғалтатыны бар («одан ештеңе шықпайды»). Тәрбие мен оқудағы пессимизм баланың мүмкін болатын қуанышты болашағын тірідей жерлеуімен тең, тек оптимизм ғана баланы қанаттандырып, оның бойындағы тұнып тұрған күштерін оятады.

Төртіншіден, біз болашақтың адамы, жаңа тұрпатты адам болуға міндеттіміз.Азаматтық өрелілік, ортақ іске берілгендік, халық, мемлекет алдындағы,балалар алдындағы, азаматтың болашағы алдындағы өміріміздің төтенше борышымызды терең сезіну бізді сондай адам етеді.Біздің әрқайсымыз- бірнеше жүздеген тағдырдың жасаушысымыз, ұста дүкеніндегідей, біздің сыныптарда біздің шәкірттеріміздің тағдыры соғылып жасалады.Біз өзіміздің педагогтік еңбегімізге Отанымыздың күш-құдіретін одан әрі күшейту, қоғамымызды гүлдендіру призмасы арқылы қарауға тиіспіз.Біздегінің бәрі: күлкіміз де, қатаңдығымыз да, ұстамдығымыз да, кішіпейілділігіміз де, киім-кешегіміз де, біліміміз де, серілігіміз де, шыншылдығымыз да, ақжарқындығымыз да,өміге деген сүйіспеншілігіміз де, зиялылығымыз да баурап алатын болуға тиіс.

Мұғалім - бала мен осы құндылықтар арасындағы жалғастырушы, сол арқылы ғана балалар шындық болмысты таниды, адамдарды таниды және осынау әр-түрлі құндылықтар, білімдер, моральдік-этикалық нормалар балаларға тап-таза күйінде жетпейді, бұларда мұғалімнің жеке бастық қасиеттері,оның бағалары, қарым-қатынастары, оның дүниетанымы болады деген сөз.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ахметов С. «Бастауыш сыныптарда, білім берудің тиімділігін арттыру жолдары», 1974ж. 3-21 бет.

  2. Давыдов В.В. «Возрастная и педагогическая психология», 1980ж. 5-17 бет.

  3. Талызина Н.Ф. «Педогогическая психология», 1998ж. 17-42 бет.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.10.2015
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров163
Номер материала ДВ-060556
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх