Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Мұғалім дефектологтың "Қазақстан облыстары. Буын түрлері." тақырыбындағы сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мұғалім дефектологтың "Қазақстан облыстары. Буын түрлері." тақырыбындағы сабақ жоспары

библиотека
материалов

Бекітемін: Күні:27.01.16 Топ:І

Сабақ тақырыбы: Қазақстан облыстары.Буын түрлері.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Қазақстан облыстары туралы мағлұмат беру, әр облыстың өзіне тән ерекшеліктерін әңгімелеу.  Буын және оның түрлері туралы түсінік беріп, меңгерту

Түзету мақсаты:Дүниетанымдарын кеңейту.Қазақстан облыстарын атай білуге үйрету. Ой-өрістерін арттыру. Буынның өзіне тән ерекшеліктерін, жасалу жолдарын бірнеше мысалдар арқылы дәлелдеу.

Тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын сүйетін, елін, жерін қорғайтын патриот болуға баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, сызба, сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: әңгімелеу, пікір алмасу., топтық, ұжымдық

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Тренинг-амандасу.

ІІ.Психологиялық дайындық. (Бірге қайталау)

Жоғарыға қарап күн көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға , солға қарадым

Егеменді ел көрдім.

Сабақ ұраны-

Әрбір адам?- туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ?- үйрену, оқу, ұлағат.
Әрбір ісім?- тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзім?- шындық, бірлік, адалдық

ІІІ. «Еске түсіру» аялдамасы.

-Балалар бүгін біз білім еліне саяхат жасаймыз.Алғашқы аялдамамыз «Еске түсіру» аялдамасы. «Менен сұрақ - сізден жауапқа» кезек береміз.

1. Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

2. Сиыр төлі қалай аталады?

3. - Жылқы, төлі қалай аталады?
4.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

5.П қандай дыбыс түріне жатады?

6. Үш дос қыз кездесті. Біреуі қара көйлек, екіншісі қызыл, ал үшіншісі ақ көйлек киген екен. Егер Сәуленің көйлегі қызыл да, қара да емес, Дананың көйлегі қызыл болса, онда  Қатираның көйлегі қандай?

Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.
Үнді дауыссыздар: р, л, м, н, ң, й, у. Үнді дауыссыздарда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.

IV. «Біліп ал» аялдамасына қарай жүрелік.

Қызығушылықты ояту. Балалар мына бейне үзіндіге назар аударайық.Мұқият тыңдайық

Облыстар -республикалық маңызы бар қала.. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр)

Сонымен бүгінгі тақырыбымыз «Қазақстан облыстары» Буын түрлері.

Тапсырма-1.

Мәтін оқу.(Оқушыларға кезек-кезек оқыту,қағаз бетіне түсіру немесе слайд тақтаға жазу)

1.Оңтүстік Қазақстан облысы  Қазақстан Республикасының  оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Оңтүстікте – Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы секілді ірі қалалар бар.  Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары шығады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, 

2.Шығыс Қазақстан облысы  Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. Облыс орталығы - Өскемен. Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған

3.Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар қалалары орналасқан. Облыс- орманды-далалық табиға аймақта және далалы табиғи аймақта орналасқан. Облыста алуан түрлі дәрежедегі пайдалы қазбалар шығарылған және зерттелген. Қысы аязды және созылмалы.

4.Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.

Батыс Қазақстан облысы  Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.

Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. 140-тан астам көл бар. Облыста 4 жоғарғы оқу орны бар, олардың барлығы Орал қаласында орналасқан, атап өткенде Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Еуразия академиясы.

Тапсырма-2

Қазақстан облыстары туралы не білдік?Топтастырып көрелік.

Қазақстан

облыстары



Мұғалім сөзі.

Буынның түрлері: Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
1.Ашық буын. жалғыз дауысты дыбыстан құралған буын. Мысалы:

А - та, и - не, а - ға, о - ра, а - па т. б. Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ке - ме, да - на, ба - ға, же - бе, са - ры, ме - ре - ке т. б.

2.Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т. Б

3.Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т. б.

Тапсырма-3.

Облыс атауларынан ашық,бітеу,тұйық буынды қала аттарын тап.

.

V. «Демалыс» аялдамасына қарай барып,жаттығуларды қайталайық.

Сергіту сәтін,саусақ жаттығуларын жасау.

VІ. «Еңбек» аялдамасы.

  1. Менің сүйікті қалам сурет салу.

  2. Құрастыру.

3.Сандықша ішінен сөз алып қай буынға жататынын айту.

Қы-зыл-ор-да,Қа-ра-ған-ды,Жам-был,Өс-ке-мен,О-рал

4.Сәйкестік тесті

Облыстарды өз орталықтарымен біріктіріп жаз

А. Жамбыл                                     А. Орал

B. Алматы                                      В. Қарағанды

C. Батыс Қазақстан                       С. Талдықорған

D. Шығыс Қазақстан                     D. Өскемен

E. Қарағанды                                  Е. Тараз

VІІ. « Нені үйрендім »аялдамасы.

Оқушылар сапқа тұрамыз.Бүгінгі тақырып бойынша сөйлем айтамын , келіссеңіздер «иә» деген жауап берсеңіз орнымыздан оңға қарай ауысамыз.» «жоқ» деп ойласаңыздар солға қарай қозғаламыз. Жауабын білмесеңіз орнымыздан қозғалмай тұра береміз.

1.Қазақстан Республикасында 14 облыс орталықтары бар.

2. Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Шымкент.

3. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен.

3. Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.

4.Буын түрлері- 3 ке бөлінеді.

VIІІ.Алақан арқылы бағалау.

Сабақ ұнаған оқушылар қызыл алақанды көтереді.Ұнамаса ақ алақанды көрсетеміз.





















































Не үйрендім, не білдім? Кесте толтыру.

 

Р/с

Ерекшелігі

Қазақстанның Батыс бөлігі

Қазақстанның Шығыс

бөлігі

Қазақстанның Оңтүстік

бөлігі

Қазақстанның Солтүстік

бөлігі

Қазақстанның Орталық

бөлігі

 

Несімен әйгілі?

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзен-көлдері

 

 

 

 

 

 

 

Осы аймақтарға кіретін қалалардың атауы

 

 

 

 

 

 

(Мысалы: оқушылар төмендегідей етіп толтырып берді, үлгі:)

 

Р/с

Ерекшелігі

Қазақстанның Батыс бөлігі

Қазақстанның Шығыс

бөлігі

Қазақстанның Оңтүстік

бөлігі

Қазақстанның Солтүстік

бөлігі

Қазақстанның Орталық

бөлігі

 

Несімен әйгілі?

Мұнай, газ, тарихи оқиға

Пайдалы қазба, жануар, өзен-көл, құс

Ұлы Жібек жолы, мақта, жеміс-жидек, Байқоңыр ғарыш айлағы

Астық өсіру, шипажай,

Таскөмір өндіру

 

 

Өзен-көлдері

Жайық

Ертіс

Сырдария

Есіл

ірі көл-Балқаштың бір бөлігі

 

Осы аймақтарға кіретін қалалардың атауы

Атырау, Ақтөбе, Ақтау,

Орал

Өскемен,

Семей

Шымкент,

Алматы,

Тараз,

Қызылорда

Петропавл, Павлодар, Астана, Көкшетау, Қостанай

Қарағанды

 

-



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Номер материала ДВ-494350
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх